Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет36/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15


Қазақстандағы қандай ұйымдар мен компаниялар Жерді қашықтан 
барлау мәліметтерін қолданады? Осындай мекемелердің тізімін жа-
зыңдар.
46
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


ГАЖ технологиялары
. Қозғалыстың орны мен бағытын анықтау 
үшін ғарыштық спутниктерді іс жүзінде қолдануды спутниктік 
навига-
ция
деп атайды.
Түрлі елдерге тиесілі осындай бірнеше спутниктік навигация жүйе-
лері бар. Ең танымал болғаны – американдық gPS жүйесі (Жаһандық 
жайғастыру жүйесі). gPS спутниктері жер шарының барлық түкпірі-
нен, оның ішінде біздің еліміздің аумағында да жол табуға мүмкіндік 
береді. Бұл спутниктердің мәліметтерін gPS-қабылдағышы бар кез 
келген адам ала алады (сатылымда бағасы бойынша айтарлықтай 
қолжетімді көптеген үлгілері бар). Ресейлік ГЛОНАСС (Жаһандық нави-
гациялық спутниктік жүйе) жүйесі де дамып келеді. 
Спутниктік навигация құралы қандай навигациялық жүйеге жата-
тыны және қандай үлгісі екендігі маңызды емес. Ең бастысы – оның 
географиялық координаттарды (ендік пен бойлықты) анықтай алуы. 
Ал мұндай қызметті кез келген навигатор атқара алады 
(4-сурет)

Дәл география лық координаттарды алу 
– өлшеудің негізгі мақсаты. Кейбір үлгілері 
жергілікті жердің картасын жадында сақтау-
ға мүмкіндік береді және картаның бір бөлі-
гін экранында көрсетеді. 
Бұлтты күндері және қалың тоғай ішін-
де, сай немесе тау бөктерінде құралмен 
жұмыс істеу қиынға түседі. Құрал күн райы 
ашық болған кезде жазық тегіс жерлерде 
әлдеқайда жақсы жұмыс жасайды. Өлшем 
көрсеткіштерінің санына нүктелердің коор-
динаттарын нақты анықтау жатады, әдетте 
нақтылық 5–12 метр шегінде ауытқиды. 
Оқу ізденісі үшін ± 5–12 м дәлдікті жеткілікті деп санауға болады. 
Барлық спутниктік навигация құралдары өлшеулі мәліметтерді есте 
сақтау ға және соңынан өзінің иесін дәл сол нүктеге алып шығуға қа-
білетті (мұны тағы маршруттың бастапқы нүктесін тіркеп алып, кейін-
нен сол бастапқы нүктеге қайтып оралу үшін де пайдалануға болады). 
Құралмен жұмыс істеу жас зерттеушілерді қызықтыруы мүмкін.
Осы деректердің бәрін цифрлық-компьютерлік түрде жинақтау, 
сақтау, үйлестіру және өңдеу жұмыстарын, географиялық ақпараттық 
жүйе – ГАЖ жүзеге асырады. Олардың көмегімен пайдаланушыға қо-
лайлы түрде ақпарат (карта, сызба, кесте, т.б. түрінде) беріледі.
Қазіргі кезде навигация қабылдағыштары смартфон, онбордер, мо-
бильді телефон және ДҚК-лерге (дербес қалталы компьютер) қойыла-
ды. Сонымен қатар осындай қабылдағыштың көмегімен нақты көше, 
үй, дәмхана, түрлі көрікті жер, сонымен қатар автомай құю орындары 
мен ауруханаларды тауып алуға болады.
4-сурет.
Спутниктік нави-
гация құралының көрсет-
кіштеріне мысал
47
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет