Қазақстан аумағында жауын-шашын
мөлшерінің аймақ бойын-
ша ғана емес, сонымен бірге жыл мезгіліне
байланысты біркелкі
таралмауы байқалады. Еліміздің солтүстік бөлігінде жылдық жауын-
шашын мөлшерінің 70–80%-ы жазда – шілде айында көбірек түседі.
Ал оңтүстікте жылдық норманың 50–60%-ы қыста жауады. Жауын-
шашынды оңтүстік аудандар арқылы өтетін циклондар әкеледі.
Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысында
жылы ке-
зеңдерде жауын-шашын мүлде болмауы да, өте аз мөлшерде болуы да
мүмкін. Шөл зоналарында жылдың жылы маусымдарында 2–3 ай бойы
жауын-шашын түспесе, бұл уақыттарда «құрғақ» жаңбыр байқалады.
Қар жамылғысының ерімей жату ұзақтығы мен қалыңдығы
біркелкі емес. Солтүстікте қар жамылғысының орташа қалыңдығы –
20-30 см, ол 125-165 күндей жатады. Ал оңтүстікте жауатын қардың қа-
лыңдығы – 10-15 см, ол 40-60 күндей сақталады. Алтай таулы белдеуі
мен Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы
тауларда қар жамылғы-
сының қалыңдығы таудың биіктігіне байланысты және қалыңдығы
90
см-ге дейін, қардың жату ұзақтығы – 230 күн. Ол одан да көп күнге
созылуы мүмкін.
Аумақтағы ылғалдылықтың жеткілікті немесе жеткіліксіз болу көр-
сеткіші – ылғалдылық коэффициенті, жауын-шашынның жылдық мөл-
шерінің булану көрсеткішіне қатынасы.
ылғалдылық коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
Достарыңызбен бөлісу: