“Алпамыс” жыры


Әулиені Шашты Әзизді жанамалап суреттесе, Ұлтанды тура суреттейді



бет3/6
Дата16.02.2023
өлшемі6,27 Mb.
#68403
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
алпамыс жыры

 Әулиені Шашты Әзизді жанамалап суреттесе, Ұлтанды тура суреттейді.
Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Ұлтандай қүл алам дегенде бармайды. Өйткені ол—адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады. Батырдың адал жары, қасындағы сенімді серігі мен шынайы тілекшісі. 
Гүлбаршын
Қырық қыздың ішінде жүрген Тайшық ханның жалғыз қызы Қаракөздің бейнесі де дараланып, айрықша беріледі:
Ханның қызы Қаракөз
Ішінде жүрген сері еді.
Заты адам десе де,
Көргендер (пері) дер еді.
Ақылменен аңғарып,
Ер екенін біледі.
Кемпірден көңіл суытып,
Ата-анасын ұмытып,
Балаға көңіл бөледі...
Үш мәртебе келеді,
Айта алмады сонда да,
Аңдыған қыздар көп еді...
Қаракөзайым
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып.
Астындағы тұлпардың
Ойынды еті бұлтылдап,
Құйындай шаңы бұрқылдап,
Құлақ салсаң дыбысы,
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіде сылпылдап,
Маядай мойын созады.
Шу дегенде жануар
Ұшқан құстан озады.
Тарта-тарта баланың
Алақаны тозады.
Шұбар ат
Қараман
Қараман—Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындаткан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен түлпарын қүрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.
Мыстан
Мыстан—жаман қасиетерді бойына лшнаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен үрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»—деп жырлаушы оны жек көре, үнатпай суретейді.
«Жасым болса қартайып барады, осы балама жақсы жерден қыз әперсем, келін алып, немере көрсем» , - деп батырдың болшағына алаңдап өткен қамқор әрі ақкөңіл әкесі.
Тайшық ханның образы да Тайшықтың түсін айтқан сөзінде Алпамыс образын байытып, ерлік пен батырлықтың белгісін көрсетеді.Алпамыстың өзінен басым екенін Тайшық хан сөзі дәлелдейді.
Алдынан шығып сол ердің
Жылқысын берсем ала ма?
Жылқысының кегіне—
Қызымды берсем бола ма?!
Ер баласы ер еді -
Кегін алмай қояр ма?! –
деп сұрай арнап, халқынан жауап күтеді.
Тайшық хан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет