Жырдың басты кейіпкері - Алпамыс батыр. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалыңдығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс—сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Алпамыс бейнесін беруде адамның өмірінен тыс қиялшылдық әрекеттер басым пайдаланылса, оған қоса нақты тұрмыс-тіршіліктегі өмір әрекеттері де нанымды суреттеліп отырады. Алпамыс бейнесін жасауда романтизм әдісі мен реализм әдісі шебер ұштастырылып, сынасыз біріктірілгенін көреміз. Алпамыс образы ұнамды образға жатса, шығарманың жанрына карай эпостық образға, ал көркем әдебиеттің әдісіне қарай романтикалық та, реалистік те образға жатады. Алпамыстың анасы Аналық пен әкесі Байбөрі ел асып, әулиенің мекені Әзіреті Қаратауға бет алып, Ббабата деген жерге келіп 3 күн түнеп, онан әрі асып 1 күн түнегенде көк есегі астында, ақ сәлдесі басында, сырлы асасы қолында бір диуана келеді Мұнда Шашты Әзиздің портретін беру үшін суреттеу тәсілін қолданады. Суреттеудің бұл түрі-сипаттау деп аталады.Сипаттауда кейіпкердің ұстап-тұтқан, пайдаланған заттары мен мүлік-құралдарын көрсетеді. Ұлтан "Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегінің тесігі
Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды болды қалқандай,
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.
Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінеді оттың орнындай.
Азуы үлкен ошақтай,
Азу тісі пышақтай.
Иегі бар сеңгірдей,"
¥лтан—бүған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол—бар зүлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Құлтайды қойға жұмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ-қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол—іштен шыққан жау. Портретін ерекше өсіріп, барынша үлкейтіп суреттейді.Бұл Ұлтанның сиықсыздығын танытатын таза портрет.