Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет79/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Г
ЕОДЕРЕК
.
Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-інің жұмысы 
Ақмола облысындағы электр энергиясының тапшылығын төмен-
детеді және қоршаған ортаны қорғауға айтарлықтай үлес қосады. 
Энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін (жел әлеуетінің) пай-
далану жылына 100 мың тоннадан ас там көмірді жанудан сақтайды. 
Қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-інің «жасыл» электр энер-
гиясының бір бөлігі «Халықаралық мамандандырылған eXPO-2017 –
Болашақтың энергиясы» жәрмеңкесінің қажеттіліктеріне жұмсалды
Құрылыс үшін климаттық ресурстар. 
Үй салмас бұрын оны са-
латын жердің климаттық жағдайларын мұқият зерттеп, біліп алу қа-
жет. Ол телімді жоспарлау, болашақ үйдің әзірлемесін және құрылыс 
технологиясын жасау кезінде дұрыс инженерлік шешімдер қабылдау 
үшін керек.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА
Интернет-сайттардан алынған ақпараттарды және қосымша мате-
риалдарды пайдаланып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1.
Климат жағдайлары (ауа температурасы, жауын-шашын, жел) құр-
лық көліктерінің жұмысына қалай әсер ете алады?
2.
Желдің соғуы балықшаруашылығына және малшаруашылығына 
қандай шығын келтіреді?
3.
Климаттық ресурстарға қатысы бар мамандықтарды атаңдар.
100
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қолайсыз және қауіпті атмосфералық (метеорологиялық) құ-
былыстардың жіктелімі
Қазақстан аумағында түрлі табиғи апаттар орын алады. Бұл тұр-
ғындарға ұлттық шаруашылық нысандары мен аумақты қорғауға 
арналған жоба әзірлеу үшін олардың туындау себебін зерттеу қажет-
тігін білдіреді.
Табиғи апаттардың барлық алуан түрлі орын алуларында белгілі 
бір заңдылықтар байқалады:
– апаттың әрбір түрі көбінесе белгілі бір аумақтарда байқалады;
– неғұрлым қарқынды (қуатты), қауіпті табиғи құбылыстар сирек 
орын алады;
– әрбір табиғи апат орын алар алдында алдын ала қандай да бір 
белгі (алғашқы хабаршы) береді;
– табиғи апат күтпеген жерден орын алады, бірақ қалай болғанда 
да оны алдын ала болжауға болады;
– олардың көпшілігінен қорғану үшін бейтарап және белсенді 
қорғаныс іс-шаралары қарастырылған.
Метеорологиялық сипаттағы қолайсыз және қауіпті табиғи құ бы- 
лыстарға мыналар жатады:
Қазақстандағы қолайсыз және 
қауіпті атмосфералық құбылыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет