Алтай ӛңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын кӛрген жоқпыз



Pdf көрінісі
Дата11.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#81684
Байланысты:
oralhan bokey. kar kyzy



Taraz.aiman@mail.ru. 
Оралхан БӚКЕЙ 
Қар қызы 
Повесть 
"Алтай ӛңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын кӛрген жоқпыз", – 
деседі қариялар. 
Расында да, бас кӛтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды 
тазалап үлгере алмайсың, Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың ӛзі азабы 
мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр 
беріп алды – топ етіп тӛбесі ойылып түсіп жатыр. Күннің кӛзі жылт етіп ашыла қалса, 
аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың жұмыртқасыңдай томпайып-томпайып тілсіз 
жатқан үйлерді, сол үйлердің қар кептелген мұржасынан жұлындай кӛтеріліп, жуастау 
будақтаған түтінді кӛріп, бұл ауылдың адамдары қарға тұншығып ӛліп қалмағанына тәуба 
жасайсыз. 
Тӛрт түлік тебін жоқ, омалып қорада тұр. Тебінге шығарғанды қойып, суатқа апара алмай 
әуре-сарсаңда жүр. 
Міне, ұрланып басталып жапалақтай жауған қар мәңгілік сабырмен аспан астын түгел 
жаулап алған. Аспан деп, баяғы ұғыммен айтамыз, әйтпесе аспан жоқ, мың-миллион — 
сансыз қар кӛбелектер ғана бір-бірін қуа жарысып, ойына келгенін істейді. Осыншалық 
ғажап, құлаққа қорғасын құйғандай тыныштықты Нұржан бұрын кӛрмеп еді. „Дүниеде 
қар жауған сәттегідей бейбіт те тыныш ӛмір бар ма екен,— деп ойлады жүзін аспанға 
қарата. Жыбыр-жыбыр қалықтаған қар жапалақтар бетіне асықпай келіп қонып, 
жылбысқалана еріп, суға айналып бетін айғыздап аға жӛнеледі. Ептеп қытықтай ма-ау... 
Ӛр Алтайды жайлаған үш жылғы құрғақшылықтың есесін осынау ес жидырмай жауған 
қар қайтаратындай. Тӛпелеп жауған қар алғашында, қызық әрі әдемі болып кӛрінген. 
Аққала жасап, асыр салып ойнаған балалар, ұлпа мамыққа аунап жетіскен ауылдың қайқы 
құйрық иттері әсіресе мәз еді. Үлкендер жағы да келесі жаздың жаңбырлы, рысты жыл 
боларын сәуегейлеп, аса риза пейілде-тін. Амал не, сағынып кӛріскен қардың аяғы, үлкен 
жұтқа айналмаса неғылсын: елді де, жан-жануарды да әбден зықысын шығарып, мезі 
еткені рас еді. Борап, ұйтқып соғар тентек мінез де танытпай, үн-түнсіз жауып алғаны 
ауыр екен: бірде ұйқың келеді, бірде ӛз-ӛзіңнен жер тепкілеп айғайлағың келеді — сезімің 
селт етпейтін сергелдең күй кешесің, әйтеуір, басынан кене шаққан адамдай мең-зең, ӛз 
алдына лағып, бұйығы тартқан біреулер. 
Жапалақтап жауған қардан қорғалап үйінде отыра берсе де болушы еді, оған дәті 
шыдамады білем. Есіктен шыға делдиіп кӛкке қараған Нұржан, тізеден асқан қарды 
омбылап, кеңсеге қарай тұңғыш рет із салды. Ӛзінен басқаның бәрі қырылып қалғандай 


Taraz.aiman@mail.ru. 
болып сезілген, сӛйтсе совхоздың кеңсесі бос емес. Упрай бастаған үш-тӛрт адам карта 
ойнап отыр екен. Қуанып қалды. 
— Хал қалай, бала?— деді езуіндегі темекінің сабақ жағын үзіп алып, түкіріп тастаған 
бастық. 
— Далада қар жауып тұр,— деді Нұржан. 
— Қар бес күннен бері жауып тұр.— Упрай қолындағы қарғаның мәткесін былғарысы 
жылтыраған столдың үстіне періп қалды.— Қане сен де бір картаңды аш,— деді содан 
соң, қарсы алдындағы қара жігітке. Ол осы ауылдың ақшасын есептейтін бухгалтер еді. 
— Мінекейіңіз, басеке, біздікі валет. 
— Түсінікті. Ар жағын ашпай-ақ қой, жарқыным. Кӛп болса тағы екі валетің бар шығар. 
Біздікі — үш дама. Тринка заңында үш еркекті әрқашанда үш қатын жеңеді,— деп тозығы 
жеткен столдың үстіндегі ақшаны сыпырып, қалтасына салды.— Жүр, бала, сенде жұмыс 
бар. 
Нұржан бӛлімше меңгерушісіне еріп қарсыдағы кабинетке кірген. Упрай тӛрдегі меншікті 
орнына нығыздана отырды да:— Ӛмірде де солай,— деді. 
— Түсінбедім,— деді Нұржан қабырғаға қатарлай тізген май-май кір орындықтың біріне 
сықырлата жайғасып. 
— Үш валетті үш дама әрқашанда, тіпті үйде де жеңе беретінін айтамын да. 
— Оныңыз рас. 
— Оны қайдан білесің? Әлі қатын алған жоқсың. 
— Сіздерді кӛріп те... 
— Жә, шаруаға кӛшелік,— деп, жігіттің сӛзін аяқтатпады.— Ал, бала, жолға жинал. Сен 
баратын болдың.— Темекісін тұтатты да, шырпысын сӛндірместен шертіп жіберген. 
Мұншама дәл болар ма, қағаз қоқым салатын шелектің ішіне сӛнбей түсіп, лап етіп жана 
бастады. Нұржан сӛндірмекке тұра ұмтылып еді:— Тиме,— деді Упрай маңғаз үнмен.— 
Жана берсін. 
— Ӛртеніп кетерміз, аға. 
— Ӛртеніп кетсек арман не... Кеңірдектен жауған қардың ортасынан ӛрт шықса, әлемге 
әйгілі жаңалық болмас па еді... Сонымен... 
— Сонымен, аға... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Жаныңа тағы да екі жігітті тандап ал да, ертең ерте аттанып кет. Ӛзің қалдырып кеткен 
сыбаға ғой, енді ӛзің алып кел. 
— Айыртау менен басқа жұртты қабылдамай ма екен... Күздің сылбыраңында табанымнан 
таусылғаным да жетер, келісімімді бере алмаймын. 
— Ол жағын біз... сізден сұрамаймыз да, шырақ... Давай, тілің мен жағыңа сүйене бермей 
сапарға дайындал. Ӛз тракторыңа кӛңілің кӛншімесе, осы ауылдағы он ДТ-ның кӛңілге 
жаққанын таңдап ал, пожалыста, қолыңнан қақпаймыз.— Бұдан соң ӛзі ұзақ булығып 
жӛтелді.— Апырай, осы бір кӛксаулық итше еріп арылмады-ау. Тамағымды жыбырлатады 
да тұрады. 
— Май ерітіп ішіңіз,— деді Нұржан. 
— Ендеше, сол жеңешеңнің ерітіп қойған майы суып қалар, мен кеттім, Жолдарың 
болсын. 
Орнынан асыға тұрып есікке беттей бергенде, әлгінде ғана кәперсіз отырған жас жігіттің 
жан даусы шықты:— Ағасы, оу, ағасы! Бір минут аялдай тұрыңызшы! 
Упрай қол сағатына шапшаң қарады да: 
— Тағы не?— деп сұрады шаршаңқы үнмен.— Үздік-создық қылмай айтарыңды сразы 
айт, әкри. 
— Мен бармаймын,— Упрай түсінбей қалды ма: 
— Қайда?— деді. 
— Айыртауға шӛп әкелуге... басқаларды жіберіңіз. Жорғаның арқасы құрғамайды деп, 
немене осы қымс етсе менен кӛре қаласыздар. Бұл ауылдағы тракторист жалғыз мені бе 
екенмін, қазір екінің бірі міне шабады. 
— Ондай болса, жақсы.— Басын ұстап сәл ойланып тұрды да асықпай барып „тағына" 
отырды. Аса сабырлылықпен жан қалтасына қол салды, шылым алып тұтатты. Лапылдап 
жанған сіріңке шиін әрі-бері аунатып отырды да, әдетінше шертіп қалды. Бірақ осы ретте 
бұрыштағы шелекке жетпей-ақ сӛніп қалған. Содан соң темекісін рақаттана сорды, түтінін 
мүлдем жұтып қойды да, қайтара шығармаған қалпы столды алақанымен салып қалып, 
айғайды сала ұшып тұрды. Тек осы сәтте ғана апандай аузынан түтін бұрқ етіп атылды. 
— Ойбай-ау, мынау не деген мылжың еді-әй, әкри... дүзге отырып-отырып, аяқтамай 
айнып тұрып кетер бәдік екен-ау. Сен екінің бір емессің, шырақ. Сен... мұқым ауданның 
маңдай алды механизаторысың, білдің бе?! 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Білдім, ағасы, білдім. Бірақ... 
— Бірақты қоя тұр, шырақ. Нені білдің?.. 
— Айыртауға мені жібермейтініңізді. Ӛйткені ондай қауіпті жерге „маңдай алды" адамды 
айдамайды. 
— Тфу, енеңді... Не деген кӛк ми едің.— Ерніндегі темекінің сабағын тістеп, үзіп алды да 
түкіріп тастады. Бұл — бӛлімше басқарушысының ашуланғандағы әдеті еді. Маңайында 
ақ жоңқасы шығып жатқан папиростың түкірінділеріне қарап, Упрайдың бір күнде неше 
рет ашуланғанын санап алуға болушы еді. Ала кӛлеңкелеу бӛлмеде екеуі де біраз үнсіз, 
тым-тырыс отырып қалды. Аядай терезеден сыртқа үңілсеңіз, жапалақтап жауған қарды 
ғана кӛресіз. Басқа дүние — қараң, анда-санда қарсыдағы бухгалтерия бӛлмесінен ауыл 
азаматтарының әлденеге мәз, қарқылдап күлгені естіледі. Неге екені белгісіз, Упрай аяқ 
астынанжуаси қалды. Нұржан осы кісінің қылтқып, қысқа күнде қырық рет ӛзгерер 
мінезіне таң. 
— Аға,— деді Нұржан қоңыр дауыспен.— Сіз бір нәрсені байқайсыз ба? Мәселен, 
физикада мынадай заң бар.— Упрайдың алдынан бір бет ақ қағаз және қызыл қарындаш 
алып жаза баста-ды.— Яғни заттың еркін түсу үдеуі оның массасына тіпті де байланысты 
емес. Мінеки, формуласы. Қараңыз. 
Ғ-А 
— Оны несіне арам тер болып айтасың. Енді елуден асқанда оқу қонбайды маған. Менің 
ӛмір туралы ӛз формулам бар. Ол — адамның қызмет істеп ӛсуі, тіпті де оның қабілетіне 
байланысты емес. Міне, формуласы.— Нұржан ұсынған қағазға ол да жазды.— Яғни 
управляющий тең — бүкіл ауылға... 
У-А 
Нұржан еріксіз күліп жіберді. Күліп жіберді де:— Демек, ағасы, сау желіп тұрған 
техникамен Айыртаудан пішен алып келу, тіпті де трактористердің „маңдай алды" 
механизаторлығына байланысты емес. Кез келгенінің қолынан келер шаруа бұл. 
— Сен осы, кімнен тудың, әкри? 
— Сізден емес, әрине. 
— Оны ӛзім де білемін... Давай сыңар езулемей жол қамына кіріс. Атаң қазақта „Кӛп сӛз 
— боқ сӛз" деген мәтел барын білесің. 
— Атамыз қазақта „Ақыл адамға жас кезінде емес, қартайғанда керек" деген сӛз және бар. 
— Атамыз қазақ тілімен орақ орған ел ғой, айтса — айтқан да шығар.— Орнынан тұрып 


Taraz.aiman@mail.ru. 
кетуге ыңғайланып еді. 
— Оу, ағасы,— деп Нұржан қоса қимылдады. 
— Не болды? Есіңе тағы бір формула түсті ме? 
— Егер бір дене екінші денеге қандай күшпен әсер етсе... Жә, қойшы, бәрібір ұқпайсыз. 
Айыртауға менен басқа біреуді жіберіңіз. 
— Сен де сондай кері күшпен әсер етіп отыр екенсің ғой! Он жылдық білімің бар, ӛзің 
ауылға есепшілікке де жарамай жүрсің. Ал мен болсам халқымды жиырма жылдан бері 
бес-ақ класс біліммен басқарып келемін. 
— Ал сіз,— деді Нұржан жайбарақат жауап беріп,— Герон формуласын, Ньютонның 
бүкіл әлемдік тартылыс заңын, қос мекенділер класын, бақа-шаянның іш құрылысын, 
Абай, Жамбыл, Мұхтарлардың ӛмірбаян, ӛлең-шығармаларын, Уругвай, Парагвай деген 
елдердің қай жерде орналасқанын, тіпті жер шарында неше мұхит, неше құрлық барын... 
— Жетті, жетті...— деп екі құлағын басты Упрай.— Ньютон деген шалдың басына алма 
құлап, шошып оянғанын білмейді дейсің бе? Бұрұндайда үлкен қызым турады, алдыңғы 
жылы барып қайтқанмын. 
Нұржан ішегін басып ұзақ күлді. Қар тынымсыз жауып тұр. Қарсы бӛлме — қарқ-қарқ 
күліп жатыр. 
Упрай бұдан соң күлкісін тыя алмай отырған Нұржанға ақыл үйрете бастады.— Давай, 
сен, шырақ, күлкіні доғар, әкри. Зато, мен шаруашылықты білемін, соғысқа барып сендей 
саудайыларды қорғағанымды білемін, қысқасы — сенің Айыртауға аттанып, күзден 
қалған шӛпті алып келеріңді білемін! 
— Соғыста мен де болғанмын, аға,— деді Нұржан. 
— Кепкеніңнің басы. 
— Иә, рас айтамын. Шекарада служит еттім. Соғыстан айырмашылығы — 
атыспағанымыз, атысуға жібермегеніміз ғана... Отанды оқ атпай күзету, анау-мынау 
соғыстан әлдеқайда қиын. Ӛйткені жау кӛзге кӛрініп тұрған жоқ. Сіздер секілді „уралап", 
тисе терекке, тимесе бұтаққа деп, теріс қарап, кӛзді жұмып оқ жаудыра берген жоқпыз... 
— Осы күнгі жастар нашарлап, тұқымымыз азып барады,— деп қолын бір-ақ сілтеді 
Упрай. 
— Тұқымның азуы сортына байланысты ғой, аға... 
Сӛзден тосылды ма, әлдебір нәрсе ойына түсті ме, басқарушы терезеден тысқа кӛз салып, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
ойланып отырып қалды. Қар тіпті үдей түскен секілді. Адамды жындандырып 
жіберетіндей тыныштық орнап еді, оның ӛзі ұзаққа бармады. 
— Иә-ә, біз не кӛрмедік,— деді ауыл ағасы терең күрсініп. Қара кӛлеңкелеу бӛлмеде қара 
торы жүзі одан әрі қабарып, түтігіп отырғандай.— Не кӛрмедік. Енді міне, саудың 
тамағын ішіп, аурудың сӛзін сӛйлеген ұрпақпен ұрыссып, жүз жылға бір-ақ 
қартайғанымыз. Ішкендері — алдында, ішпегендері — артында, кӛйлек — кӛк, тамақ — 
тоқ. 
— Таусылмаңызшы, аға, мен-ақ барайын. 
— Е, бәсе,— деп қарқ ете қалды Упрай.—"Абыройлы комсомол" деп аудандық газетке 
бекер жазбаған екен. Алғашында осы қиқар жігіттің қай жері абыройлы, деп нәумезденіп 
жүр едім, ол ойым бекер болып шықты. 
— Одан да сол газетіңіздің жазбай-ақ қойғаны жақсы еді. Менің фамилиямды жазып, 
қыздың суретін басып құдай ұрыпты. 
— Мен ӛзіңнің суретің шығар-ау дегенмін. Осы күні қыз бен жігітті айыру қиын болып 
кетті ғой. Шаштары желкесін жауып, шалбар киген албастылар.— Булығып келген 
жӛтелін тамағын кенеп басты. 
— Жеңешемнің ерітіп қойған майы суып қалар, тоқ етеріне кӛшелік, аға. Сізге қояр үш 
шартым бар. 
— Айт, айта ғой, шырақ. Қасқалдақтың қаны, адамның жаны емес шығар.— Орнынан 
тұрып, Нұржанның қасына келді. 
— Біріншіден, кӛмекшілікке Аманжанды аламын. Ол — ӛте сенімді де мықты жігіт. 
— Ой, құдай-ай,— Упрай қарқ етіп күліп жіберді. Содан соң Нұржанның арқасынан 
қақты.— Әкет, әкет сол итаяқ ауыз сойқанды. Ішкі жаққа ептеп қалдырып кет ӛзін... 
соңынан іздеп барар адам да жоқ. 
— Жоғалсаң іздер адамға қай қайсымыз да зәруміз-ау, аға. Сонымен, екінші кӛмекшілікке 
— Бақытжан шыдас берер. Терісі қалың, толық жігіт, арық-тұрақ біздерге жылу беріп 
жүрер. 
Не дер екен деп басқарушының бетіне қарайын деп еді, ол терезеге бұрылып, мықынын 
таяна ойланып тұр екен. Біразға дейін жауап болмады. 
— Кімді дейсің?— деп қайта сұрады сол теріс қараған қалпы. 
— Бақытжанды.— Қышыған жеріне тигенін Нұржан да білді. Қасақана қаттырақ айтты. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Ол жігіттің ӛзі қалай екен, шаруаға қыры жоқ, бос белбеу, орашолақ емес пе... 
Мынадай жауапкершілігі үлкен, қиын сапарға жарар ма екен?.. 
— Айыртаудан шӛп әкелу Сандыбадтың жетінші сапары емес шығар. 
— Шырағым, Сандыбадтың сандалбайынан мың есе ауыр сапар бұл. Жігіттің жігіті ғана 
тӛтеп бере алар. Оның үстіне биыл қыс қатты, қар қалың. „Қар қызы..." деген бәле оянып 
кетіпті деп жүр ғой. Не құт, не жұт... 
— Ол жағын мен білмейді екенмін. 
— Білмегенің жақсы, бәрібір осы күнгі жастар сенбейді. 
— Е-е, есіме жаңа түсті... Қар қызы туралы аңызды айтасыз ғой. Күзде Айыртауға 
барғанда естігенмін. Рас болса ғой, шіркін... Нұржан бұл сӛзді аһ ұрып арманмен толқып 
айтты. 
— Рас болса, сол қызға үйленейін деп пе едің? Жә, былжырақты қоялық, үшінші 
шартыңды айт, шырақ. 
— Үшіншіден, ағасы, үстіңіздегі тоныңызды басыңыздағы құндыз құлақшынды, 
аяғыңыздағы ақ пиманы прокатқа бере тұрасыз. Аман-есен қайтып оралсам, ӛзіңізге 
қайтарамын... 
Упрай кеңк етіп күлді. Күлді де:— Мүмкін іштәнім мен іш кӛйлегімді қоса аларсың...— 
деп мысқылдаған.— Расында да, Қар қызын айттыруға баратындай-ақ, үлде мен бүлдеге 
оранбақ-ау. 
— Үлде мен бүлдеге, ағасы, тек қана бастықтар орансын деген заң құрығалы алпыс жыл 
болды. Ал іш киімдеріңіз маған кеңдік жасайды. 
— Ендеше, барлығы да кеңдеу... 
Осы кезде есік сыңсып ашылды да, Бақытжан сығалады. Жып етіп қайта жаба беріп еді, 
ары-бері теңселіп жүрген Упрай: 
— Бері кел, ей,— дел дауыстап шақырды. Бірін-бірі итере табалдырықтан аттағаи 
Бақытжан мен Аманжан, есік кӛзінде қалтиып тұрып қалып еді.— Тӛрге шығыңдар, 
ұзынды-қысқалы қоқиқаздар,— деп әзілдеген болды Упрай. Екеуі бірдей адымдап келіп, 
Нұржанның жанына жайғасты. 
— Үйіңізге барсақ қой, дәл осылай құрметтемес едіңіз,— деді Аманжан әдеттегі шатаққа 
құмар морт мінезіне басып. Оның сӛзін бӛлімше басшысы мүлдем естімеген. 
— Мәселе былай, жігіттер,— деп тӛтеден бастап еді, Бақытжан да тыныш отырмай, бір 


Taraz.aiman@mail.ru. 
қысыр сӛзді бықсыта жӛнелді. 
— Ағасы, жаңа сіз бізді қоқиқаз деп оскарбит еттіңіз, ондай құс барын қайдан білесіз. 
Айталық, мектепте биология, зоологиядан менен артық білетін бір оқушы болмаушы еді. 
Әлі есімде... 
— Естелігіңді тездетіп айт, күн суық,— деді Аманжан. 
— ... Әлі есімде, алтыншы класта оқып жүргенімде „кӛшпелі шегіртке", „кӛкқасқа 
шегіртке" деген екі сұрақ келді. Шегіртке, — деді Упрайға бажырая қарап,— ӛте мешкей 
болады, аға. 
— Сенен де ме?— деді Аманжан тек отырмай. 
— Сӛзді бӛлме, бұл саған қатысты мәселе емес. Айталық, бір ұрғашы шегірткенің ұрпағы 
ӛздерінің даму мерзімінде 300 килограмнан артық жас ӛсімдіктерді жейді екен. Шегіртке, 
жолдас управляющий, жем талғамайтын зиянкес... 
— Сонда қалай?— Упрай алақанын жая сұрады. Ғажап, не ашуланбады, не ұрыспады, 
құрдасымеи қалжыңдасып отырғандай жайбарақат та мықты жауап қайтарды.— Сендер 
қоқи қаз, мен — шегіртке болғаным ба? Сол сен айтқан алтыншы класта менің ұлым да 
оқиды. Кітапты үнемі дауыстап оқитын, содан естіп едім, қоқиқаздар тамақтанған кезде 
жиі-жиі қарқылдаған тұрпайы үн шығарады дегенді... 
— Бір де — ноль, аға, сіздің пайдаңызға,— деді Аманжан. 
— Жә, жігітгер, ойнасақ та біраз жерге бардық,— деді Упрай,— мәселе былай... 
— Мықтыларым сӛз айтса, бас изеймін шыбындап... 
— Қаңтардың қақаған суығында шыбындамай, сӛзге қонақ бер,— деп Бақытжанға жекіп 
тастады. Анау қайтып жағаласпады. 
— Мәселе былай... 
— Аға,— деді бағанадан бері ләм демей отырған Нұржан.— Сапар мәселесін ӛзіміз-ақ 
реттейік. Тек, жылы киім жағын қайтеміз. 
— Сен де бір қадалған жеріңнен қан алатын бәле екенсің. Жәрәйді, менің пимамды ал. 
Упрай әңгіме тамам дегендей орнынан тұрды. Шапшаң қимылдап есікке беттеді де, 
соңынан ілесе шығып келе жатқан үш жігітке жалт бұрылды. 
— Мен сендерді аяймын, шырақтарым. Бұл сапар — ӛте қауіпті екенін де білемін, амалым 
қайсы,— деп алақанын жая шарасыздық қалып танытты.— Совхоздың малы қырылып 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жатыр. Тіс шұқитын шӛп жоқ. Үш жыл қатарынан болған құрғақшылық есімізді шығарып 
жіберді. Егер дәл осылай тағы бір жыл кәрін тіксе сырты түк, іші боқ хайуан қалмас. 
Ондай жағдайда біздің жер басып жүруіміз екіталай. 
Барлығы дабырласа тысқа шыққанда қардың бағанағыдан ары үдегенін байқады. Қалың 
жауған кезінде тӛңірек қара құрықтана тұтасып, кӛрінбей кетеді екен. Әп-сәтте-ақ 
қарайған нәрсені ақ киізге орап тастайды. Дәл қазір жер бетінде қара түр жоқ, мұқымы — 
аппақ. Сол аппақ лайсаңның ішіне енген кісі де табиғаттың әзіргі бояуына кӛше жӛнелді. 
Алғашқы қар жапалағы Нұржанның ұзын кірпігіне келіп қона қалып еді, еріген жоқ, 
кірпігі қимылдаған сайын, қоса шошаңдап кӛбелекше жабысып тұр. 
Дүние жым-жырт. Қар қылғытып қойғандай. 
— „Қар қызын" кӛрсеңдер сәлем айтыңдар, үш жыл кенеземді кептіріп, қаңсытқаны да 
жетер. Бір шалға ӛкпелеймін деп, мұқым елді қырып алмасын,— деді бӛлімше 
басқарушысы ойын-шыны аралас. Құндыз бӛркін басынан жұлып алды да, жамбасына 
қағып-қағып, қарын түсіріп қайта киді. 
— „Қар қызы" деген қиссаны қайдан шығарып жүрсіндер осы. Ондай ертекке қазір бала 
да сенбейді. Әйда, не тұрыс, кеттік,— деді Аманжан тықыршып. 
— Аға, сіздің үйден оразамызды ашып шықпаймыз ба?— деді Бақытжан.— Қауіпті 
тапсырмамен аттанып барамыз, мүмкін, бұл ақырғы дәміміз шығар... 
— Қайдағыны оттама!— деді Упрай. 
— Осы күнгі жастар бұзылған...— деді Нұржан мысқылдап.— Ал, сау болыңыз, аға. Енді 
кӛре алмаспыз сізді. Таңертең ерте жүреміз ғой. 
— Сау болыңдар. Дегенмен ақыл тапқан сендер ме деймін. Кӛрінгенмен кеңірдектесіп 
абаласып ауылда жүргенше, айдалада ойхой дүние кешіп, жандарың тынышталады. Менің 
күнім болса мынау, топалаңдардың тұтқыны болып, ӛлгенше түспес қамытты мойныма 
іліп жүргенім... Кейде екі қолымды тӛбеме қойып, басым ауған жаққа лағып кеткім 
келеді... Әй, қойшы, біреудің мұңын біреу тыңдаған заман ба?.. 
Упрай қолын жалғыз-ақ сілтеді де, жалт бұрылып жүре берді. Жігіттер аң-таң. Қапалақтап 
жауған қардың астында сүмірейіп тұрып қалған. 
— Ӛмірде осындай да адамдар бар,— деді Нұржан, екі жағасы мен ӛңіріндегі ұлпаны 
қағып.— Қай сӛзіне сенеріңді, қай мінезіне кӛнеріңді білмей дал боласың. 
— Екеуіне де сен, екеуіне де сенбе,— деп жұмбақтады Бақытжан. 
— Ал, не тұрыс,— деді шыдамсыз Аманжан.— Біздің үйге кеттік. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Шырмауық салып ашытқан бал сыра бар... 
— Әуелі жол қамына кірісейік,— деп еді Нұржан. 
— Оған кірісетін түк те жоқ. Тракторға от алдырамыз да, қайдасың Қар қызы деп 
аңыратып қоямыз. Әйда, жүріңдер,— Екі жігіттің екі жеңінен ұстап дырылдата жӛнелді. 
Олардан басқа қыбыр еткен жан жоқ еді далада. Әншейінде, ырбыңдап, арсылдап аяққа 
оралғы болар ит-екеш итке дейін ине жұтып, қырылып қалғандай, Қарқылдап ұшар 
қарабайыр қарғалар да жым-жылас. Тек қана қар — аспанда, жерде. Сол қар мұхитының 
ортасында қалқаң қағып, ала жӛнелген үш жігіт Аманжанның қос бӛлмелі ағаш үйлеріне 
жақындағанда, алдарынан атты адам жолықты. Сауырынан қарлы су сорғалағап аттың ақ, 
қара, құласын ажырату қиын, қыстап жіберген қатты жүрістен екі бүйірі солықтап, танауы 
пыр-пыр етеді. Ер үстіндегі еркек таралғы бауға аяғын шірене тіреп: 
— Упрайды кӛрдіңдер ме?— деді. 
— Осы жаңа ғана үйіне кетті,— деді Нұржан.— Асығыссыз ғой. 
— Әкеңнің аузын... Асықпағанда қайтем... Мал қырылып жатыр,— деді түтігіп. 
— Кімнің әкесін ауызға ұрасыз?— деп қырсықтана сұрады Аманжан. 
— Барлығының да... Осыдан үш күн бұрын қар итеріп, қойға тебін аршып беруге бір 
трактор жіберем деп еді, әлі жоқ. Жаңа үйіне барсам, тракторды қармен кӛміп, балаларға 
сырғанақ жасап беріпті де, шалқасынан түсіп, аузынан су ағып мас болып жатыр. 
— Ой, одан шығады,— деді Бақытжан.— Бәсе, ӛзі де, ДТ-сы да жоқ болып кетіп еді. 
— Ал енді бар үміт сендерде,— деді Қойшы жалбарына қарап.— Сендер жүріндер. 
Ақысын қалтамнан да тӛлеймін, нәрет те жаптырайын. Әкесінің аузын... елу шаршы 
шақырым жердің тебінін аршып берді деп, қол қоймасам, атымды басқа қойыңдар. 
— Бізді Айыртауға пішен әкелуге жіберіп қойды, аға. Әйтпесе келісер едік.— Нұржан 
сыпайылап жауап беріп еді, анау қамшысын бір-ақ сілтеді де, буы бұрқыраған атын екі 
ӛкпеден тебініп қалды. 
— Ой, құдай-ай, сендермен қысыр әңгіме құрып тұрғанда бес-алты тоқты ӛліп қалды-ау. 
Упрайдың ӛзіне малын санап беріп, басым ауған жаққа лағып кетпесем... 
Құйын-перен шапқылай жӛнелді. Артында бұрқырап қар бораны қалды. „Мұның да басы 
ауған жаққа лағып кету ойы бар, еріктеріне салса, бұл ауылда бір түйір адам қалғысы 
жоқ,— деп ойлады Нұржан.— Сонда қайда барады?" 
Қар толастар емес... Үнсіздікті де осы қардан үйрену керек шығар... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Аманжанның шешесі дүние жүзіндегі тұйық әйел еді. Кӛшеде кездессе, жоқ болмаса үйіне 
кір немесе үйіне келіп сәлем бергенін, сәлем алғанын ешкім естіген емес. Ерін ұшын 
болар-болмас жыбырлататын да, кӛзінің астымен ақырын ғана қарар еді. Тіпті ол кісінің 
жүріс, тұрысы ептеп қорқыныштылау да болып кӛрінетін. Кӛрші-қолаңмен де онша 
араласы жоқ, ӛзімен-ӛзі болып, ертеден қара кешке дейін қолынан тоқымасы түспейтін. 
Бүкіл ауыл-аймақ шұлық, қолғап, жейде, шәлі тоқытып тыным бермейтін. Ӛмірде кісінің 
кӛңілін қалдырап кӛрмеген ол үй шаруасына да қарамай, елдің ісімен шұғылданып 
отырушы еді. Осы тым-тым ақ пейілділігі үшін ұлы — Аманжан талай рет ұрысты да, 
ӛкпеледі де, бәрібір қол қусырып қарап отыру қайда. Осындай, жападан-жалғыз тоқыма 
тоқыған оңаша сәтінде, әлдебір әдемі де мұңлы әуенді ыңылдап, ауыр ойға берілер еді. 
Қолындағы жіпке кӛзінің жасы сырт-сырт тамып, қай-қайдағысы есіне түсер еді. 
Аманжанның анасы бұл елдің қызы емес. Айыртау жақтан жер ауып келіпті. Сондықтан 
да ол әйелдің ӛткені жайлы, бұл ауылда ешкім де ашып айтып бере алмас. Ал ӛзі күні 
бүгінге дейін ӛмір-тарихы туралы жұмған аузын ашқан емес. 
Ұлы Аманжанның кімге тартып туғанын жан адам білмейді. Ішкері жақтан жалаңаш 
қойнына, кенгурудің баласындай салып әкелген қызыл шақа ұл, бүгінде тепсе темір үзетін 
зіңгіттей азамат болып ӛсті. Бірақ шешесінің кең пейілін бермеген, тым-тым қатал, 
басбұзар тентек. Фамилиясы да шешесінің әкесіне жазылған. Аманжан ес білгеннен бері 
анасына жалғыз-ақ сұрақ қойған:— Әкем қайда?— Шешесінің жауабы да қысқа болған-
ды:— Соғыста ӛлген... 
Соғыс деген талай дүниенің астан-кестеңін шығарып қана қоймап еді. Соғыс — талай 
қулық пен сұмдықты тас-талқан етті. Елдің тәубасын есіне түсірді. Соғыс сандаған 
күнәны тудырды, сандаған күнәны ақтады да. Әйтпесе 1946 жылы туған Аманжанның 
әкесі қалай ғана соғыс жылдарында ӛліп қалады. Осындай соғыс тудырған әрі 
тудырмаған, бірақ соғысқа сілтеген қисынсыздар ел ішінде кӛп-ақ еді... Соның бір 
құрбаны, осы сырықтай ұзын бойлы, ала кӛзді Аманжан-тын. 
Есіктен үсті-басын қағына, жӛтеліп кірген жігіттердің есендесуін бір бұрышта, тулақ 
үстінде жүн түтіп отырған Үндемес шешей (ел солай атап кеткен) ернін жыбырлатып қана 
алды да, қайтып тіл қатқан жоқ. 
— Ол кісіге алаңдамаңдар,— деді Аманжан пештің иығындағы ағаш күбіні еппен алып 
тұрып.— Ол да бір — қара тас та бір. 
Оның бұл қатты сӛзі Нұржанды тіксіндіріп тастады. Анасы туралы анайы сӛз айту, 
кӛргенсіздік қана емес, аса тұрпайылық еді. Бірақ Үндемес шешей ұлына қарады да, ләм 
деп тіс жарған жоқ. 
Үшеуі дӛңгелек жозыны қоғамдай отырып, шырмауық иісі мұрынды жарған сары сыраны 
біраз еңсере ішіп тастады. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Рақат екен,— деді аузын жеңімен сүрткен Бақытжан.— Сарайым сайрап қоя берді. 
Жолға аздап ала шықса қайтеді ӛзін... 
— Қатқаныңның басы, қатып қалмай ма,— деді Аманжан. 
— Шынын айтқанда, сол бір ит ӛлген жерге барғым келмейді,— деді Бақытжан.— Он жыл 
бірге оқып, бірге ӛскен сендерді қимадым. 
— Менің де зауқым жоқ,— деді Аманжан.— Күзде сен болдың ғой, қандай жер екен. Елі 
сараң дегені рас па? 
— Рас,— деді Нұржан.— Күзде үсіп-жығылып аулымызды әрең тапқанымыз. Енді 
шегінетін жер жоқ. Уәдемізді беріп қойдық. 
— Мына салқын сыраң басыма шыға бастады,— деді Бақытжан. 
— Ал, рақмет, қайтайық,— деп Нұржан орнынан тұрды.— Жолға дайындалу керек. 
Білгендей-ақ тәтеме монша жағып қой деп едім. 
— Дайын болғанда хабарларсың, бәріміз де ұлы сапарға тазарып шығалық,— деді 
Аманжан. 
Жігіттердің шығып бара жатып „сау болыңыз" деген сӛзін жүн түткен әйел естімегендей, 
жауап бермеді. 
Нұржанның шешесі — жастай жесір қалған адам. Бір ұл, бір қызы бар. Екеуі бір-біріне 
мүлдем ұқсамайды. Нұржан қара торы бұйра шаш та, қарындасы кӛгілдір кӛзді шикілі 
сары. Оның сырын, осы ауылдағы сыпсыңқайлар сан-саққа жүгіртеді. Бала кезінде 
Нұржан талай мазаққа ұшырап ашуланды да. Бірде „Айғай апасынан" (жұрт осылай 
атайтын): „Менің әкем қайда?"— деп сұрады. 
— Соғыста ӛлген,— деп айғайды сала жауап берді. Мың да тоғыз жүз қырық алтыншы 
жылы дүниеге келген Нұржан „соғыста шейіт" болған қайран „әкесін" содан қайтып 
іздегенді қойған. Бәріне де соғыста ӛлгендер емес, соғыстан аман келгендер „кінәлі" 
екенін, кейінірек сезді ғой. 
Ал Бақытжанның майданнан қара қағаз келген әкесі осы ауылда тірі жүр деген лақап сӛз 
бар. Кім білсін? Бәріне де қу соғыс кінәлі... 
„Айғай апасы" монша жағып қойған екен.— Қайда жүрсің қаңғырып,— деп дүрсе қоя 
берді. 
— Түу, естіп тұрмын ғой, осынша неге айғайлайсыз,— деді Нұржан шешесіне кейіп. 
— Ӛлгенің құрғыр, аспан қарға айналып кетті ғой деймін; бас алдырмады ғой. Әлгі 


Taraz.aiman@mail.ru. 
қарындасың сабағына әрең кетті қонышынан қар саулап. Таза киімдеріңді дайындап 
қойдым... 
— Аманжан мен Бақытжанды шақыра салсақ... 
— Немене, шешелерінің аяғына жара шыққан ба екен, жағып берсін моншасын. Ӛй, анау 
„үндемес шешейдің" бойында жаны бар демесең, таңертеңнен кешке дейін астына жіберіп 
қойған баладай бажырайып отырғаны. Ұлы жынданып кетпей қалай жүр. 
Анасының ала құйын мінезіне әбден сыралғы болған ұлы ұлпа қарды омбылап жүгіре 
жӛнелді. 
Қар толастар емес. Аспан жоқ. Қаптаған қар-шыбындар ғана. 
Осындай қалың қар жауған күні біздің үш жігітіміз ағаштан қиып салған моншада 
рақаттана жуынып, бірінің арқасын бірі ысып, әңгімелесіп отырды. Қолдарында 
қайыңның бұтағынан жасалған сыпыртқы, күйіп-жанған тасқа бір бақыр суық суды 
шашып қалады да, лап етіп кӛтерілген ыстыққа шыдамай ырсылдап, сабана жӛнеледі. 
Іштеріндегі ӛкпесі ӛшпей, жүрегі күймей сабана беретін — Аманжан болып шықты. Ана 
екеуі „ойбай тұншығып ӛлдім"— деп есікке қарай тұра безді. Ал Аманжан болса қара 
тасқа аяқ-аяқ су шашып ӛзін-ӛзі сартылдатып ұрады-ай. Есікті далдалай ашып, бастарын 
табалдырыққа итше жастап, таза ауа жұтқан Нұржан мен Бақытжан құрлықта қалған 
балықтай солықтайды. 
— Әкең... Жанұзақ ағасына тартқан,— деді Бақытжан.— Қолына қолғап киіп алып 
сабанушы еді. Ол моншаға түскен күні ұлы-жіңгір шапқын болатын. Бір түскенде — бес 
сағат түсер еді тас моншаға... Отыз бес рет сусын алдырып ішетін. Жәкеңнің он баласы 
монша мен үйі екі ортасында сусын тасып, ала шапқын болып жүрер еді... 
— Былжырамай жатыңдар,— деді Аманжан ырс-ырс етіп.— Жалаңаш денелеріңе ыстық 
су шашып жеберемін. 
— Сенен ондай ерлікті күтуге.болады,— деді Нұржан бетін суық сумен шайып.— Ал 
қышуың қанса есікті ашайын. 
— Тұра тұр кішкене,— деді арқасын қайыңның бүрімен осқылаған Аманжан. Ӛне бойы 
білеу-білеу қызарып қалған екен. Қолқаны қапқан қаңсық иіс, ыстық бумен жағаласа 
далаға қашып шығады. Ағаштан ӛрген аласа монша ӛр Алтай елінің ермегі секілді еді. 
Таза жүруіне ғана емес, суық тиіп тымауратса да осы тас моншаның табына жүгіретін. 
Айнала толған ағаш, кесіп-кесіп тасы қызарғанша ӛртеп жағатын. Шелек-шелек су тасып, 
таспештің үстіндегі тайқазанға құйып ысытатын. Кейде үлкен кісілер осы су сарқылдап 
қайнауға айналған қазанға — арша тастап, жуынғанда судан қош иіс шығып тұрушы еді. 
Жарықтық, арша атты қасиетті ӛсімдік адамның денсаулығына да пайдалы деседі. 
Түшкіріп, пысқырса болды қураған аршаны үгіп-үгіп газетке орап, темекі қылып тартқан 
Жанұзаққа жұрт бекер күледі де... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Уа, рақатқа бір баттым-ау,— деп, биік сәкіден қарғып жерге түскен Аманжан беті-
қолын босаға жақта құюлы тұрған суық сумен жуып, тырайып-тырайып, салқын ауамен 
тыныстап жатқан жолдастарының қасына жайғасты:— Жігіттер, кешке киноға барайық,— 
деді Бақытжанның жалаңаш құйрығынан шапалақпен салып қалып. Су-су алақан 
болбырап жіпсіп жатқан денені оңдырмай ысып жіберді білем, бес саусақтың тарбиған 
қып-қызыл таңбасы қалды. Анау, ойбайлап атып тұрды. 
— Ой, әкең... жынданып кеттің бе, әкри. Аманжан қарқ-қарқ күлді.— Нешауа, ӛкпелемей-
ақ қой. Кешке киноға кіргіземін. 
Дардай жігіт болса да ―киноға кіргіземін‖ деген сӛзге мәз болып, құйрығын сипалаған күйі 
қайта жатты. Осы үш жігіт те бір күн қалмай дедектеп жұмыс істейтін. Упрай мен 
бригадир қайда жұмсаса сонда безектеп елпектеп отырса да, айлық табыстары алпыс-
жетпіс сомнан асқан емес. Аспайтын себебі, құрғақшылық үш жыл қатарынан болып, 
жемшӛп тапшылық жасауы. Бір айыр шӛптің ӛзіндік құны бір сомға дейін барды. Жазы 
ыстық, қысы қатал болды. Топырлап мал қырылды. Сонау осыдан мың шақырым 
шалғайдағы тың игерілген даладан арқалағандай болып сабан тасылды. Ӛзгелерден гӛрі 
қайта осы үшеуі табысты еді. Бес жыл қатарынан тек қана шығында отырған совхоздың 
кейбір мүшелері әншейін бостан-бос, бекер істеп жүрер еді жұмысты. Айдың аяғында:— 
„Бересі болып қалыппын, әкри",— деп, темекі алу үшін әйеліне алақанын жайып, баланың 
ақшасын сұрайтын. Ӛкімет соңғы кезде әр баланың басына пособиені кӛбейтіп жақсы 
болды. Әсіресе ер-азаматтар жағы риза. „Шамаң келсе таба бер",— дейді, әйелдеріне. 
Сельсоветтен болмаса, совхоздан қайыр жоқ, таба бер..." Ал, обалы қане, ауыл әйелдері 
шамасынша-ақ босанып жатыр. Әр үйде 7-8 бала бар. 
Үш жігіт буы бұрқыраған моншадан шықты. Қар әлі жауып тұр. Кешке клубтың алдында 
кездеспек болып, үйді-үйіне тарады. 
Қар жапалақтап жауып тұр. Толастар емес. Егер тағы да дәл осы қарқынмен бір тәулік 
жауатын болса, сӛз жоқ, жұт болатын сыңайы бар. 
Клубтың маңайында есік-терезеден сығалап, қар омбылап жүрген бірен-саран балалар 
болмаса, ересектер жағы аз кӛрінеді. Клубтың дәл маңдайында жарқыраған жетім шам 
жарығынан қардың саулап, айналып ұшып жауғаны анық кӛрінеді де, былайғы қою 
қараңғылыққа ұласқан жағынан ештеңе аңғара алмайсың. Ғайып болған аспанға қарасаң 
ғана, бетіңді жыбырлата қытықтаған қар қиындыларын сезесің. Клуб маңындағы бес 
тиындары болмай, киноға кіре алмай қалған балалар, қар кӛбелектерін тілімен аулап мәз 
болады. 
Нұржан есіктен қарап еді, екі жолдасы тақтай орындықта қайқайып отыр екен, мұны 
кӛрген соң:— Кіре бер, белет алып қойғанбыз,— деді. Клубтың ішінде үлкендер жағынан 
тым аз, ӛмір бақи кинодан қалмайтын Жанұзақ пен Қайырлы ұста ғана тоңға оранып, 
қанатқа сүйене қиқайып жатыр. Сахнаның алдында бірінің бӛркін бірі лақтырып, 
мойындарына қар салып, шулаған он шақты бала бар. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Ей, шие бӛрілер, шуламаңдар!— деп, Жанұзақ қоқиланған болып еді, ешқайсысы пшту 
демеді де. Клуб іші салқын. Есіктен бір құшақ суық ертіп осы ауылдың екі-үш мұғалім 
қызы кірді. Институт бітіріп, одан кейін екі-үш жыл жұмыс істеп үлгерген қыздар үш 
жігіттен де ересектеу еді, оларды пәлендей мән беріп қызықтай қойған жоқ. Қоңыр түбіт 
шәлілеріне жабысқан қарды қағып, босаға тұста аз-кем аялдады да, Нұржандардың 
алдындағы орыңдыққа келіп қонақтады. Аманжан жыбыршып тыныш отырмай: 
— Сәлеметсіздер ме, апайлар,— деді. Ішіндегі ұзын бойлысы: 
— Есенбісің, ба-у-ы-р-ым,— деп нығарлай жауаптасты. Бұдан ары әңгіме болған жоқ. 
Сегіз ересек, он балаға арналған Индия киносы басталып кетті... 
Терезенің қырауы еріп, тесік жасалды. Түймедей ғана аршылған әйнектен жалғыз кӛз 
сығалады. Әке-шешесі ақша бермеген баланың қашанғы әдеті осы, қысы-жазы терезеге 
жабысып, таласып-тармаса сығалап тұрғаны. Бұл уақиға үш жігіттің басынан да талай 
ӛткен. Аманжан әлгі танадай тесікті құлақшынымен жауып, баланың ит жынына тиіп еді, 
Нұржан ұрсып тастады: 
— Ӛзің сығалаған тесік еді ғой, қойсаңшы,— деді. 
— Ей, ұстаздар,— деді Аманжан ұзынтұра қыздың арқасынан түртіп.— Оқушыларыңа бес 
тиын берсеңдерші, обал ғой.— Мұғалім-қыздар сӛз таластырмады. Бұл жігітпен дауласып 
береке таппасын білуші еді, ләм деген жоқ. 
Сыртта алпыс жылдан бері жаумаған қар тӛпелеп тұр. 
Осы күні Нұржан ұйқтай алмады. Ары аунап, бері аунап, тіпті, жамбасы талғандай болған 
соң, шолақ тонын жамылып тысқа шығып еді, қар толас тапқанын сезді. Қараңғыда 
білінбеді де, аспанға қарап, бетін тосты, қар ұшқыны тимеген соң ғана:— Сап болған 
екен,— деп шалдарша ӛз-ӛзінен күбірледі. Қайтып келген соң да, кӛзі іліне қойған жоқ. 
Қайдағы-жайдағы есіне түсіп басы мыңғы-дыңғы болды. Тӛргі бӛлмеден кәперсіз 
ұйқтаған шешесі мен қарындасының пысылдағаны естіледі. Бӛтен дыбыс жоқ, талықсыған 
тыныштық. Не заматта барып кірпігі айқасқандай болып еді, есік сықырлап ашылып, үйге 
аппақ кебіні бар қыз кіргендей... Тас қараңғы бӛлменің іші жап-жарық болып кетті. 
Босағаға сүйеніп үндемей тұрған қыздың кӛзі шырақ болып жанады. Неге екені белгісіз, 
Нұржан қорыққан жоқ. Ӛңі ме, түсі ме ажырата алмай дел-сал жатты. Қимылдайын деп 
әрекеттеніп еді, тырп ете алмады, тіл қатпақ болып еді, жағы ашылсашы... Ақ тер, қара 
терге түсіп терледі. Тәңірім-ау, тіпті ояу-ақ жатқан секілді. Әне, қыз тұр аппақ болып, 
міне құлағына шешесі мен қарындасының пысылдап ұйқтағаны естілді... Ғажап! „Әй"— 
деді, үнін шығара алмады. Енді не істеу керек? Бәлкім, Қар қызы деп кӛкіп жүргендері 
осы шығар. Жүрегі тулап, алқымына кептелді. Не істеу керек? „Әй‖— үні шықпады. Қос 
жанары шырақ болып жанған қыз әлі тұр босағаға мұңая сүйеніп. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ӛлдім-ау дегенде қыздың сыбырлағаны естілгендей болды. „Нұ-р-ж-а-н... сен кет бұл 
ауылдан, мүлдем кет, мәңгілікке кет... бұл жерде адамдар кӛбейіп барады... саған еркіндік 
жоқ... Еркін ӛмір жоқ... Кеңістікке кет... ер менің соңымнан... ер". 
Ӛлдім-ау дегенде кӛзін ашып еді, қап-қараңғы түн ғана мелшиіп тұр. Еш нәрсе жоқ. 
„Уһ"— деп демін әрең алып, алақанымен маңдайындағы пыршыған терді сүртті. Бірақ 
даладан соншалықты мұңлы, соншалықты аянышты сыңси салған қыз әні талып естіледі. 
Әлдеқайдан, алыстан қар-қызының боздап салған әні естіледі. 
* * * 
Айнала аппақ қар: ақ түтек боран, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған ақсіреу кіреуке: 
қарасаң кӛз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... Алысқа бірін-бірі қуа 
жарысады; ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы ӛмір шуылынан 
бейхабар — айқара жамылған ақшағи кӛрпесін бұйығы бүркенеді; табиғаттың күні 
кешелер ғана маздаған тіршілігіне мекен-жай болған жазира жоталар ӛлім тыныштығына 
бой алдырған да, дүниенің бар қызығынан әбден жалыққан құмарпаз адамның, жалқы сәт 
талықсып кетерін еске салғандай болады; күн таласа шыққанда осына қайғы жұтып, қар 
тұтқында жатқан бейкүнә аязды аймап мың-миллион күміс ұшқындарын сәулелендіріп, 
тоғыз қабат торқа астында қалтыраған Жер-Ананың ертең туар базарлы шағының үміт 
отындай жарқырайтын; бүгін аспанды саңылаусыз тұтастыра жауып тұрған қарлы жота-
қыраттардың осы сұлулығын қызғанғандай, тартып алып талақ тастапты; кӛкжиек жоқ: 
аспан да, байтақ ӛңір де ақ сұр; жер жоқ, бір ӛңкей бой суытып, жүрек мұздатар сұмпайы 
қар; еріксіз жалықтырады, еріксіз жалғызсыратады, жүз жылға бір-ақ қартайтып 
кеткендей қажытады; құлазыған осына бір түске, бір мінезге қарап тұрып, кӛңіліңді 
аяныштың аязы буып, ботадай. боздап жылағың. келеді; ботадай боздап жылап тұрып, 
жаратылыстың осыншалық қатыгездігіне налығандай әлемдегі бүкіл жақсылық пен 
жамандық атаулыдан безінесің, ақша қардың ортасында меңдей қарайып тұрған жалғыз 
трактор — аппақ дастарқанның үстінде жорғалаған қоңыздай-ақ қауқарсыз, бейшара. 
Ауылдан шыққандарына екі күн, барар жері сонау кӛрінген ақ таудың ар жақ етегі — онда 
ауылдың ала жаздай дайындаған пішені бар; соны тиеп қайтуға барады; олар үшеу: 
Нұржан және Аманжан мен Бақытжан. 
Қар мұхитты қақ жара арқырап келе жатқан тракторды Нұржан жүргізіп отыр; астынан 
аязды күнгі кӛк темірдің ызғары ӛтеді; шолақ қара тонының жағасына мойнын тыға түсіп, 
әлгі кӛріністен кӛзін алмай телміріп келеді: ол қарайтын басқа еш нәрсе жоқ — айнала 
аппақ; тіпті бәрі үнсіз, қасат қарды қақ жарып, бір қарқынмен бір бағытта келеді; 
достарының не ойлағанын білмейді Нұржан, әйтеуір, бозарған жүздері мұңға лайық, 
ӛзгеше кӛндім, ӛзгеше жуас, қайтпайтын сапарға аттанғандай аянышты халде; ал ӛзі болса 
мынау ұшы-қиырсыз, еңку-еңку қарлы адырлардың үстіндегі қыбырлап тыныш таппайтын 


Taraz.aiman@mail.ru. 
ӛмір жайлы, суық қысып ыбырсып қор болар жер жайлы, кӛзден де, кӛңілден де шеттей 
бастаған мұңсыз-қамсыз балалығы жайлы ойлайтын шығар; неге екенін білмейді; осы қу 
мекиен айдалада жападан-жалғыз қалып қойғысы; қалып қойып анау аппақ кебін қардың 
үстіне ақпен табандаған қара пиманың ізін тастап, мәңгі тымық, мәңгі суық шексіздікке, 
алдыңғы күні белгісіз бозаң жолға шыққысы келеді; мейлі жалғызсырасын, мейлі қар 
басып үсіп ӛлсін, мейлі азынаған қысқы ӛңірдің аш қасқыры жеп кетсін — ойына алған 
дел-сал, ұйқылы-ояу қатал да қайырымсыз сапарға аттансам дейді; ӛйткені сол бір белгісіз 
де шексіз кеңістікке қар қызы шақырған. 
Алпамса тауға ӛрлеп келеді, ақ шағылдар таусылар емес, күн түнге ойыса бастады; аспан 
сұмпайы бұлттан азаттана бастады; олар әлі ләм деместен томаға-тұйық бозарып отыр; 
кӛзі ояу, кӛңілдері ұйқыда; мүмкін, олар аппақ қардың үстіндегі кӛктемгідей жапырағын 
жайған әлі жас, әлі арманшыл, әрі күнәсіз кӛк ӛрім үш қайың шығар; қазіргі 
әрқайсысының жүрегінен сағыныштың, ӛкініштің белгісіз, бұдан бұрын еш жерде, 
ешқашан айтылмаған мұңлы да сырлы әнінің қалтырап барып, сыңси айтылуы — сол 
ақша қардың үстіндегі ақ қайыңның сұп-суық жел тербегенде шыдай алмай жылауы 
шығар; олар бұл ғаламда трактор гүрілінен ӛзге жан жарылқар үн естіп, кӛз суырар қардан 
басқа ештеңе кӛріп, бой мұздатар суықтан басқа түкті де сезініп келе жатпағаны рас; 
ымырт жабылған сайын осының бәрінен — аппақ болып кӛсілген кӛріністің ӛзінен 
айрылды; ендігі мезетте бұлттан тазарған аспан жұлдыз таналарын тағынып, сылана 
бастады; олар бәрібір үнсіз; ауыздарын ашса болды қырқысып-тӛбелесе жӛнелетіндей 
қауіпті де қаныпезер отырыс; аспанға қарады: сансыз жұлдыздар жымыңдайды — бірі 
сӛнеді, бірі жанады; трактордың жарығы түн түндігін тілгілеп, сонау ойда болар-болмас 
жылтырағандай елес берген жетім сәулені іздеп барады; соған асығады, жамырап 
табысқысы келеді; кӛкке қарады; жұлдыз ақты, қайда түскені белгісіз, әйтеуір, олардан 
тым алыс. Қара кӛк аспандағы жұлдыздар жауып тұрғандай сезінді. Астындағы темір 
қобдидан ӛткен ызғар шекесін солқылдатқандай тісі-тісіне тимей, қалтырай бастаған 
Нұржан, сол бір мағынасыз жанармен анау алдында бел-белестеніп мінгесіп ұштаса кете 
барған аппақ дүниеге жиіркене қарады. Жылда, тіпті қыстай кӛріп, кӛз қашты болған 
кӛрінісі болғанымен, дәл бүгінгідей кӛңілі суынып, кӛкірегін ызғар қарыған жоқ еді; 
дүниенің осыншалық иесіздігін тұңғыш сезінгендей зәрезеп күй кешті. Алғаш ауылдан 
шыққанда ептеп желік қысқандай болған, жастық шақтың кӛп-кӛп алаңсыздығы тағы да 
бір ессіздікке, мұңсыз-қамсыз жазира тірліктің жалғыз аяқ соқпағына жетелегендей еді. 
Енді міне қар жамылған жұп-жұмыр таулардың тұтқынына түскен сайын сол жылымық 
кӛңіл, сол жылымық кӛңілдің шуақтары аязда үсіп ӛлгендей ӛгей ӛмірге тап болды; оты 
жоқ, пеші жоқ жел кеулеп, ызғар буған иесіз үйдің қонағындай шарасыздықтың 
шырмауында қалды. Қасаттана бастаған аппақ қарды жарып, бағдар-бағытсыз арындап 
келе жатқан ДТ-57-нің қазіргі мінсіз жүрісі ғана ендіті медет, ендігі қуат, үміт теңізін 
кешкен үш жігіттің — астындағы арғымағы-тын. Елден шыққандарына екінші түн, кеше 
Фадиха деген ауылға түнеп шықты да, елең-алаңнан сапарға қайта аттанған. Алда — 
Қоңқай асуы. 
Аспан тӛсі шұрқ-шұрқ тесік. Ай әлі туа қойған жоқ. Қараңғылыққа бой бермеген адыр-
қыраттар ағараң тартып, қорқыныш ұялаған кӛңілге ес болғандай. Қорқыныш ұялай 
бастаған кӛңілге ес болған ол да емес, сонау тӛбедегі жетім жарық. ДТ-54 сол ӛлімсірей 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жанған жарыққа қарай ӛршелене ӛрмелеп келеді. Түн меңдеген сайын дүрілдеген үні де 
жер-кӛкті жаңғыртып қатты естілетіндей... 
Үш жігіттің жанары да сол жалғыз жарыққа қадалған. Ендігі үміт те, тілек те сол –
жұлдыздай жылтыраған сәуледе. 
ДТ-54 қайқаң қағып тӛбеге шыққанда, маңдайындағы қос шамы шатырын қар басып 
қалған, ағаш үйді тінтіп ӛтті де, солқ етіп барып тұра қалды. Қар құсып, сартылдаған 
жылан бауыр доңғалақтың үні сап тыйылды. Нұржан тұтқаны тӛмен басып, газды азайтты 
да, енді не істейміз дегендей, екі досына қарады. Олар да ошарылып, ләм деместен 
шарасыз отырып қалып еді. Қар басқан үйден ешкім шықпады. Трактор жайлап қана 
зіркілдеп тұр. Осы трактор үні жағаласып, сӛздерін естіртпейтін болған соң, әбден 
айғайлап үйренгендікі ме, Нұржан қатарда отырған Аманжанның құлағына дыбыстады: 
— Біреуіміз үйге кіріп, біліп шығайық. Қондыра ма екен?— Аманжан оның дәл 
құлағының түбіне айғайлаған аузын қолғабымен баса қойды. 
— Неменеге бақырасың? Құлағымның дабыл жарғағын тесіп жібердің ғой.— Жатып кеп 
ашуланды. Дәл қарсы алдарында, темір қобдиға құйрығын қойып, мойнын тонының 
жағасына тығып, пысылдап ұйқтаған Бақытжан әлгі айқайға ояна қоймағандай. 
Үй жақтан тырс еткен дыбыс білінбейді. Ептеп мал ұстайды білем, қора жақтан қойдың 
маңырағаны мен жылқының пысқырғаны естіледі. Аманжан құлағын әлі шұқылап отыр:— 
Саңырау болып қалдым-ау деймін. 
— Неғұрлым керең болсаң — соғұрлым жақсы естисің. Саңырау болсаң ғана сақ 
жүресің,— деп күлді Нұржан. Бұдан соң екеуі де саусақтарын үрлеп, қып-қызыл болып 
қалқая қатқан құлақтарын уқалады. 
— Мына қыстақта тірі жан болса, кӛп кӛрген құлағымды саған-ақ кесіп берейін, қарның 
ашса қақтап жерсің,— деді Аманжан. 
— Сығырайып шам жанып тұр ғой. 
— Ол сайтанның оты. 
— Сен де қайдағыны айтасың-ау,— деп күлді Нұржан.— Кеше Фадиха тұрғындары 
айтқан: Айыртаудағы асуда жалғыз үй оңаша тұрады деп. Сол омарташы шал шығар. 
— Олай деп бал ашсаң бар, біліп кел ӛзің. Бәлкім, түсіңе кіре беретін періште қыз осы 
үйде тұратын болар. 
Нұржан ойланып қалды. Есіне әлдене түскендей, жүрегі жиірек соғып, елегізи бастады. 
Осы бір оқиғаны ойда жоқта есіне салғаны. Нұржанның жарқ етіп жоғалған арман-адамын 
тірілткендей болды. Күннің суықтығы, жолдың қиындығы — бәрі-бәрі иін тіресе келіп, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
кӛңілдің жайлауындағы кӛктем кӛріністерді сүртіп, тепкілеп жоғалтқандай еді. Енді міне, 
бір сәтте кӛктем құсындай қиқулап қайтып оралды. Ӛң мен түстің екі ортасында 
маужырап, жалғызсырап жатып тауып алған қиял-қызынан Нұржан алғашында қорқып-ақ 
қалған. Ұмытқандай болып еді, енді, әне, тәңірім-ау, тракторды айналып, ақ кӛйлегін 
шұбалтып, сыңсып ән салып бара жатқан жоқ па... әне... 
— Ән салып кетіп барады...— деп ӛз-ӛзінен күбірлеп қалды. 
— Кім кетіп барады?..— деді Аманжан рычагты тас қып ұстап, жартылай қырау тұтқан 
кабина әйнегіне үңілген досына үрке қарап. 
— Әнін естідің бе, әнін... Неткен ғажап дауыс.— Толқи сӛйлеп, орнынан тұра беріп еді, 
оны Аманжан иығынан басып отырғызып тастады. 
— Отыр! Кӛзіңе қос кӛріңді ме? Әлде жынданайын дедің бе? О, несі-ей, лепіріп... 
— Рас айтамын,— деді Нұржан үні дірілдеп.— Бейне бір ертегідей... „Одиссей" деген 
киноны кӛріп пе едің?.. 
— Иә, кӛрдік делік. Айтпақшы, 20 тиынды сен үшін тағы да мен тӛлеп едім ғой. 
— Сол кинодағы тӛбе құйқаңды шымырлататын сиқырлы үн ше?.. Содан бір де кем емес... 
Әне... әне... тыңдашы! Керең болмасаңдар, құлақ салыңдаршы. 
Осына сыңсыған мұңлы үңді — жұмбақты үнді, сиқырлы әнді Нұржанның ӛзінен басқа 
ешкім естуі мүмкін еместігін білген жоқ еді бейшара жігіт. Бақытжан болса қорылдап 
ұйқтап отыр. Күннің суығы, қыздың әні, қайда қону керек деген үлкен сұрақ оны ешқашан 
да мазаламайтындай... 
— Тфу, атаңа нәлет!— деп ызадан жарылардай болып отырған Аманжан тоқылдап қата 
бастаған пимасымен Бақытжанды теуіп қалды.— Мынандай қақаған аязда қысып бара 
жатқан қандай ұйқы екен. Тұр-ей, оян!— Бақытжан қор етіп барып былдырлап сӛйледі, 
бірақ сергіп кете алмады. 
— Саппас,— деді Нұржан.— Қандай кӛп жасар екенсің. 
— Қойыңдаршы, әкри, мен біліп отырмын,— деді Бақытжан керіліп. 
— Атаңның басы біліп отырсың... 
— Жұрттың бәрі сен секілді таскерең дейсің бе. Қар-қызының даусын мен де естідім. 
Адамның жылағысы келеді екен. 
Бұдан соң үшеуі бірдей сықсима терезесінен болар-болмас қана жарық кӛрінген 
кішкентай үйге үнсіз телміріп аз-кем отырды. Трактор бір қалыпты зіркілдеп жұмыс істеп 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тұр. Айдалада — жапан дүзде мекендеген жалғыз үйде адам бар ма, егер бар болса дәл 
іргесіне келіп, трактор дүрілдеп тұрғанда неге біреуі шықпайды далаға. Түсініксіз. Аяз 
буып тұр. Бағана... жолда байқамапты, үш жігіт енді шындап жаурай бастады. Тістері 
сақылдап, безгегі ұстаған адамдай ДТ-ның моторымен бірге дірілдеп-қалшылдады. Ал қар 
астында жалғыз кӛзі жылтырап жым-жырт жатқан жұмбақты қыстақ, жалмауыз кемпірдей 
жер бауырлап, сыр бермейді-ай... 
— Бір түрлі қорқынышты екен, әкри,— деді Бақытжан күрсініп. Басы тіпті кӛрінбейді, 
тонының жағасына тығып алған. Әншейінде тӛртпақ, семіз жігіт қазір бір уыс болып, 
бүрісіп отыр. Оның бұл бейшаралығы Аманжанға жаққан жоқ, аяғымен бүйірінен түртіп: 
— Ей, ләуқи, сен „әкри-макриіңді" қалтаңа салып ал да, анау үйдің терезесін қақ,— деді 
бұйыра сӛйлеп.— Бар, ұйқың ашылсын. 
— Батырсың ғой, ӛзің бар. Шанаға тиеп алған запас жаным жоқ. Күйдіре берме.— 
Бақытжан да тайынар емес, шап етіп бетінен ала түсті. Екеуінің егесіне Нұржан араласқан 
жоқ еді. Бағанағы әсерден әлі де арыла алмай, мең-зең болып отырған. Іс насырға шауып 
бара жатқан соң, амалсыз басу айтты. 
— Бекерден-бекер егесесіндер, жігіттер. Қорықсақ — үшеуміз де барайық. Суықтан үсіп 
ӛліп қалмаса, тірі жан бар шығар. 
Үшеуі де отырған орындарын қимағандай самарқау қозғала бастады. 
— Тракторды ӛшіреміз бе?— деді Бақытжан қипақтап. Ондағы ойы кабинадан ең соңы 
болып түсу еді. 
— Әзірше тұра берсін,— деді Нұржан омбы қарға секіріп түсіп.— Қондырмай жатса кері 
қайтуға тура келетін шығар.— Күйбеңдеген Бақытжанды артынан итеріп жіберген 
Аманжан іле ӛзі де қарғыды. Бұлар топ-топ етіп түскен тұстың қары тізеден асады екен. 
Бірінің соңынан бірі еріп жүре беріп еді, ең артта тартыншақтап келе жатқан Бақытжан:— 
Әй, осы жұмбақ үйіңнен қорқамын. Терезесі сығырайып, үндемей қабатын ит секілді 
жымсып жатысы жаман екен... Мен... тракторды күзете тұрсам қайтеді,— деді желкесін 
қаси қипақтап. 
— Былжырама,— деді Аманжан арс етіп.— Темірді қасқыр жемейді. 
Үйдің дәл іргесіне жеткенде үшеуі бірдей қалт тұра қалды. Трактордың баяу зіркілінен 
ӛзге үн ӛлген. Сонау. оу. оу. Айыртаудың айыр ӛркеші екі арасынан қылтиып, жарықтық 
желіндеген ай кӛтеріліп келеді сыздап. Жалғыз үйдің ес болар иті де жоқ екен. Итсіз үй 
кӛңіліңе одан ары қаяу салатындай, бір түрлі жетім, бір түрлі қоңылтақ та мұңлы екен. 
Аяйсың... айдалада — аппақ қардың тұтқыны болып, адасқан балапандай бүрісіп, жер 
бауырлап жатқан мүсәпір кескінін кӛріп жаның ашиды. Бүгінде, адам айға ұшып жатқан 
заманда мәңгі мылқау тақыр таулар бар. Кісі аяғы жете бермес жерлер бар, елден де, ұлы 
шулы ӛмірден де жеріп, саяқ жүрер адам барына илану да қиын. Бірақ бар екен... Киіздей 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тұтасқан цивилизациялы ӛмірімізде, осындайлық қалтарыста ұрланып қалған тағы 
табиғат, жұмбақты үйлер қалғанына шүкіршілік жасайсың. Әттең, қазіргі заманда адасып 
жүріп, аңшының үйіне тап болғаннан артық бақыт бар ма, тәңірім... 
Бақытжан буын-буыны дірілдеп шегіне берді:— Қорқамын, әкри... 
— Неден қорқасың, шырағым. Нечего бояться!— Жер астынан шыққандай болған осы 
гүрілдек үннен үшеуі бірдей селк етіп, зәрелері қалмай шошыды. Бақытжан қатарында 
тұрған Нұржанды құшақтай алып еді. Жалт қарағандарында, тура қыр желкелерінде тӛніп 
тұрған, аппақ, еңгезердей аруақ шалды кӛрді. Енді-енді ғана ыңырана кӛтерілген ай 
сәулесін емген қар ӛзгеше жарқырап, дүниенің баршасын ақ сүт нұрға шомылдыра бастап 
еді. Сол... күні жетіп әбден толған айдың саулаған сәулесі аппақ сақалы желбіреген аруақ-
шалды аспан-әлемінен әкеліп тастағандай әрі жат, әрі қызықты да қорқынышты еді. 
Үстінде ақ кӛйлек, ақ дамбал және аяғында лыпа жоқ, тізеден қар кешіп жалаң аяқ тұр-ау 
деймін. Ай астындағы ақ күміс қария үш жігітті де мықтап тұрып естен тандырып еді. 
Нұржанның осы әзірде ғана кӛз алдынан кӛлбеңдеп ӛткен ару қызы қас пен кӛздің 
арасында аруақ-шалға айналып-ақ кеткеніне қайран қалды. Сасқалақтаған үш жігіт 
жарыса сәлем берген. 
— Ассалаумағалейкум! 
— Ассалаумағалейкум! — Ассалаумағалейкум! 
Ал шал болса, сол жалаң аяқ, жалаң бас қар кешкен қалпы бұларға жақындап келді де, 
жоқ іздеген адамдай жүздеріне үңіле қарады. 
— Здравствуйте, незванные гости... 
Қарсы алдарында тұрған шал ӛзге планетадан келген жұртшы да, кӛрден кӛтерілген аруақ 
та, жалғыз кӛзді жалмауыз да емес, кәдімгі тіл-аузы, қол-аяғы бар адам екеніне енді ғана 
илана бастаған жігіттердің ӛздерін тастап кеткен шыбын жандары бойларына қайта 
қонғандай, жадырап сала берді. Ең алдымен батылдық кӛрсеткен Бақытжан болды. 
— Ақсақал, сіз орыстың ақсақалысыз ба?— Шал мырс етіп күлді де: 
— Қайдан келеді? Қайда барады?— деп сұрады. Мұндайда тықыршып тек тұрмайтын 
Аманжан: 
— Аташка, рұқсат болса, үйіңізге кіріп жӛн сұрассақ қайтеді. Масқара жаурап тұрмыз,— 
деді. Бағанадан қорқып-үркіп, үйіне беттей алмай сарсаңдағандары әншейін ғана 
қауқайған шал екеніне кӛзі жеткен соң, еркінси бастады. 
— Ну и что же,— деді шал тағы да орысшалап,— идемте, поговорим дома... 
— Сендер жүре беріңдер, мен трактордың суын ағызып, сӛндіріп бір-ақ барамын,— деді 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Нұржан. Қызыл сирақтан қар кешіп, үйіне беттеген шалдың артынан Бақытжан томпаңдай 
жӛнелді. Аманжан да ере түсіп, қайта қайырылып келді де, Нұржанның құлағына 
сыбырлады:— Тракторды сӛндірмей аялдай тұрсақ қайтеді. Мынау жалаң аяқ, жалаң бас 
шалыңнан қорқайын дедім. Ӛзі бір түрлі... былай қызық кісі екен... 
— Сенің де сескенетін адамың бар екен-ау, ұзынтұра,— деп, иығынан салып қалды да, 
рақаттана күлді. Ӛзі моторды сӛндіріп, радиатордың тығынын ағытты. Ып-ыстық су буы 
бұрқырап кӛбік қардың үстіне сарылдап қоя берді. 
— Айтпады деме,— деді Аманжан ӛзгеше кӛңілсіз қалыпта.— Менің жүрегім жыланның 
жусағанын сезеді.— Қолын бір сілтеді де, шалдың соңынан кетті. 
Тракторды сӛндірген соң, осына ай астында ақ кебінге оранып жатқан қарлы адырлар 
жаны жай тапқандай мызғып, мәңгілік тыныштық құшағында маужыраған. Жазығы суық 
демесең, қысқы табиғаттың қазіргі келбеті керемет еді. Ару-қыздың ешкімнен именбейтін, 
ешкімді менсінбейтін алқам-салқам бейбастық әрі әдемі еркін ұйқысындай еді. Аспандағы 
жарықтың ай менен жер бетін бүркеген сұп-суық қардың осыншалық жарасымдылықпен 
тіл табысып, бір-біріне телмірген күйі іштей күрсінуін кӛріп, естігендей еді Нұржан. Зікір 
салған трактор үні ӛшкен соң, баяғыдай бір сай-сүйегіңді сырқыратар сиқырлы ән алыстан 
талып естілгендей-тін. Буын-буыны босаған Нұржан аппақ қарға етбетінен түсіп, сол бір 
күншілік жерден естілген мұңды әнді тыңдап жата бергісі келеді. Ғажап, қар ән салып 
жатқандай... ғажап, қар жанып жатқандай... Нұржанның құлағына әлдебір сыбыр 
естілгендей. 
Мен... тоңдым... мынау... 
суық жалғаннан... 
ыстықтықтан жаураған, 
мынау қарлы ӛлкеде 
мұзға айналып қалмаған, 
адамың бар ма, айт маған... 
Осы бір сыбырды, кӛзге кӛрінбейтін әлдекім айтты ма, жоқ болмаса Нұржанның ӛз жүрек 
күбірі ме, белгісіз,— әйтеуір, естігені рас-ты. Шыңылтыр аяз сорған жүзі бозарған, осы 
қалпында қардан соққан аққаладай делдиіп қатып тұр еді. Жертағандап жатқан үйдің есігі 
сықырлап ашылып:— Ей, айға бата оқып тұрсың ба, жүрсеңші,— деген Аманжанның 
айғайы естілді. 
Жұмбақ шалдың үйі жалғыз бӛлмелі. Кіре берістегі сенек тастай қараңғы. Нұржан есік 
тұтқасын сипалап жүріп әрең тапты, қайыстан жасалған екен. Шуда-шуда суық онымен 
жағаласа ішке еніп, тӛрге дейін ӛрмелеп барды да жылуға айналып жоқ болды. Бӛрене 


Taraz.aiman@mail.ru. 
үйдің іші даладан жаурап кірген адамға ыстық болып сезілген. Үй сыланбағандықтан 
дӛңбек-дӛңбектің арасына тығылған мүк сапсия шығып, мұрынға қаңсық иісі келгендей 
болады. Қабырғаға аңның терілері ілініп, бұғының шаңырақтай салалы мүйізі қағылған. 
Тақтайдан қиып жасаған нар, нардың тұсында қос ауыз мылтық, оқшантай, патрондары 
кӛгенделген былғары белбеу, дүрбі, аңшының тағы басқа керек-жарақтары ілулі тұр. Кіре 
берістегі оң жақ бұрышта ағаш сандық, оның үстінде ӛлімсірей жанған май шам, ал 
қабырғаға тақтайдан долбарлап жасаған сӛре қағылып, азын-аулақ ыдыс-аяқ қойылған. Ал 
сол жақ бұрышта аузынан шоқ атқылап, екі бүйірі қызарған темір пеш орналасыпты. 
Темір пештің ар жағында қалың тақтайдан орындық жасап орнатқан. Біздің екі жігітіміз 
сол ағаш орындықтың үстінде сотталуға келгендей қаз-қатар тізіліп отыр. Қоңырқай 
тартқан үйдің қазіргі сықпыты ертек секілді, ала кӛлеңке тартып ӛзгеше бір жуас күйге 
шақырады-ай. 
Шал әр нәрсені шұқылап: темір пешке үстеп отын салып, шамның майын жаңартып, 
пештің үстіне құманға шай қойып, түнгі тыныштығын бұзған тоқылдақ қонақтарына назар 
аудармай жүріп алды. Аманжан шыдай алмады білем (шыдамсыздық оның туасы қасиеті 
еді)— һм... һм,— деп жӛткерінді.— А-а-та! Су бар ма екен бұл үйде? Шӛлдеп 
отырғаным... 
Шал үндеген жоқ. Нардың үстіне жайғасты да, бес жағында ілулі тұрған белбеуді алып, 
патрондарын бір-бірлеп суыра бастады. Ішінде оғы жоқ бостары болу керек. 
— Ата! Шӛлдедім!— деп Аманжан айғай салғанда ғана жайбарақат басын кӛтеріп тілге 
келді. 
— Саңырау емеспін, неге бақырасың? Суықтан үсіп ӛлейін деп отырып шӛл қысса не 
дауа. Есік алдына шық та, қардан кӛсіп алып асай бер. 
Тағы да үнсіздік орнады, Үш жігіт сыртқы киімдерін шешпестен отыр еді, пысынап 
терлей бастады. Шал бос патрондарға капсуль салып, бытырлап ӛзімен-ӛзі, бұл үйде 
ӛзінен басқа тірі жан бар-ау деп елемейтіңдей. Темір пеш үстіне қойған шайнек қақпағын 
қаққылап қайнай бастады. Тіпті, шыдай алмады білем, жігіттер шолақ қара тондарын 
амалсыздан жасқана шешті. Қақаған суықта ұйқы баса беретін Бақытжанның буын-буыны 
босап, денесі балқып қалғи бастап еді. Үй иесі тіпті итпісің, кісімісің демеген соң, қанша 
тӛзімді болса да шыдамап еді, Нұржан:— Ата, жол соғып шаршап келіп едік. Рұқсат 
етсеңіз, жатып дем алсақ... 
— Пожалуста,— деді шал. Аманжанның шыдамы шарт сынды. Албастысы ұстап орнынан 
атып тұрған. 
— Қайда ұйқтаймыз?! Жӛніңізді айтпайсыз ба? Әлде... осылай үндемес ойнап отыра 
береміз бе?..— Шал самарқау қимылмен басын кӛтерді. 
— Неменеге кергисің-ей, жігітім? Отырғың келмесе есік әне, сыртынан жап, жӛніңді тап. 
Менің шӛбімді әкелетіндей бұлданасың ғой. Әлде, құс тӛсек берейін бе. Қисая кетіңдер 


Taraz.aiman@mail.ru. 
отырған жерлеріңе.— Аманжан қасындағы Нұржанның құлағына „мынау бір ит шал ғой" 
деп сыбырлаған еді анау естіп қалды. 
— Не балтай! Осы күніңе зар боларсың,— деп орнынан жас баладай секіріп тұрды. 
Жігіттер сасыңқырап қалған. Нардан секіріп тұрған шал, қақпағын қаққылаған құманға 
шыт дорбадан шымшып алып шай салды. Дәл ортада қарағайдың түбірінен кесіп орнатқан 
дӛрекілеу жозы бар еді, дастарқан жасай бастады. Жалғыз ыдыс, жалғыз қасық, бір тілім 
нан, суыған еліктің етін әкеліп қойды. Бұдан соң асықпай, бабымен құйып жалғыз ӛзі шай 
іше бастаған. Ішіндегі ең ашқараған Бақытжан қалғып-шұлғып осы кӛріністі байқаған 
жоқ-ты. Ал кешеден аш екі жігіт сілекейлері шұбырып, жындана жаздап әрең-ақ отыр. 
Аманжан:— Шайға шақырмайсыз ба. Азаннан бері нәр татқан жоқпыз. 
Шал:— Әкеңнің үйіне келе жатқан жоқсың, жол азығынды ала шықпадың ба? 
Аманжан:— Ер азығы мен бӛрі азығы жолда деуші еді атамыз қазақ... деп оспақтады. 
Шал:—: Ал мен... тіпті де қазақ емеспін. Менің ұлтым жоқ. 
Аманжан:— Оны ӛзім де сезіп едім,— деп кекетті. 
Нұржан:— Ұлты жоқ адам болушы ма еді... 
Кержақтар секілді құлақпастағы шайды кішкентай шыны табақшаға құйып, суытып ішеді 
екен,— Кім екенімді сезіп отырғандарың рас болса, кісі басы бес сомнан ақша тӛлеңдер 
жамбас ақыға. 
Аманжан ысқырып жіберді:— Мәссаған безгелдек. Құдайы қонақтан жамбас ақы алған 
жаман ырымды қай қазақтан кӛріп едіңіз......Бес сом... пм... 
Шал:— Мен қазақ емеспін деп қазақша айттым ғой, ұғар кісіге. Так, что гоните по пять 
рублей,— деп орысшаға басты. Мүдірмей таза сӛйлейді екен. Енді әңгімеге Нұржан 
араласа бастады: 
— Қазақ болмасаңыз да, әйтеуір, адамсыз ғой. Шӛп әкелуге кетіп бара жатқан біздерде 
соқыр тиын болушы ма еді. Қинамаңыз, ақсақал, тұрған бойымыз осы. Елге иек сүйеп 
үйренгендік ғой, 
әйтпесе азық-ақшасыз сапарға шығар ма жолаушы.— Ұққан адамға Нұржанның байыпты 
сӛзі, майда қоңыр үні әдемі-ақ естіліп еді. 
Аманжан:— Қуаласаңыз құмалақ түспейді біздерден. Ӛйткені біз таң атқалы ашпыз. 
— Ендеше, аяғыңдағы пимаңды шешіп бер. Жаңа екен,— деді шал Нұржанның аяғына 
қысық кӛзін сығырайта қадап. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ана екеуі тіпті таң қалды. Бақытжан ағаш бӛренеге басын сүйеп, қорылға басып еді. 
— Мәссаған безгелдек,— деп Аманжан тағы да ысқырып қалды.— Ақсақ иттің кӛңілі ар 
жақта.— Бұл сӛзі артық екеніне артынан ӛкіңді. 
— Подонок!— деп айғайлады шал. Кӛзі шатынап, қолы-басы дірілдеп кетті.— Тілің тым-
тым ұзын екен, жартысынан айрылып қалып жүрме.— Енді Аманжан одан ары шыдас 
бермеген. Ӛзі де қаны қайнап әрең жатыр еді, арс етіп атып тұрды. 
— Мен саған пәдӛнекті кӛрсетейін, қақбас!— Ӛзіне арыстандай атылған еңгезердей 
жігітті шал тұрған орнынан қозғалмай тосып алды да, жұмсала берген дәу жұмырықтан 
сап етіп ұстап бұрап қалды. Оң қолымен Аманжанның шықшытынан әдейілеп ұрды. Ауыр 
соққы оңдырмай тигенде шалқалап барып, ұйқтап жатқан Бақытжаннын үстіне былш етіп 
құлады-ай... Бақытжан шошып оянды:— Бұл не шу, әкри. Түу-түу ұйқтатпадыңдар ғой.— 
Нұржан да сасқалақтай орнынан тұра беріп еді, шал шапшаң ұмтылып барып, қос ауызды 
мылтықты алып ӛңешін үңірейте опыр-топыр болған жігіттерге кезеніп тұра қалды. 
— А пука, не двигайтесь с места! Шүріппені басып қалсам, шүрегейдей тыпырлап жан 
тапсырасыңдар.— Нұржанға алая қарап бұйырды.— Шеш аяғыңдағы пиманы! 
Алдынан адам емес, аю тұрса да сескенбейтін Аманжан: „Әкеңді, осы шалдың қолынан 
ӛлсем арманым жоқ",— деп тепсіне тұра ұмтылып еді, оны Нұржан иығынан басып 
тоқтатып тастады. Ал ішіндегі су жүрек Бақытжанда ес жоқ, кӛзі бақырайып, берілдім, 
жаздым-жаңылдым дегендей, екі қолын бірдей кӛтеріп безектейді. 
— Ата..., тонет... ақсақал, менің пимамды да қоса алыңыз, алыңыз да шыбын жанымды 
қалдырыңыз.— Жыламсырап аяғындағы табандаған пимасын шеше бастап еді, шал 
қыржың етіп: 
— Сенікі... тоңған сиырдың сирағына кигізуге де жарамас,— деді. 
Нұржан:—Ақылға келсек қайтеді, ақсақал?.. 
Шал:— Маған ақыл керегі жоқ, ақ қар, кӛк мұзда киетін су жаңа пима керек. 
Нұржан:— Ӛзіңіз ойлаңызшы,– деді абыржып,— мына түкірік жерге қатып түсетін сар 
аязда жалаң аяқ трактор айдау мүмкін бе? Бұл дегеніңіз бұрын-соңды болмаған жазаның 
ауыр түрі ғой. Бүйтіп қинағанша атып ӛлтіре салыңыз. Ал сіз қызығып отырған пима тіпті 
де менікі емес. | 
Шал:— Бір үлкен бастықтікі екенін ӛзім де біліп отырмын. Сеңдер секілді сумұрындарға 
мұндай байлық қайдан келсін. Жалаң аяқ қалам деп қиналма, ескілеуін тауып беремін.— 
Мылтығын оқтаған күйі жанасалап барып, даңғарадай ағаш кебежені ақтарыстырып, 
кӛнетоз, бір ақ, бір қара пима тауып алды. Содан соң;— Мә, аяғың осыдан да 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жаурамайды,— деп лақтырды. Нұржан пимасын амалсыз шешіп, ол да шалға лақтырды. 
Екі жақты айырбас мұнымен де тынған жоқ еді. 
— Еңді алмаған неңіз қалды, а-а-қ-сақ-ал,— деп әдейі ежіктеп қиқарланған Аманжанға 
шал:— Сенің сағатың,— деді қысық кӛзін күлімсіретіп. 
Аманжан бұл сӛзді естігенде жынданған адамдай қарқ етіп күлді. Күлді де:— Мә, мә, 
мынаны аласың,— деп екі бармағын бірдей шығарды. Шал, қолындағы мылтықты сарт-
сұрт оқтаған болды да, қамаудағы арыстандай алпарысқан Аманжанның тура маңдайынан 
кӛздеді. Бақытжанда жан қалмады, зар еңіреп шырылдап, қасарыса қасқайып, алдындағы 
аузы үңірейген мылтықтан қаймықиай жүрелеп отырған жолдасының аяғына бас ұрды. 
— Бер, бере сал, ойбай бастан құлақ садақа. Үйге барған соң ӛз сағатымды берейін саған... 
Аманжанның қолынан шӛпілдетіп сүйіп жүр. Мынау үйрек ататындай қос ауызды 
кӛздеген шалмен дәл қазір шатақтасудың бекершілік екенін Нұржан да ұқты. Ыңғайы 
келіп жатса артынан кӛрер, бірақ осы сәтте шегіне тұруы керек:— Бере сал,— деді ол да 
досынан ӛтініп.— Бере сал. 
— Ӛй, ӛңшең ғана қоян жүрек қорқақтар!— деп, тісін шақыр-шұқыр от шығара қайрады 
да, білегіндегі сағатын шешіп шалға шырқатты. Анау ет қақшыған тӛбеттей қағып алып 
еді.— Итке де темірдің керегі болғаны да... Трактордың суын ағызбайық деп айттым 
бағана. Енді, міне, жалмауыз шалдың тұтқыны болып, аждаһаның алдындағы кӛжектей 
жаутаңдап отырғанымыз. Бұл дегенің нағыз қоңқайшылдық. 
Шал елең етіп қалды. Аманжанға тесіле қараған күйі қолындағы шошайтқан мылтығын 
сусытып тӛмен түсірді. 
— Шырағым, „қоң-қай" деген сӛзді кім айтты саған?— деді аса бір таңданыспен. 
— Шешем айтып отыратын. Ертеректе бір Қоңқай атты оңбаған адам ӛмір сүріп еді деп... 
— Шешеңнің аты кім еді? 
— Онда шаруаң болмасын. 
— Қызық,— деді шал басын шайқап.— Ӛте ғажап нәрсе... Дегенмен мен үйге 
кіргізбегенімде баяғыда қиларыңмен қатып қалар едіңдер. 
— Тамақ ішпеген адамда құмалақ болушы ма еді,— деді Аманжан. Қарулы да салалы 
саусақтарымен бет-аузын ысқылап тағат 
таппады. Шалдың ӛңгере ұстаған мылтығы болмаса, әлдеқашан итше жұлқыласа кетер 
еді. Амал жоқ... Нұржан әрі-сәрі ойда.. Бағанағы бір сыбыр тағы да естілгендей болды... 
Ыстық күнде жаураған,Мынау қарлы ӛлкеде, Ӛлігі кімнің қалмаған... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Ата, сіз кімсіз?!— деді саңқ етіп. Даусы ӛзгені қойып ӛзіне де жат естілді. Екі жақты 
шиеленіс ептеп саябырсыған соң, Бақытжан қалғи бергені сол еді, дәл құлағының түбінен 
естілген зор үннен шошып оянды. Шал үндеген жоқ. 
— Сен кімсің?!— деп әлгі оқыс сұрақты Аманжан да қайталады. Әңгіменің мәніне енді 
ғана түсінген Бақытжан:— Ол кісі икс,— деді есінеп. Шал мылтықты шегеге қайта ілді де, 
орнынан тұрды. Қызуы қайта бастаған темір пешке бір-екі жаңқа отын тастады. 
— Кӛріп отыр емессіңдер ме,— деді от үрлеп жүрелеген қалпы.— Екі қол, екі аяғым бар, 
кӛзім жақсы кӛреді, құлағым қақасыз естиді, бәлкім, кісіге ұқсайтын шығармын. 
— Тек жүрегі ғана жоқ...— деді Аманжан. 
— Жүрек дегеніңіз, қол басындай ет пе, шырағым. 
— Бірақ, ата, сол қол басындай етке бүкіл жер шары сыйып тұрған жоқ па.— Нұржанның 
бұл сӛзі шалға әсер етті білем, ойнағандай кӛз қиығын тастап біраз үнсіз отырды да: 
— Адал екенсің, жігітім,— деді.— Мынау екеуінен де сен кӛбірек азап шегерсің. 
— Сіз нешедесіз, ата?— деді Нұржан екеу арадағы суықтық аздап сынғандай болған соң. 
— Жетпістің желкесіне міндік. 
Аманжан ысқырып жіберді. Бақытжан:— Ол да ғажап емес, әкри,— деп есіней керілді.— 
Қазір еркек босанып, есек есеп шығарыпты десе де таңдануға болмас. 
Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті. Сол баяғы қалпы — кӛйлек-дамбалшаң, 
аяғына ештеңе кимеді. Осы бір сақалы ӛңірін жапқан қапсағай шал үшін мынау 
табиғаттың қысы, жазы — тіпті тӛрт мезгілі бірдей секілді еді. Осы жасына дейін қыңқ 
деп ауырмаған, тоңып-жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам 
еді. Елмен аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. 
Сонау аппақ кеңістікке барар жол мен ызың-шу, қым-қуытты ӛмірдің екі ортасында 
шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасыр, осы жаман үйінде жападан-жалғыз тіршілік 
құруда. Қыста аң аулайды, жазда омарта ұстайды. Бір қызығы, осына жетім шал ұстаған 
аңның терісін аудан, тіпті облыс басшыларының үстінен, ал жесең дәмі аузыңнан 
кетпейтін балын әрқайсысының үйінен кӛруге болар еді. Шыр етіп жерге түскеннен 
бастап қоғам үшін, ӛзге біреулер үшін шырпы басын сыңдырып кӛрмеген Қоңқайда еңбек 
кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге ӛтініш жазып жұмысқа тұрған емес; 
ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді жиын-тойда болған емес.
Осы елдің тойын қойып, топырақты ӛліміне қатыспаған каңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір 
нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада — ӛзімен-ӛзі, оқшау ӛмір сүріп жетпістен 
асып барады. Колхоздастыру, ұлы Отан соғысы, тағы басқа саяси науқаңдар, жалпақ елдің 


Taraz.aiman@mail.ru. 
басына тӛнген қауіп, ұлы мерекелер, сүйіншілі қуаныштар Қоңқай үшін бес тиындық 
құны жоқ — әншейін еріккеннің ермегі-сынды дүниелер еді. Ес білгеннен бері шындап 
жылап, не рақаттана күліп кӛрмеген; мынау ӛмірде бар-жоғы белгісіз құрып бітуге 
айналған, сирек кездесетін аң секілді тіршілік кешкен біреу еді... Ал ол үшін де былайғы 
адамзаттың бар-жоғы қажетсіз, ӛз қара басының амандығын тілеген қызық кӛзқарастағы 
кісі. Біз кӛп айта берер гуманизм, рухани байлық, адамдардың ӛзара қарым-қатынасы, 
„Біріміз — бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін‖ деген ұран, қоғамнан, ортадан тысқары 
ӛмір сүре алмау ұғымы бәр-бәрін тәрк етіп, ӛз жанын да сақтап, аштан ӛліп, кӛштен 
қалмай келе жатқан жұмбақты адам еді. Ең қызығы, осы Қоңқай, ешқашан да үлкен ӛмірге 
барып, адамдарды кісінеп іздемейтін, қайта сол адамдар Қоңқайдың ұрлық ӛмірін 
қызғанғандай ӛздері қуып келіп, тыныштығын бұзар еді... Енді міне, сойталдай-сойталдай 
үш жігіт қарап жүрмей, торға келіп түскені. Демек, Қоңқай оларсыз ӛмір сүре алады екен, 
ал олар... Қоңқайсыз ӛмір сүре алмайды екен... 
Шал әлі оралған жоқ. Үш жігіт ол шығып кеткен соң сілейіп үнсіз отырып қалып еді. 
Әсіресе тап қалғандары, шалдың, сақтық кӛрсетіп мылтығын ала кетпеуі... әне қанатта 
ілулі тұр. 
— Бізге тамақ бермей ме екен, әкри,— деді тағы да аз-кем тыныштыққа масайып, 
маужырай бастаған Бақытжан. 
— Атаңның басы,— деді Аманжан. Содан соң тұлан тұтып, Бақытжанның талтайып созып 
жіберген аяғын теуіп қалды.— Ары тартшы шуаш сасытпай. Тышқан ініне кіре алмай 
жүріп, құйрығына... 
— Ар жағы түсінікті,— деді Бақытжан оның сӛзін бӛліп.— Тазы ашуын тырнадан алады. 
Жетпістегі жетім шалдан жеген жұдырықтың қарымтасын менен қайтарайын деп пе едің, 
әкри. 
— Ырылдаса бермеңдер,— деді Нұржан.— Не істейміз, соны ойласаңдаршы. 
— Артты қысқаннан артық айла жоқ.— Бақытжан не айтса да жыны қозып отыратын 
Аманжан тағы да сақылдай бастады. 
— Оу, ӛңкей ғана су жүрек қолабалар-ай. Сендермен сергелдеңге түсірген қай құдай 
екен:.. Алжып ӛлейін деп отырған шалға үш жігіттің шамасы келмеу деген не сұмдық. 
Бақытжан:— Осы күнгі әр шалдың қуаты жүз аттың. күшіне тең. Үңдемей отырып-ақ 
үніңді ӛшіре қояды... Баяғыда бір соғыстың түтінін иіскеп келдік деп, жер жебір, жекен 
суыңа жетеді, әкри... 
— Олай болса олардан құтылу абзал. Бәрібір жол бермейді екен, тартып алу керек.— 
Орнынан атып тұрып, ілулі тұрған мылтыққа ұмтылды. Бақытжан баж ете қалды:— 
Сотталамыз, ойбай. Осы күні адам түгіл, аю атсаң да штраф салады. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Аманжан:— Бұл жерде сот жоқ. Сүйегін қарға кӛміп тастаймыз. 
Нұржан:— Сот — қайда да сот. Сеніңше, заң қыста аю секілді ұйқтап қала ма? 
Бақытжан:— Соны айтамын-ау. Қайдағы бір қайыршы — шал үшін кӛзіміз кӛгеріп 
түрмеде отырсақ... Құрысын, жатқан жыланның қүйрығын баспайық. 
Аманжан:— Ал бұл қоғам үшін ӛлі ет секілді, керексіз адам. Қолқасын суырып қолына 
берсек, ӛкімет бізге сыйлық беруі керек. Бірақ... ӛзін бір жерден... кӛрген секілдімін... 
Мылтықты кӛлденең ұстаған күйі ойланып тұрып қалып еді. 
Нұржан:— Пиғылы жаттың бәрін ата берсек адамдарды азайтып алармыз... 
— Құдайдың құдір-е-е-теее,— деп Бақытжан айғай салды.— Не деген ұқсастық. Бағанағы 
қорқынышты, ӛздерінің ӛлім мен ӛмірдің екі ортасында отырғаны, осы үйден, тіпті мынау 
атаңа нәлет ішкері жақтан тірі қайта ма, жоқ па — осының бәрін бір сәтке ұмытып 
баяғыша — ауылдағыша еліре жӛнеген Бақытжан талайға дейін таңдайын қағып тамсанып 
отырып алды. Екі жігіт аң-таң.— Ей, Нұржан, құйт сен, құйт сенбе, мен бір ұлы жаңалық 
аштым,— деп мәз болып, алақанын шапаттады.— Анау Аманжанға дұрыстап қарашы 
ӛзің... иегіне сақал жапсыр да, кӛз алдыңа шалды елестет... Айнымаған атамыз... 
Нұржан:— Қайдағы атамыз? 
Бақытжан:— Қоңқай атамызды айтамын. Керемет ұқсастық емес пе... 
Нұржан:— Расында да.— Таң қала күліп жіберді. Тізесіне кӛлденең тастаған мылтықтың 
стволын сипап отырған Аманжан анықтап қараған адамға, шынында да, Қоңқай шалға 
қатты ұқсайтын еді. 
Бақытжан:— ...Жас кезінде осындай-ақ болған шығар...— Басын шайқап, таңырқағанын 
қоймаған соң Аманжан бұлқан-талқан ашуланды. Алғашында қалжыңдайтын шығар деп 
ӛзі де ыржалаңдай бастап еді, ана екеуі шындап жатқан соң:— Оттапсыңдар!— деп 
ақырып қолындағы Қоңқайдың мылтығын енді екеуіне кезеді.— Егер ондай ұсақ-түйек 
ұқсастықтың бәрін жіпке тізе берсек, онда сен... онда сен... (айтсам ба, айтпасам ба 
дегендей тұтығып қалды). 
— Немене... „онда сен"— деп шаңқ етті Бақытжан. Оның не айтқалы отырғанын ӛзі де 
іштей сезіп, осына бала жасынан бері 
итше сүмеңдеп соңынан қалмай еріп келе жатқан қаңқу сӛзді тағы да естірін біліп, іштей 
дайындала бастап еді... 
— Онда сен... Упрайға ұқсайсың! Яғни бӛлімше басқарушысының аузынан түсе 
қалғандайсың!— деп тісін егеді. Бақытжанның кӛзінен жас ыршып кетіп еді. Осы ӛмірінің 
жазылмас жарасы секілді індет-сӛзді басқа-басқа, дәл Аманжанның аузынан естимін деп 


Taraz.aiman@mail.ru. 
ойлады ма. Жоқ, ешқашанда... Үш ұйқтаса түсіне кірмеген. Тамам бала... „шата-шата", 
„бастықтың баласы"— деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда осы екі досы 
— Нұржан мен Аманжан ара түспеуші ме еді... Иә, сӛйтетін... Құдай-ау, тіпті айтқысы 
келіп, тілі қышығанның ӛзінде мынау қиын-қыстау сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, 
аузын буа тұруы керек еді ғой. 
— Тапқан екенсің мені таптырған адамды!— деп соншалық бір кӛз ілеспес 
шапшаңдықпен Аманжанға тұра ұмтылды. Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан, 
аяғынан қағып шалып жықты да, жібермей ұстап қалды. Ал ашуға булыққан Аманжанның 
шүріппені басып қалуы әбден мүмкін еді... 
— Жетет!— деп жекіді Нұржан.— Ауылдан аттанарда, моншаның ішінде отырып берген 
ант қайда. „Ӛлсек те бір-бірімізді тастамайық",— деп қол алыстық. Енді міне... балапан 
қораздай қоқиланып шыға келеміз... Ӛттерің жарылып кетсе де айтайын, үшеуімізде де 
шикілік бар. Бұл шикілік соғыс жылы, соғыстан кейін туғандардың бірсыпырасында бар. 
Шал әлі жоқ. Әлде сыртта бітпей қалған шаруасы болды ма, әлде қайтер екен деп, 
жігіттерді сынағаны ма, кӛпке дейін үйге кірмей далада жүріп алды. Май шамның білтесі 
жана-жана, еріп кӛлкілдеп тұрған майға жетіп, лапылдай бастаған. Әлгі сӛзден кейін 
үшеуі де қабақтарын түйе ойланып, үнсіз отырып қалып еді. Май шамның лапылдай 
бастағанын кӛрген Нұржан орнынан тұрып барды да, майға малтып шуатылған шүберек 
білтені суырып, шыны тарелканың шетіне шығарып қойды. Содан соң ӛзі орнына қайта 
отыра беріп: 
— Айтыңдаршы,— деді ана екеуіне кезек қарап,— Айтыңдаршы, әкеміз соғысқа қай 
жылы кетті? 
Екеуі бірдей жарыса:— 1942 жылдың күзінде — деді. 
Нұржан:— Ӛте жақсы. Ал қара қағаз қашан келді? 
Екеуі бірдей жарыса:— 1943 жылдың қысында... Сталинград түбінде ерлікпен қаза 
тауыпты. 
Нұржан:— Ӛте жақсы. Ал енді біздер дүниеге қашан келдік?— Аманжан шалдың нарын 
сықырлата қозғап, маңдайын уқалады. Бақытжан ӛп-ӛтірік жӛтелді. Бәлкім ұялғандығы 
болар. Неменеге ұялады екен?.. 
Нұржан:— Ә-ә, үндемейсіңдер ме? Олай болса ащы шындықты мен айтайын сендерге... 
Анау екеуі бірдей селк етіп, салбыраңқырап кеткен басын кегжең еткізіп кӛтеріп алды. 
Нұржан:— мың да тоғыз жүз қырық алтыншы жылдың күзінде... келіппіз осынау б-а-қы-т-
ты ӛмірге... Түн жамылып отырмыз ғой, ағымыздан жарылайықшы, жігіттер, сонда біз 
әкелеріміз соғыста аттанған соңғы үш-тӛрт жылда қайда жүрдік? 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Сендерді білмеймін,— деді Бақытжан желкесін қасып,— ӛзім әкемді майданға алып 
кеткенде іште қалыппын... Шешем солай деген... 
Аманжан қарқ етіп күліп жіберді. 
— Ляуқи неме, тӛрт жыл бойы шешеңнің ішінде жатқан екенсің ғой ха... ха... 
Нұржан:— Ал енді осыған, осы трагедияға айыптымыз ба? Жоқ болмаса, қандай да бір 
жолмен бізді жарық дүниеге әкелген анамызды кінәлар ма едік.— Ӛңі сұп-сұр болып, 
дірілдеп кетті. Достары аға трактористің ашуланғанын тұңғыш рет кӛруі еді, таңырқай 
қарады.— Жоқ, жарқыным, соғыс кезінде немесе соғыстан соң туғандар бір-біріне ұқсап 
жатса оған балалар әсте де кінәлы емес. Ендеше, оған ешбір қорланудың да, ұялудың да 
қажеті жоқ. Конечно в этом мире нам трудно будет жить, но за то мы получили жизнь. Мы 
— дети войны. Мы — законное дитя эпохи. 
— Ұрлықтан тапқан ұрпақтармыз,— деді Аманжан күрсініп. Осы кезде алдыңғы сеңкенің 
арғы есігі тықырлады. Сол тықырды естіген үш жігіт елеңдесіп қалды. Ӛз үйінде емес, 
дүние жүзіндегі қатыгез әрі мықты шалдың лашығында түнеп отырғандарын енді ғана 
түсінгендей сасқалақтап бір-біріне қараған. Аманжан жалма-жан мылтыққа жармасты. 
Есік ашылды да бір құшақ отыны бар шал кірді. Қақ тӛрде ӛзіне қарап мылтық кезенген 
Аманжанды кӛрмегендей, құшағындағы қар-қар жаңқаларды пештің қанат іргесіне тастай 
берді. Содан соң асықпай, саспай темір пештің қақпағын ашып, қып-қызыл шоғы жайнап 
жатқан оттың кӛмейін кӛсеп, отын салды. Оның әр қалт еткен қимылын аңдып тұрған 
Аманжан шалдың осыншалық саспастығына жыны келді білем, затворды сарт-сұрт 
еткізіп, атуға дайындалды. Шал сонда да сасқан жоқ. Ал орындықта зәре-құты қалмай 
бақырайып отырған екі жігіт демдерін ішіне алып қатқан да қалған. 
— Оғы жоқ мылтықты оқтанып қайтесің,– деді орнынан тұрып, ыдыс-аяқ жаққа беттеген 
Қоңқай.— Егер мені шын атып ӛлтіргің келсе, анау бас жағыңдағы дайын патронды ал да, 
оқта.— Әй, сенен ондай ерлік шықпас,— деді содан соң.— Мені кӛздеп тұрып, анау ӛз 
жолдастарыңа тигізіп аласың ба деп қорқамын. 
— Сен секілді аң атып үйренбесем де, адам атып кӛрейін.— Шегеде ілулі тұрған белбеуді 
шапшаң жұлып алып, қаз-қатар тізілген патронның бірін оқтады да, шалды қайта кӛздеді. 
Қоңқай бәрібір елең ғұрлы кӛрмеді. 
— Қой, Аманхан!— деді Нұржан. 
— Былшылдамай тыныш отырыңдар,— деді кӛзі қанталаған Аманжан.— Дыбыр етсеңдер, 
сендерді де сұлатып саламын. 
— Ең алдымен қоян атып үйренсең еді, ұлым.— Қоңқай мысқылдап күлді. Сасар емес. 
— Ерегестірмеңізші, ата, ашумен атып жіберер, мінезі шатақ еді.— Бақытжанның даусы 
жалынышты әрі қорқынышты шықты. Қоңқай қыңбады. Шуатылған ұзын ақкӛйлегінің 


Taraz.aiman@mail.ru. 
етегін кӛтерді де, дамбалының ышқырынан қыстырған трубкасын алды. Ышқырын тағы 
да сипалап жүріп, махорка салған дорбасын тауып, трубкаға толтырып нығай бастады. 
„Не деген нерв,— деп ойлады Нұржан.— Темірден жаратылған шығар". 
— Ойлан, Аманжан, ойлан,— деді тістеніп, не істерін білмей отырған Нұржан.— Адам 
ату оңай емес. 
— Азамат соғысында, Отан соғысында бір-бірін қалай атты адамдар. Сол үшін батыр 
болды, омыраулары орден-медальға толды. Немене ондай ерлік біздің қолдан келмей 
ме?!— Долданып, аузынан ақ кӛбік атып тұр. 
— Олар жау еді ғой,— деді Нұржан. 
— Мына шал жау емес деп кім айтты. Фашистерден әлдеқайда қауіпті. Ал иманыңды оқы, 
қақпасым. 
Бес-ақ қадам жерде трубкасын пештен алған шалмен тұтатып міз бақпай тұрған Қоңқайды 
бейне жүз метрде тұрғандай тым ұзақ кӛздеді. Рас, атып-ақ салғысы келді. Амал не, 
кӛздеген сайын кӛзі қарауытыл, шүріппеге тиген саусақтан жан кеткендей. Ӛне бойы ӛз-
ӛзінен қалтырап, буыны босай берді. Қоңқай қысық кӛзін бағжаң еткізіп, алая қарағанда, 
Аманжанның қолындағы қос ауыз мылтық салдыр-гүлдір етіп жерге түсіп-ақ кетіп еді. 
Шала басылып тұрған шүріппе салмақпен түскенде ӛзінен-ӛзі тарс етіп атылып, қоянның 
құмалағындай оқ шалды жанай ӛтіп есікке тиген. Ағаш есік шалқасынан ашылғанда. аядай 
үйге саулап суық кіре бастаған. Шал оқ тиіп ашылып кеткен есікті қайта жауып, тиегін 
салды. 
— Осы қақбасты бір жерден кӛрген секілдімін. Қайдан? Жүзі ӛте таныс.— Аманжан 
шӛкелеп отыра кетті де, ӛз тізесін ӛз ұрғылады.— Неге ата алмадым, құдай-ау, неге? 
Әлгінде мылтық саңқ еткенде Нұржан жанарын жаба қойып еді, кӛзін қайта ашқанда шал 
тірі, ағаш кебеженің үстінде трубкасын сорып жайбарақат отыр. Бақытжан бүк түсіп 
солқылдап жылап жатыр: „Тәңірім-ау, кӛрсетпегенің кӛп екен ғой. Енді қайттік?" Сәл 
тыныштық орнады. Тыныштық орнату үшін бейне бір мылтық атылуы керек секілді... 
жарасымды, жуас тыныштық. Нұржан:— Сіз кімсіз, ата?! Шал:— Мен — Қоңқаймын. 
Нұржан:— Аты аңызға айналған қатыгез Қоңқай бұдан елу жыл бұрын жер жастанған еді 
ғой. 
Шал:— Ол үлкен — Қоңқай, ал мен — кіші Қоңқаймын. Біздің ұрпақ ешқашан да 
құрымақ емес... 
Нұржан:— Үлкенінен тұқым қалған жоқ. Ӛмір бақи жалғыз ӛтіп, кӛмусіз қалды деп 
естігенмін... 
Шал:— Қоңқайлар ұлын жасырын ӛсіреді. Ӛйткені ұлы жорықшылар мен атақты 


Taraz.aiman@mail.ru. 
байлардан қалған ендігі тұяқ біздерміз. 
Нұржан:— Ал, сіз ше, сіз жалғызсыз ғой... 
Шал:— Мен де ұрпақсыз емеспін. Оны уақыт кӛрсетер. Иә, солай шырағым, текті тұқым 
тентіреп жүрсе де, ӛз тегін айналып табады. Мынау ағаш лашықтың оты сӛнбейді 
ешқашан. Анау Айыртаудың қос ӛркешін — Ата қоңқай, Бала Қоңқай деп мен емес, ел 
атайды.— Трубканы сорған қалпы орнынан тұрып, ағаш нардың ірге жағына қол жүгіртті. 
Транзистор алып шығып әрі-бері бұрап, әр түрлі тілде сӛйлеген түрлі толқындарды ұстай 
бастады. 
— Ақсақал,— деді Нұржан шалдың бала секілді қолындары транзистормен шұқыланып 
отырған сықпытына қайран қала қарап.— Ақсақал, дүниенің тӛрт бұрышында не болып 
жатқанын біле, сезе отырып, осыншалық саяқ, оңаша тірлік кешуіңізге не жорық? 
— Ӛйткені мен адамдар жиналған тобырды иттің етінен ары жек кӛрем,— деді Қоңқай. 
Ӛлдім дегенде бір әуен ұстады-ау. Тағы да Алла Пугачеваның әндерінің бірі екен. Қоңыр 
мұң, албасты ашу, ӛкпе-наз, ӛжеттік — бәрі-бәрі астаса келе, адам бойындағы рухани 
ауруды айдан шығарар қуатты да нәзік тағы ән, мәдениетті дауысты үй ішіндегі үш жігіт, 
бір шал ден қоя тыңдап, жалқы сәт тым-тырыс отырып қалып еді. Сонау ат тұяғы әрең 
жетер ішкері жақтағы адасқан қаздай жападан-жалғыз ұрлық ӛмір кешкен Қоңқайдың 
қыстағында Алланың әні тіпті құлпырып, сай-сүйегіңді сырқырата шырқалады екен. 
Шалдың да сүйсіне тыңдайтын жалғыз әншісі, осы „ән салғыш әйел" секілді. Әннің аяғы 
дарақыланған күлкімен аяқталды. Осынысымен құдіретті еді.— Мықты қатын,— деді шал 
күрсініп. Содан соң ӛзі-ӛзінен шаңқ етіп.— Жоқ! Ұлы Қоңқай жаққан от ешқашанда 
сӛнбек емес!— деді жанары ұшқындап. Пышақпен тіле салғандай жалғыз сызықтанған 
қысық кӛздің осыншама аясы кеңіп үлкейгеніне жігіттер аң-таң аңырайып қарап қалған.— 
Ол — жалқы да болса жақсылар жаққан от. Егер шын білгілерің келсе айтайын: Қоңқай 
орталарыңда, Қоңқай жер шарының түкпір-түкпірінде, Қоңқай... әркімнің қарақан 
басында, лүпілдеп соққан жүрегінде, ӛз шыққан тауым биік болсын дер тілегінде. Тек 
қана бір-бірінен жасқана жасырады.— Қолы қалтылдап орнынан тұрып кетті. Осы 
қалпында жындана бастаған деп ойлауға әбден болар еді. Бірақ ол сап-сау, сырғауылдай 
ұзын қарулы саусақтарымен үш жігітті кезек нұсқап саңқылдап тұр.— Қоңқай дегеніміз 
сен,— деді Нұржанға. Мына сен,— деді Аманжанға.— Мына сен,— деді кӛзі іліне беріп 
шалдың айғайынан оянған Бақытжанға.— Ауыздарыңнан ана сүті кетпей жатып 
үлкендермен алысасыңдар. Елу жыл бойы осы Айыртауда — арыстандай айбат шегіп, 
ошағымның отын сӛндірмей отырмын. Ешкім де қолымнан қағып, бетімнен алып кӛрген 
жоқ... Мені бүкіл аудан, қала берді, облыс басшылары біледі. Ал сендер білімсіздік 
таныттыңдар...— Нұржан шалдың сӛзін бӛлді. 
— Ақсақал, кешіріңіз, бірақ сіздің ошақтан жалғыз-ақ түтін ұшпай ма?.. 
Қоңқай:— Жалғыз түтін де — түтін. Мені, әйтеуір, бір күні бір Қоңқай ӛзі іздеп келіп 
табады. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Бірақ ол қандай түтін,— деп күрсінді Нұржан.—Если бы от горя дым шел, как от огня, 
мраком был бы мир оплошным — не было бы дня. 
— Баяғыда,— деді Бақытжан ӛзінің әлі де тірі екенін дәлелдегісі келгендей есінеп.— 
Біздің ауылда бір шал: „Қазаққа ассалаумағалейкум деп амандассаң бір самаурын шайым 
кетеді",— деп ешкімнің сәлемін алып, есендеспейтін... Жарықтық ӛлгенде үш-ақ адам 
топырақ салды. 
Шал кебеженің қақпағын аңырайта ашып, ішінен құңдыздың, бұлғынның, суырдың, 
тиынның, қасқыр мен аюдың терісін сілкіп-сілкіп шығара бастады. Осыншалық байлықты 
бұрынды-соңды кӛрмеген жігітгер кебеже ақтарып отырған Қоңқайдың қасына қалай 
барып қалғаңдарын ӛздері де сезбеп еді. Елдің алды болып, еңбектеп келген Бақытжан:— 
Міне байлық,— деді басын шайқап. Аманжан ысқырып жіберді. 
— Міне осылар барда,— деді шал қолыңдағы бұлғынның түгі жылт-жылт еткен терісін 
сипап,— Кӛктен құдай, жерден шұнай алмайды. Білгілерің келсе аудан, облыстардағы 
мұқым қаратаяқтың басындағы бӛрік, әйелдерінің жағасы — мен атқан аңның терісі. Ал 
тері-терсектің барған сайын алтынға айналып бара жатқаны белгілі. 
— Түсінік-те-е-ее,— деді Аманжан ысқырып.— Пара деші, п-а-а-ра! 
— Иә, пара, шырағым.— Шал терілерді орнына қайта жайғастыра бастады.— Бергенді, 
алғанды кім жек кӛрсін. Егер осы үшеуіңді ӛлтіріп тастасам да, осы терілердің күшімен 
сотталмай құтылып кетеріме кәміл сенемін. 
Бақытжан:— Ты — мне, я — тебе дейсіз ғой. 
Шал:— XIX ғасырдың орта кезінде Кӛкшетау дуанының аға сұлтаны болған Зілқараның 
Әлібек есімді баласы қылмысты болып, абақтыға түссе, атасы Тұрлыбек Петерборға 
барады да, „ақ патшаға" жолығып, сұлулығы сүліктей меңсіз қара қырық сәйгүлікті параға 
ӛткізіп, інісін итжеккенге айдатудан аман алып қалған екен... 
Нұржан:— Кісі ӛлтірген адамды пара алып, айыбын кешірген патшаның ӛзі соучастник 
болып қалды ғой қылмыстыға. 
Шал:— Ондай соучастниктерді есептей берсек, есеп-шоттың тасы жетпейді, шырағым. 
Бақытжан:— Сонда қалай, бізден алғаныңыз да пара ма? 
Шал:— Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. Оны пұлды ӛкіметтің қонақ үйіне 
де тӛлемейсіңдер ме... Егер осы Кіші Қоңқай асуында, жалғыз үй мен отырмасам, баяғыда 
үсіп ӛлмес пе едіңдер. Ӛрімталдай ӛмірлерің үшін берген пима мен сағатты бұлдасаңдар, 
мә, ӛздерің алыңдар. Қайтер екен деп, әдейі сынап едім, тым-тым дүниеқоңыз 
екенсіңдер.— Орнынан атып тұрды да, пима мен сағатты жігіттердің ӛзіне лақтырып 
жіберді. Содан соң „мені де сағынатын күн туар"— деп күбірлеп, нарға қисайды. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Қайтқан малға— береке,— деп, Аманжан сағатын құлағына тосып тыңдап кӛрді де, 
қолына тағып алды. Нұржан әрі-сәрі ойда еді. Шалдың мінез-құлқына түсінбей дал! 
— Ата,— деді жуас үнмен.— Егер шын қызықсаңыз, алыңыз пиманы. Мен сіздің ескіңізді 
киейін... Тек менікі емес еді деген сӛз ғой... алыңыз... 
— Рақмет,— деді шал тӛсегін қамдап.— Бұл үйде кӛрпе-жастық жоқ. Тӛр алдына жантая 
кетіңдер. Үй жылы ғой.— Бағанағыдай емес, даусы жұмсақ, қамқорлық байқалған соң 
жігіттер де мойындарынан мың батпан жүк түскендей жеңілейіп қалған. Май шам 
ӛлімсірей жанып тұр. Әсіресе Бақытжанның қабағы енді ғана ашылып еді. 
— Адамзаттың бүкіл тірлігіне қайранмын,— деді тӛр алдына еңбектеп жетіп. Жіңішке 
ағаш орындық белін әбден талдырып тастаса керек, бірден құлай жығылды да, екі қолын 
басына жастап, тӛбеге телмірген күйі әңгімесін жалғастырды.— Әлденеге асығады, әкри, 
басын қатырып әлденені іздеп келіп жүргені... Сонда деймін-ау, қайда асығамыз, қайда 
бара жатырмыз? Неменені тіміскілеп итше іздейміз? 
Нұржан:— Жұрттың бәрі сен секілді ұйқылы-ояу ӛтуі керек пе екен ӛмірден. 
Бақытжан:— Әй, қойшы, аяқ астынан абыз бола қалмай,— деп қолын бір-ақ сілтеді. Басын 
кӛтеріп, малдас құра отырды.— Бозамық дүние, ақ қар, кӛк мұздың бетімен бос, қаңсыған, 
итаяқ болып қалған ағаш шананы сүйреп тентірегенге мәз боламысың. Бос шана сүйрету 
үшін ешқандай ақылдың, философияның қажеті жоқ. 
Аманжан:—Мына маубастың тілі шығайын деді.— Ӛзі шолақ тонын жамылып 
Бақытжанның жанына жайғаса бастаған. 
Бақытжан:— Жоқ, енді, менің миым жетпеді делік... Ӛздерің айтыңдаршы,— деп 
қызыңды.— Қайда барамыз, осы? Ау, ағайын, қайда қаңғып барамыз, әкри? 
Нұржан:— Шӛп әкелуге... 
Бақытжан:— Ал әкелдік... тоист апардық аман-есен делік. Содан соң?.. 
Аманжан:— Содан соң тағы да шӛпке... Қысқасы, совхоз қайда жұмсаса — сонда... 
Бақытжан:— Ә, солай ма... Ӛзің де білмейсің қайда барарыңды, ӛзгелер біледі. Қалай 
айдаса — солай жосимыз. Қалай жетелесе — солай ереміз соқыр ботадайын... Адамнын 
басы — алланың добы деуші еді бұрынғылар, енді Упрайдың добы болдық. 
Аманжан:— Ей, ләуқи, сен осы үйде қалсаң, қайтеді, пікірлерің бір қазанда қайнай алады 
екен, ә.— Мысқылдағаны. Бірақ одан Бақытжан қыңған да жоқ. 
Бақытжан:— Сендердің қалғыларың келмей отырғаны. Әттең, қарындарынды шермитіп 


Taraz.aiman@mail.ru. 
бір тойғызса; сүйресе де шықпас едіңдер бұл үйден.— Ақсақал,— деді тӛсегіне тас 
бүркеніп жатып қалған шалды мазалап.— Айтыңызшы, біз осында мүлдем қалып, паштый 
балаңыз болсақ, қалай қарар едіңіз? 
Шал:— Алла сақтасын. Осыдан үш жыл бұрын қасқырдың үш бӛлтірігін асыраймын деп, 
жалғыз сиырымды жарып кеткен. 
Бақытжан:— Бӛлтірік жарып кетсе, біз жеп кетер едік. Ақсақал, айтыңызшы, жетпіс 
жасаған сіз, осыншалық мол қуат, тепсе темір үзер қайратты қайдан алдыңыз? 
— Шал:— Табиғаттан... 
Бақытжан:— Ал біз турникке асыламыз келіп, тыртыңдап жүгіреміз келіп, гимнастика 
жасаймыз. Ақыр аяғы міне тӛрінен кӛрі жуық сізден таяқ жейміз. 
Шал күлді. Күлді де айтты:— Марал корень, золотой корень, жень-шень, бұғының еті мен 
мүйізінің қаны, аюдың еті — таза ауа, бастығы жоқ ӛмір — міне осылар менің 
гимнастикаларым. 
— Ей, шал,— деп керілді Аманжан.— Сол кормыңнан бізді де кормиттасаң қайтеді. 
Сағатымды сыйлайын. 
Бақытжан білгішсінді:— Корым емес, ақымақ,— к-о-р-е-нь... қазақшасы тамыр. Ал сен 
жем жегің келеді. 
Аманжан:— Какая разница. Жейтін нәрсенің тӛркіні — бір. 
Бақытжан:— Ендеше, бүгіннен бастап шӛп же. 
Аманжан:— Совхоздың малына жетпейді, әйтпесе жер едім. 
— Адамдар мінезіне мен де қайранмын, шырақ.— Солардан, ұлардай шулаған адамдардан 
қанша жан ұшыра қашсаң, да, қыр соңына түсіп тауып алады. Тып-тыныш оңаша ӛмірінің 
айдынына тас лақтырады. Мен — ӛзіммін, басқа емеспін, ендеше, ӛзімше ӛмір сүріп, ӛз 
мекенімді, яғни ӛз мемлекетімді құрғым келеді. Мынау қараша үй — менің кішкентай 
ғана, қарлығаштың ұясындай мемлекетім, қара басымның жалғыз еркіндігі. Бұл — Кіші 
Қоңқай мемлекеті, түсіндіңдер ме!— Шал шаптыға айғайлап, басын қақшаң еткізіп 
кӛтеріп алды. Қысық кӛзінің шарасы үлкейіп, біреу қолқасын суыра бастағандай ақиып 
кеткен. Қорқынышты, аса қорқынышты түрі бұзылып, бақсылығы қозғандай сақылдады-
ай. Бірақ әр ойын, сӛзін шегелеп, зердеңе ұрғылап әкеліп қондырғандай түсінікті 
жеткізді.— Сол қарлығаштың ұясындай мекенімнің, қауіпсіздігін кӛзімнің қарашығындай 
күзетіп, суверенитетін сақтау үшін елу жыл алысқанмен — алыстым, атысқанмен — 
атыстым. Бұл — менің жанымның (кеудесін ұрды), рухымның, жүрегімнің, тіпті бүкіл 
бостандығымның Отаны. Ал сол титімдей мемлекет, от жаққан отанымның, шекара — 
табалдырығын бұзғаңдарға қасық қаным қалғанша аямаймын, майдандасамын. Ал 


Taraz.aiman@mail.ru. 
былшылдамай ұйқтаңдар. Таңертең Айыртаудан асатын тӛте жолды нұсқап жіберемін.— 
Тас бүркеніп жатып қалды. Жатып қалса да қол-аяғы дірілдеп, күбірлеп сӛйлейді: „Мені 
де сағынатын күн туар... Қоңқайлар ұрпағы ӛлмек емес, мәңгі жасайды. Ӛйткені 
Қоңқайлар адамзаттың ӛздері үшін керек..." 
Шал тақыр басын бӛстектің, шетінен қылтитты:–темір пешке оттық салып май шамды 
сӛндіріңдер,— деп бұйырды да, қайтадан жоқ болды. Бүркеніп, бір уыс болып ұйқтайтын 
кісі екен. 
Ана екеуі — Аманжан мен Бақытжан жатып қалды да, Нұржан далаға шықты. Үркер 
тӛбеден ауып кеткен екен. Аспан ашық. Түн суық. Ақ сүттенген ай аспаннан мӛлие қарап, 
жерге секіріп түскісі келетіндей. Алғашында „иш-ай" деп қалған Нұржан үйдің іргесінде 
қалқайып тұрған трактордың жанына барғысы келді де, қар омбылаудан қорынды. Жым-
жырт. Дүниенің барлығы үсіп ӛліп, жарықтық ай құран оқыған ақ сәлделі молда, ал сонау 
жұлдыздар жаназаға жиналған мұсылмандар іспетті еді. Ауылда басқаша болатын: сиыры 
мӛңіреп, әтеші шақырып, иті ұлып — ӛзінше ұлар-шу болып жататын. Ішсе де мас, ішпесе 
де Хамиттың жаман гармошкасын құлаштай тартып, ауылды басына кӛтере шырқар айғай 
әні — мынау жер бетінде адам атты — екі аяқты, жұмыр басты ақыл иесі барын еске 
салғандай, жанына жақын естілуші еді. Ал қаладағы ызың-шу, қым-қуыт ӛмір ӛз алдына... 
Мұнда ше? Мұнда — кісіні ес-ақылдан айырып, керең ғылып тастар тыныштық. Дүние 
жүзіндегі ең таза, ең тыныш жер — осы Айыртау сын-ды. Осындай құлақкесті 
тыныштықтан, елсіздіктен құсаланбай жалғыздан жалғыз жарты ғасыр, тіпті одан да кӛп 
уақыт ғұмыр кешкен Қоңқай шалдың ұрлық тірлігіне қайран қалуға болушы еді. 
Шекспирді, Толстой мен Хэмингуэйді білмей жетпіс жыл ӛмір сүру деген не сұмдық?.. 
Данышпандық деген ұғымның шартты екенін осы Қоңқай шал сайқымазақтау үшін жер 
басып жүрген секілді. Иә, адам баласы барған сайын, тӛрт құбыласы теңелген сайын ескі 
ӛмірді, баяғы арбамен қоян қуған заманын сағынар. Бәлкім, табиғатқа қайтадан жақындау 
дегеніміз осы шығар... Осы шығар... 
Есік ашылып, сыртқа қақырынып-түкірініп шал шықты. Нұржан далада кӛбірек айналып 
қалған соң, жасаған сақтығы болар. 
— Неғып айға қарап телміріп тұрсың?— деді. 
— Жәй, ӛзім, ақсақал. Ұйқтар алдында ӛстіп, таза ауа жұтып, бой сергітетінім бар». 
— Жӛн-жӛн, бар, ұйықта,— деді де үйге жапсарлас салынған қораның ішіне кіріп кетті. 
Нұржан әрі-бері тосып еді, шықпады. Әуестік жеңдеп, білдірмей есігінен сығалады, 
бәрібір ештеңе кӛре алмады. Қараңғыға кӛзі үйренгенде ғана барып, сонау тӛменнен — 
жер астынан жарық сәулеленгенін байқады. Сӛйтсе, қораның, ішінен қазылған жертӛле 
бар ексн. Шешінген судан тайынбас дегендей, тәуекел деп жақындай түсті. Жертӛленің 
қақпағы ашылып, тӛмен түсер саты бар екен. Май шам онда да жанып тұр. Қоңқай 
шалдың кӛлеңкесі абажадай болып кӛрінеді. Ӛзі самогон ба, сыра ма, әйтеуір, сарғыштау 
сусынды, дәу ағаш шелектің шүмегінен ағызып алып, сіміріп отыр. Байлықтың, кӛкесін 
Нұржан, осы жер астындағы үйден кӛрді. Адамның жанынан ӛзгенің бәрі бар сықылданды 


Taraz.aiman@mail.ru. 
кӛзіне. Тіпті шындап іздесе, адамның жаны да табылар ма деп қалды. Сонда оның есіне 
баяғыдағы бір ауылда естіген әңгіме оралып еді. Ӛзі құралпы Орынбай деген жас жігіт, 
бӛлімшеде есепші болып істейтін. Осы ӛткен жазда ӛздері келе жатқан Айыртаудың арғы 
бетінен пішен дайындаған. Сонда әңгімеден әңгіме шығып, Орынбай бір сырдың шетін 
қылтитқан. Айыртаудың асуында бір жұмбақ шал бар екен. Ӛзі талай кісінің, атуға 
болмайтын аңның обалына қалған жауыз кӛрінеді. Керек десең паспорты да жоқ. Бірақ 
ешкімнен қорықпайды. Қорықпайтын себебі, оны бүкіл аудан, облыс басшылары жақсы 
біледі-мыс. Білетін себебі, әлгі шал оларды аңның терісі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді 
екен. Бір үлкен қызметтегі кісі аты жаман аурудан ӛлгелі жатқаңда, вертолетпен ұшып 
келіп, әлгі шалдың үйінде ай жатып емделіпті... Жазылыпты. Егер шын ниет қылса, ӛлген 
адамды тірілтіп алатын кӛрінеді. Әуелі... шамасы тайып, қуатынан айрылған дӛкейлер 
ептеп әлгіден... қоздыратын бір пәле бар екен ғой, содан да алып тұрады дейді... Әрине, 
содан соң ол шал құдайдың ӛзін тыңдамайды. Бірақ ӛзі керемет қатыгез, қанішер 
кӛрінеді... 
— „Бұл сол шал болды"— деп ойлаған Нұржан шегіне берем дегенде, жер үйдің, ішіне 
жылқының тоң боп домаланған қиын құлатып алды. Шал селк етіп, жоғары қарады да, 
май шамды үрлеп сӛндіре салды. Бірақ „бұл кім?"— деп дауыстамады. Кім екені 
бесенеден белгілі... 
Осы күні түнде Нұржан да, Нұржанды аңдыған шал да кӛз ілген жоқ. Бірімен-бірі іштей 
арбасып, іштей атысып жатыр еді. 
Шал ойлады:— „Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі — Нұржан. Қалған екеуі, кӛзінің 
алдындағыны ғана кӛретін дарақылау, ойлары таяз. Не істеу керек? Айыртаудан асатын 
тӛте жол бар деп, жӛн сілтеп жіберсем ғой, үшеуі де құриды. Ал айналма жолға түсірсем 
аман-есен жетеді. Аман-есен жеткен соң, менің бүкіл сырымды,байлығымды мұқым елге 
жаяды. Жайғанына қорықпаспын, ұрлыққа түсуі мүмкін ғой. Не істеу керек?" 
Жігіттер шаршап келіп қатты ұйқтап қалған еді, таңертең жұлқылап жүріп Қоңқайдың ӛзі 
оятты. Нұржан да әбден таң сыз бергенде кӛз іліндіргенді. Орындарынан атып-атып 
тұрған трактористер, беті-қолын жумастан далаға шықты. Аппақ шағырмақ қардың 
ортасында меңдей болып қарайып ДТ-54 тұр, қасқыр жемепті. Моторды қыздырып, 
жанармайды жылыту үшін шалдан отын сұрап еді, қарсылық білдірген жоқ. Темір пештің 
үстіне бір шелек су құйып қойып, оны да ысытып радиаторына құйды. Кӛп әуреленген 
жоқ, тракторды әп-сәтте от алдырып, енді аттанамыз деп жатқанда, Нұржан шалдан ендігі 
бағыттың ыңғайын сұрады. 
— Алдарыңда екі жол бар,— деді шал қабырғасын тырт-тырт қасып.— Біреуі алыс та 
болса — жақын. Екіншісі жақын — жақын да болса — алыс. Егер Айыртауды айналып 
жүрсеңдер ӛте ұзақ жүресіңдер... Ал мынау бір — Үлкен Қоңқай асуы арқылы жүрсеңдер, 
екі-үш сағатта іздеген шӛптің үстінен түсесіңдер. Шӛпті аман-есен тиеп алып, қайтарда 
Айыртауды айналып желе-жортып ауылдарыңа барасыңдар. Сондықтан менің ақылым — 
үлкен Қоңқай арқылы асудан ӛту. Тракторларың мықты, дендерің сау, сайдың тасыңдай 
жас жігіттерсіңдер, қиындық деген не тәйірі. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Олай болса, сіздің сӛзіңізге сендік, ақсақал,— деді Нұржан трактордың жылан бауыр 
табанына шыға беріп. 
— Енді, ӛздерің біліңдер... шырақтарым. Пайғамбар жасынан асқанда, ақыл айтып, жол 
кӛрсеткеннен ӛзге не қалды дейсің... 
— Қуатыңыздың қаншалықты екенін түнде кӛрдік қой,— деді Бақытжан. 
— Құр ауыз аттандырдың, шал,— деді Аманжан.— Бәрібір түбі сенің үйіңнен шай ішпей 
қоймаймын. Қайтарда соға алмасам да, келесі жазда, әдейі іздеп келермін... 
— Мылтық кӛздеуді үйрене кел,— деді шал мысқылдап.— Жекпе-жек шыққандай болсақ, 
ӛкініп жүрме. 
— Оған дейін ӛзің де алжып ӛлерсің.— Шалдың кӛзі бағжаң ете қалды. 
— Қайсымыздын бұрын ӛлерімізді бір тәңір білер,— деп кӛкке қарады. 
— Ал, хош болыңыз,— деді Нұржан тракторды жылдамдыққа салып. 
— Сау болыңыз,— деді Бақытжан ыржиып. Осы үйден аман аттанғанына шексіз 
қуанышта еді. Аманжан қоштасқан жоқ. Сұп-сұр болып Нұржанның жанына отыра кетті. 
Аппақ қардың арасына сіңіп, бергі белестен асып, кӛзден ғайып болғанша Қоңқай тұрған 
орнынан тапжылмай, соңдарынан қарады-ай. Әбден ғайып болғанда ғана:—
"Топырақтарың торқа болсын",— деп бетін сипады да, қораның ішінен қазып, бетін 
сабанмен бүркеген жертӛлесінің кеспелдектей құлыбын сылдырлатып аша бастады. Ендігі 
сәтте елу жыл тірнектеп жинаған қазынасы тығылған жердің астына түсті де кетті... 
Ӛлерін сезсе, осы жеті қат жердің астындағы қоймасына келіп, баяғыда әзірлеп қойған мұз 
астауға жатпақ. Дұрыстап жатып алған соң, қол жетер жердегі тиекті тӛмен қарай басып 
қалады. Сол шақта мұның үстіне әдейі үйіп, іліндіріп қойған топырақ құлайды. Жер 
ойылып түскен соң, қораны да жауып қалады қымтап. Ал содан кейін Қоңқай мен 
байлықты тауып кӛрсін... Ешбір адам таба алмайды. Тек мың жылдан соң... Мың жылдан 
соң... 
Әзірше ӛлім тиегін баспайды, сыра ашытылған ағаш күбінің тығынын ғана ашады. Әбден 
ашуы жеткен сырадан сыңғытып ұзақ ішті... 
Ішкері жаққа Нұржанның осыменен екінші рет келуі. Жаздай жаңбыр жаумай, 
құрғақшылық болып „Алтай" совхозының бүкіл шабындығы ақтаңлағы шығып, күйіп 
кеткен соң сыпыра тау арасы, топырағы құнарлы әрі қыстың күні қар қалың түседі, сӛйтіп, 
ылғалы мол сақталатын Хатынь ӛзені жағынан шӛп шапқан. Қазақстанның бір 
пұшпағында түтін түтеткен бұл совхоздың жері Алтай тауларымен жарыса, жағаласа 


Taraz.aiman@mail.ru. 
барып, сонау Таулы Алтай ӛлкесінің аймағымен шектелетін. Россия мен Қазақстанды 
атақты шың Мұзтаудан бастау алатын ағыны қатты Хатынь ӛзені бӛліп жатар еді. Бұл жақ 
басқа ауданның жері, бір түкпірінде, тым шалғайда болғандықтан, „Ішкері жақ" деп атап 
кеткен. Құрғақшылык не істетпейді адамдарға. Айдап осы Хатынь жағалауына алып 
келген. Ауылдан шыққан атты адам екі-үш қонып әрең жетер осыншалық алыста жатқан 
тегін жердің шабындығына дәніккеніне екінші жыл. Жаз шыға тауды шыр айналып, 
машина жолымен келетін, ай бойы пішен дайындап, маялап үйетін. Сонан соң жер қата 
машинамен тасып жеткізіп алатын. Нұржан Хатынь жаққа алғаш рет күздің қара 
суығында келген... Машинамен шӛп тиеуге келген... Бірақ ала жаздай арпалысып 
дайындаған шӛптің тең жартысын ғана тиеп үлгерді, ізінше жаңбыр жауып кеткен... 
жаңбыр жауып кеткен соң, шӛптің біразы алынбай қысқа қалып қойған. Енді мінеки, тау 
асып, трактор шанасымен тасып алуға келе жатқан беттері. 
Кӛк түнек аспанда, сонау қарлы адырларды жиектей батысқа жылыстаған жарықтық күн 
салқын сәулемен жасқана қарайтын. Үш жігіт таңертең шалдың үйінен шыққалы ләм деп 
тіл катыспаған еді. Түнеп шыққандарына рақмет айтып, қара су ұрттамастан ерте тұрып 
аттанып кеткен. Әсіресе іштері қалтырап, жылан жұтқандай тіс-тісіне тимей сақылдап 
келе жатқандары — ыстықты аңсаған асқазанның кӛтерілісі еді. Бұрынғыдан әлдеқайда 
аласарып, қол созымда ғана тегенедей тӛңкеріліп тұрған аспан, ол да бір түрлі кӛңілсіз, ӛз-
ӛзінен жүдеу, ӛз-ӛзінен жабыңқы тартқан. Ӛз-ӛзінен жүдеу тартқан аспан ғана емес, таң 
атқанша бір-бірімен тӛбелесіп шыққандай тоң теріс томаға-тұйық отырған үш жігіт те. 
Әрқайсысы ӛз ойын малта ғып сорып отыр. Қазір Нұржанның орнына трактор айдап келе 
жатқан Аманжанның ашаң тартқан екі жағы жалғыз-ақ күнде суалып, түгі едірейіп, 
жансыздана бастаған. Ал оның қасында қысқа мойнын шолақ қара тонының жағасына 
тығып, ұйқылы-ояу мәңгіріп отырған Бақытжан тіпті баяғыда ӛліп, қатып қалғандай құр 
сүлдері, жайнап тұрар дӛңгелек беті қан-сӛлсіз бозаң, бұрынғыдай емес, сопайып ұзарып 
кеткен секілді. Оларға қарсы қарап, темір жәшіктің үстінде отырған Нұржан достарының 
тіршілік оты қоламталана, сӛнуге айналған дидарына тесіліп ұзақ қарады: жиырмадан 
жаңа ғана асқан жас жігіттердің жүзінде уағына жетпей қартаюдың алғашқы белгілері бар 
еді. Сырттан гӛрі трактордың кабинасы әлдеқайда суық, тӛрт бұрыштана — камера іспетті 
қоршаған кӛк темірге саусағың тисе қарып түседі. Мотордан шыққан болымсыз жылу әлгі 
дүмбілез темірдің астында тұншығып, алқынғандай еді, деміккендей еді. Бу болып ұшады. 
Дүниенің ызғарынан гӛрі, жігіттердің ӛз арасындағы суықтық жаныңды қарығандай еді. 
Ұрсып-таласпай осыншалық бітеу мінезбен оңаша отыру жүйкелеп, жалықтырды білем, 
қос рычакты кезекпе-кезек тартқылап, газды азайтып, кӛбейтіп, толассыз қимыл үстінде 
келе жатқан Аманжан жын соққандай айғай салды. Ал қалған екеуі оқыс үнге селк етіп есі 
шыға шошынып қалған. Аманжан тағы айқай салды. 
— Ау-у-у...а... 
Аюдай ұйқтап жатқан алып дӛңдер қыбырлап, ерекше үн қосқандай. Газды басып-басып 
қалып, жын ұрғандай айғайлаған жігітті Нұржан жынданып кетті деп ойласа керек: 
— Тоқта! Тракторды тоқтат!— Солқ етіп барып тоқтаған ДТ-ның ішіндегі үш жігіт қопақ 
қаға екпінге еріп, изектесіп қалды да, арқаларын темірге соға солқ етіп қайта отырды. Сәл 


Taraz.aiman@mail.ru. 
үнсіздік басты. Сосын Нұржан Аманжанға аса бір қажыспен қарады. 
— Не болды? 
Бұл сұрақты естімегендей меңірейіп отыра берді. Суалған, түк-түк ат жағындағы қырау 
шалған түгі бұрынғыдан ары қалыңдап, қорқынышпен үрпиеді. Кіреукеленген кӛзінде 
сәуле жоқ, жараның орнындай шүңірейеді. Ал қоңқақ мұрны мен ӛрескел үлкен аузы ол да 
жансыз, ағаштан ойып жасай салғандай ебедейсіз. Түйіліп біраз отырды да:— Не дедің? 
— деп, Нұржанға қайыра сұрақ қойды. 
— Неге айғай салдың деймін? 
— Қашан? 
Нұржан ӛзін-ӛзі зорлағандай еріксіз күліп жіберді. Бұдан соң бір-бірінің иығынан май 
сіңіп, тот басқан зілдей алақандарымен салып-салып қалып, жамырап бәрі күлді. Міне, 
екінші түн тоң болып қатқан кӛңіл жіпсіп, трактор ішіне жеңіл нұр тараған. Алып-қашпа 
сезім ол да қаймақшып қата бастаған-ды. Әне, жібігендей болды. Себепсіз, айтпай 
түсіндірген күлкінің маздаған отына жылынған үшеуі алдарында не күтіп тұрғанынан 
бейхабар, осы сәттің шуағына таласа ұмтылған. Бұдан соң Нұржан неге айқайлағанын 
айтпады, қалғандары тақаулап сұрамады. Жым-жырт, жұмбақты сапарға қайта аттанған. 
Бірақ дүние бірте-бірте тағы да суына бастады. Суықтың ең қаттысы — үнсіздік екенін 
енді ғана ұққандай Нұржан ыңылдап әлдебір әннің әуенін айтқан болды. Оның мұрнының 
астынан ғана сыздықтап, бір түрлі түсініксіздеу шыққан үні ана Аманжан мене 
Бақытжанға естілмеді білем, назар аударып елеңдеместен, не қосылып ерместен ой 
орманына сіңіп, жалғызсырап адаса бастаған. Айнала аппақ қар, ұшы-қиыры 
таусылмайтын ақ шаңқан қар, жансыз аспан, жанарсыз күн... Олар сүрлеу, жолсыз бағана, 
жалғыз үйлі жалғыз шал Қоңқай сілтеп жіберген бағытпен тұспалдап қана келе жатқан. 
Әзірше қар астында жасырынып жатқан ұры тас, жықпыл-ұрасыз еш нәрсеге ұрынбай 
аман-есен келеді. Сонау... оу, айыр ӛркеш ақ таудың арғы етегінде иен қыстақ, пішен 
үйілген жер бар. Пәле-жаладан сақтап, дәм тартып жете қалса, трактордың шанасына 
тотияйындай кӛкпеңбек шӛпті тиеп алады да, кері боздақтатады, асығады... Ауылда ай 
мен күндей жары күтіп, қойғаны суып бара жатқандай асығады... Осындай шаттыққа толы 
шақта тракторға қос қанат бітсе дейсің, бірақ ол жарықтық ӛмір бақида ұша ала ма?.. Бұ 
жалғанда ұша алмайтындар қандай кӛп еді... 
Нені және неге ыңылдап отырғанын ӛзі де білмейді. Мүмкін, жан дүниесін жайлай 
бастаған жалғыздықтан (үшеуі болса да) азар да безер екі қолын тӛбесіне қойып қашып, 
мұңлылау әуенмен маңайына жолатпай, айдап, қуғысы келгені ме; әлде ой деген түпсіз 
тұңғиық жылымнан құтылып шығудың соңғы амалы осы ма, әйтеуір, кӛңілінде тобықтай 
болып, түйнектеле қатқан мұз тоңдырған сайын ызың-ызың әуенге басады-ай... 
Нұржанның кӛңіліндегі тобықтай әлгі мұз дәл бүгін де, кеше де, тіпті былтыр да емес, 
анау бір жылы — шілденің ми қайнатар ыстығында қатқан еді... Содан бері ызғар шашып, 
еңсесін басады да жүреді. Ӛзі күлгенімен, кӛзі күлмей, қуанғанымен, уана алмай дүниедегі 
ең қимасын мәңгілікке жоғалтқандай бұйығы тартып, ӛз-ӛзінен қорынатын, ӛз-ӛзінен 


Taraz.aiman@mail.ru. 
шошынатын. Ол жоғалтқан заты — ӛзі екенін сезді ме? Сезбегені ғой, әйтпеген күнде ел 
кӛшкендей болған жанын жарылқар алданыш іздемес пе еді, ӛз-ӛзін алдамас па еді? 
Әскерден есен-сау оралып, тракторға мінгеніне екінші жыл толды, бәрібір осынау 
шалғайдағы Европада, Шығыс Германияда жүргендей ӛн бойын сағыныш билеп, әлденеге 
асығады, әлдекімді сарыла күтеді. Мынау кең-мол пішілген кең-мол дүниеге сыймағандай 
ӛзін артық сезінген немесе осына далиып жатқан жап-жалпақ жапаннан құйрық басып 
демалар, ентігін басар жер таба алмағандай ӛгейсіген. 
Екі жастың біріне толмай, осыншалық қожырап, ерте... тым ерте түңілуі, ешкімге — 
ӛмірге де, ӛзгеге де салмақ артпайтын, тек бар кінәні ӛзінің қара басынан іздеп, мінез-
құлқының ауырлығынан кӛретін, басқаны емес тек ӛзін — Нұржанжанды ғана 
жазғыратын. Балалық шаққа бәрі-бәрі жарасымды екен: асыр салып ойнады, күлді, 
жылады, алаңсыз, жоқтан ӛзгеге қуанды да, алғы күндерінен асығып үлкен жақсылық, 
оқыс жаңалық күтті. Алғашында он жылдықты бітірсе болды, қирататындай деміге ӛтеп 
келсе болды, тасып-шалқып ғұмыр кешетіндей үміт емшегін және де армансыз еміп еді. 
Енді міне, анау айыр ӛркеш ақ тауды асса, арманына жететіндей тұнжырап, тұп-тұнық 
аспанның астында қар теңізінің жалғыз жетім қайығындай — ескексіз; желкенсіз 
қайығындай қалықтап жүзіп келеді. Мынау аппақ дүниенің... мінсіз бетіндегі жалғыз 
ноқат — меңі іспетті трактор шынында да қар теңізінде малтып келе жатқандай еді. 
Шынжыр табаны кӛрінбей, тек түтіні ғана жіңішкелене будақтап, кӛгілдір аспанға сіңіп, 
лезде жоқ болады. Баяғыда Нұржанның апасы айтып отыратын: бұл дүниеде қуған да 
алда, қашқан да алда деп. Сол бір астарлылау сӛздің мәнін енді түсінгендей-ді. Қуып жете 
алмас, қашып құтыла алмас тағдырдың айтағына үріп, айдағанына кӛнген кӛнтері 
тірліктен тізгін үзді құтылып кӛрші, жоқ болмаса жан ұшыра ұмтылшы — жақындасаң 
алыстап, алыстасаң жақындайтын сағым бақыттың ұшпағына шықтым деген тірі пенде 
бар ма тәйірі: ӛмір бойы бір нәрсе жетпей ӛте шығар адам баласы — ӛзінің аз ба, кӛп пе 
ғұмырында зар еңіреп іздегені қанағат, тоқтам екенін ылғи да кеш түсініп, кӛзін жұмады-
ай... Нұржан болса ӛмірдің бірде-бір жұмбағын шеше алған жоқ әлі. Тек әрбір ірілі-уақты 
оқиғаға таңдай қағып, таңданып, „неге олай екенін", яғни ақ деп жүргені — қара, ал қара 
дегені ақ екенін түсіне алмай басын қатырып ойлай берер еді. 
Қар жамылған айнала күн сәулесімен шағылысып жанарды жейді. Ессіз, иесіз тау-таудың 
бәрінен ӛлдім-талдым деп құдайдың зорына ассаң, екіншісі тұрады кел-кел деп шақырып. 
Үш жігіт енді келе жатқан бағыттарының дұрыс-бұрыстығына күмәндана бастаған. 
Жолдың осыншалық ұзақ болуы мүмкін емес... 
—Тоқтатшы,— деді Аманжанға.— Аздап аялдап, оң-солымызды танып алайық. 
Трактор тоқтады. Бірақ моторы толассыз соққан жүрек секілді дамыл таппай жұмыс істеп 
тұр. Қонақтаған тауықтай бүрісіп отырған Бақытжанға да жан біте бастады. Талықсып 
барып ұйқы жеңдеді ме екен, аздап қалғып алған-ау. Екі кӛзі қанталап, не болды дегендей 
аналарға жалтақ-жалтақ қарайды. Алғашқы сӛзі: 
— Жеттік пе?— болды. Ежелден ұрт мінезді Аманжан шам шақыра жауап берген:— 
Атаңның басы жеттің! 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Дегенмен қай тұста тұрмыз ӛзі,— деді құрдасының сӛзін ауыр алмаған ол жан-жағына 
қарап. 
— Білсек — тұрамыз ба? Ит біле ме, тоңқайып-тоңқайып етегін түріп тастап, артын 
кӛрсетіп жатқан таудан ӛзге қыбыр еткен жан, ербиген бұта жоқ,—деді Аманжан әлі де ӛз-
ӛзінен ашуланып. Адасыңқырап кеткендерін ол бағана сезгендей. Тек анау екеуі кәперсіз 
отырған соң пысықсымаған. Енді екі жігіт жарыса Нұржанға қараған. Бір күн болса да 
трактордың нағыз иесі, жолбасшы жігіт осытын. Ол болса үнсіз. Кабина тұтқынынан 
босап шынжыр табанға шықты да, ақ қардың бетіне қос сызық тастаған артқа, сонсоң жан-
жағына сығырая қарады-ай... Қырдан ойға түсіп кеткен соң, нысаналап келе жатқан 
Айыртау да кӛзден тасаланып кӛрінбей қалған-ды. Ал аспан мелшиіп, табалағандай, міз 
бағар емес. Етекке түскен соң күн де ақ жиек тау иығына тым-тым тақалып, енді болмаса 
батып кетердей мінбелеп тұр. Не бір ербиген қарағай, не бір қараған — бұтасыз —"Ішкері 
жақтың" қыл-қыбырсыз кӛсе таулары бар сырын ішіне бүгіп, сыздауықтай сызданады. 
Алтай сілемдерінің дәл осы тұсы қас қылғандай не себептен тақыр, таза, тайгасыз 
жалаңаш екені түсініксіз. 
— Не істейміз?— деді Аманжан гүр етіп. Оған тағы да ешкім жауап берген жоқ. Сәл 
үнсіздік биледі. 
— Алғаш бағытымызбен жүре берейік. Сенің жүрегің, яғни интуицияң бір нәрсені сезген 
шығар,— деді Нұржан қабағы қарс жабылып түтіккен досының суық жүзіне қарап.— 
Әкел, тракторды ӛзім жүргізейін. 
— Мейлің, тек адассақ сен жауап бересің,— деді де орнынан тұрды Аманжан. Бақытжан 
екі жаққа да қосылған жоқ, сол үндемеген қалпында қайтадан қалғи бастаған еді. 
Трактор тұтқасы ӛз қолына тиген соң, дәл алдарында аспанға салынған баспалдақтай 
шаншыла кӛтерілген тауға ӛрмелей жӛнелді. Әлгінде ол отырған темір жәшік енді 
Аманжан еншісіне тиіп, осынау ұзақ та ауыр сапардан жерігендей кежегесі кейін тартып, 
тұлан тұтқан кейіпте үнсіз отыр. Бақытжан болса анау аппақ тау үстеріне құлап кетсе де, 
сезбес сезіммен қалғып-шұлғиды. ДТ қарағайдан қиып жасаған жалғыз шананы әрең 
сүйреп, қоп-қошқыл түтін бүркіп, арқырайды. Тіке тартқан тау қайқаңы тӛменде тұрғанда 
жайпақтау секілді еді, ӛрлеген сайын биіктеп, құзарлана берді. Нұржан газды толқындата, 
үзіп-үзіп басып, қиялай тартып, ирек-ирек сызық тастай, аспанға беттеген. Тау басы 
жеткізер емес. Анда-санда тіркеудегі шананың амандығын тексеріп, сығырайған терезеден 
артына қарап қояды. Бауыры аласа, ауыр шана қасаттана бастаған жентек-жентек қар 
жинап, алқымына кептеп үйеді де, қасарысқан немені тапалап, басып-жаншып ӛте 
шығады. Сайлау жерге күн сәулесі түспей кӛлеңке ұйып жатқан, трактор ӛрлеген сайын 
жарықтық күн де биіктеп, тау аласара берді. Сазарған дүниенің тыныштығын трактор 
даусы бұзып, серейіп, ӛлімге бойұсынған айнала күрк-күрк жӛтеліп, ұйқысынан оянған 
кәрі шалдай еді. Кӛксау таудың деміккен демі ызғарлана қойны-қонышыңды қуалайтын. 
Әлгінде тау табанында тұрғанда ептеп жылымық сезілген, биіктеген сайын ауа да 
салқындай түсті. Түстіктен ескен қызыл жел бар, бетті қариды. Үш жігіт тау желкесіне 


Taraz.aiman@mail.ru. 
шыққанда ӛре түрегеліп, кабинадан бастарын шығара алға қарады — тағы да дәл осы 
табандарын тіреп тұрған таудан айнымайтын тағы бір тау тұрған мен мұндалап. Үшеуі 
бірдей келіскендей ысқырып жіберді де, орындарына сылқ етіп отыра кетті. Арып-ашып 
алдағы асуға ілінгенде сол асудың ар жағында жұмақ күтіп тұрғандай асығып еді, енді 
міне не қыстау, не ағаш жоқ, жұп-жұмыр жұмыртқа — тағы бір тау қасқаяды. Тау мен 
адам арасындағы 
соғыс толастар емес... 
— Енді не істейміз?— деді шыдамсыз Аманжан. Бақытжан әдетінше үнсіз отыр. 
— Білмеймін,— деді Нұржан қажығандай күрсініп.— Жазды күні болса айнытпай табар 
едім. Қазір бір-бірінен айырмасы болсашы. Жұмыртқа секілді. 
— Онда да әр тауықтың емес, бір тауықтың жұмыртқасы, мен үшін ең соңғы тау — осы 
секілді,— деді Аманжан қалтасынан „Прима" темекісін алып. Енді бәрібір дегендей 
шылымын асықпай тұтатты да:— Ей, талтаймай, аяғыңды жиып отыршы, қатыныңның 
тӛсегінде отырғандай шірейсің ғой,— деп Бақытжанның қатып қалған пимасын ӛзінің тоң 
болып серейген пимасымен тоқ еткізіп теуіп жіберді. Ол үндеген жоқ, әдетінше 
бақырайып бір қарады да, аяғын жиып алды. 
— Енді не істейміз?— деп Нұржан сұрады. Жауап болмаған соң, тракторды жылдамдыққа 
салып, газды басты.— Не болса да тоқтамай жүре беру керек. 
— Жылжи бергеннің жазасын жағар май таусылғанда тартасың,— деді темекісін 
құшырлана сорған Аманжан. Бұдан әрі ешқайсысы сӛйлеген жоқ. ДТ жаңа ғана әзер 
шыққан алып таудан тӛмен қарай сырғып, құлай бастады. Теріскей жағында ұра-жыра 
бар, оқта-текте тас кездесіп, бұра тарта берді. Нұржан енді андағайлап, газды басқанды 
қойып, сақтыққа кӛшкен. Екі-үш рет шақұр-шұқыр тас тиіп, солқ етіп жыраға түсіп кеткен 
соң, жылдамдығын азайтты. Таудың орта беліне келгенде Нұржан ӛз-ӛзінен елегізіп, 
артына жалт қарап еді, тіркеудегі қар сыпырған шананы кӛре алмады. Алғашында ӛз 
кӛзіне ӛзі сенбей тракторды тағы да баяулатып, артына қарады. Жоқ. Тормозды басып, 
газды азайтты. Бұдан соң жылдамдықты шапшаң айырды да, жылан бауыр табанға қарғып 
шығып, келген ізіне қарады. Жүз метрден астам қашықтықта қарға батып жатқан шананы 
кӛрді. Аузына алғаш түскен сӛз: 
— Тфу! Атаңа нәлет!— болды. Бұл кезде Аманжан кабинаның келесі есігін шиқылдата 
ашып, шынжыр табанның үстінде ағытылып қалған шанаға түксие қарап тұр еді. 
Бақытжан қаперсіз қалғып, селт етпей отыр. 
— Давай назад! Тракторды шұғыл бұр да, артқа тарт! 
— Оны ӛзім де біліп тұрмын, бірақ сол қияға қайта ӛрлеп шыға аламыз ба? 
— Тәуекел,— деді Аманжан,— оған жетер тросымыз жоқ, бәрібір бару керек. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Орындарына қайта отырып, қасат қарды қақ айыра шыр айналып кері бұрылды. Бірақ он 
қадамнан аса алмай, бір орында итіңдеп шыр айналып тұрып алды. Қанша жан ұшыра 
ілгері ұмтылғанымен, тіп-тік жалама бет беттетпеді, тайғанақтап қарға адым жылжи 
алмады. Нұржан екеуі алма-кезек ауысып, рычагты оңды-солды тартқылап, газды ӛлердей 
күшейтсе де еш нәтижесіз, бурадай бұлқынып, аш қасқырдай жентектеп қар шашқаны 
болмаса, бір орында шыр кӛбелек айнала берген шынжыр табандар. 
— Болмайды, беттетер емес,— деді Нұржан. 
— Қане маған берші,— деді Аманжан алақанына түкіріп. 
— Ӛзің тартпайсың ғой. Газды сен бассаң да, мен бассам да — моторы біреу. 
— Енді не істейміз?— деді Аманжан кӛзі алайып. Сонан соң әлі де ес-ақылдан айрыла 
маужыраған Бақытжанды бүйірден түйіп қап: 
— Ей, қой күзетіп келдің бе, әлде жау түсіріп келдің бе, тым болмағанда ояу отырсаңшы. 
— Әкіри, қызықсыңдар, мен бәрін біліп отырмын. Шананы жаяу сүйреп кел дейсіңдер ме? 
Ондай күш болса осында отырар ма едім, сендерден сӛз естіп,— деп мойнын жағасына 
тыға түсіп, былқ етпестен қалғи берген. 
Айнала аппақ қар, күн таудың ар жағына сусып түсіп барады. Сай-саланы кӛлеңке басып, 
аспан кӛбең тартқан. Кӛп кешікпей келер түннің хабаршысыңдай бір суық ызғар соғып, 
онсыз да жетімсіреген кӛңілді кеулейді-ай. Жел кеулеген сайын мұржадан уілдеген үн 
шығатындай. Не істерін білмей, шарасыздыққа ұшыраған үш жігіт тағы да амалдары 
әбден таусылып, сәл-пәл үнсіз қалып еді. Сол үнсіздікті Аманжанның гүрілдеген жуан 
даусы бұзды: 
— Етекке түсіп, тауды шыр айналып, келген ізімізді қуалай қыр желкесінен келсек 
қайтеді. 
— Әкіри, ол да ақыл,— деп Бақытжан тұңғыш рет пікірін айтты.— Вот башка. 
— Сай табаны қандай күйде екенін қайдан білеміз. Қардың асты толған тас немесе сор 
батпақ болса... 
— Қыста батпақ болушы ма еді, әкіри,— деді Бақытжан қарап отырмай. 
— Тып-тыныш қалғи бергенің жақсы еді, бекер-ақ ояттым,— деді Нұржан.— Сонау 
етектегі сиырдың сілекейіндей шұбырған буды кӛрдің бе, сол жерде қардың астында 
қатпай жылып ағып жатқан бұлақ бар. Ал бұл жақтың бұлағы қыстыгүні де батпақты 
келеді, ӛйткені қар қалың түседі. Былайша айтқанда, үстінде кӛрпесі бар, су миым,— деді 
Аманжан. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Бақытжан:— Ұлы мәртебелі мырзам, құлдыққа бас идік, ӛзі білмесе де елге ақыл айту — 
қазақтың қасиетті ӛнері. 
Келген жолымен кері орала алмай кешті батырды. Ары тарт, бері тартпен ӛзара керісіп те 
алды. Шапшыма тауға қарсы салған трактор „менің шамам жетпейді" дегендей, тұрған 
орнынан тырп етпестен шыр кӛбелек айнала берді, айнала берді. Айдала аппақ таудың 
бауырында арпалысып, күресіп жүрген үш жігітті мазақтай күліп, күн ұясына бағана кіріп 
кеткен. Ендігі мезетте ымырт үйіріліп, қас қарая бастап еді. Әуелі оңтүстік шығыстан 
жалғыз жұлдыз туып, тау-таудың шығыс жақ жиегі ағараң тартқан. Бүгін ақпанның 
орталаған кезі, жарықтық ай дүниені ақ нұрға бӛлеп тұрған әдемі шағы еді. Алыса-алыса 
әбден дымы құрып, амалы таусылғандай үш жігіт енді ӛлмес күннің қамын ойлаған. 
Ішкері жақтың түкірік қатып түсер сақылдаған сары аязы буып, аппақ дүниенің жалмауыз 
түні иектей бастады. От жағып жылынайын десе, жуық маңайда тіс шұқыр ағаш жақ, 
ӛңкей бір жұп-жұмыр тақыр тауларға қарап тұрып қарның ашып, қасқырша ұлығың 
немесе ботадай боздап жылағың келеді. Әлемнің осыншалық қатыгез, жанға жат, тәнге 
салқын сезілуі — жиырмадан жаңа ғана асқан үш бойдақты ал дегенде жасытып тастады. 
Еш айла-әрекетсіз болдырған пішінде сұлқ отырды: әлдекімді жазғырды, әлдекімге 
кіжініп, балағаттады. Трактор зірк-зірк етіп екі иығы селкілдеп жұмыс істеп тұр, бір 
қалыпты гүріл, ыңқылын тыңдап отыра берсең от алып емес, жылағандай қай-қайдағынды 
есіңе салады; кӛңіліңді шабақтап, жанарыңнан жас тамады, жанарыңнан тамған жас қар 
бетіне мұз моншаққа айналып түсер еді, бойдан жылу, жүректен жігер біртіндеп сусып 
қаша бастағанда арғы дүниеге армансыз аттанып-ақ кетер бұйығылау әрі шым-шым 
жылымық нұр себелеп, ұйқың келе бастайды екен. Бірақ мынау ақ қар, кӛксіреу мұзды 
тауда ӛмір бақи да ұйқыға жеңдіруге болмайтын еді. 
— А... а... а... у... а!— Аманжан қақ маңдайынан әлдекім салып қалғандай айғай салып, 
орнынан атып тұрды. Тӛбесін кабинаға жаман соқты. Оқыс дауыстан ана екеуі де шошына 
ӛре түрегелген. Дәл осы жолы „неге айқайладың, жын ұрды ма" деп ешкім айыптаған жоқ. 
— Сен бақырып жібермегенде осы отырған қалпымызда қатып қалады екенбіз,— деді 
Нұржан күліп. 
— Жаңа ғана кӛзім іліне беріп еді... Әкри, қояншығың бір басылмады-ау,— деп күңкілдеді 
Бақытжан. 
— Не істейміз?— деді Аманжан есін жиып.— Тілімді тістеп алғанымды. 
— Ӛздерің біліңдер... Менің міндетім ере беру,— деді Бақытжан есінеп-құсынап. 
— Сен немене, кӛшке ерген итпісің?— деді Нұржан. 
Сонау қарсы жақтағы аппақ таудың ар жағынан ыңырана кӛтеріліп, бұп-буаз ай туып келе 
жатты. Әлгінде ғана ымырт жабылып, кеспірі кете бастаған қысқы ӛлке тілмен жеткізгісіз 
күміс нұрға шомылып, сиқырлы да сайқал қылықпен жарқырап-жайнап түрленді-ай. Сол 


Taraz.aiman@mail.ru. 
сүт дүние-ақ шаңқан әлемнің арғы бір түкпірінен сыңсыған, қорлана жылаған үн 
келетіндей, талып-талып әрең жететіндей. Дәместем күрсініп, дәместем жӛтелген бұлың-
бұлың тау қоршауында қалған үш жігіт қаз-қатар шынжыр табанға шығып, туған айды 
жалқы сәт құмарпаз кӛңілмен қызықтап қалғандай қасқая қарсы алып, серейіп тұрысып 
қалған. 
— Осының бәрі бекершілік,— деді Аманжан ауыр күрсініп.— Бәрібір баяғыдай емес, онда 
жаз еді ғой... Оның не айтқысы келгенін, тіпті не ойлағанын қалған екеуі ұққан да, 
ұқпағанын қайырып сұраған да жоқ. 
— Мұндай әдемі кӛрініс енді қайталана ма, жоқ па, кім білсін. Қане үшеуміз де анамызды 
еске алайықшы,— деді Бақытжан жыламсырап. 
Аманжан:— Неге анамызды ғана... 
— Басқа кіміміз бар. Ұлы ұрыстың ұрлық ұрпақтарымыз. Үшеуінің де құлағына: „Тоңып 
жүрсің-ау, құлыным",— деп 
шешелері сыбырлағандай болды. 
— Қандай тамаша,— деп елеуреді Бақытжан осынау ақ шаңқан айлы түнге шын 
сүйсінгенін жасыра алмай. Оның жүрегі ӛз-ӛзінен толқып, белгісіз бір жағалауға 
шақырғандай-тын.— Рас, айтамын, достарым, айналаңа қарашы, ғажап емес пе? Әдемі 
емес пе? Ертек сынды дүние. Ақ боз атқа ақ шана жегіп, мынау кілегей қардың бетімен 
ағызар ма еді... Әттең... 
Ӛмір бойы қалғып отыратын жолдасының оқыстан оянып кеткен кӛңіл толқынын 
түсінбеді ме:— Сенен осындай сезімталдықты күтпеп едім,— деп Нұржан ағынан 
жарылды. 
Бақытжан:— Бетперде ғана, шын адам соның ар жағында, деген екен бір данышпан. 
Аманжан:— Сенің ол данышпаның оттаған екен, ендеше. „Адам бір боқ кӛтерген — 
боқтың қабы"— деген біздің Абай ақсақал.— Жӛтел булықтырып, тамағын кенеп алды 
да,— бәрі бекершілдік. Бүгін алдасаң, ертең — алданасың. Баяғыда... мүлдем басқаша еді 
ғой. Ол шақта жаз болатын. Ал мен уыздай жас едім,— деп жұмбақтылау күрсінді. 
Бақытжан:— Қазір қартайып тұрсың ба? Бар болғаны жиырма үштен астық. 
Аманжан:— Иә, достарым, біздер бос шана сүйреткен, сондықтан жасына жетпей 
қартайған сақалы жоқ шалдармыз. 
Нұржан:— Балалықтың базарлы күндерімен жылап қоштасқалы қашан.— Ол да 
әсерленіп, кӛңілі бір түрлі алабұртып отыр еді.— Шынында да, баяғыдай емес... бір түрлі 
жанға — жат, тәнге — салқын. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Бақытжан:— Мынау аппақ дүние... Сұп-суық. 
— Бақытжан:— Кімдерге — суық, кімдерге — ыстық, ӛмірге ӛкпелеуге болмайды. 
Нұржан:— Ендеше, тракторды сӛндірмей болмайды... Бақытжан:— Неге? 
Аманжан:— Біздің түбімізге жетіп, шашымызды ағартатын сенің осы „неге?"— деген 
сауалың шығар. 
Бақытжан:— Ӛмірдің ӛзі осы сұрақтан тұрмай ма? 
— Жанармай таусылып қалса, ертең мынау ит ӛлген жерден шыға алмай, сеспей 
қатпаймыз ба?— деді Нұржан. 
— Мен де бекер сұрап отырғаным жоқ. Осы бірдеме айтсам, шаптарыңа шоқ түскендей, 
тулайтындарың не? Моторды ӛшірсек трактордың суы қатып қалмай ма?. Содан соң 
радиатормен мәңгілікке қоштаса бер. Ал радиатормен қоштасқаның — ӛміріңмен 
қоштасқаның.— Бақытжан ана екеуі аузын ашса тағы да дауласайын деп, іштей ширығып 
дайындалып еді, олар үндемеді. Ӛйткені Бақытжанның „таптым" деген логикасы бұлар 
үшін әлімсақтан белгілі қарапайым нәрсе. Ендеше, бас қатырып, дәлелдеп қайтеді... Басқа 
ғой жандарын қинап отырған... басқа-суды ағызарлары сӛзсіз. Бірақ ертең қалай 
қыздырады тракторды, радиаторға құятын ыстық суды қайдан алады?.. 
Шарасыздықтың торына қайта қамалып, асығыс кӛтерілген айдан жылу дәметкендей 
телміріп біраз тұрды. 
— Ура!— деді Бақытжан теріден тігілген биялайын бір-біріне ұрып. Ӛзі жерге ұшып түсе 
жаздады.— Ура! Ананы қарандар. От кӛрінеді. 
Ол нұсқаған жаққа жалт қарасып еді, сол бүйірдегі аласалау таудың иығында бір нәрсе 
жылтырап жанып тұр екен. Алғашында шынымен от екен деп ойлап қалған, от болған 
күннің ӛзінде тым-тым алыста еді. 
— От емес,— деді Аманжан саспай,— таудың кӛк желкесінде қай ағайының қазан асып 
жатыр еді. Жұлдыздың шеті. 
Мылқау үнсіздік қайта басты. Тек ДТ-54 қана дамыл таппай зіркілдейді. Ақшарбыланған 
айналадан ӛлімнің суық иісі сезілгендей бір түрлі қорқынышты, самсап шыққан жансыз 
жұлдыз, қиналған, азап шеккен адамзат үшін осыншалық пайдасыздығын сезінгендей 
жасқана жымыңдайды. Нұржан ақ түс — сәулені тұңғыш рет ӛлердей жек кӛрді. Бойын 
ептеп қорқыныш билеген. Ол осалдығын жолдастарына сездіргісі келмеді. Сол секілді ол 
алғаш рет қарнының ашқанын сезінді, жылы тӛсек, ыстық сорпаны сағынды, жұтқынып 
барып ӛз әбестігін жӛткірініп жасырды. Ат жалын тартып мінгеннен бері жақсы менен 
жаманның, ақ пен қараның екеу арасына шекара қойып кӛрмеген ұлан ӛмірдің тауқыметі 


Taraz.aiman@mail.ru. 
үлкенге де, кішіге де ортақ, бас та, жас та талғамайтын оспадарлығын әрі әділдігін 
бағамдаған. Бағамдап тұрып, әр нәрсе ӛз тұсында керемет екеніне ой кӛзін жіберген. 
Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл қанша рет жер-жебір, жекен 
суына жетіп ұрсып еді-ау. Айтары жалғыз сӛз болатын:— Біз не кӛрмедік, жаумен 
алыстық. Жамбастан сыз, аяқтан ызғар ӛтті. Жоқшылықтың зардабын тарттық. Иә, біз не 
кӛрмедік. Кейінгі жастар ғой мұңсыз-қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелеп-есіріп жүріп 
жатқан. Енді ойлап тұрса, онысы бекер, әншейін бая-шая байбалам екен. „Біз не кӛрмедік? 
Ендеше, мына біз не кӛрмедік? Ендеше, мына біз, бейбіт ӛмірдің сіз кӛзге шұқып, жазғыра 
берер ерке ұлдары не кӛрмедік? Қайда қиындық — сонда жатыр. Айқайлаған үнімізді 
естіп, кеңірдектен қар кешіп, бойымыз суып бара жатқанын кім естіп, кӛріп тұр бұл 
жалғанда",— деп айтқысы-ақ келді. 
— Не істеу керек?!— деді Аманжан тісін шақыр-шұқыр қайрап.— Не істеу керек? 
Айтсаңшы, аға тракториссің ғой.— 
Нұржанға шүйлікті. 
— Ӛздерің біл, әкіри,— деді Бақытжан,— қарным аша бастады. Ішімде бір кесек мұз 
жатқандай. 
— Тракторды сӛндіреміз,— деп кесіп айтты Нұржан. Бұдан соң газдың тұтқасын тӛмен 
баса салды. Аппақ саумал сімірген айналаны құлақ кесті тыныштық басты. Жым-жырт, 
жұмбақты дүние. Тіршіліктің күйін шертіп тұрған аппақ дүниенің... бетіндегі қара ноқат 
мүлдем үзілді — бір сәтке кӛз жұмып ӛлді. Нағыз суық енді ғана басталғандай. 
Оның не ойлағанын айтпай түсінген Аманжан:— Суын ағызайық,— деп трактордан 
қарғып түсті. Онық артынан екеуі де секірген. Омбы карды кешіп барып, тығынын ағытып 
жібергенде ып-ыстық су сарылдап, тиген жерін ерітіп, буы бұрқырап аға жӛнелді. Бұл 
қалпында алып бір ӛгіз зәр жіберіп тұрғандай еді. Қолғаптарын шешіп-шешіп жіберіп, 
үшеуі бірдей еңкейіп ыстық суға қалтырай мұздаған қолдарын жуды. 
— Қандай рақат, ішер ме еді?— деді Бақытжан мәз болып.— Ішіміздегі мұз ерір еді, әкри. 
— Сенің асқазаның ДТ-нікінен әлдеқайда мықты, ішсең —іш,— деп азғырды Аманжан. 
— Тапқан екенсің ақымақты. Ертең осы суға зар боламыз. 
— Алдыменен сол ертеңге жетіп алайық,— деді Аманжан. 
— Бір амалы табылар,— деді Нұржан. Бұдан соң үшеуі бірдей кейін шегініп, жып-жылы 
қолдарын қойындарына тығып жіберді. Ауыздарынан ұшқан бу ай сәулесінде кӛк түтін 
болып будақтайды. Белуардан қар кешіп келді де, трактордың табанына секіріп қайта 
шықты. 
Әншейінде аузына маржан салғандай, қалғып, үн-түнсіз отыра беретін Бақытжан тым-тым 


Taraz.aiman@mail.ru. 
сӛзшең болып кетті. Әлде ішкі бір қорқынышын жасырғаны ма, әлде шарасыздықтың 
торына қамалған соң, „енді бәрібір" деген тәуекелі ме? Кім білсін. Қазір де трактор 
табанына қарғып қайта шыға салысымен; екі қолын кезек сермеп:— Қар — мұхит; 
трактор — кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен,— деп елеуреп, тақпақтай 
жӛнелді. 
— Атаңның басы,— деді Аманжан ит жыны ұстап.— Аппақ дастарқанның бетіндегі сасық 
қоңызбыз. Тарақанбыз ӛрмекшінің торына шырмалған. Қанатын әумесер бала жұлып 
алған дәрменсіз шыбынбыз. Тырбанамыз келіп, содан соң... тырапай асамыз... 
Үнсіздік басты. Алыстан... тым-тым алыстан шыңшыңдаған бір сыңсу талып жеткендей. 
Сол жұмбақ үнді тек қана Нұржан естіп, елегізеді. 
— Апамдар тамағын ішіп баяғыда жатып қалған шығар,— деді Бақытжан аяқ астынан 
мұңға беріліп.— Сендерге бекер ердім, әкри... „Ойбай, мына тұрған жер, шауып барып 
алып келеміз",— деген соң... 
— Сені қойып, ӛзім де ӛкініп отырмын,— деді Аманжан оның сӛзін бӛліп. Үнінде зіл, 
әлдекімге кіжіну бар.— Осының бәрі Қоңқай қақбастың кесірі... Қысты күні бұл 
кербаққан тұстан Айыртауға асар жол жоғын сезіп едім. 
— Сезсең неге айтпадың?— Бақытжан шап ете қалды.— Сол үйден ауылға кері қайтып 
кетсек, тӛбемізге шай қайнатардай шошындың... Ендігі мұрнымыз шуылдап ӛз 
отымыздың басында, сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді міне... айдала, аппақ қар, 
қырық градус суықта бойымыз суып бара жатқаны.— Оның кӛзіне тығылып жас келіп 
қалып еді, ол осалдығын жасырған жоқ, кемсеңдеп қоя берді.— Құдайым-ай, елден екі елі 
ажырауға болмайды екен-ау...— Оған қой деп жұбату айтқан ешкім болмады. Әркім ӛз 
ойымен арпалысып отыр еді. 
Аманжан:— Әттең, бәрі кеш,— деді тісін шықырлата қайрап.— Бір сұмдықтың боларын 
жүрегім сезіп еді. Сенгім келмеп еді сол шалға. Енді міне адалдықтан адасып отырмыз. 
Әкеңнің... сол Қоңқайдан бастап, бүкіл әлемді трактормен таптап ӛтер ме едім.— Кӛңілі 
қанша пәс болғанымен, Аманжанның сӛзіне еріксіз күліп жіберді Бақытжан. Мырс етті де: 
— „Гарющиің" жетпейді ғой,— деді. 
Аманжан:— Жоқ, одан басқа да бір нәрсе жетпейді. Арам ӛлгенше — айғайлап ӛлейін — 
а-а-а-а-у-у-ы-а! Мен тоңып, жылынарға — от, ішерге — ас таба алмай отырмын, ей, 
адамдар! Естимісіңдер, менің үнімді!— Ол құлағын тосып, тың-тыңдаған болды да қайта 
кіжінді. Жұдырығын түйіп, әлдекімге айбат шекті.— Ә-ә, үндемейсіңдер ме, қол ұшын 
беруге қорқасыңдар, ә! „Біз не кӛрмедік",— деп кеудесін қағатын, ей, ағалар, ха-ха-ха, 
ендеше, мына біз не кӛрмедік.— Дәу жұдырығымен кабинаның темірін қойып-қойып 
қалды. Қолының ауырғанына да қараған жоқ. Кеудесін қысқан ұлы долылық дес бермей, 
қанын сақ-сұрқ қайнатып еді... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Бақытжан:— Ӛле қалсақ бір-бірімізге топырақ та сала алмайтын болдық-ау. 
Аманжан:— Ничего, қар саламыз ха-ха-ха... Не деген сорлы пенде деген... 
— Жетті! Ажалдан бұрын алжымайық!— деп жекіді Нұржан. 
Аманжан:— Мынау кабина емес — камера секілді. Ал сен, жолдас а-а-аға тракторист, 
надзирательге ұқсап кеттің; пм, далада бұдан гӛрі жылырақ шығар. Не, істейміз? 
Босатыңдар мына түрмеден.— Кабина қабырғасын тағы да ұрғылай жӛнелді. 
Бақытжан:— Ӛздерің біліңдер, әкри. Мен глубоки ұйқыға кеттім. Айтатын сәлемдерің жоқ 
па! Чао! Хай! 
— Мынадай суықта бір минут те кӛзі ілуге болмайды,— деді Нұржан.— Трактордың 
ығын тазалап, қасат қар ойып әкеліп, үйшік қалап алайық. Қардың іші жылы болады. 
— Астымыздан сыз ӛтпей ме?— деді Бақытжан қалыпты сақтығына басып. Мінезі ауыр, 
кӛп сӛйлей бермейтін Нұржан досының шолақ ойлылығына жыны келді білем:— 
Трактордың бесеткасын тӛсемейміз бе... артымызға,— деп зілдене тіл қатып еді, ол бір 
күн болса да аға тракторшы санайтын Нұржанның ыңғайына кӛшіп:— Ӛздерің біліңдер,— 
деп жығыла салды. 
— Ал не тұрыс, қар оялық,— деп алдымен Аманжан қарғып түсті. Бірінің артынан бірі 
жерге секірген олар бейне парашютпен қарғығандай топ-топ етіп құлап жатыр. Ызғырық 
жел үріп, беріштенген сеңдей сірескен қарды күректеп, балталап ойып, суық қарып 
маңқайып тұрған ДТ-ның ығына қалап, үй жасай бастады. Саусақтары тоңазығанымен, 
қапшағай қимылдап, бірсіндеп енді бойлары жылып, ептеп тер шыққан. Жан дәрменге 
түсіп, қар үйшікті әп-сәтте жасап алды. Трактордың әбден май сіңген отырғышын, 
арқалығын шығарып әкеліп тӛсеніш жасады. Денесі жылыған жігіттердің кӛңілі кӛтеріңкі, 
бір-бірін итермелеп, асыр салып ойнады. 
— Ұядай,— деді Аманжан гүжілдеп.— Тамақ табылса қыстап шығуға болады. 
Үшеуі қатарласа жата-жата кетті. 
— Әйтеуір, қара басып ұйқтап қалып жүрмейік,— деді Нұржан. Бақытжан айтты:— 
Ұйқтамайтын болсақ, иесіне үй жасадық. Аманжан айтты:— Тоңбас үшін, ақымақ. 
Нұржан айтты:— Әсте ұйқтауға болмайды, үсіп ӛлеміз. Бұдан әрі Аманжан темекісін 
тұтатып еді, ала кӛлеңке қар үйшіктің ішін сәуле тіміскеледі. 
— Темекіңді бықсытып кеп тарта берме, әкри,— деп Бақытжан қылжыңдаған болды,— 
үйімізді ӛртеп жібересің. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Оттама,— деді теріс қарап бүк түсіп жатып.— Темекіден ӛртенбейді мұндай үй, сен 
шығарған газдан ӛртенеді. 
— Таздан тарақ, бізден газ қалғалы қашан?— деді Бақытжан. Одан әрі қар үйшіктің 
ішінде бӛтен әңгіме болған жоқ, әркім ӛз ойымен оңаша қалған. Алыстан... тым алыстан... 
аш қасқырдың ұлығаны естіледі. Сол бір айлы түнде тараған жат үнді Бақытжан да естіп, 
елегізеді білем, қорқынышын қалжыңға айналдырды. 
— Тракторыңды қасқыр жеп кетпесін,— деп жырқ етіп ӛзі күлді — ӛп-ӛтірік күлді. 
Онысы оғаштау кӛрінді. Аманжан темекісін құшырлана сорып, қайтадан бері аунап түсті 
де: 
— Оттапсың, ең әуелі ішіміздегі семіз, майтыққан кӛтендей сені жейді,— деді. Осынау 
сырықтай ұзын, ат жақты, қара сұр құрдасынан сескенуші еді, шаптығып бетінен алған 
жоқ, бірақ сӛзден есесін жібермейді. 
— Аш қасқыр семіз, арық деп таңдап жүреді дейсің бе. Сенің де сорпалығың бар,— деді. 
Нұржан ауыр ойда еді. Қайта-қайта кӛзіне тығыла берген ұйқыны уқалап қуып, әр 
нәрсенің басынан бір шалып, кӛз ілмей сандалып жатқан. Осындайда, қолың тимей 
жанталасқан сәтте, маза бермес ойдың да түбі тайыздап, қаңсып қалары бар. 
Әскери қызметте жүрген екі жылын есіне түсіріп кӛріп еді, құр әурешілік болды — кӛз 
алдына күзетте тұрған азапты түн ғана елестеді де, тек сол кірпік қақпастан қақайып 
тұрған сәті ғана... тіпті кӛзі уақ-уақ жұмылып, қалғи берген соң, Аманжаннан шылым 
сұрап тартып еді, үйренбеген соң ба, қолқасына түтін кептеліп, қақалып-шашалып мазасы 
кетті. 
— Жігіттер, ұйқтап қалмайық,— деді сонсоң дауыстап.— Далаға шығып, әрі-бері алысып 
ойнасақ қайтеді. Ұйқымыз қашып, бойымыз жылысын,— деді. 
— Ол да ақыл,— деп Аманжан темекісінің тұқылын сӛндірді де, еңкеңдей шегініп тысқа 
шықты. 
— Тӛбелесейік, шын айтамын, жылынатын түріміз жоқ, тӛбелесейік,— деп жалынды 
Аманжан жұдырығын бір-біріне ұрғылап, тісінен от шығара қайрап. 
— Мен ондай ойынға қатыса алмаймын, әкри,— деп Бақытжан тайсақтай берді. Нұржан 
айтты: 
— Біздің шамамыз саған жетпейді ғой. 
— Екеуің жабыласыңдар,— деді соғысқа әзірленген Аманжан. Ал, қане, келіңдер. 
Жасасын тӛбелес, ура! 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Бақытжан:— Ә, олай болса можно. Ей, Нұржан, сен алдынан шық, мен артын орайын... 
позиция керек. 
Нұржан күліп:— Почему мен алдынан, сен артынан... 
Бақытжан:— Себебі мен адамдардың артынан бас салғанды тәуір кӛремін. 
Нұржан:— Иә, әркімнің ӛз тәсілі бар. Мен-ақ бетпе-бет барайын. 
Аманжан қолын кӛтеріп:— Тоқтаңдар-тоқтаңдар, мұнымыз нағыз тӛбелес бола алмайын 
деп тұр. Күліп жүріп жұдырықтасқанның мәні жоқ,— деп тоқтатты.— Содан соң, сендер 
маған бүкіл тактикаларынды сездіріп алдыңдар. Қазір мен мощный қорғанысқа кетемін 
де, арқамды тракторға тіреп тұрып, жақындағаныңның жағыңнан ұра берем. Давайте, 
ребята, шын мәніндегі қанды сойқан бастау үшін ар-намысқа тиіп ыза келтірер балағат 
сӛзбен атысайық әуелі. Давайте достар (кӛзі жайнап, екілене сілкінді) айызымыз қанғанша 
бір боқтасайық. Ешкім де кӛріп, естіп тұрған жоқ. 
Нұржан:— Ендеше, мұндай спектакльге мен үзілді-кесілді қатыспаймын,— деп азарда-
безер болды. 
Бақытжан:— Ең алдымен ит болып бастайық, қызық болсын. 
Аманжан түсінбей қалды:— Итше бастағаны қалай? 
Бақытжан:— Мәселен, жер тарпып үреміз. 
Аманжан:— Үрсек үрейік... ав, ав, ав! 
Бақытжан:— Ав болса — ав! 
Екеуі бір-біріне ырсылдап ит болып үріп жүр. Бір-біріне жер тарпып, тап-тап береді. 
— Болды, болды. Сенен жап-жақсы тӛбет шығып кетуі мүмкін екен. Енді, бала, қазақтың 
бұрынғы билеріндей жүгініске отырып, балағатымызды бастап кетеміз. Қамшы орнына 
биялай тастаймыз,— деді Бақытжан. 
Аманжан:— Ол қырыңа да кӛндік.— Айызы қана риза болып жүр. 
Бақытжан:— Жарайды, ендеше,— деп алға суырылып шықты да, мықынын таяна жүгініп 
отырды.— Екі рольді бір ӛзім-ақ ойнайын. Ей, Аманжан, кел жүгініске, құтырған бурадай 
жыныңды шашпай тыңда мені. Ал, бастадым: Итаяқтай болған аузыңды, құрықтай 
сорайған бойыңды, қорадағы қойыңды, түк ойламайтын ойыңды, кірпідей тікірейген 
шашыңды, шақшадай болған басыңды... ана жеріңді, мына жеріңді... пәлен етейін, түген 
етейін... (ентігіп) общем ұрайын... Уһ, жіпсіп кеттім ғой, ішпей-жемей албатты 
балағаттасқан қиын екен... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Аманжан тамағын кенеп, дайындалып, ол да жүгініп отыр:— Ал, ляуқиым, енді сен 
тыңда; Ей, Бақытжан, күжірейген мойныңды, стол үстіндегі дойбыңды... ұрым-бұтақ, зау-
затыңды двайной, тройной ұрайын... мә, қамшым, сен сӛйле.— Қолғабын қарсыдағы 
„биге" тастады. Нұржан екеуінің балағатын тыңдап, рақаттана күліп: 
— Баяғының билері де дәл осылай айтыспаған шығар. Бақытжан қызына бастады:— 
Ендеше, Нұреке, алдияр тақсыр,тӛбе биіміз сенсің... Біздің жанымызда баяғының биі жіп 
есе алмай-ды. 
Нұржан:— Оу, бүгінгі заманның шешендері сендер болсаңдар онда... Онда құмырсқа 
қуырып же десеңші... 
Бақытжан:— Ей, Аманжан, „ДТ"-ның аты — трактор, арба емес, шана азды дейсің бе, 
шананың аты — шана, қол шана емес, сенбесең жатыр әне; әлде Нұржан азды дейсің бе, 
азған да озған жоқ, Нұржанның аты — тракторист — директор емес; ал, боқтасуға келсек: 
шай ішетін кесеңді, сиыр сауып жүрген... 
Аманжанның кӛзі шатынай айғай салды:— Не?! Әкені айтсақ та, шеше жағына 
барыспайық. 
Зулаған қалпымен барып шәниіп тұрған аласа бойлы, тӛртбақ досының шықшытын ала 
бір періп, қалпақтай ұшырды. Тӛбелес басталды! Орнынан баж-бұж етіп, қармана тұрған 
ол жан-жағынан қару іздеп кӛріп еді, кӛзіне қардан басқа еш нәрсе іліге қоймады. 
— Әкеңнің аузын ұрайын, сволыш, ойнайды екен десем, шындап жүр ғой.— Одан соң 
жерден уыстап бір-екі рет жентек-жентек қар лақтырды да, жүгірген бойы талтая серейіп 
тұрған Аманжанды тебе бергенде, соншалық бір қапшағай шапшаңдықпен аяғынан сарт 
етіп ұстап бұрап қалғанында тағы да қиралаңдап құлап қалды. Істің насырға шабу қаупі 
тұрған соң:— Қойыңдар! Жетті енді! Үсіп ӛлсек те, тӛбелеспейік! Айуан болып кеттіңдер 
ме!— деп ара түсіп еді, қаны қарайып, ұрынарға қара таба алмай, күші асып-тасып, ӛзіне 
лайық білекті жау іздеп аласұрған Аманжан оны да бар пәрменімен ұрып ӛтті. Кӛзінің оты 
жарқ етіп басы зеңіп кеткен Нұржан соққы қаншалық ауыр болғанмен, тыраң етіп құлаған 
жоқ. Не істерін білмей аз-кем ойланып тұрды да, жынданған Аманжанның қарға аунап 
қыңсылап жатқан Бақытжанды аямай тепкілегенін кӛріп айғай салды:— Тоқтат! Фашист 
болып кеттің бе? 
— Мен сендерге фашистің не екенін кӛрсетейін. Әйтеуір, арам ӛлеміз! Бәрібір үсіп 
ӛлеміз,— деп кіжінген Аманжан ендігі сәтте ӛзіне қарғыған. Қорғанбаса болмайтын еді. 
Қарадан-қарап жүріп бір нәрсені бүлдіргісі, қиратқысы келіп қышына беретін 
Аманжанның қолына дәл қазір мылтық берсең екеуін де қызыл ала қан қылып, атып 
тастары шексіз еді. Адам бойындағы асау қан түйіршіктері қозып, жауыздықтың 
сойқанды соғысына шақырады екен-ау. Зұлымдық әр адамда, әр ұлтта барын байымдаған 
Нұржан жоқ. Досының екінші соққысы тигенде ӛзінің де қаны тасып, басына шыққаны 
сонша, сонсоң ӛне бойы қалшылдап, қарсы ұмтылғаны, ұп-ұзын құрдасын ішінен періп, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
ыңқ етіп ауырсына еңкейіп қалғанда, әскерде үйренген тәсілі бойынша кӛк желкеден 
ұрғаны, сонсоң ӛзі құламай тәлтіректеп тұрған жігіттің қылтасынан теуіп құлатып, құлап 
бара жатқан сәтінде секіріп барып қос аяқтап бӛкседен тепкені, бұдан соң кӛзіне қан 
құйыла долданып, әлі құрып бүк түскен бейшара Аманжанды бір теуіп кеткені тек ашуы 
сабасына түсіп, ӛлердей ӛкініп еді. Үшеуінің де ұйқысы қайтып келмеді не 
тіл қатысқан жоқ, сұлап-сұлап дүмбілез күй кешкен. Енді үш күн бойы ұйқтамауға 
жетерлік олжалы ой тауып еді. 
Дүние ақ шаңқан... Кешелер соғып ӛткен ақ түтек боранның сарқындысы, сеңдей 
сірестіріп қасаттап тастаған ақ сіреу кіреуке... ақ таулар... алысқа... әлдеқайда бірін-бірі 
қуа жарысқан. Ербең етер тіршіліксіз, салқын сазарған қалпы адырлар ұлы ӛмір 
шуылынан бейхабар — айқара жамылған ақ кебінін бүрісе бүркенеді. Айлы түннің 
астында аруақтай созылған суық... аса қытымыр дүние... түн ортасы ауғанша жақ 
ашпастан жайрап неге тӛбелескендерін, кімді-кім ұрғанын уайымдап жатты да, басқа... 
бұған дейін кешкен ӛмірдің, тәтті бір ләззатты сәтін есіне алысқан... Ондай қымбат 
минуттар Нұржанда жоқ-ты, сыпыра жайдақ, тіршіліктің қамымен ӛте шыққан сұрқайлау 
еді... Әлі күнге ешбір қыздың бетіне қарап күйдім-жандым деп ғашық болып кӛрген жоқ-
ты. Емірене еске алар енді несі қалды. Мынау қалтарыста қаңғыған иен жерге қарашаның 
қара суығында, бұдан бұрын да бір рет дәм тартып келіп еді-ау. Онда олар кӛп жігіт 
болатын, машинаға мініп, тау айналып, қара жолмен келген. Иә, онда олар кӛп еді, 
сойталдай-сойталдай он жігіт... шӛп тиеуге келген. Алғашқы күні бес машинаға тиер-
тиместен күн жауып кеткен. Сонсоң, барлық машинаны қайтарып, ең соңында ӛздері жаяу 
қайтқан. Иә, сонда ӛздері мінген автомашина белуардан батпаққа батып қалып, қайтып 
шығара алмап еді... Сіркіреп қара күздің ақ жаңбыры толассыз жауған. Не паналар үй, не 
ағаш жоқ, құдайдың қу мекиен даласында қалған он жігіт екі кештің арасында он 
шақырым алыстағы Огневка деген селоға жаяу тартқан... Қарсыдан шаба жауған желді 
нӛсер ӛңменінен ӛтер суық еді. Үстерінде тек күпәйкесі ғана бар жігіттер керзі етіктерін 
қорқылдатып, түбі тесіліп кеткен аспанды, биылғы қуаңшылық жылды, жаздай бір тамбай 
қойып, күзде сорғалаған жаңбырды, ауданнан жүз шақырым шалғайдан шӛп дайындаған 
басшыларды оңдырмай балағаттаған... Шелектеп жауған жанбырдың астында кӛзге түртсе 
кӛрінбейтін қараңғылықты жамылып, батпақ кешкен жігіттер сонадайдан сығырая 
шақырған болымсыз жарықты бетке ала безектеп еді. Әудем жерде ғана кӛз қыса 
қылымсыған Огневканың бұлар асыққан сайын алыстап, жеткізбей қашқаны, ал 
қарашаның ең соңғы желді нӛсері сабалап, мойнынан кірген су қойын-қонышысын қуалап 
етігіне сорғалағаны, тісі-тісіне тимей сақылдап сұмдық тоңғаны, осына сүңгілескен 
азапты халдің қайтіп қайталанбауын, мынау кері баққан ішкері жақта ат басындай алтын 
бар десе де қайта айналып келмеуін тілеген ӛз-ӛзіне ант еткен, сылп-сылп басып, жолсыз, 
жӛнсіз жортқан он жігіт ауыл шетіндегі тілдей кӛпірді әрең дегенде сипалап тауып, 
құндыздай шұбап ӛте береміз дегенде кеңірдектен келетін ӛзеншеге Нұржан аяғы тайып 
кетіп, оңбай құлап еді... Жар жиегіндегі талды паналап, жүзіп жүрген тамам үйректі үркіте 
былш етіп құлаған Нұржанды Қайкен мен Ақай зорға дегенде шығарып алып еді. Құйрық 
басып отырып, етігіне толған суды тӛгіп тастар құрғақ жер жоқ, ылжыраған сусіңді 
дүниені тағы да лағынеттеуде, шылпылдатып ілгері тарта берген. Бұлар келіп жеткенше 
ауылға сіңіп үлгерген қалған жетеуінен айрылып қалған да, мұқым Огневкадан есігін 


Taraz.aiman@mail.ru. 
қақпаған үй қалдырмаған. Бірақ кӛше-кӛшені жездей қақтап, аралап шықса да, бірде-бір 
үй түнеуге рұқсатын бермеп еді. Су тышқандай сүмірейген үш жігіт адамдардан 
осыншалық мерездік, жатпейіл, масқара қатыгездікті бұрын әсте байқамай, тіпті мүлдем 
күтпей келіп, ӛз бастарына сарт етіп тигенде ғана барып, суына түңіліп еді-ау. Жоқшылық 
кезінде, тіпті күні кешегі соғыста адамдар дәл осылайша қатыбастанып, жат бауыр болған 
жоқ шығар. Әлде бұл жұрт тым-тым тойынып кетті ме, кекірігі азып, кекіреледі ме, 
мүмкін, жеті қат түн ішіндегі ұрылар деп сенбеді ме?! Қайдам, әйтеуір, Нұржан осы 
жиырмадан жаңа асқан жасында тұңғыш рет адамдарды жеккӛре безініп еді... Бар болсаң 
кӛре алмас, жоқ болсаң бере алмас ағайын шыр айналып келгенде, қара басының қамын 
күйттеп кетері рас та... Сонымен, үш жігіт Қайкен, Ақай, Нұржан ӛлген жыландай 
шұбатыла қоныс тепкен Огневканың басына түсіп, аяғына дейін әр үйдің есігін тартып, 
терезесін қағып шықты. Ешқайсысы қондырмады. Ауылдың шетіндегі оқшаулау 
орналасқан ақырғы үйдің есігін тықылдатып еді — ар жағынан әйелдің „кто?" деген 
жіңішке даусы естілді де, ізінше ӛзі шықты. Пұшпақ-пұшпағынан су сорғалаған үш жігітті 
кӛргенде алғашында аңтарыла сескеніп қалды да, „сіздерге кім керек?" деді. Ақай ана 
екеуінен гӛрі пысықтау еді: 
— Ӛтінемін, жылаймын, құдай үшін түнетіп шығыңыздар, Қарағай ауданының 
жұмысшыларымыз, машинамыз батып, жаяу қалдық. Бармаған үй, тартпаған тұтқамыз 
жоқ, ешкім жолатпады, бір қайырымдылық жасаңыздар, үсіп ӛлуге жеттік, босағадан ары 
аспайық, тек бойымыз жылынса болды,— деп зарлай жӛнелді. Тӛргі бӛлмеден ер адамның 
үні естілді. Әйел бұл мәселені жалғыз ӛзі шешуге батылы бармады білем, қайта кіріп, 
күйеуі болар, әлдекіммен ақылдасты. Содан кейін ғана есікті айқара ашып:— 
Кіріңіздер,— деді күлімсірей. „Кіріңіздер"— Нұржан үшін бұл жалғанда осы сӛзден 
құдіретті, осы сӛзден ыстық, әрі ардақты ұғым жоқ шығар. „Кіріңіздер"— қандай ғажап! 
Осы ізгі ниеттен соң ӛліп кетсең де не арман. „Кіріңіздер"— адамзаттың қолы жасаған 
бүкіл арамдықты ақтап қалар ықыласты пейіл-ай. 
Қарапайым жиналған ұядай жылы қос бӛлмелі шағын үйге кіргендерінде әбден сілікпесі 
шыға тоңған жігіттердің су тамшылаған мұрындарын орыс кӛжесінің ашқылтым иісі 
жарды. Жүз жылға бірақ қартайған мүшкіл хал, жүз жылға қайта жасарғандай қуана 
толықсыған-ай! Табалдырықтан аттауын аттаса да, не ары емес, не бері емес, ошарылып 
қалған жасқаншақ жолаушыларға ірге жақтағы нардың үстінде малдас құра отырған шегір 
кӛз, сары шашты орыс:— Тӛрге шығыңдар,— деп қазақ тілінде ілтипат білдірді.— 
Алдымен сырт киімдеріңді шешіп, суын сығыңдар да, пештің ығына жайыңдар, 
ұялмаңдар. Состиып, ит кӛрген ешкідей тұра берудің ендігі реті жоқ еді. Іштеріндегі 
ересегі Ақай бастап шоланға шығып, сырт киімдерін шешіп, екеулеп бұрап, суын сықты. 
Нұржан жалма-жан отыра қалып керзі етігіндегі шүлпілдеп тұрған суды тӛкті. Түнгі 
қонақтарының әр қимылын қалт жібермей баққан үйдің иесі әйеліне тамақ әзірле деп әмір 
берді. Тӛргі бӛлмеден шаштары үрпиіп екі-үш баланың басы кӛрініп еді, ұйқтаңдар, кісі 
кӛрмеп пе едіңдер — деп зекіді. Буы бұрқыраған жоян табақ борщ алдарына келгенде 
анасынан қайта туғандай жасады-ай. Пештен жаңа ғана алған ып-ыстық нан, пештен осы 
әзірде ғана алған ып-ыстық кӛжені азып-тозып келген үш жігіт мұрындары шуылдап 
армансыз ішіп-жеді-ай. Үнемі қылтылдап тұрар пенде шіркіннің кӛңілі бағана жақсылық 
атаулымен қайтып оңалмастай болып зәрезептене жеріген еді, енді міне сол екі қолды 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тӛбеге қоя безінген адамдардан айтып жеткізгісіз дарқан кӛңіл тауып, паналап отыр. 
Жұмыр басты пенденің бәр-бәрі бірдей еместігіне имандай иланды-ай. Қаужаң-қаужаң 
тамақ жеп, ар жағына ел қонып, суық сорған денелері қызына бастаған жолаушылар 
нардың үстінде қозғалмай отырған орысқа түстеп қарап еді, ӛз кӛздеріне ӛздері сенбей 
қайран қала таңырқады. Бірақ ешқайсысы да сездірген жоқ, іштерінен тынып, үнсіз 
түсініскен. Үй иесі орыстың екі аяғы тізесінен жоқ, томардай шолақ екен. Дегенмен, ол да 
жігіттерді ыңғайсыз әсерден ӛзі-ақ арылтқысы келді ме:— Екі аяқты Гитлер алып қалған. 
1945 жылғы 8 майда минаға түсіп қалдым,— деді. Ол бұл сӛзді немкетті, бүгін күн бұлтты 
екен дегендей жай айта салып еді. 
— Мен сол ГДР-да служить еттім,— деді Нұржан тек отырмай. Ӛзін Ретивых деп 
таныстырған мүгедекке қарап. 
— Қалай, ұнады ма?— деді. 
— Халқы таза, тиянақты, біздей емес пысық. 
— Бірақ дүние жүзіндегі атақты данышпандар да, атаңа нәлет жауыздық та сол сен 
мақтаған халықтан шығып жатыр-ау,— деп әлдене ойына оралғандай күрсіңді.— Ал, 
жатып демалыңдар, шаршаған шығарсыңдар. Биылғы құрғақшылық сендердің 
аудандарыңа қатты тиді ғой. 
— Ӛзі соңғы жылдары табиғат та ӛзгеріп барады-ау,— деді бағанадан жақ ашпай 
тосырқаңқырап отырған Ақай. Жылы үй маужыратып, ыстық кӛже буынына түсті ме, 
Қайкен изек қағып, қалғи бастаған. 
— Ӛзгерген ауа райы ғана ма екен, ел де баяғыдай емес... Құдайын ұмыта бастады,— деді 
Ретивых жұп-жұмыр шолақ тізесін сипап. Мүмкін, әлі де сыздап ауыра ма, әлде бұрыннан 
сипай-сипай әдеттеніп кетті ме белгісіз. 
— Ол ӛзгерісті осы жолы кӛрдік,— деді Ақай.— Сіз болмағанда таң атқанша жауынның 
астында қалар едік. 
— Жалпақ жерден қаға беріс, тым шалғайда тірлік құрған адамдар тағыланып, бӛтен мінез 
танытары рас. Ауыл-үймен араласпаған семьяның баласы да кісі жатырқағыш келмей ме. 
Бұл ауылда тек кілең кержақтар ғана емес, кержақ болып кеткен қазақтар да баршылық,— 
деді де, қонақтар шамданып қалды ма дегендей, әңгімесін әзілге шаптырды.— Жамандық 
пен жақсылық адамдардың қанына емес, жанына ұя салған ғой. Неғұрлым байыған, 
тұрмысы түзелген сайын тәубесін ұмытқыш келеді. Екі аяғым бар болса, мен де 
қондырмас па едім, қайтер едім, а, Маша?! 
Ыбырсыған ыдыс-аяқты жуып, бәкін-шүкін үй ішінің шаруасымен жүрген толық әйел 
жымиып күлді де: 
— Уыздай жас кезіңде, иә, сау кезіңде сенен қатал, сенен тәкаппар ешкім жоқ болатын. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Патшаға сәлем бермеуші едің. Мені де менсінбегенсің. Соғысқа дейін соңыңнан ермеген 
қыз қалып па еді. Сені қармағыма түсірген соғысқа рақмет,— деді жарасымды, әрі 
жайдары мінезбен. Бәрі жамырап күлді. Қалғып отырған Қайкен де түкке түсінбесе де, ӛз 
алдына ыржалақтаған-ды. 
Ол жатқан соң да кӛпке дейін ұйқтай алмады. Кӛз алдынан нардың үстінде Будда құдайы 
сынды қасқайып, жүрелей отырған Ретивых кӛлденеңдеп кетпеп еді. Жер бетінде 
мүгедектер болмаса кӛз еті ӛскен жұрт ұяттан баяғыда жұрдай болар-ау деп ойлады. Жер 
бетіндегі адамдар тек бір-бірі үшін ғана туарын ойлады. Жер бетіндегі адамдардың ӛлісі 
тірісінен, тірісі ӛлісінен айырмашылығы жоқ па екен деп ойлады. Жер бетіндегі қыбырлап 
ӛмір сүріп жүрген адамдардың тек қызық үшін ғана емес, қайғыны да қарсы ала білер 
қарапайымдылығын ойлады. Сол іспетті жер бетіндегі адамдардың қайратына қайран 
қалды. Неге екені белгісіз, оның есіне сексенге келген әжесі түсті. Ӛткен жылы басқыштан 
құлап, аяғын сындырып алған. Сонда ауданнан келген жедел жәрдемге салып жатқанда 
әжесі: „Әй, Нұржан,— деп еді,— сынған аяғымның басы теріс бұралып қалды, 
былқылдатпай ауната салшы",— деп еді күліп. Сонда әжесінің қайраты бұған үлкен медет 
болған. Және сол мықтылықты маған дарыта кӛр деп іштей тілеген-ді. Қарашаның нӛсері 
толастамай ең соңғы әнін айтып, таң атқанша той тойлап еді. Шатырға тиіп тасырлап, 
терезені сабалап, жым-жырт жатқан жуас халінің мазасын алады. Кейде нӛсер қайдағы-
жайдағы оқиғаны еске салып, белгісіздеу мұңға, алыстап құспен бірге қайтып кеткен 
арманыңды шақырғандай болады. Сол ұзатылған қыздай сыңсып кеткен арманың қанаты 
талғандай жақындап, жабырқау тартқан жаныңа қауырсынымен су себелегендей ме, әлде 
тағатсыз қаққан қанатының суылы естілгендей ме, әлде мәңгілікке — құзарға құлап ӛліп 
тынғандай ма... әлемнің түкпір-түкпірінде не болып жатқанынан бейхабар, дел-сал ұрлық 
ӛмір кешкен шағын ауылдың ӛз мерекесі, ӛз қасіреті — ӛзінде. Үлкен картаның бетінде 
жоқ. оған симай қалған кішкентай ауылдың әрқашанда үлкен арманы болушы еді. 
Тағы да таң атып, ертең басталғанда берекелі үйдің шайына қанып, рақметін айтып сыртқа 
шыққанда үш жігіт тағы да сарсаңға қалған-ды. Бұлардың бар-жоғын ескермей, жарыла 
қашқан жеті жолдасы алаң-елеңнен тұрып, ойға түсер трактордың тележкасына мініп 
кетіпті. Ары жүгіріп, бері жүгіріп, амалы таусылған үшеуін тау арасындағы танымас ел 
Огневканың дәмі жібермеді. Етекке түсер кӛлік жоқ, сәтсіздік деген аяқ астынан, тілеп те, 
сұрап та алмайсың. Огневка — сонау етектегі Қайыңды колхозының бір бригадасы. Қыс 
бойы, тіпті осы қараша айынан кейін трактор болмаса, машина қатынай алмайды. Жері 
қара топырақты болған соң, егін бітік, пішен қалың шығады. Себезгілеп жаңбыр жауса, 
қою батпақтан аяқ алып жүру зор, қыста қар қалың жауып, кӛктем кеш шығады, күз тым 
ерте түсетін. Жол қатынасы қиын болған соң, Қайыңды колхозы бұл ішкері жақтың мол 
байлығын дер кезінде жинап үлгермей, ысырапқа ұшырата берген соң, кӛп назар 
аудармай, „ӛздері білсінге" кӛшуші еді. Солтүстігінде атақты Хатынь ӛзені, оңтүстігі 
Бұқтырма, екі ӛзеннің ортасындағы иен жер тегін байлық, күйсіз күн кешіп, 
ұмытылғандай жетімсіреп жатушы еді. Ал Огневка ең алыс, шеткері ауылдың бірінен 
саналатын да, Үлкен жердің қӛп-кӛп жаңалығынан кереңдеу, томаға-тұйық. 
Огневкалықтардың мінез-құлқы да қызық екенін Нұржан сол жолғы сапарында аңғарған. 
Әркім күйбең қағып, ӛз шаруасымен әуре. Іргесінен бӛтен кісіні қойып, сап түзеп 
сарбаздар ӛтіп бара жатса да бас кӛтеріп қарамайды. Содан соң берген сәлеміңді 


Taraz.aiman@mail.ru. 
саңыраудай алмайды екен. Ал аспан ойылып жерге құласа да елең етпейтін немкеттілік 
сананың тасемендігі — қатал табиғаттың ӛзінен жұқты ма десең, жаз айында осы ӛлкеден 
сұлу, тамылжыған жанатты жерді тек түсіңде ғана кӛрмесең басқа жақтан таба алмайсың. 
Сойталдай үш жігіт бригаданың кеңсесіне барып еді, аядай бӛлмені кӛк түтін қылып 
ыстаған бір топ жігіт отыр екен. Кіріп келгендерге самарқау мойнын бұрды да, доминосын 
сартылдап ойнай берді. Есік кӛзінде делдиіп әрі-бері тұрған соң, Ақай екі күн бойы 
тастамай арқалап жүрген дорбасын қолтығына қысып:— Бұл ауылдың бастығы кім 
екен?— деді. Ешкім тіл қатқан жоқ. Ойын жалғаса берді. Ақай даусын қаттырақ шығарып: 
— Бұл ауылда бастық бар ма?— деді. Ұзын бойлы, арық орыс алайып бір қарады да:— 
Неге бақырасың, бұл ауылда саңырау да, бастық та жоқ,— деді күркіреп. Оның 
қарсысындағы тығыршықтай қара қазақ:— Бригадир таңертең колхоз орталығына кеткен. 
Сендерге не керек?— деді. 
— Ойға түсер трактор бар ма? Соның жӛнін білейік деп едік, ағасы,— деп Нұржан 
кішірейе сұрады. 
— Кешке екі трактор түседі.— Әлгі қазақ жӛнін айтты.— Тоссаңдар, ала кетер, бәлкім. 
Бұдан әрі әңгіме созылмады, үш жігіт ізінше қайта шықты. Шыққанымен жандарын 
қоярға жер таппады. Еру бола тұрар жылы баспана іздегендей еді. Мүгедек Ретивыхтің 
үйіне қайта барудың реті жоқ. Сандалып, батпақ кешіп кӛп жүрді. Осындайда қас 
қылғандай уақыт шіркін ӛтпей-ақ қояды-ау. 
— Бір бӛлке нан сұрап жесек қайтеді,— деді аңқаулау Қайкен. 
— Атаңның басы, ақша бермесең татырмайды да. Былтыр келгенде де аштан ӛліп қала 
жаздағанбыз,— деді Ақай. Үшеуі енді үсіп-жығылып тұра бергенше ермек іздейік деп ат 
қора жаққа барған. Аласа бойлы, шоқша сақалды қазақтың шалын кӛріп, әкесін 
кезіктіргендей қуана сәлем берді. 
— Ассалаумағалейкум, ақсақал!. 
Шал бұлардың бетіне бажырая қарады да: 
— Здравствуйте,— деді. 
— Мына шал сақалы бар демесең, қазақша білмейді. Бүлдірмей тұрғанда қашайық,— деді 
Ақай. Осы кезде ат қораның арғы түкпірінен шыға келген сары қарын орыс кемпірі 
айғайды салды:— Что стоишь, старый черт... 
Былайырақ ұзап шыққан соң Ақай айтты:— Баяғыда ӛкімет орнамай тұрғанда ішкері 
жақтың кержақ байларына кӛп қазақ жалға кетті деген, содан қалған жұрнақ қой. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Құр бекер сандалумен кеш болды. Үшеуі қайткен күнде ойға түсетін тракторға ілініп 
кетудің қамына кірісті. Қызулау трактористер ақысын бермесеңдер отырғызбаймыз деп 
әуре салды. Үйлерінен асығыс шығып даяр машинаға отыра салған жігіттердің 
қалтасында кӛк тиын жоқ еді, не істерлерін білмей сасқалақтады. Осы кезде Ақай айтты: 
Мен мына дорбаны бекер арқалап жүр дейсіңдер ме? Ішінде үш-тӛрт килограмм қойдың 
жүні бар, бір әжетке жарар деп сала салып едім. Соны кӛрсетейік. 
Ішіп алған масаң трактористер Ақай берген жүнге келісті. Тек кабинада орын жоқ, оған 
картошка тиелген, соқаға отырыңдар,— деген соң, кешелер ғана сүдігер жыртып, батпақ 
қатқан соқаға атша мініп секектеп таудан түсіп еді түн жамылып. Міне, сол ішкері жақтың 
дәмі енді қыста тағы да бұйырды. Егер бұйырса... 
Қайда қарасаң да аппақ қар: сеңдей сіресіп қасаттанған қар; қарасаң кӛз қарықтыратын 
шаңқан бел-белестер, ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген дүмбілез таулар. 
Тым шалғайдан сарын естіледі... 
Достарым ұйқтап қалмады ма деп тың тыңдап еді, мұрындарын қайта-қайта тартып, 
бүрісіп ояу жатыр екен, қуанып кетті. Бірақ ешқайсысы да әлгі бір сәттегі ашу-ызадан 
айыға алмағандай. „Тӛбелесіп алғанымыз тым нәтижесіз болмады-ау",— деп ойлады 
Нұржан. Бұдан соң ол сонау бір кӛктемде, алғаш әскерден келген 
шақтағы оқиғаны есіне түсірді. Кӛзін жұма тәтті бір әсермен қайта... қайта елестетті. 
Қандай әдемі кӛрініс еді. Қандай ғажап дүние еді... Иә, онда кӛктем еді ғой... онда кӛктем 
болатын... кӛк-жасыл әлем болатын. Онда аппақ қар да, аппақ қардың ортасында меңдей 
болып қарайып тұрған трактор да, мынау бүйірі бүлкілдеп, уайым уыстап жатқан екі досы 
да, алыстан... тым жырақтан ұлыған аш қасқырдың үні де... азапты жүріс, азынаған ой да 
— бәрі-бәрі, бәрі-бәрі жоқ, тек ӛзі ғана... тек ӛзі ғана... тек ӛзі ғана ма еді. 
Баяғыда аспан не деген түпсіз, кӛкжиек не деген шексіз еді: ӛз ойымменен ӛзім арпалысып 
жатып, күннің еңкейгенін, енді түнгі ұйқысы — ұясына бататынын, сонымен бірге 
бүгінгімен бақилыққа қоштасатынымды, бірақ жылдар сусып ӛткен сайын дәл осылай 
қыстан қалған маяның үстінде кӛкке қарап шалқамнан жатқан жалқы сәттік оңаша күйімді 
сағынатынымды байқадым ба сонда; ой дегенің сол аспан, сол кӛкжиек сияқты шексіз де 
шетсіз емес пе; ендеше, жүз рет ойлағанша, кӛз шалқыған, батар күннің нұрына балқыған 
кӛктемнің кербез келбетіне бір рет қарағаным ғанибет емес пе; араға талай жылдар салып, 
туған аулыңа қайтып оралсаң, кӛзіңе кӛрінгеннің бәрі-бәрін аймалап сүйіп, айналып-
толғанып, жылтырап айрылып қоштасарсың; әмбе мынау кӛктем сені дүниеге тағы бір 
тудырып, бұдан бұрынғы, бұдан кейінгі ӛміріңнің айтып ӛтер әсем әніндей, жүрегіңнің 
нәзік қылын шерткен; жаңа ғана қаушағын ашқан қыр гүлі, жапырақ жайған жас қайың, 
мӛңкіп ағар таудың ерке бұлағы, тәй-тәй басқан үкілі жас бота, енесін қақтай емген қара 
қасқа құлын, туған жеріне қайтып оралған аққу-қаз мазасыз тірліктен шаршаған жанымды 
жаңғыртқан: даланың балдай тәтті ауасын кеуде кере жұтып жіберсең, сарайың ашылып, 
ӛз-ӛзіңнен, мейлі мақау болсаң да, әйтеуір, бір әнді емін-еркін шырқағың келер, таласып 
байып батар күн мен жатқан маяның кӛлеңкесін ұзартып, кӛгі енді ғана тебіндей бастаған 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тӛбелерді маздатқан; таласып байып батар күн бар аймақты алтынмен аптап, ӛмір 
шаттығының салтанатты шатырына айналдырады; таласып байып батар күнге қарсы 
жүріп келе жатқан Қыз шӛп үстіндегі Мені байқамай кӛзінде күннің қып-қызыл алауы 
секіріп ойнап, Мен ӛмір бақида естімеген, әрі нәзік, әрі сыршыл әуенді ыңылдаған еді; 
ауылдан қырға ұзап шығып, сұғанақ кӛздер тұтқынынан босап, оңаша қалған жас Қыз 
алтын ағыстың ортасында жүзген аққуға ұқсайды; мынау кӛктемнің бір бӛлігіндей болып 
ӛзінің алаңсыз кӛңіл күйіне еркелегендей еді-ау; ол жаратушысын да, жарылқаушысын да 
білмейді, тек қана, әйтеуір, бір ғайыптан пайда болған, ессіз қуаныш құшағына алып, 
әлдилеп тербейді, әлдеқандай сұлу һәм сыршыл дүниеден сыбырлап әңгіме айтады; 
рақаттың, бақыттың буы ӛне бойын қытықтайды; мен ғана кереметпін, мен ғана асқан 
сұлумын деген тәкаппар сезім жетегіндегі ару ӛң мен түстің екі арасындағы бейкүнә масаң 
халде еді; ол әндеткен күйі Мен жатқан маяның жанына келіп тоқтады; Қыздың осынау 
оңаша алаңсыз еркіндігін үркітіп алмас үшін иісі бұрқырап жатқан сарғылтым шӛпке бұға 
түсіп едім ғой; жас Қыз күн нұрымен шағылысып, сынаптай толқыған бұлақ суын ішкен 
алтын киікке айналған; жұқалаң кӛгілдір кӛйлектің тарлау тігілісі балғын дененің әр 
мүшесін айқындап, алқына соққан жүректің лүпілінен жыртылардай болады; не ұзын, не 
қысқа емес қою шаш бұйралана қобырап, ашық маңдайды қызғана жасырады; ал енді ғана 
мүсіндене бастаған тіп-тік балтыр миуа ормандарда сирек кездесетін қос қайыңның 
сүмбіл бітіміндей; ал тал шыбықтай бұралған талдырмаш бел үп етіп самал тұрса 
майысатындай; ал батар күннің батсайы бояуын жағынған жібек мойын, баян тӛс пен қара 
кӛз — менің де, сенің де тек түсіңде ғана кӛріп, эпостық жырлардан ғана оқитын ертек 
сынды, сиқырлы әмбе сымбатты теңдесіз сұлулық; күн батты, сонда да оның қара кӛзі мен 
садақтың оғындай кірпіктеріндегі нұр жоғалған жоқ, күн әулиенің түнді сәулелендіруге 
қалдырған аманатындай, мен демімді ішіме алып, қыбыр етпестен жатқаным; қыз күліп 
аққан бұлаққа аяғын салып, тәтті арман, биік қиял қанатында отырған; ол енді ыңылдап 
айтқан әуенді доғарып, ӛзгеше әдем мұңға бӛленген; бейбітшілік, бақыт, қуаныш — деген 
ұғымның нағыз мәнін де, сәнін де мен осы қыздың бойынан таптым: қарабарқындана 
бастаған кӛктем кешінде екі тізесін құшақтай отырған осынау қыз, мүмкін, жылдар бойы 
тылсымнан, ертеңімнен немесе ертегіден іздеп жүрген махаббатым ба еді: мен сонда 
дүниеде дәл осы қыздай сұлу, дәл осы қыздай әнші, дәл осы қыздай бақытты адам жоқ деп 
білдім; оқыстан пайда болған күнәсі жоқ мӛлдір сүйіспеншілігімнен шошындым да; енді 
қалған ӛмірімнің мәйегі, жер қойнына кіргенше айтып ӛтер дұғасы — тек сенсің, 
намаздыгер-намаз шам арасында ғайыптан туған кӛктем — қыз деп едім-ау; сен маған 
бұдан екі жыл бұрын неге жолықпадың... жүрегім тоқтап қалған секілді: әлдекім түпсіз 
зынданға тастап жіберген секілді; кӛзімді жұмдым — бәрібір қарабарқын кешті 
нұрландырған кӛк кӛйлекті кӛктем-қызды кӛрдім, әне, қос қанаты бар қалықтап ұшып 
барады, әне, оқыстан киліккен қара құс іліп алды да кӛз кӛріп, құлақ естімейтін алысқа 
алып ұшып кетті... шошынып барып кӛзімді аштым: кӛктем-қыздың періштеге балаған 
иығына қолын салып, жыртың-жыртың күліп тұрған дарақы жас жігітті кӛрдім, икеміне 
беріліңкіремеген қыздың қолынан жұлқа тартып, мен үшін белгілі әрі белгісіз жаққа 
ӛзімсіне жүр-жүрлеп, қоюлана бастаған қараңғылыққа сіңіп бара жатты, орнымнан атып 
тұрып, соңдарынан қуғым келді; қызғаныштан ӛртенген жүрегімді жұлып алып, 
солқылдап тұрып ағыл-тегіл жылағым келді; бірақ кейінгі кезде орныққан ақыл меңдеді 
ме әлде ежелгі дәрменсіздігім тұсау болды ма — кӛкірегім қарс айрылып, ӛкінгенім 
болмаса, батылым жетпеді: шалқамнан түсіп қара кӛк аспанға қараймын; жұлдыздар 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жыпырлап молайған, тым биіктен қызықтырып, кӛз қысады, әне, жұлдыз ақты — еш нәрсе 
ойлап үлгере алмадым; тағы да... маған жұлдыздар жауып тұрғандай болып сезілді: 
ұстайын дедім — аузымды аштым, алақанымды жайдым — маңайламады: салқын да 
саябыр тартқан дала бейқам, тӛсінде болып жатқан сан қуаныштан, сан ӛкініштен 
бейхабар; жаңа ғана бар жастығымды, бар махаббатым мен базарымды ұрлап, кӛз 
алдымда қолтықтап кеткен танымайтын сары ауыз жігітті күні бүгінге дейін ӛлердей жек 
кӛремін, менікі әншейін жалған құмарлық емес, кӛктемгі бейуақытта туған шыншыл 
сезімнің айында-жылында, не басыма іс түскенде, не кӛрер таңды кӛзіммен атқызып 
сырқаттанғанда, санамда жалқы сәт сәулеленіп, сонсоң ғайып болар рухани пірге деген 
ұлы ынтызарлық болар... мен білемін „— құмарлық кеме желкендерін кеулейтін жел 
секілді — кейде, ол да суға батырады, бірақ ол онсыз жүзе де алмас еді"— менің ойым 
мен бойымды билеген әсте де ондай сезім емес, іңірдің ӛзіндей келте де кемеңгер, мәңгі 
толастамас жұмбақ сүйіспеншілік; аспанға қарап шалқамнан жатырмын: мұрынға кепкен 
шӛптің иісі келеді, жұлдыздар ағып тұр; ауыл жақтан: Нұржан... деп шақырған анамның 
үйреншікті айқайы естілген, Нұржан... үйге қайт... құлыным... 
— Иә, сонда аспан не деген түпсіз еді, кӛкжиек не деген шексіз еді... шексіз еді... 
Қайда қарасаң да аппақ қар сеңдей сірескен, тұтаса қасаттанған суық дүние... Алыстан — 
тым шалғайдан қыздың сыңсыта салған әні келді құлаққа... 
Күндізгі дүрдараздықтан соң Аманжан да кірпігіне кірпігі айқаспай бадырайып жатыр еді. 
Әбден май сіңді болған сабалақ жүнді шолақ қара тонды қаусырына түсіп сонау бір 
шақтағы... жадыраған жаздағы оқиғаны есіне алды. Есіне алып еді, бойына жылу тарап, 
екі тізесінің тоңғаны бәсеңсігендей болды. Адамның ойына осындайда тек естен кетпес 
ӛмірінің әдемі сәт елестері қандай жақсы... Иә, онда жайма-шуақ жаз еді-ау, жаз болатын, 
жайлау болатын: 
„. Тақымымыздағы ат арқырай кісінеп қоя берді. 
Кешкі сауын бітіп, ағытып жіберген құлын енесімен табысып, жылқылардың алды 
қарағайлы беткейге жосыла ӛріп барады екен; оқта-текте үйірін қызғанысып, алакӛз боп 
тебіскен айғырлардың шаң-шұң даусы шығады; ондай сәтте тӛрт қанатты киіз үйдің 
алдында тұрған жылқышы „ай-үй" деп арашалай айғай салады; үйдің қыр жағына 
қағылған мама-ағашқа атымызды байлап, үйге беттедік; жылқышы қонақжай адам екен, 
ізгі ниет білдіре есендесті; киіз үйден сабаға сар-сұр құйып жатқан саумал даусы, аяқ-
табақтың сылдыры естіледі; бірте-бірте үйіріле берген ымырт ұзап бара жатқан 
жылқылардың қалың қарасын ғана кӛзге сүлделендіріп, жерошақтағы бықсып жанған 
оттың сәулесін айқындай түседі; сонау алып бурадай шӛгіп жатар таудың қыр желкесіне 
күміс шеге қағылды, ол түн — арудың алғашқы хабаршы жұлдызы — қойшы жұлдыз, 
ӛріске беттеген жылқының пысқырынған-осқырынғаны естілмей, ендігі сәтте кӛзден 
тасалана бастады, тек анда-санда алакӛз боп кетіскен айғырлардың ғана жан айқайы 
шығады; енді үйден гүрпілдете піскен сабаның даусы шықты; алыстан... анау бұйығы-
бұйығы жүндес жотаның ар жағынан „Жолдаяқ, Жолдаяқ" деп шақырған қыз үні естіледі; 
оның жіңішке де жарасымды даусы қараңғылық ұйып, қалғи бастаған тау аңғарын 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жаңғырықтырады; алаңсыз арманшыл қыздың жалғызсырағандағы бар ермегі — сол 
Жолдыаяқ-ау деп ойладым; екі қолын артына ұстап, жылқылар ұзаған жақтан екі кӛзін 
алмай тұрған жылқышы елең етіп: „Ақбілек қой, қойшылардан келе жатқан",— деді; біз 
үйге кірдік; саба пісіп тұрған сұңғақ бойлы әдеміше әйел имене есендесті де, іркілместен 
қымыз құю қамына кірісті; бетінде майы жүзген қымызды сыңғыта ішіп жібергенде 
кӛзіміз шырадай жанып қоя берді; екі-үш кеседен кейін жаздың күшті қымызы 
бойымызды қыздырып, бүкіл кӛрініс қайта жасарды, біз ӛзімізді ӛзгеше кӛңілді, сергек 
сезіндік, үй иесі әңгімешіл адам екен, ауыз жаппай сӛйлеп отыр; сырттан ат дүбірі естілді 
де, әлдебір әннің әуенін ыңылдап, әлдекім кірді үйге; ол күпәйкесінің жан қалтасына 
қолын салған күйі босағаға сүйеніп, қалт тұрып қалды; сымдай ғып киіп алған қара 
шалбар, басына ораған жұқалтаң қызыл жаулық, күпәйкесінің жағасынан әнтек кӛрінген 
ақ кеудешенің жағасы — бәр-бәрін сұмдық шапшаң әрі тінте шолып шықтым да от қызуы 
мен ондық шамның сәулесі нұрландырған жүзіне үңілдім; білмеймін, мүмкін, қымыз 
қыздырып, кӛзім бұлдырап отыр ма, әлде ес білгеннен бермен ойша қиялымнан, әсіресе 
алдағы күндерімнен толассыз іздейтін, бірақ ол не — адам ба, періште ме,— ӛзім де 
сезініп білмейтін жұмбақты бейне, сағыныш дейтін буалдыр сағымның арасынан жалт 
еткені ме; аса тұрпайы, әрі жалынышты кӛзбен қарасам керек; екеуміздің де жанарымыз 
жалт етіп, былайғы жұрт есін жиып алғанша қарасып, һәм іштей ұғысып та үлгердік; 
маған оның еш аламанға ұқсамайтын табиғи дидарына енді бір қарауды жазбапты; әкесі 
— Ақбілек, қымыз ішіп ал да, жылқыны Ешкіӛлгенге бұрып жібер,— деді; ол қымыз 
ішкен жоқ, үндемеген қалпы оқыс бұрылып шығып кетті; мен жаңа ғана жасқанып кеткен 
кірпігімді қайта кӛтергенімде босаға бос тұрды; бірақ Ақбілектің бейнесін ойша 
елестеттім: маған ол сол босағада қолын қалтасына салып, әлі тұрғандай сезіледі; маған ол 
дүлей таулардың ортасында нажағай отымен түскен кӛк жасынға, жүрегімді ұстарамен 
тіліп ӛткен қасапшыға ұқсады; неге екенін білмеймін, оны да, ӛзімді де, тіпті тіршілікшіл 
әлемнің басы толып, жүрегім айныды; жылқышының әйелі айтты: Ақбілек оқуға түсе 
алмады, сосын әкесіне қолғабыс жасап жүргені ғой: „Оқып керегі не деп ойлаймын,— 
оқып керегі не", егер мен оны осына жайлаудағы қымыз иісі аңқыған киіз үйдің 
босағасынан емес, қаладан: парктен, театрдан, биойнақтан кӛрсем, дәл осыншалық тәтті 
мұңмен әсерленіп, дәл осылай сұлу күйінде елестете алмас едім; мен оны тіпті басқаша 
кӛруге құштар емеспін, онда ол бүкіл таңғажайып жаратылысынан айрылып, үстіне 
күпәйке емес, әшекейлі жалтырауық кӛйлек киген сайын жарасымнан жұрдай боп, бетіне 
опа жаққан сайын қартаятын — сонсоң масқара бұзылып, күнәға бататындай еді; оқып 
керегі не, оқып керегі не", бірақ мен мынаған да ӛкіндім: табиғаттың таза сұлулығын, 
табиғат ӛз уысынан-ақ шығармайды-ау, ал кӛп әдемілікті біз, болмаған соң, қолдан 
жасаймыз; Ақбілектей қыз, бәлкім, жүз жылда бір-ақ рет туар, әттең, соның ӛзінде 
байқамаймыз, не ескермейміз — тағы таудың арасында тасаланып қалар; мәңгіге 
ұмытылады; қимайсың, қиналасың — дәрменің жоқ, дәрмен бар-ау, кӛзді жұмып кӛлге 
секірер ерлігің болмаған соң осылайша санамен ғана сандалып аялайсың... аялайсың, 
керегі не осының... сонсоң, сорлықтың бәрін табыстырмас тағдырға телеміз; жылқылы 
ауылдан ұзап, қалың .. қарағайлы ӛңкейген жотаны аса беріп, сонау Ешкіӛлгеннің 
баурайынан сыңсыта шырқаған ән құйылды құлаққа! Ал мен Ақбілектің әнін тыңдап, ойға 
шомдым; ал жол серіктерім түнгі әнге әрі-бері құлақ түрді де, бірі „Жылқышының қызына 
зоотехник қырындап жүрген кӛрінеді",— деп еді, екіншісі: „Ол иттің әйелі, екі баласы бар 
емес пе",— деді әлденеге ӛкінгендей кейіспен; сосын екеуі де терең күрсінді: аспанға 


Taraz.aiman@mail.ru. 
қарадым: жап-жарық секілді, қаланың бір ӛшіп, бір жанған сансыз оттарына ӛте ұқсайды 
екен; жұлдыз ақты: Ешкіӛлгеннің ар жағына асып, ал қараланып жатқан қара жерге қарс 
кіріп кеткендей болды; маған жұлдыздар жауып тұрғандай сезілді; аузымды аштым, 
алақанымды жайдым — дарымады, жаздың жанға жайлы жұмсақ түні болса да қалтырап, 
тоңази бастадым; Ешкіӛлген жақтан естілген ән бәсеңсіп, арқырай кісінеген айғыр даусы 
тау-тасты ұзақ жаңғырықтырады-ай... „Зоотехник қандай адам екен? Жоқ дегенде осының 
да бақыты бұйырмады-ау"— астымдағы атты қамшымен сауырлап салып жібердім — 
жазықсыз сабадым... 
Қара кӛк аспан гауһарға малынып тұр. 
Амалым не, менен алыс... Менен алыс нәрселер кӛп, бәр-бәріне қолың жете бермейді. Жан 
дүнием ән салып тұрарын былайғы жұрт біле ме, тоң мойын, ұр да жық деп ойлайды. Ал 
мен қысастықпен әдейі істеймін, ерегесіп істеймін... ерегесіп... қандай рақат жай... жылы 
дүние... жылы-жылы... Құдай-ау, сол жылқышының қызы қайда? Тағы таудың арасында 
мәңгілікке адасып қала ма? Мынау сай-сүйегіңді сырқырата салған ән, сол қыздың мұң-
зары болмасын... Әне, жерошақта маздап от жанды. Ыстықтадым... Әне, ол маған 
сапырып-сапырып қымыз құйды... Неткен жылы дүние... адам тоңғанда ғана жылынады 
екен-ау... Рақатын-ай... ыстығын-ай... 
Қайда кӛз салсаң да, сеңдей сірескен, қасаттана қатқан суық дүние... 
Бақытжан да кӛз іле алмады. 
Ол енді былтыр қалада қалып қоймай, ауылға бекер оралғанына ӛкінді, иә, сонда қалып-ақ 
қоюы керек еді... Бекер оралды ауылға... Онда қоңыр күз еді... Бекер оралды ауылға... 
бекер... 
„Ағыл-тегіс адам-ағыс. 
Арпалысқан адам-ағыстың ортасындағы биойнақ қайрандап қалған кеме секілді; кеменің 
үсті толған тағы да адам, быжынаған жастар; бақтың даңғарадай дарбазасынан кіре сала-
ақ ілгерінді-кейінді сабылған жүздеген қыз-жігіттің ортасына түсіп, әп-сәтте басың 
айналып, есіңнен ауысар едің, әлдеқандай желік пайда болып, шаршы топтың 
ортасындағы бәстестердей елігер едің; тӛбеңнен тӛнген сансыз шамдар кӛздің жауын алса, 
„чачалаған" ышқынды музыка үні құлақ тұндырар; барын киіп, бақанын қолына алып 
шыққан қыз-жігіт жаздың мол-мол қызығы ағаш жапырақтарындай мінтеліп, күздің 
сұрғылтым жуас күндеріне ойыса бастаған соң, мейлінше ұтып қалуға жанталасқан 
сыңайлы; сәулесімен жарқыраған кӛздерден жастықтың оты ұшқын атқанымен, ептеп 
суық сорып бозарған беттер бәрі бір қоңыр күзді еске салады; оқта-текте теректің сап-
сары жапырағы қалбалақтай ұшып, оны әркім жерге түсірмей ұстап алуға тырысады; осы 
кӛрініске қарап тұрып, жас шіркіннің бүкіл сән-салтанаты сұр бұлт, қыраулы ызғардан 
қашып келіп, мынау аядай баққа жасырынғандай әсерде қаласың; әр ағаштың түбінде үйір 
құрып, шылым шегіп тұрған ақ шалбар, қайыс белбеу бозбалалардың тоқ күлкі, дарақы 
дауыстарына сыңғырлаған әдемі күлкі араласады; самаладай самсаған электр шамы аспан 


Taraz.aiman@mail.ru. 
барын, сол аспанда сансыз жұлдыз барын ұмыттырған; адамдардың осыншалық мол 
болып кӛрінуі — бақ аядай тар еді, есіктен кірген бетте би алаңын айналып ӛтесің де, 
әлгіндегі орныңа қайта келесің, осылайша шыр айнала бересің, айналған сайын жаңа 
таныс тауып, әрі-беріден соң жүз танысың кӛбейеді; менің бұл қалаға оқуға түсуге 
келгеніме кӛп болған жоқ, үшінші күн; сондығы болар, бәрі бейтаныс, жұрт не істесе соны 
істеп, биойнақты бір-екі рет орағытып та үлгердім; биге зауқым жоқ, байқамай біреудің 
қызын шақырып қойсам, тәртіпсіз ұлдар сабап та жіберуі ықтимал ғой, сонымен он шақты 
рет айналған соң, осы ермектің ӛзі мезі етті, ал жергілікті жастар жалыға қоятын емес; 
менің бір байқағаным, менен ӛзгенің қай-қайсысы да екі-екіден, үш-үштен 
қыдырыстайды, тек анау бір қолында шиыршықтап ұстаған қолшатыры бар қыз ешкімге 
жуымай, ешкім жуымай, адасқан қаздай сыңар жүр; әншейінде ӛзінен сұлуырақ құрбысын 
кӛргенде қипалақтап қалар қыздар да, қызылды кӛргенде қызынбай тұра алмайтын 
жігіттер де оқшау жаратылған асқан кӛркем анау бір тотыны елемеуі, тіпті қағып-соғып 
кӛз қырын да салмай ӛте шығуы мені қайран қалдырды; сәулелі шамның саулаған 
нұрымен тайталасқан келбетті дидар. Қолдан соққандай қиқы-шойқысыз әсем мүсін, 
келісті де кербез жүріс, әсіресе шырадай жанған қайқы кірпікті шуақты кӛз — періштенің 
ӛзін де жолдан тайдыратыңдай-тын; адам-ағыстың толқынында аспай-саспай бӛлекше 
жүзген қоңыр-қаз іспетті; не бір қатыгез, қайырымсыз адам, не бір қайғы жұтқан қасіретті 
адам ғана дәл осылай — дүниедегі қызықтың бәрін тәрік етіп қу бас болып қалмақ; 
мүмкін, аяғының мүкісі, бетінің тыртығы бар шығар, сұлулық дегеннің ӛзі кӛңіл күйге, 
сезініп-түйсінуге байланысты шарттылық қой, жо-жоқ, мүлдем басқа... Жұмбақ 
жаратылған жан екен... Мен мынадай ойға келдім... ӛз сұлулығымен жұртты тәнті қылған, 
бұлдай білген және ӛзіне тең таба алмай, осында жүргеннің бәрінен жиіркенген, тым-тым 
биіктегі — қол жетпес құздардағы еңліккүл; жігіт-желең әрі-бері жанталасып иектейді де, 
шамасы мен ӛрісі жетпейтінін білген соң, бос әурешілікті қояды; ал ол одан сайын 
асқақтап биіктей береді, осынау жайнаған келбет, жарасымды кербездіктің кермиығына ер 
салар, құзарына қол салар ер жүрек „альпинист" жоқ бұл қалада! Олай болса, кӛп 
үміткерлердің бірі ретінде неге тәуекел деп тас жұтпаймын; қыз деген халық бейтаныс 
жігітке үйірсек болмаушы ма еді... Түсіріп-ақ кетермін... Мына тұрған шӛп желкелердің 
ӛзегін ӛрт жаласын; бұған дейінгі бар тәжірибемді жинақтап, сымдай боп киліктім: 
„Қарындас, жалғыз неге жүрсіз, қасқыр жеп қойса қайтесіз",— бұл тауып айтқандағым 
еді; ол үндеген жоқ, итпісің, кісімісің деп бетіме де қарамады, томаға-тұйық, ауыр ойға 
берілгендей асықпай-саспай аялдайды: „Қарындас... а... қарындас, танысып қоялық, 
есіміңіз кім?"— Ол ләм демеді, отты жанарына ақыл ұялап алысқа қарайды; шулы 
дүниеден бӛлінген мақау кейіпте; мен жарбаңдап үш рет ере айналып шықтым биойнақты, 
бірақ бәрі бос әурешілдік, танымайтын кӛшке ілескен адасқан күшіктей аянышты халге 
түстім; ӛз-ӛзімнен ыңғайсызданып іштей ұялып та келемін; ал дегенде бойымды билеген 
есер сезім, ұшқалақ ой қыз жанында қадірім қашқан сайын берекесі кетіп, мӛңіреп 
жұртына қайтып, шым-шымдап ақылға ұласты; енді мен де үн-түнсіз оған қосылып алып 
айнала беруге бел байладым; бағанағы ӛз бетімен лағып жүрген қыз-жігіттер жапа-
тармағай бізге назар аудара бастады, бір-біріне ымдап-нұсқап, кейбірі күліп, кейбірі басын 
шайқасты; мені бұл жағдай қатты қуантты: „тіл табыспасам да, ерке қыздың жанына еріп 
жүруімнің ӛзі ерлік емес пе", жігіттер маған емес, мен жігіттерге, олардың дәрменсіз 
ынжықтығына күлдім; бесінші рет айналып бара жатқанымызда жұмбақты сұлудың тілі 
шықты: „бекер әуре боласыз, бекер..."— оның үнінде сенімсіздік пен жатбауырлықтың 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жүрек суытар салқыны бар еді, бірақ сонда да ӛркӛкірек желіктің әупіріміне басып, тӛбем 
кӛкке жеткендей қуанышты үнмен: „мен Сіз секілді біреудің үкілі ботасымын, сырт 
кӛзден ұят қой, жерге қаратпай ілтипат білдіріңіз"— деп сайрадым; әттең, осындай 
тәкаппар адам болады екен-ау, жұмған аузын ашсашы; біз тағы да үнсіз аяңдап келеміз; 
мен болмасам оның жалығатын түрі жоқ әзірге; жұрт тарқауға айналды да, жұмбақ қыз 
шығар есікке беттеді; мен сонда да қалмай, қосарлана жӛнелдім; есіктен шыға бергенде 
бір бұрыштан қарқылдаған қатты күлкі естілді; мұның екеумізге бағышталған аяр күлкі 
екенін білмедім, білсем де: ӛздерінің қолы жетпеген соң қызғанады,— деп ойладым; 
қыздың қапсарынан қалмай, үйіне еріп келемін; ол бағанағы бір сӛзден соң қайтып 
үндемеген; аспанға қарады, солай ұзақ жүрді; мен де кӛкке телміріп, жанымдағы қыздың 
жан сырын ұғуға арпалысып келемін; ӛтірігім бе, шыным ба, күні бүгінге дейін білмеймін, 
лекітіп келген жүрек толқуымды жасыра алмай сӛйлеп-ақ жібердім: „айнам, Сіз ал қара 
аспанды нұрландырған жұлдыз сияқтысыз, бірақ тым алыстасыз, сондықтан да сұлусыз, 
қадірлісіз; дегенмен, адамның қуаты жетпейтіннің бәрі-бәрі керемет емес қой; неғұрлым 
адамзаттан алшақтасаңыз, солғұрлым кӛзден тасаланып, тіпті ұмытыласыз, сонсоң 
асылдың ӛзіне күмән келтіре бастамақпыз; қаншама тағыланып, ел-жұрттан жерінсеңіз де, 
түбінде айналып табар қазығымыз бар ғой; жалғыздық құдайға ғана жарасады дейді, қоса 
ағарар қосақ таппай жер қойнына кірем дейсіз бе, әйтеуір, біреудің жары боларыңыз хақ; 
мүмкін Сіз ӛмір бойы іздеп келген немесе іздеп ӛтер елес адамыңызды ренжітіп келе 
жатырмысыз, мүмкін, ол адам — мен болармын, ойланыңызшы, осы қылығыңыз үшін 
ғұмырлыққа ӛкініп ӛтпейсіз бе? Білемін, қыздар, әсіресе қазақ қыздарына салиқалы, 
салмақты, әм кербез де керім болу керек, бұрынғы ӛткен апаларымыздың осы бір қасиетін 
жойып алмай, жаңғырту керек те шығар, түсінемін, бірақ мен Сізді түсінбеймін; Сіз, 
айталық, мұзға қатырған тірі гүлсіз, енді жүз жылдан соң мұзды қайта ерітіп, тіршілікке 
қайта қосу керек шығар, құдая, оған менің дәтім, жасым жетер ме; Сіз, айталық, түн аруы 
Ай-ақ болыңыз, құдай-ау, оған да адам қонып жатыр емес пе; Сіз, айталық, ауру болыңыз, 
құдай-ау, мен ондайдан безер ме екенмін, қайта бұрынғыдан әлдеқайда аялап, бауырыма 
алмаймын ба, соның ӛзі жақсы; Сізді мен алақаныма салып ардақтап, жұмыр жерді шыр 
айналып емдетер едім, осылайша шаршаудан махаббаттың сарқылмас қуатын, жалықпас 
ләззаттын алар едім; Сіз, айталық, менің жарым бола қалсаңыз, егер бірге тұруға 
келіспесеңіз, некелесіп алып ауылға аттанайын, сӛйтейін, айнам, алыстан сағынысайық, 
сосын алаулы қимастықпен еңіреп қайта табысайық; байқаймын, Сіз мені жоғалтып 
аласыз; "жоқ, Сіз мені жоғалтып аласыз, жетер енді, бәрі бекершілдік!"— деген дауыстан 
селк етіп есімді жисам, қыз ӛз үйінің баспалдағында тұр екен; сосын жалт бұрылды да, 
үйіне кіріп кетті; мұң қабыздаған бота кӛзінде бір тамшы жас бар-ау... жүріс тоқтап, кісі 
аяғы басылған тыныш кӛшемен сырп-сырп аяңдап жалғыз қайттым; бағанадағы шамдар 
әуе жұлдызымен тайталасады; анда-санда мен секілді жалғыз-жаяу кезігеді; күздің сызы 
қойнынан кіріп, балақтан шығады; аспанға қараймын: жұлдыздар бейне жауып тұрған 
сияқтанады; аузымды аштым, алақанымды жайдым — жоламады; жұмбақ қызды іздеген 
кӛңіл осылайша жападан-жалғыз мәңгі шексіздікке жүре бергісі, жүре бергісі келеді... 
Ертеңгі күні кешке баққа тағы келдім, кешегі мінсіз сұлуымды — ӛзімнің ғана тәкаппар 
аяулымды жолықтыруға аңсарлымын; дарбазаға жақындай бергенде быжылдап жедел 
жәрдем келді де, аппақ боп сұлаған қызды кӛтеріп сала берді; бұл — жұмбақ қыз еді... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Малика ғой, байғұстың талма ауруы жазылмай-ақ қойды,— деген дауыстар күз 
желіндей ызыңдап күні бүгінге дейін құлағымнан кетпейді... Бірақ мен оны ұмытуым 
мүмкін емес еді... Әне, ол жалғыз ӛзі мен білмейтін, бірақ, әйтеуір, түбі бармай қалмайтын 
қара түнек сапарға аттанды... 
Ағыл-тегіл адам-ағыс. 
Қарасаң бас айналады... Мен сол уақиғадан соң, ол қалада қала алмадым... Содан бері 
кӛзімді жұмсам болды, аппақ қылып сұлатып, сол қол шатырлы сұлу қызды жедел 
жәрдемге салып жатады. Ӛз-ӛзімнен шошынып, кӛзімді ашып жіберемін. Ал қазір оны 
еске алу тіпті де қорқынышты емес, ол мені әне қол бұлғап шақырады. 
Әне, ымдап шақырады, артынан ере бергім келеді. 
Қандай рақат, жып-жылы дүние... жып-жылы... 
Екі жолдасым мені ылғи ұйқтап отырадыға жориды, ал мен тіпті де қалғып емес, жо-жоқ, 
кӛзімді жұмып, қол шатырлы қызды есіме аламын, ӛйткені оны шын сүйіп едім, 
бұйырмады... қандай жылы, ыстықтай бастадым, маздатып от жаққан кім? Құдай-ау, біз 
қайда жатырмыз осы... ыстықтадым..." 
Ал қара аспандағы ай ӛзінің қызуы жоқ нұрын қаншама саулатып тӛккенімен, Алтайдың 
қырық градус суығы қылқындырған қарлы ӛлке, тас болып қатқан қалпы, ешкімге керексіз 
қор күйді бастан кешіп, мәңгі тыныштықтың құшағында тырп етпей ӛліп жатыр еді. 
Жарықтық ай да қатып қалғандай, кеңістікті шарбылаған аяз ауаның ар жағында, 
тұтқында тұр. Аппақ түн қаншалық әдемі болса, соншалық қатыгез суық еді. „Кӛретініңді 
кӛрмей, кӛрге кірмейсің",— деген сӛз тегі рас екен, қар іннің ішінде серейіп ұйқылы-ояу, 
маужырап, тоң теріс жатқан үш жігіт ұйқыға жеңдірмейік деп ой таусағанымен, біртіндеп 
барып, ұйқы-дұшпанның қойнына кіре беріп еді. Ӛлі мен тірінің екі арасында тербеліп, 
дел-сал халде жатқан... Құдай-ау, ӛңдері ме, әлде түстері ме... Аппақ киіз үй... аппақ... тӛр 
алдындағы тӛсекте мамыққа оранып, рақатқа кенеліп жатыр екен дейді. Ортада — 
жерошақта лаулап от жанады... Тозақтың оты ма, жұмақтың оты ма белгісіз... Міне, есік 
сықырлап ашылды да, қолдарына шырақ ұстаған екі қыз кірді. Үстеріне қара жамылған... 
Бірі — жылқышының қызы,екіншісі — қол шатырлы қыз. Дәл, осы осы мезетте 
соншалықты жұмбақты, соншалықты сиқырлы әуен естілгендей болды. Тәңірім-ау, ӛндері 
ме, түстері ме?.. 
Жылқышының қызы бір басып, екі басып жақындап келді — Аманжанның дәл жанына 
келді. Қолынан тартып тұрғызды. Жігіт мең-зен. 
— Тұр, жаным, басыңды кӛтер,— деді жылқышының қызы.— Саған айтар сырым бар".— 
Таң-тамаша қалып, қыздың бетіне қараған Аманжан:—"Айта алмайтын шындығы, аша 
бермес сыры болмаса, адам несіне жер басып жүреді,— деді таңырқап. Сонда ғана, енді 
ғана танығандай.— Құдай-ау, сенбісің шыныменен". 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Қыздың оттай жанған саусақтары бетіне тиді, ептеп сипады: „Менмін. Біз екеуміз бар 
сырымызды, бар шындығымызды айта беруімізге болады. Шын ғашық адамдар тек арғы 
дүниеде ғана қосылады". 
Аманжан әлі аң-таң: „Сонда қалай? Біз жер астында жүрміз бе?" 
Жылқышының қызы: „— Иә, жер астындамыз..." 
Аманжан: „— Сен қашан келдің бұл жаққа?" 
Жылқышының қызы: „Зоотехник алдап, абыройымды тӛккен соң..." 
Аманжан:—"Біліп едім, сезіп еді жүрегім. Есіңде ме?.." 
Жылқышының қызы: „— Иә, бәрі есімде". 
Аманжан:— „Ол кезде жайма-шуақ жаз еді..." 
Жылқышының қызы: „— Қыс жер үстінде ғана, жаным. Мұнда жаз. Жер астына қар 
жаумайды. Мәңгі жылылық". 
Аманжан есеңгіреп, қара кӛйлекті қыздың құшағында былқ-сылқ отыр: „— Біз ӛлікпіз 
бе?"— деп сұрайды. Жылқышының қызы оны аймалап, мұз болып қатып, жансыздана 
бастаған бетінен сүйеді. 
— „Жоқ-жоқ, жаным, біз мәңгі тіріміз. Ӛйткені біз ғашықпыз бір-бірімізге... ғашық 
жандар ӛлмейді. Ромео мен Джульетта, Ләйлі-Мәжнүн, Қозы мен Баян, бәрі-бәрі — жер 
бетінде арманына жете алмағандардың барлығы осында..." 
Аманжан қыздың сүйемелдеуімен орнынан тұрады: „— Олай болса... соларға барып 
қосылайықшы",— Екеуі қол ұстасып, киіз үйден шығады. Тәңірім-ау, қайда барады, 
қайда?! Ӛңі ме, түсі ме?.. 
Киіздің дәл тӛріне салынған құс тӛсекте, үлде мен бүлдеге оранып, рақаттың алтын 
бесігінде тербеліп жатқан Бақытжан осы жиырмадан асқан жасына дейін осыншалық 
керемет бақытқа кенеліп, осыншалық жұмсақ та жайлы мамық тӛсекке жатпаған шығар-
ау... Шалқасынан түсіп, сойған қой терісіне оранып, буланғандай балбыраған... Дүниеде 
ең қимасы ұйқы еді, оның да күні туып, құдайы бір жасады. Бас жағында тотыдайын 
таранып, маңдайын 
алақанымен сипап отырған ару — баяғыда қаладағы күзгі паркте жолықтырған қол 
шатырлы қыз — Малика екен-ау, қандай рақат... 
— Тұр, басыңды кӛтер. Бұл менмін ғой. Танымай қалғаның ба, қол шатырлы қызбын 
ғой,— дейді мұздай бастаған бетіне ернін тигізіп.— Сені ертіп кетуге әдейі келдім, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жаным.— Аймалап, басын сүйемелдейді. Бақытжан таң-тамаша. 
Бақытжан: „— Тәңірім-ау, ӛңім бе, түсім бе? Мен қайда жатырмын. Не деген ыстық 
дүние... үй ме бұл?" 
Қол шатырлы қыз: „— Бұл — Жер-Ананың ыстық құшағы. Анаң да қара жер, атаң да қара 
жер... жер..." 
Бақытжан есіне әлдене түскендей: „— Иә, иә, сені жедел жәрдем алып кеткен". 
Қол шатырлы қыз: „— Жедел жәрдем мені осында — жер асты еліне әкеліп тастаған... 
Мәңгілікке әкеліп тастаған. Ол шақта сарғайған күз еді..." 
Бақытжан: „— Рас, күз болатын, қазір қыс. Суық. Бірақ ыстықтап отырмын". 
Қол шатырлы қыз: „— Бұл елде күз болмайды... Ӛйткені біз жер астыңда жүрміз... мәңгі 
жылы жүрміз. Енді сен ешқандай тоңбайсың... Жүр менімен,— адал сүйетінің рас болса, 
ер соңымнан".— Жас ботадай буын-буыны дірілдеп, тәлтіректеген Бақытжанды 
қолтығынан сүйеп жетелейді. 
Бақытжан: „— Қайда, қай жаққа барамыз?!"— Жүрексіне тартыншақтайды. 
Қол шатырлы қыз: „Сұрқай күзі, суық қысы, сұмдық адамдары жоқ, ғашықтар елі, 
махаббат патшалық құрған — о дүниеге... Жер бетінде бір-біріне қосыла алмаған Ромео — 
Джульетта, Ләйлі — Мәжнүн, Қыз Жібек — Тӛлеген, барлығы сол жақта". 
Бақытжан: „Сонда қалай, біз де ӛлікке айналамыз ба?" Қол шатырлы қыз: „— Жоқ, 
күнім.— Құшақтайды— Жоқ, біздер ол жақта мәңгі жасап ӛтеміз. Сен бұған дейін ӛліп 
келген едің, енді бүгіннен бастап тіріміз... тіріміз... жүр ғашықтар мекеніне, жүр..." 
Бақытжан жүрексіне ереді: „Тек, асықпайықшы..."— Екеуі ақырын-ақырын басып, ақ 
отаудан шығып бара жатады. Алыстан... тым-тым шалғайдан сыңсып салған мұңлы әуен 
естіледі. Құдай-ау, қайда жатыр? Қайда барады? Ӛңі ме, түсі ме? Не деген күйіп-жанған 
дүние... 
Айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп тұтаса қатқан суық дүние. 
Кӛк тәңірісінде еркін жүзген ай астында аяз сорып, маңқайған бітеу таудың ортасында 
тұтқын болып — қозыдай қарайып қауқарсыз трактор тұр. Буланып барып, суық ұрған 
темірін қырау тұтып, түртіп қалсаң қарып түсетін ашу-пошым алып адамның қартайып, 
қайғы ойлағанда ақырғы рет сілтеніп, түйіліп қалған дәу жұдырығындай кекті бітім. 
Ұшқан құс, жүгірген аң, қыбыр етер тірлік иесін аяз шалып, үсіп ӛліп қалғандай — ӛлі 
тыныштық. Сазарған ақ түннің, әйтеуір, бір тұсынан атом ғасырының аш қасқыры ұлыды 
ма, ӛлім үніндей — қорқынышты ұлу естіледі еміс-еміс. Тек сол ұлу ғана бүгінгі зәрлі 
түннің жаршысы. Міне, аш ішекше шұбатылып таусылып бітпейтін қыстың ұза-а-қ 


Taraz.aiman@mail.ru. 
түнінде қардан жасап алған үйшікте бүк түсіп, ой еміп жатқан үш жігіттің әдемі қиялы 
қанша сипалап жылытқанымен, маужыратып апарып — бірте-бірте үсік үйіне әлдилеп, 
алдап-сулап кіргізе берген. Аса қаталдықпен тісін қайрап, тілін жалақтатқан ажал-арыстан 
ол да араны ашылып, уыздай жас олжасын қызықтауға сақадай-сай еді. Жүректерін ептеп 
жылытпалаған әлгі әсершіл кӛңілдің тәтті естелігі байырқалап барып, жұқалаң тартып, 
суыған... Сонсоң бүкіл денелері қызынып, буын-буындарын ала бастап еді. Буын-
буындарын ала бастаған суық енді қан тамырларына шауып, қуалап, мәпелеп 
еркелеткендей сайқалдықпен ұйқтатады, жабырқаңқы жанын тербеп, уатады... уатады... 
Нұржан серейіп, ағаштанып қата бастаған аяқ-қолының шым-шымдап жылығанына таң 
қалды. Қызық... бейне бір құс тӛсек, мамыққа оранып жатқандай бой-бойы балбырап, 
бүкіл денесі талмау тартты да., қызық... үлкен башпайынан, саусақ-саусағынан ӛзгеше бір 
қытық жүріп, дызылдап қышығандай ма-ау; ал ӛзі бұрынғыдан ары бүрісіп, қол-аяғын 
бауырына жиыра түсті; ол ӛзін бейне бір қар-үйшікте емес, қозының аппақ жүнінен 
басқан алты қанатты ақ ордада жатқандай үлкен рақат күйде сезінген. Аманжан да, 
Бақытжан да жоқ, тек жалғыз ӛзі — біз ӛзі ғана... табаны тызылдап тағы дуылдады-ай: 
жер-ошақтағы лаулап жанған от қыздырғандай ма-ау; екі тізесін бауырына алып, әлгі 
табанын күйдірген оттан қаша ма-ау... Не деген ертек сықылды еркін дүние, есеңгіреген 
хал; не деген жас сәбидің ұйқысындай бейбіт дүние, не деген аппақ... сүт дүние... Нұржан 
ақ қозының жүнінен басқан отауда рақаттың алтын астауында тыныштық күйін кешіп, 
жұмылған кӛзін ашуға қимай, жұмылған кӛзін ашса, енді-енді ғана емін-еркін сезіне 
бастаған бақытқа, рақатқа толы ұйқылы-ояу халінен мүлдем айрылып қалам ба деп 
шошынған. Ол тіпті дәл осылай бүктетіле иленіп жата бергенше тұрайын деп қанша ма 
талпынса да, жатқан жерінен тырп етіп қозғалуға шамасы жетпеді. Әлдекім албастыдай 
кеудесінен басып қозғалтпаған. Сонсоң ол тым құрығанда оң жамбасына аунап түспекке 
әрекет қылып еді, ол ойынан да дәнеңе шықпады. Айқайлап Аманжан мен Бақытжанды 
шақырды. Оларда да, ӛзінде де үн жоқ — тұншыққан тыныштық. Осы кезде ақ қозының 
жүнінен жасалған ақ отауға үстінде қып-қызыл кебіні бар Қар қызы кірді. Кірді де тӛр 
алдында қол-аяғын таңып тастағандай қор болып сұлай жатқан Нұржанның басын 
кӛтеріп: 
„Тұр, тұр, жігітім, таң атты, күн шықты",— деді жалынып. 
Нұржан ӛз басын кӛтеруге қанша әрекет жасаса да, тас байлап тастағандай, қозғалта 
алмады: „— Сен кімсің? Әлде періште, әлде адам..."— деді ернін зорға қимылдатып. 
Қар қызы: „— Қар қызымын..." 
Нұржан әлі маужырап жатыр:— „Қар қызы... Мынау сұп-суық ӛлкеде сыңсытып ән 
салатыи ару сен екенсің ғой". 
Қар қызы: „— Иә, менмін". 
Нұржан қуанып кетті: „— Сенің мұңлы әніңді жер бетінде тек мен ғана ести алатынымды 
білесің бе? Тек мен ғана тыңдай аламын". 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Қар қызы: „Егер оны білмесем, іздеп келер ме едім". 
Нұржан жанында отырған аппақ қызды бауырына тартып, аймалайды: „— Кӛп іздедім ғой 
ӛзіңді... КӚП іздедім. Шаршадым, шаршатты мені. Айыртауда Қар қызы бар екен, қыста 
қарлы шағылдардың арасында кӛзге кӛрінбей ән салып жүреді екен де, жаз шыға жетіқат 
жер астында сіңіп кетеді екен,— деген аңызды талай-талай естісем де, іштей иланбаушы 
едім. Енді міне, ӛзіңді кӛріп отырмын. Қандай сұлусың". 
— Қар қызы: „Қандай сұлу болсам — сондай суықпын". 
Нұржан қыздың алақанын бетіне басады: „— Рас суықсың. Неге солай екен?" 
Қар қызы: „— Мені адамдар мәңгілікке ӛкпелеткен". 
Нұржан: „— Адамдарың кім сонда?" 
Қар қызы: „— Қоңқай шал..." 
Нұржан: „— Ол адам емес, Қоңқай ғой". 
Қар қызы: „— Қоңқайлар да адам. Олар керек. Олар жастарды адастыру үшін жаратылған. 
Ал адамдар ең әуелі адасып алмаса, бірін-бірі әсте де іздеп таба алмас еді..." 
Нұржан: „— Рас айтасың, егер сол Қоңқай шал адастырмаса, сені ешқашанда іздеп таба 
алмас едім". 
Қар қызы: „— Егер сол шал болмаса, мен дәл осылай мәңгі-бақи адасып, зар илеп, зар 
жұтып ӛтпес едім. Сен менің тілімді алсаң, қазір орныңнан атып тұр да, анау екі 
жолдасыңды қуып жетіп, ертіп қайт, кері қайтар". 
Нұржан: „— Олар қайда кетті?" 
Қар қызы: „Қол-аяғын үсік ұрған екеуі, жер асты еліне беттеп барады". 
Нұржан ойланып қалады: „...Мен дәл қазір орнымнан тұрып кетсем... Сені қайтып кӛре 
алмай қалармын. Сол жер асты еліне саған еріп менің де барғым келеді. Шын бақыт, шын 
махаббат, нағыз бостандық — жер астында ғана..." 
Қар қызы: „— Мені сүйетінің рас болса, келе кӛрме бұл жаққа".— Екі қолын сермеп 
зерезеп болып безектейді. 
Нұржан: „— Неге? Неге? Неге?" 
Қар қызы: „— Ӛйткені екеуміз қосылып қоямыз". 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Нұржан: „— Қосылсақ ше? Біз ғашық жандармыз ғой". 
Қар қызы: „— Шын ғашық о дүниеде де қосылмауы керек. Бірге тұрсақ бәрібір ұрысып 
қаламыз. Қозы мен Баян арыз беріп баяғыда ажырасып кеткен. Ӛйткені Адам, қайда да 
адам: жер бетінде де, жер астында да, тіпті кӛк тәңірісінде де... бәрі бір адам". 
Нұржан жалбарынып жылап жібереді: „— Махаббат ше? Махаббат!" 
Қар қызы: „— Жоқ болған соң да махаббатқа тым ынтызармыз. Егер зәуде бар болса, 
баяғыда жек кӛріп кетер едік. Нағыз махаббат жер астында да жоқ. Тұр! Егіле бермей, 
еңсеңді кӛтер.— Қолынан тартады.— Үсік шала бастаған екі досыңды оят. Сен секідді 
жігіттер жер астына ғана емес, жер бетіне керек. Тұр! Тұр! Тұр!" 
Ол Қар қызы емес. Нұржанның тамырында аласұрып, аязбен айқасқан, үсікке бой бермей 
жанталасқан қып-қызыл қаны, тулап соққан жүрегі еді... 
Ӛлдім дегенде тыныштықтың бұғауын үзіп, орнынан атып тұрды! Аласа қаланған қар 
үңгірдің тӛбесіне тӛбесі тиіп құлап қалды. Ӛздерінің ӛне бойынан жан кетіп, үсікке ұрына 
бастағандарын сезді де, жалп етіп құлаған қардың астында қалған Аманжан мен 
Бақытжанды жұлқылап, тіпті тепкілеп оята бастады. Жан дәрменде екі беттерінен 
ұрғылап, шымшылап жүріп, әрең естерін жиғызды. Ербиіп-ербиіп орындарынан кӛтерем 
сиырдай кирелеңдей кӛтерілді де, сылқ етіп қайта құлады. Нұржан жанталаса айғайлап:— 
Тұрыңдар! Жүгіріңдер! Үсіп ӛліп қала жаздаппыз! Ұйқтауға болмайды!— деп 
жұлмалайды екі жолдасын. 
Аманжан:— Түн ортасында оятқаның не-ей, жау шапты ма? Бақытжан:— Кішкене ұйқтай 
тұрайыншы, әкри.— Былқ-сылқ етіп әрең тұр. 
Нұржан:— Ұйқтауға болмайды. Үсіп ӛліп қаламыз.— Аяқ-қолдары дуылдап, ашығанын 
енді ғана сезген екі жігіт Нұржанның ырқына кӛне бастады. 
Олар енді аласұрып жаттығу жасауға кірісті. Нұржан команда беріп жүр. 
— Тұрыңдар!— Тұрады. 
— Отырыңдар!— Отырады. 
— Тұрыңдар! 
— Отырыңдар! 
— Ал енді тракторды шыр айналып жүгірейік.— Тізелерінен қар кешіп жүгіре бастайды. 
— Ал енді беті-қолымызды қармен ысқылайық. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Ал енді айқайлап күлейік. Қане, күлейікші бір, жолдастар. Күлейік! Күлейік! Бүкіл 
әлем күңіренсін... Ха-ха-ха... 
––Ха...ха...ха... 
––Ха...ха...ха... 
Бүкіл әлем „ха-ха-ха-ға" айналып кетті. 
Үшеуі есі ауысқан адамдай кеңірдек жырта сақылдап қарқылдап, қар тепкілеп күлді-
ай...— ӛмір үшін, ӛмір үнін естірте қасақана күлді... 
— Не деген тамаша ӛмір? Ха-ха,— деді Аманжан арпалысып.— Күлген адамның бәрі 
бақытты емес, ха-ха... 
Аюдай қорбаңдап, ай астында жанталасқан жігіттерді кӛрген кӛлденең кӛз болса, жын 
ұрған екен деп ойлар еді. 
— Қане, жігіттер,— деді Бақытжан екі досының қолынан тартып.— Билейікші бір айызды 
қандырып. Ӛзіміз үшін. Сүйіп қосыла алмаған қыздарымыз үшін. 
Аткӛпір қарды тепкілеп, арсыл-гүрсіл билей бастады. 
— Ал енді, жігіттер, енді құшақтасып, ыстық-ыстық сүйісейік,— деді ентігін зорға басқан 
Нұржан.— Бұдан кейін қолымыз тие ме, тимей ме? Тіпті бұдан соң бір-бірімізді дәл 
қазіргідей қимас кӛңілмен жақсы кӛре аламыз ба? 
Үшеуі жүз жылдан соң жолыққандай құшақтары айқасып сүйіседі. 
— Сүйіскеннің бәрі махаббат, құшақтасқанның бәрі адал дос емес,— деп, Аманжан былш 
еткізіп түкіріп, биялайымен аузын сүртіп тастады.— Ӛне бойым бір түрлі жыбырлап, 
қышындыра бастады. 
— Таң атқанша шыдайық,— деді Бақытжан. 
— Таң атқан соң қайын жұрағатыңның үйіне барасың ба?.. 
— Дегенмен күн шығады ғой. 
— Ой, сол күніңді!— деп Аманжан тісін қайрады. 
— Күнге тіл тигізуге болмайды,— деді Бақытжан.— Саған керек жоқ болғанымен, 
ӛзгелерге керек. 
— Тұрмаңдар, қимылдаңдар,— деп Нұржан екі жігітті итеріп-итеріп қалды. Қызық, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
серейіп тұрған Аманжан екпінімен ұшып түсті. Бірақ Нұржанға ашуланған жоқ. Орнынан 
қайтадан қарғып тұрды да, кӛзі шатынып, аузынан бу бұрқыраған қалпы қолын сермеп:— 
Ел үшін алға? Ура, жолдастар!— деді жан даусы шыға. 
— Совхоз үшін! Отделение үшін. Жасасын управляющий!— деді елірген Бақытжан. 
— Бәрібір үлкен башпайымда жан жоқ,— деді Аманжан ентігін басып.— Ӛне бойы бірте-
бірте қызына бастағандай. 
— Мен аман секілдімін,— деді Бақытжан алқынып. 
— Сен семізсің, суық майыңнан ӛткенше кӛктем шығады-ау,— деп қалжыңдады Нұржан. 
Үшеуі айызы қана тағы күлді. 
Алайда Аманжанның халі бәрінен де мүшкіл еді, қол-аяғы, тіпті бүкіл денесін біртіндеп 
үсік шала бастаған сықылды. Сақылдап күліп тұрды да, бір уақытта ӛз-ӛзінен бұлқынып, 
үстіндегі киімін асығыс шеше бастады. Алғашында Нұржан қалжыңдайтын шығар деп 
мән бермеді де тонын, сонан соң пиджагын шешіп, енді кӛйлегін сыпыра бергенде ұстай 
алды. 
— Аманжан деймін, не болды саған?! 
— Ештеңе емес, ана қараңдаршы, костер жанып тұр... Фу, атаңа нәлет... ыстықтадым,— 
деп Нұржанның қолынан жұлқынып шығып, секіріп билей бастады.— О, жарықтықтың 
лапылдауын-ай... Келіңдер қане, отты айналып армансыз бір билейік, достар. Лаула 
костер! Лаула қар үстінде жанған от!— Сақ-сақ күліп, ырғып ойнай берді.— Сендер де 
шешініңдер! 
— Ұстайық,— деді Нұржан.— Ұстап алып, денесін қармен ысқыламаса болмайды. 
— Ұстай алмайсыңдар,— деді Аманжан мазақтап.— Айналайын жарық от? Күйдірші? 
Ӛртеші! Ӛртеп жіберші, анау қар бетінде қаптаған қара мысықтарды — (екі жігіттен 
бастап санайды)... бір мысық, екі мысық, үш мысық, мың-миллион мысық... Жер бетінің 
бәрі мияулаған мысықтар... 
Бақытжан жыламсырап қоя берді:— Алла, тағалам-ай, не жазып едік саған... қор болдық-
ау... 
— Тұр орныңнан!— деп айғай салды Нұржан.— Азамат емеспісің. 
Ептеп есі ауыса бастаған Аманжанды екеуі екі жағынан шап беріп ұстап алып еді, қарулы 
жігіт біразға дейін бой бермеді. Бұдан соң тракторды от алдыратын қайыс белбеуді алып 
келіп аяғын тұсап барып, бірі кеудесіне мініп отырды да, екіншісі Аманжанның ӛн бойын 
қармен ысқылай бастады. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Әттең, қаздың майы болар ма еді. Қолдырай бастаған ӛне бойын сылап тастайтын,— 
деді Бақытжан. 
— Қоя беріндер!— деді жұлқынып.— Жаурадым. Құтырып кеттіңдер ме. Шешіңдер 
аяғымды. Ӛзім-ақ... 
Әйтседе үсті-басы қолдырап үсіне бастаған Аманжанды тырп еткізбей басып отырып, етін 
ұзақ ысқылап барып әрең босатты. Бұдан соң шапшаң киіндіріп, ана екеуі бір-біріне 
лақтыра итеріп, қызу қимылға түсірді. 
Арпалыспен бірер сағат уақыт әп-сәтте ӛте шықты. Аманжан үсік шалған денесіндегі 
мұздай бастаған қан лүпілдеп қайта қозғалысқа түскен соң, расында да, бусанып терлеген. 
Қайратты жігіт ес-ақылын да әп-сәтте жинап үлгеріп еді. 
— Рақмет, достарым,— деді жүріп,— сендер болмасаңдар жынданып кете жаздадым-ау. 
Қызық, тап ортамызда лапылдап от жанып тұрғандай елестеп кетті. Ал киімдерімді қалай 
шешкенімді ӛзім де білмедім. 
— Енді әрқайсымыз бір-бірімізге сақ болайық. Біреуіміз шешіне бастасақ болды, қарға 
екпетінен салып, құйрығынан шапалақтап, бір қабат терісі сыпырылып қалғанша 
ысқылаймыз, әкіри,— деді Бақытжан секіріп жүріп. 
— Сен бәрімізді алдыңа салып барып үсисің,— деді Аманжан.— Терің киттің терісінен 
бір кем емес. 
Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Түпсіз ал қара кӛк 
аспанда мың-миллион жұлдыз, жамбасқа ауа бастаған ай, батыс кӛкжиекке сусып түсе 
бастаған шоқ үркер ай сәулесімен аймаласып жатқан, құмары әлі тарқамаған, мауқы әлі 
басылмаған тойымсыз. Қорқатын сол қардың кӛйлегінің дал-дұлын шығарып, ырқына 
кӛнбей, дегенін істемей, қашып құтылудың амалын іздеп арпалысқан адамдар — ай 
сәулесінің астында секіріп ойнап, сеңдей билеп құтырған үш жігіт... ӛмірдің мәнін түсініп, 
махаббаттың, шын бақыттың не екенін парықтамаған жас буын — енесін іздеп зарлаған 
жас бота... 
Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол суық әлемнің бір пұшпағында ӛлім мен ӛмірдің 
қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; 
қолында қаруы, алдында атысар жауы жоқ, ӛз-ӛзінен жынданған, ӛз-ӛзімен майдандасқан 
мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты... үш қояншық, үш есалаң — үш батыр... 
Қаңтардың ұза-а-қ түні таусылар емес. Мәңгі қозғалысқа түсіп, шапшаң қимылмен 
шаршаса да, шапқылай берген соң жігіттердің тоңдана бастаған денесіне жылу тарап, 
маңдайлары жіпсиін деген. Тоқылдап қатқан пималарын шешіп жіберіп, бір-бірінің аяғын 
қармен ысқылап еді, енді башпайларына да жан кіріп, қан жүгірген. Бойлары 
жылығанмен, ыстықты аңсаған ішкі сарайы сол — салқын қалпында, темір құбырдың аяз 
сорып, жел кеулеп уілдегеніндей құлазыңқы. Кӛңілдегі түйткіл мұз ери қоймаған... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ертеңгі суішкіліктеріне аса сенімді емес. Жиырмасыншы ғасырдың аш қасқыры тіпті 
жақыннан ұлығандай... 
— Ана қара!— деді Бақытжан ышқына айғайлап.— Ананы қараңдар, бес-алты ит тұр. 
— Атаңның басы,— деді ауыр мінезді Аманжан бәрібір саспай. 
— Иен тауда ит жүр деген. Ол — қасқыр! Біздің жаназамызды шығаруға келген, дәретіңді 
алып, иманыңды үйіре бер. 
Расында да, шана ағытылып қалған жоғарыда құлақтарын тіге селтиіп-селтиіп бір үйір 
қасқыр тұр еді аңдып. Нұржан тұңғыш рет зәресі ұша қорықты. Бірақ жолдастарына сыр 
білдірген жоқ: 
— Сіріңке жақ!— деді Аманжанға. Содан соң ӛзі трактор кабинасындағы темір қобдидан 
май сіңді шоқпыт алып, солярка ағызып еді, түтіктері қатып қалған екен, тамбады. 
Әдемілеп тұрып балағаттады да, әлгі май-май шүберектің ӛзін тұтатпаққа әрекет жасаған. 
Жарты қорап сіріңкені түгесіп барып, әрең бықсып жанған алауды оңды-солды былғап 
айғайлап-айбар жасағанда, шоқиып-шоқиып отырған қасқырлар жылыстап, шегініп 
барып, қайта аңдыды. 
— Бәрібір тракторға жолай алмайды,— деп жұбатқан Бақытжан ӛзін-ӛзі.— Темірден 
қорқатын шығар, әкіри. 
— Атаңның басы,— деді Аманжан шырт түкіріп.— Ашыққан қасқыр сені түгіл, 
тракторыңның ӛзін асап қояр. Баяғыда Қара далада пәсепте жүрген кезімізде бір шелек 
автолымызды ішіп кеткен. 
— Сен де соғасың!— деді Нұржан.— Адам даусынан үркетін болу керек.— Қосылып 
тұрып, баяғыда, мектептің кӛркемӛнерпаздар үйірмесіндегі хорда айтқандай 
шырқайықшы бір. Келіңдер! Шырқайық... шырқайық (ӛне бойы дірілдей бастаған еді, 
әлде қорқыныштан, әлде тоңғаннан). 
— Қасқырды ӛлең айтып қуғанды қай атаңнан кӛріп ең.— Бұл сӛзді Аманжан ашу шақыра 
айтып еді. 
— Сонымен қасекеңдерге концерт қойып беретін болдық. Мен барып билет сатып 
келейін,— деп батырсынды Бақытжан. 
Олар қасқырдан кӛз алмай іштерінен ептеп ыңылдай бастаған. Бір уақытта Бақытжан жан 
ұшыра бақырып жіберді: 
— Әне, әне, әкіри. Бізге қарай жақындап келеді.— Зар еңіреп жылап жіберді.— Ойбай! 
Апа! 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Шырқайық! 
— Шырқасақ шырқайық! 
Ән басталды. Еш адам ұғып болмайтын, қызық ән басталды: бірдің басы, бірдің аяғы 
түсініксіз, ішіп алған удай мас кісінің сандырағы секілді иір-иір, үзік-үзік қожыраған 
сұрықсыз әуен, балдыр-батпақ сӛз әрі тамаша сӛз. 
Нұржан қасындағы сӛнуге айналып, түтіндеген шүберекті қасқырларға қарай лақтырып 
жіберіп, ӛз омырауын ӛзі сабалай шертіп, азандап қоя берді: 
...Ӛлсем орным қара жер — сыз болмай ма... ...Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма... 
Аманжанның әні: 
Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... Аппақ қар, аш қасқыр, оу, оу... Аппақ қар, аш қасқыр, оу, 
оу... 
Бақытжанның әні: 
Апам-ай, апам, апам-ай... Жалғызың қор боп қала ма-ай. Апам-ай, апам, апам-ай... Енді 
қайттім қорқам-ай... 
Қорқып-үрку сезімдері ӛлген, іштеріндегі ең ер жүрек, ең қатал Аманжан қолғабын шешіп 
стақан жасады да ӛтірік арақ құйып, тост кӛтерді. 
— Ал енді, жолдастар, қасекеңдердің бізді ұмытпай, ел аралап, шаруашылықпен, 
халықтың тұрмыс-халімен танысқаны үшін, жас ӛспірім жастарға жасаған әкелік 
қамқорлықтары үшін; осы қасекеңдер болмаса таңымыз атар ма, күніміз шығар ма еді, 
ӛзімізді ап деп асап қоярын біле тұра мақтамасқа амалымыз бар ма? Ал, ағалар, сіздер 
үшін алып қоялық!— 
Шығыстан, Айыртаудың оңтүстігінен таң білінді! 
Шығыстан, қыземшектенген қарлы тӛбелердің ар жағынан сызат берген айналайын таң, 
құланиектене ағараң тартты. Ағараң тартып, түн пердесін сыпырғанша, тамағы кеберсіп, 
дауыстары қарлыққанша ән салған үш жігіт бір үйір аш қасқырды хормен шығарып 
салған. Сонда жігітгер қаз-қатар трактор табанына шығып тұрып айтқан ең соңғы трио ән 
мынау еді: 
Болдық қой бар ӛнерді тауысқандай; Мерт болдық айға шауып арыстандай, Ат жалын 
тартып мінген бұла шақта, Шықылықтап кӛзге түстік сауысқандай, уа 
сауысқандай, тра-та-та, ха-лал-ай, сауысқандай 


Taraz.aiman@mail.ru. 
немесе арыстандай... 
— Интересно,— деді Бақытжан.— Бүгінгі қасқырлар жемейді, бірақ масқара қорқытады. 
— Ура, таң атты! 
Бәрі құлақшындарын аспанға атып, уралайды. 
— Бәрібір батыр атағын бермейді,— деді Аманжан мұңайып. 
— Ӛйткені біздің ерлігімізді кӛріп тұрған ешкім жоқ,— деді Бақытжан. 
— Кӛріп тұрса да бермейді,— деді Аманжан.— Ӛйткені біздің де, трактордың да қанаты 
жоқ, жоқ... ешқашан да ұша алмаймыз. Ұшу үшін туатындар бар. Біз — бауырымен 
жорғалаушылармыз. 
Иә, таңның атқаны даусыз еді. Түні бойы жемтік аңдығандай қыдиып жігіттердің зәре-
құтын алған аш бӛрілер құйрықтарын бұтына қысып, таудан асып, қаша ұзай кеткен. 
Дегенмен аш қасқырдың да пайдасы тимей қалған жоқ. Алтайдың қырық градус суығында 
қасат қар, ақырған аязда үсікке шалдырмай, таң атқанша арпалыстырып, ән салдырған. 
Пенде дегеннің итжанды емес пе, „Адам үш күнде кӛрге де үйренеді" деген осы, таудың 
қақаған суығы мен тілі жалақтаған бӛрісінен кезек қорғанып, тағы бір күнді қарсы алған. 
Бірақ алда әлі де ұшы-қиырсыз күрес күтіп тұрған-ды. Түндегі дүрдараздықты қасқыр жеп 
кетті де, тек сол бір ӛзара түсінбеушіліктің куәсы іспетті, аппақ қардың бетінде 
мұрындарынан аққан қып-қызыл қан қатып жатқан. Кӛзге күйік қылып, кӛңілге қаяу 
салдырмайын деді ме, Нұржан аяғымен теуіп-теуіп, қармен кӛміп тастаған. Әрине, 
алғашқы сӛз: „Енді не істейміз" деген сұрақтан басталды. Қырау басып, мұздап тұрған 
трактордың шынжыр табанын тепкілеп, әр тетігін шұқылап, бас-басына шыр айналып 
шықты. 
— Қарным ашты,— деді Бақытжан әдетінше. Оның ойланбай айта салар әр сӛзі шаншудай 
тиер Аманжан мырс етіп, мысқылдай күлді де: 
— Шошқа ӛлгелі жатса да, қорс еткенін қоймайды,— деп темекісін тұтатты. Нұржан сым 
темірдің басына шүберек байлап, алау жасап әлек. 
— Тракторды қыздыру үшін екі кубометр отын, сақылдап қайнаған екі-үш шелек ыстық 
су керек,— деді. 
— Ауылда, үйдің іргесінде тұрғанда құдайдың зорына от алдырушы еді. Итаяқ болып 
қалды деші.— Бақытжан уайым білдірді. 
— Солярканы жылытып алсақ бірдеме болар еді... 
— Құр сӛзбен трактор қыздырылмайды. Давайте іске кірісейік.— Аманжан май жүретін 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жез түтіктерді ұстап, жабысып-жабысып тұрған қарын сыпырып тазалап, алақанымен 
жылыта бастаған. Дүниедегі жамандық пен жақсылықты жұрттан бұрын кӛретін кӛреген 
Бақытжан тағы да айқайлап жіберді. 
— Ананы қараңдар! Тал ӛсіп тұр!— Ол нұсқаған жаққа жапа-тармағай жалт қарағанда 
кеше апақ-сапақта байқамаған екен, бұлар қонып шыққан таудың теріскейінде тарбая 
ӛскен талды кӛреді. Бұл „Ішкері жаққа" ӛткелі алғашқы кезіктірген ағаш еді, сүреңсіз 
ӛмірдің кӛз сүріндірер тұңғыш қарайғаны болған соң ба, қысқы жолаушылардың есі шыға 
қуанғаны рас-ты. Тәулік бойы нәр татпай, сілікпесі шыға шаршаған, зықысы кетіп 
жаураған жігіттер дәл қазіргі сәтте әр ербиген бұта, ербең етер жан-жануар кӛрсе, мың 
жасары хақ еді. Тіпті біле білген адамға түндегі қасқырдың ӛзі ес болды. Жарықтық 
күннің құлағы Айыртаудың иығынан қылтиғанда бұлауға түсіп қалжа жегендей, әлгі 
қалжыраған жігіттеріміз қағанағы қарқ риза кӛңілмен алақайлап еді. 
— Айналайын, Күн! 
— Жүр, Баке,— деді Аманжан қолына балта алып,— жүр, қасат қардың бетімен еңбектеп 
барып, анау талды отындыққа қиып әкелейік. 
— Үйден шыққанда тракторист едік зіңгіттей-зіңгіттей, одан Қоңқай мемлекетінің 
тұтқыны болдық, одан түні бойы қасқырларға концерт қойып, артист болдық, енді міне 
альпиниске айналдық...— деді Бақытжан. 
— Енді бір күн далада қалсақ, кері маймылға айналып кетеміз, саспа,— деп арқасынан 
қақты Аманжан. 
— Тіпті соның ӛзі жақсы. Кейде адам болып жаралғаныма ӛкінемін де. 
— Адам болып жетістіріп жүргенің шамалы еді. Айда, кеттік. Бақытжан барғысы келмей 
қипақтап аз-кем тұрды да, досының 
алая қараған кӛзіне кӛзі түсіп, әлгі ойынан лезде айныды. Боран соғып, әбден беріштеп, 
шегеленіп қалған қар бетімен тау басына қарай жорғалай жӛнелген екеуінің соңынан үнсіз 
қарап ұзатқан Нұржан:— Жақсы, жігіттер!— деді күбірлеп. Ӛзі трактор кабинасын 
ақтарып, асай-мұсайын әзірлей бастады. Қар бетінде қарайған екеудің жылжығанынан 
тайғанақтап тӛмен сусығаны кӛп. Жел үріп, жылтырата қатырған тайғақ тым қатыгез, тым 
қазымыр еді. Алда келе жатқан Аманжан бейне бір альпинистер секілді балтамен ойып 
шұңқырлап, басқыш жасайды да, табанын тіреп, ізін басқан Бақытжанға белбеуін 
лақтырды. Ол қатарласқан соң, тағы да алға, құзар тауға шабуылдайды да итпектеп 
ӛрмелейді... Екеуі де алты айрығынан тер сорғалап ыстықтады. Ӛне бойынан бұрқырап бу 
шығады. Ойдан қараған кісіге ӛртеніп тұрғандай-тын. Картерді шұқылап, екі досының 
қимылынан кӛз жазып қалып еді, бір нәрсе дәл жанынан тӛмен қарай сонау шатқалға зу 
етіп ағып ӛтті. Ол не болды екен деп ойлап үлгергенше, жоғарыдан дауыс естілді. 
— Қолаба, лаухи, ынжық. Жат солай сай табанында! Аманжанның лақтырған белбеуін 


Taraz.aiman@mail.ru. 
қақши берем деп оқыстан 
айрылып қалған Бақытжан айнадай жарқыраған қар бетіне жұп-жұмсақ құйрығы тиген 
соң, қол шана тепкендей сырғанап кеткен екен. Анау оған қарап алаңдамады, дұрыстап 
тұрып балағаттады да, ӛзі ӛрмелей берді. Бұдан соң ӛр жақтан тағы да дауыстады. 
— Нұржан, ау, Нұржан, сен оған назар аударма, ӛзі келеді ит болып, бойында шыбын 
жаны болса. 
Балтаның даусы естілді. Ол талға есен жетіп, қия бастаған екен. Бұдан соң буда-буда 
бұтақты құшақтаған ол оқтай зымырап кеше трактор шиырлап қазып тастаған қазан 
шұңқырға гүрс ете қалды. Нұржан серігінің ептілігі мен қапшағай шапшаңдығына таң 
қалды әрі шын кӛңілінен риза болды. „Есірік болмай, ер болмайды" деген сӛздің жаны 
бар. 
Тоңазыған жас тал бықсып тұтана қоймады. Үстіне ептеп еріп, мӛлт-мӛлт тамып тұрған 
солярка тиген соң ғана жылбысқылана жанғансымақ болған. Әлгі отты трактордың 
құйрық жақ астындағы бакқа қойып, мыжырайған май-май шелекке толтыра қар нығады 
да, әлгі болар-болмас түтінденген оттың жанына тақады. 
— Мұнымыздан түк те шықпайды, — деді Аманжан. 
— Солярка жібіген соң үстіне құйып, менің пиджагымды жағайық. Сендердікінен гӛрі 
ескілеу ғой,— деді Нұржан. 
— Анау ляухидің тонының ішіне киген желеткесі бар, соны қоса ӛртеу керек, әйтпесе бір 
шелек қарды қайнатып, салқындатқышқа құю мүмкін емес. 
––Ең әуелі оның ӛзін шақырып әкелу керек. 
— Келеді ӛзі!— Зілдене айтты. Бақытжанды не себептен суқаны сүймейтінін Нұржан 
білмейді. Түнде ретін тауып, сабап та алды. 
— Дегенмен сен барып шығарып әкел,— деді.— Тосып отырамыз ба осылай. 
Орнынан керенау кӛтеріліп бара жатып:— Барсам да тек желеткесі үшін барамын,— деді. 
Содан соң қолына сүймен алып, секіріп барып қатқан қарға жалп етіп отыра кетіп еді, 
етекке қарай сырғанай жӛнелді. От жаға алмай күйбеңдеген Нұржанның 
құлағына сай жақтан баж-бүж еткен дауыс тағы естілді. Бақытжан алда, Аманжан 
соңында, сүйменді таяныш қыла ӛрмелеп келеді. Бақытжанның не себептен жан даусы 
шыққанын түсіне алмады. Трактор жанына келіп жеткенде желкелей нұқып, ұшырып 
түсірді де: — Ляухи, неғып бүгежектеп жатып алды десем, бізден жасырып құрт жеп 
отыр. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Нұржан рас па дегендей оған қарап еді, ұрты томпайып, сілекейі шұбыра жалмаң-жалмаң 
еткенін кӛріп шындап түңілді. 
— Ұят екен,— деді.— Соғыс болса немесе ашаршылық болса қайтер едің. Қасқыр да қас 
қылмайды жолдасына деген қайда? Апаң қалтаңа салып берген бір уыс малта қыстан 
шығарады дедің бе? 
— Қызғанғандарың осы болса мә, алыңдар, талап жеңдер, тіпті қарындарың ашып бара 
жатса мені сойып, қақтаңдар,— деп қалтасынан алған малтаны шашып жіберді. Бірақ 
Нұржан да, Аманжан да міз бақпады. Аппақ қардың бетінде бір уыс малта бытырай 
шашылып жатты. Ешқайсысы еңкейіп алмады да. 
— Шеш желеткеңді,— деп әмір берді. Бақытжан үнсіз шешіне бастады. 
Жанармай жіпсіген соң пиджак пен желеткенің үстіне малшыта құйып, лап еткізіп 
тұтатты. Ӛмір оты лаулады! Тіршілік басталды! От тиген жігіттердің бетінен қан, от тиген 
жез түтіктерден май жүгірді. Бірер шелек қар қайнатып, салқындатқыштың мұз 
қабыршықтанған ӛңешіне құйды. Картердің майы жібіді! Жанармай тиген соң бағанағы 
шылқыған жас тал да сытырлай жанды! Күн жарықтық арқан бойы кӛтеріліп, жанарыңды 
жалайтын сәулемен мұқым маңай, айнала — аппақ қар әйнектей жарқырады-ай. 
Шыңылтыр аяздың астында шыны уатып тастағандай шағылыса ойнайды... Ӛзінің қыңыр 
қылығына ӛкініп, сең боп қатқан ұяты ол да жібіді білем, Бақытжан мұрны қанағанша 
дедектеп жұмыс істеді. Қайыс белдікті дӛңгелек от алдырғышқа орап әкеп, түйіншегін 
ілгішіне іліп, кезек-кезек тарта берген соң ең алдымен пускаш тырылдап іске қосылды да, 
ақыреттей жайылып, суық жүзбен сыздана сазарған ақшағыл тауларды жаңғырықтырып, 
трактор от алды. Біразға дейін кӛксау тигендей қақалып-шашалып бабы болмады. Нұржан 
барып газдың тұтқасын басып қалып еді, ӛкіріп-ӛкіріп түні бойғы ӛксігін құсып тастап, 
баяғы әуеніне басып, әуеулей әнін шырқады-ай... Жасасын ӛмір! Жасасын, жастар! 
Жасасын, жаса-сын, жасасын!.. 
Жігіттер оны-мұны, керек-жарағын темір қобдиына бақшалап тұрып салды, отырғыш пен 
арқалықты қар үйшіктің астынан аршып алып, орнына қойды. Кабинаға қарғып мініп, 
„жолымызды оңғара кӛр" деп күбірлеп сапарға, тіршілік жорығына аттанды әне! Не болса 
да тәуекел жасап, мынау таудың балағындағы ӛзекшені құлдап, мынау мекен болған ақ 
тауды шыр айнала орап, келген іздерімен жоғарыда қалған шананың қыр желкесінен 
түспекке ниет білдірді. 
Бірақ Нұржаннын бұл ұсынысына Аманжан үзілді-кесілді қарсы болды. 
— Есіміз барда — елімізді табайық,— деді ол. 
— Сен қалай ойлайсың?— деді Аманжан. 
— Сен қалай ойласаң — солай ойлаймын,— деді Бақытжан. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Түу... ит арқасы қияннан күн демей, түн демей бар ауыртпалықты арқалап шыққанда, 
жол ортадан қайтып кетуге дәтім шыдамайды. Ел-жұрттан ұят.— Аға трактористің бұл 
сӛзіне Аманжанның күлкісі келді. 
— Пах., хи-хи... шіркіннің елден ұяла қалғаны-ай... Ұлыған қасқыр, ұйтқыған боранға 
бесіктен белі жаңа шыққан біздерді алдап-арбап айдап салғанда, сол елің... ұялмайды, біз 
ұялуымыз керек! Айда, былжырақты қойып тракторға мініңдер. Күн барда етекке түсіп 
алайық.— Ӛзі қарғып трактордын табанына шықты. 
— Асықпа, жігітім, дауысқа саламыз,— деді Нұржан.— Одыраңдама соқырым, баланы 
басып кетесін деген екен баяғыда біреу. 
— Пах! Бейне бір кинодағыдай. Комсомол жиналысын ашамыз деші. 
— Ар-ұят жиналысы. 
— Хватит!— деп айғай салды Аманжан.— Шалтай-балтайды қойыңдар. Екі тәулік 
алысқанда ар-ұятымнан айрылып қалғанмын. Ал қарыз алуға әркімнің ӛз қара басына 
жетпей жүр.— Мойнының тамырлары білеудей болып ісініп шыға келді. Адамдардың 
мінез-қүлқы қызық қой: қазір былай, қазір олай. Ал Аманжан ӛз айтқанына кӛнбесең, 
басын кесіп алсаң да ұстанғанынан таймайтындардың бірі-тін. Суық қатты қысқанда торс-
торс айрылатын қара жердің ӛзі іспетті, жан дүниесіне, психологиясына сай келмейтін 
нәрсе болмаса ешкімнің айтқанына кӛніп, айдағанына жүрмейтін ол, қазіргі дау-дамайда 
сӛзсіз жеңем деп ойлады. Екі күн бойы ӛлім мен ӛмірдің қақпақылы болып, қар-қатынның 
тұтқынынан енді босандым ба дегенде, жалғыз шана шӛп үшін ажалға бастарын тігу — 
барып тұрған ақымақтық деп ойлады. Жо-жоқ, патриоттық рух, жауапкершілік сезімі 
Аманжанда да сӛнген жоқ, бірақ кӛзсіз ерліктің заманы емес қой бұл. Не істесең де ақыл, 
айла керек. 
Ол әсіресе кешеден, шалмен арбасудан кейін, қатты ӛзгеріп кетіп еді. Неге екенін кім 
білсін, Бақытжан бағанағы бір құрт мәселесінен кейін, ӛз-ӛзінен ол да ӛзгеріп сала берген. 
Әсіресе Нұржанның кеудесіне тонның ішінен киген пиджагын шешіп отқа тастап, 
дірдектеп тұрған кейпін кӛрген сәттен бастап, жан дүниесіне, психологиясына сай 
келмейтін нәрсе болса шыдамы тарс айрылар еді. Ӛз ырқымен болмаса ешкімнің 
айтқанына қӛніп, айдағанына жүрмейтін ол, қазіргі дау-дамайда сӛзсіз жеңем деп ойлады. 
Екі күн бойы ӛлім мен ӛмірдің қақпақылы болып, қар-қатынның тұтқынынан енді 
босандым ба дегенде, жалғыз шана шӛп үшін ажалға бастарын тігу–барып тұрған 
ақымақтық деп ойлады. Жо-жоқ патриоттық рух жауапкершілік сезімі Аманжанда да 
сӛнген жоқ, бірақ кӛзсіз ерліктін заманы емес қой бұл. Не істесен де ақыл, айла керек. 
Ол әсіресе кешеден, шалмен арбасудан кейін қатты ӛзгеріп кетіп еді. Неге екенін кім 
білсін, Бақытжан бағанағы бір құрт мәселесінен кейін, ӛз-ӛзінен ол да ӛзгеріп сала берген. 
Әсіресе Нұржанның кеудесіне тонның ішінен киген пиджагын шешіп отқа тастап, 
дірдектеп тұрған кейпін кӛрген сәттен бастап, жан дүниесіне тамаша сәуле тарап еді. 
Күпірлікке толы күндерімен мүлдем қоштасқандай, адамгершілік, достық, қимастық деген 


Taraz.aiman@mail.ru. 
түсініктердің мәнін шындап парықтағандай болған. Бір бағытқа — бір мақсатпен аттанған 
адамдар арасында қара суды бӛліп ұрттар қоян-қолтық ынтымақ болмайынша, ілгерілеу 
мүмкін еместігін ұққан. Анау үзеңгілес келе жатқан достарының тотыққан мыс түсті 
шаршаңқы дидарына ұзақ үңіліп, оларды енді ғана танығандай, олармен енді ғана шындап 
достасқандай балаша қуанған. Әрі ӛзінің кеше түнде оңбай таяқ жегеніне тіпті ӛкінген 
жоқ, қайта „ӛзіме де сол керек" деп ӛз-ӛзін табалаған. Ер-азамат не майданда, не жорықта 
сыналады деген осы. Ол — Бақытжан осынау қар шағылдардың арасынан достарын ғана 
емес, ӛзін де іздеп тауып алғандай еді. Ол ұлы жаңалық ашты — ӛзін ашты... 
Қоңқай шалмен арадағы қақтығыстан соң, мінезі күрт ӛзгерген Аманжан ғана. Не кӛрінді? 
— „Ляуқисың, ұйқышылсың, тамақсаусың",— деп мені келемеждегенде патефондай 
сайраушы едің, бір бармағымды бүгіп жүрдім деші... Бірінің жүнін бірі жұлып жеп қоғам 
малы тұр маңырап.— Бақытжанның бұл жалынды сӛзі, шынында да, әбес естіліп еді, 
әсіресе ақ қар, кӛк мұздың ортасында, тіс-тісіне тимей бүрсеңдеп, екі тәулік нәр татпаған 
ішектері итше ұлып жатқанда... Аманжан, ішін басып қатты күлгені соншама, трактордың 
шынжыр табаны солқылдап кетті. 
— Пах-пах, шіркіннің патриотын-ай, ха-ха у-у-ішегім-ай... Павка Корчагин ортамызда жүр 
екен ғой...— Күлкісін шорт тыйды да, арс етіп жекіді.— Ляуқи неме, қоғамға мал керек 
болғанда, адам керек жоқ па?! А! Аштықтан, лажсыздықтан бір-бірімізді тірідей жегелі 
тұрып, жалынды сӛздер айтамыз. Жалынды сӛз жанымызды алып қала алмайды, 
жарқыным. Насихатшым мен лекторым жанымнан табылып рақат болды-ау. Құлағымның 
етін қоғамтанудан беретін ызылдақ мұғалім жеп еді... енді міне... 
Дем алған сайын ауыздарынан будақ-будақ бу шыққан үш жігітке сонадайдан қарап 
тұрып, іштері ӛртеніп тұр-ау деп ойлауға болушы еді. Ал олардың сырты қалтырағанмен, 
жан дүниелері лапылдап жанып жатқаны рас-ты. Аманжанның ашуланып айтқан сӛзінен 
соң, не істерін білмей біраз ойланып, үнсіз қалған. Қазіргі жағдайды салмақтап қараса, 
Аманжанның сӛзін де теріс дей алмас еді. Не істеу керек мұндайда? Жан бағып ауылға 
тайып тұрса, неге келдің деп айыпқа тартпас. 
Қар шағылдардың арасынан, Қар қызының сыңсыта салған мұңлы әні естілгендей... 
— Ауылға бір айыр болса да пішен апармай, кері оралмаймыз. Қазір тауды шыр айналып, 
анау шананың желкесінен түсеміз. Осы пікірге қосылам дегендерің қол кӛтеріңдер,— деп 
кесіп айтты Нұржан. Ары тарт, бері тартпен ырылдасып тұра берсе, қыстың келте күні 
қазір-ақ батып кетер. 
— Ол үшін тағы да екі тәулік керек. Ондай жас жұтар тәуекелге сенің қарның, трактордың 
майы шыдамас,— деді Аманжан. 
— Егер сенің барғың келмесе, осы жерде қала бер. Маневрді біз ӛзіміз-ақ жасап келеміз. 
Нұржан мен Бақытжан қол кӛтерді. Осы кезде Аманжан тракторды сӛндіріп жіберді де, екі 


Taraz.aiman@mail.ru. 
мықынын таяна талтайып, гусеницаны солқылдата ойнап, тісі ақсиып тұра қалған. 
— Бұға берсе — сұға беруге әбден үйренгенсіңдер,— деді қарға шырт түкіріп.— Ал енді 
тырп етіп кӛріңдерші. Ең әуелі екеуіңді, содан соң ӛзім қан болайын.— Қалтасынан 
бәкісін суырып алды. Екі жігіт шошына қарап қалған. Басқа-басқа, дәл осыны күтпеп еді. 
Бір жасынан бірге ӛскен дос, замандас, ағайындас... тағысын, тағылар — бәр-бәрі быт-
шыт, бәр-бәрі бекер, әншейін қайғы-мұңсыз ерігіп жүргенде айтылар шартты ұғым 
екеніне Нұржанның кӛзі тұңғыш рет жеткен еді. Ендеше, анау ауылда іздеп барар кімі 
қалды? Қай екі туып, бір қалғаны бар. Шешесі ме, қарындасы ма? Олар ӛз күнін ӛзі, 
Нұржансыз-ақ кӛре береді. Тәңірім-ау, Нұржанның осы екі жігіттен басқа кімі бар еді? 
„Аманжан, сен... осындай ма едің?.. Пышақ жұмсағаны несі... Жо-жоқ, ауылға енді қайтып 
бармау керек екен. Не болса да осына қар-елінде, адамдары аз кеңістікте ӛлу лазым 
екен..." 
— Надоели вы мне, надоели!— деп кеңірдегін созып бақырған Аманжанның ӛрескел үні 
оның ойын бұзды. Бұлардан сәл биікте, шынжыр табанда тұрған оның кӛзі от шаша 
бағжаң еткенде, Нұржанның алдында бірге ӛсіп, біте қайнасқан жан досы емес, Қоңқай 
шал тұрғандай жүрегі дір ете қалды.— Вот так надоели мне все люди. Все человечество! 
— Мынаның орысшасы ничауа екен, а Нұржан,— деп Бақытжан әзілге шаптырып еді, 
Аманжан тебініп: 
— Ыржақтама,— деді.— Боқ-жыныңды ақтара салармын. Упрай әкеңе қош деуге шамаң 
келмей қалар, ойнастан туған шата неме!.. 
— А-а!— деп аңырып тұрып қалған Бақытжан денесін тоқ соққандай әсерде басын қос 
қолдап қысқан қалпы, осыншалық ауыр сӛзді кӛтере алмағандай шӛкелеп отыра берді. Екі 
кӛзіне қан тола бастаған. „Шата" дейді-ау. Осы бір қаңқау сӛз үшін ӛзінен ары 
намыстанып, талай баланың мұрнын дал қылған Аманжан, енді міне, ес біліп ер жеткенде, 
беті былш етпей ӛзі айтып тұр. Нендей бір тылсым күш, орнынан тік кӛтерді де, арсылдап 
тұрған алып Аманжанға қарай атып жіберді. Әлемде менен мықты ешкім жоқ деп әспенсіп 
тұрған жігітгің ең әуелі қолындағы пышағы шыр етіп ұшып, қарға сіңіп жоқ болды да, ӛзі 
кескен теректей сұлап түсті. Міне керемет! Соққы қай жерінен тиді, оны Аманжан да, 
тіпті осы әрекетті баққан Нұржан да байқамай қалып еді. Жалғыз-ақ сәтте жеңіске жеткен 
Бақытжан трактор табанына қарғып шықты. Қарғып шықты да:— Үндемегенге үрулеріңді 
қоймадыңдар. Сендерден келген кереметті кӛріп алдым,— деді саспай сӛйлеп.— Қоңқай 
шалдан қорық, қасқыр мен аяздан, аштықтан қорық, енді Аманжаннан шошып сүрген 
ӛмірдің ішін ұрайын. Ей, Нұржан, тракторға от алдыр. Шанаға барамыз. Ана қабаған ит 
жатсын солай бұралып. Моншада берген антты бұзған адамның тартар жазасы — осы.— 
Кішкене қайыс жіпті Нұржанға лақтырды. 
— Жеңдік деп тұрсыңдар ғой. Мә, мә...— деп саусағын шығарды Аманжан. Тұрайын деп 
екі-үш рет талпынып еді, бүйірі удай ашып кӛтертпейді. „Атаңа налет қай жерімнен 
ұрған" деп ыңырси күбірледі.— Бәрібір ажалдарың менен... бүгін болмаса ер-тең, ертең 
болмаса — арғы күні. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Трактор дырылдап ала жӛнелді. Қанша тӛзімді, кең пейіл, жүрегі жұмсақ болғанымен, 
Нұржан біржола түңілгендей еді, ДТ-ға қарғып мінді де, моторды жылдамдыққа қосып, 
рычагты тартып қалды. 
— Кеттік!— деді жанына жайғасқан Бақытжанға, 
— Кеттік!— деді ол да. Апай-топайы шыққан жентек-жентек қардың үстінде белі кеткен 
сиырдай кирелеңдеп Аманжан қалды. Бірақ ол: „Тоқта, мені ала кетіңдер",— деп 
жалынбады. Кӛзі қанталаған қалпы, қақпанға түскен қасқырдай мәңгілік кекпен, арлан 
ашумен қалды. Денесінің ауырғанына, суықтың ӛткеніне қараған жоқ, сол құлап түскен 
қалпында — мызғымай, ӛжет бітім, бітіспес ӛшпенділікпен қалды. Трактор етекке құлдап, 
ұзап кеткен соң, қорлана жылады. Сай-сүйегі сырқырап, қолқасы қопарыла еңкілдеді. Кӛз 
жасы ақша қардың бетіне мұз-моншаққа айналып түсіп жатыр. Басқа-басқа, дәл 
Бақытжаннан осындай соққы жеймін деп ойлады ма. Мұрны пысылдап, қалғып-шұлғып 
отыратын боқ қарын емес пе еді. Жо-о-оқ, бұл ойлағандай емес екен. Түйе бойына сеніп 
құр қалыптының кері осы да... Суықтан домбығып, қызарып кеткен саусақтарын жеңімен 
сүртіп үрледі де, қойнына тықты. Сон-ау-оу ойға мойнын созып қарап еді, белуардан қар 
кешкен трактор түтіні будақтап, саймен ылдилап шырқап барады екен. Тоқтаусыз 
зырылдайды. Мына екпініне қарағанда жалғыз-ақ сағаттың ішінде тауды шыр айналып, 
қарға қақалып жатқан шананың қыр желкесіне жетіп келер түрі бар. Аманжан достарына 
ермей қалып қойғанына, ӛзінің оңбай қателескеніне ӛкінді. Енді онда жалғыз-ақ амал 
қалып еді. Ол — анау екі жүз метр жоғарыда жатқан шанаға ӛрлеп барып, екі жігітті 
тосып отыру. Кешірім ӛтіну. Оған Аманжанның намысы жібере қойса... Сонда не істеу 
керек? Ызғарлы тыныштық. Тырс еткен үн жоқ. Дүниеде ӛлі тыныштықтан қорқынышты 
не бар екен? 
Кеше бұлар топшылағандай сай табаны сор, қойтасты кедір-бұдыр оппа емес екен. Ол да 
болса алғашқы сәттіліктің басы еді. Шынжыр табаннан асып, қабыршықтана беріштенген 
қар сеңін қақ жарып, жүзе жӛнелген. Кешегі кӛкіректерін ыңғырудай кеулеген жат сезім, 
жабайы қылық сейіліп, ұлы бір майданға аттанғандай түстері әрі түйілген, әрі ӛзі күшіне 
имандай сенген қайсарлы, әрі қасіретті. Шындай ӛшіккен адамның қасақана жасар 
ерегеспе долылығы бар. Түңіліп барып, үмітін үзіп барып, ӛз тілеуін ӛзі ғана тілер-
жалғыздықтың, жанашырсыз жетімдіктің зарын тартып, запысын шеккен қайран кӛзсіз 
ерлік-ай, ӛлімді тек осылайша, осындай кӛкпері, асау мінезбен ғана жеңе аласың... 
Айнала аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние. 
— Нұржан,— деді Бақытжан томаға-тұйық трактор жүргізіп отырған мұңлылау жүзіне 
қарап. 
–Ау. 
— Үсік шалынған адам ыстықтап, үстіндегі бар киімін шеше бастайтыны рас-ау деймін... 
Түнде менің бойым енді ғана жылып, күйіп-жана бастаған шағымда, Қол шатырлы қыз 


Taraz.aiman@mail.ru. 
келіп, жетелей жӛнелді. Сен сирағымнан жұлып ояттың, әйтпегенде бүгін серейіп қатып 
жатар едік. 
Олар біразға дейін тағы да үнсіз отырды. Анда-санда қар астында жасырынып жатқан ұры 
тасқа табаны шақ ете қалған ДТ-54-те мін жоқ, зырлап-ақ келеді. Кеше әзер деп асқан 
тауды шыр айналып орап, ӛз іздеріне қайта түскенде қыстың қысқа күні еңкейе беріп еді.
— Тоңған жоқсың ба?— деді Нұржан пиджагы мен желеткесін солярка құйып 
жаққандары есіне оралып. 
— Қалтырағаным болмаса, қыж-қыж қайнап отырмын,— деді Бақытжан күліп.— 
Таңертеңгіден қалтамның түбінде бір малта қалып қойыпты, ұят болмаса бӛліп кемірсек 
қайтеді. 
Нұржан оның, қипақтаған мүсәпірлеу кейпіне қарап күліп жіберді. Несіне 
қыбыжықтайсың, әкел. 
Қалтада жүре-жүре әбден саталақтанған малтаны екі жігіт кезек-кезек кеміре бастады. 
Мақау да дүлей таудың мазасын алып, 
зәресін ұшырған ДТ-54 күні кеше ғана дәл осы мезгілде ӛзі салған орма жолмен қайқая 
ӛрлеп бара жатты. 
Қасаттанған қарға батып, қатыңқырап қалған ағаш шананы айналып ӛтіп шегінді де, солқ 
етіп тоқтады. Трактор тоқтар-тоқтамастан жерге қарғып түскен Бақытжан қолымен 
ымдап; әлі де шегіне түс деген белгі жасап үлгерді. Ал ӛзі шананың зілдей ауыр темір 
мұрындығын мықшыңдап кӛтеріп, ілгешек тесігіне дәл келтірді. Қарды тепкілеп тиекті 
іздеп еді, таппаған соң, дауыстады:— Гусеницаның палцысын әкелмесең, тиек жоғалып 
қалыпты,— деді. Нұржан лақтырған саусақ темірді тесікке тығып, балтамен ұрып кіргізді. 
Одан соң, кӛз ілеспейтін шапшаңдықпен кабинаға қайта секіріп мініп:— Бісмілла, ал 
аттандық!:— деп кӛзінен от шаша алға қарады. 
Кешеден бері ит әуреге түсірген кері баққан шананы сүйреген ДТ-54 еңіске қарай 
құйрығына шелек байлаған атша зымырай жӛнелген. Тәулік бойы ӛлім мен ӛмірдің 
арасында ӛткен асқаралы күреске мойымағандар... жеңіске жетті. Олардың ендігі мақсаты 
— Айыртаудың арғы етегіндегі Огневка аулына ілігу. Сонда түнеп шығып, жӛн сұрап, 
күзден қалған шӛптің негізгі жобасын табу. Сӛйтіп, бір мая шӛпті шанаға ыңырандыра 
тиеп, асу арқылы емес, ауыл-ауылдың арасын қосып жатқан күре жолмен шеңбер жасап 
айналып, есі барында елін табу. Әрине, ұзақ та болса — қысқа жол тек сол болмақ. 
Шананы аман-есен тіркеп алып, кӛңілдері хош қалпымен жоғарыдан тӛмен құлдилағанда 
Аманжан бағанағы орнында әлі жатыр еді. Сонадайдан қарағанда, қар үстінде қарайған 
адамды тірі деп, топшылау мүмкін емес. Алғашында ашумен, қырсығып жатқан шығар 
деп мән бермеп еді, тіпті тура қасына келгенше қыбыр етпеген соң, шошынысып қалған. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Мертігіп қалмасын,— деді Нұржан. 
— Сүйек сындырар соққы менің қолымнан қайдан келсін. Монтансып жатқан шығар. 
ДТ-54 — тапалап кетердей болып, тұмсығының алдына келіп тоқтағанда да Аманжан 
тырп етпеген. Сол, алысқа... қар басқан таулардан жоқ іздегендей, қадала қарайды. 
Кабинаның есігі ашылып, Нұржанның басы қылтиды. 
— Тұр енді, астыңнан суық ӛтеді. Кеттік,— деп дауыстады. Аманжан үндеген жоқ, 
бедірейген қалпы — сұп-сұр болып жата берді. Трактордан қарғып түсіп, қасына келген 
Нұржанға назар салмады. Қолынан тартып:— Жүр деймін. Ӛкпеге қисақ та, ӛлімге қиямыз 
ба бір-бірімізді. Ағаттық сенен де, бізден де кетті. Кінәласар 
тұс бұл емес. 
Бұл кезде Бақытжан да шыдай алмай жетіп келіп қалып еді. 
— Битке ӛкпелеп тонымды отқа салмаймын,— деп керги тұрды орнынан. Бірақ 
Аманжанның, осыншалық, аяғының басын қайқайтып кімге бұлданатынын екі жолдасы 
түсіне алмады. Сондықтан да әлгі бір ауыр сӛзі кӛңілдеріне келмеді. Үйден үшеу болып 
шығып, екеу болып оралу мүмкін емес, ертең Аманжан олай-бұлай болып кетсе, тағы да 
екеуі жауап беретіні шәксіз. Ендеше, Аманжан бұлданбағанда — кім бұлданады. Бірақ 
аққу, шортан, шаяндай әрқайсымыз әр жаққа тартып, шалқасынан түсер шатаққа баруға 
құқымыз бар ғой. Тым құрығанда осыны түсінбегені ренжітіп еді Нұржанды. Ӛзінің 
жүрегі бос, тым-тым кӛңілшек, ақша қардай тазалығына тұңғыш рет жыны келді. 
Аманжан тракторға керенау кӛтеріліп, үйреншікті орнына шалқалай жайғасты да, кӛпке 
дейін әңгімеге араласпай томаға-тұйық оңаша отырды. Ең алғашқы сұрағы да түйеден 
түскендей еді. 
— Ей, ляуқи,— деді Бақытжанға. Бұрын аяқ алдында, темір жәшіктің үстінде бүрісіп, 
қалғып отыратын оны аяғымен бүйірінен түртіп қалушы еді, бағанағы соққы есінен әлі 
кете қоймаған секілді...— Сен... оқтай атылған шапшаңдықты, кереметтей ауыр соққыны 
қайдан үйрендің?.. 
Мойнын ішіне алып, трактор ырғағымен басы изектеп отырған Бақытжан мырс етіп күліп 
жіберді. 
— Қайдағыны сұрайсың-ау. Қалай атылғанымды, қалай, қай жеріңнен ұрғанымды ӛзім де 
білмеймін. Сенің аузыңнан ӛмір бақида естімеген сӛзің шыққанда, миым ып-ыстық болып 
кетті де, бір тылсым күш орнымнан жұлып алып, лақтырды да жіберді... 
— Сенбеймін,— деді Аманжан темекі іздеп, қалтасын қарманып.— Бәрібір сенбеймін. 
Нұржан үйреткен шығар. Екеуің маған жабылу үшін ертеден дайындалып жүргендеріңді 
сезуші едім. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Ондай арам пиғылға барма,— деді Нұржан.— Сенде бес — бересі, алты — аласымыз 
бар ма. Жоқ болмаса, әкемізді сен ӛлтіріп пе едің... 
— Рас-ау,— деп қалды Бақытжан қопаңдап. 
Айнала аппақ қар. Қақаған аяз. ДТ-54 — еңіске қарап, табанынан қар боратып зырлап 
келеді. Алыстан, қар шағылдардың арасынан... сыңсыта салған, мұңлы ән еміс-еміс 
естілгендей... 
Айыртаудан батыс жақ сайлауына ілінгенде сонадайдан қараңдай жүрген адамның сүлдесі 
болжанды. Үшеуінің де кӛздеріне жас ала қуанған сәті осы еді. Ақ қар, кӛк мұздың 
ортасында адасып, сергелдеңге түскен азапқа толы күндер мен түндердің алғашқы адамын 
аймалап, сүюге бар. 
— Ура, әкіри!— деді жас балаша мәз болған орнынан қарғып тұрып. Басын кабинаның 
аласа тӛбесіне тоқ еткізіп соғып, тілін тістеп алса да ауырсынбады.— Құмардан шыға бір 
рет сорар шайы бар болса, не арман... Ӛкінішсіз кӛз жұмар едім. 
— Әй, қайдам, шылымыңды езуге қыстыра сала тамақ, қыз іздер ме едің.— Бақытжан бұл 
болымсыздау қалжыңыма ашуланып 
қалмады ма деп бетіне жалт қараған. Бірақ оның тоттанған қара күрең жүзінде майда ғана 
жымиыс бар екен. 
— Ол да ғажап емес, пенде дегенің мәңгі қанағатсыз ғой,— деді салмақпен. Нұржан болса 
трактор құлағымен алысып отырып, екі досының жалғыз-ақ күнде күрт ӛзгерген мінезіне 
қайран қалды. 
Жігітгер жақындағанда тотияйындай кӛкпеңбек шӛпті күрт- күрт жеп, кәперсіз тұрған ат 
қос құлағын тіге осқырынып еді, иесі қолындағы күрегін тастай бере ұмтылып, тізгінге 
жармасты. Қардың астында жұмыртқадай жұмырланып жатқан отау шӛптің қарын 
жартылай ашып, шанаға бірер айыр тастап үлгеріпті. Трактордан 
қарғып-қарғып түскен соқталдай үш жігіт жарыса: 
––Ассалаумағалейкум!— деп жамырай амандасты. Алпысты алқымдаған мұртты адам 
алғашында кӛктен құлағандай сап ете қалған жолаушылардан сескеніп қалғаны рас еді. 
Жау емес, ұрымтал келген ұры 
емес, уыздай ғана жас қазақ балалары екеніне кӛзі жеткен соң, қарсы жүріп, қолын беріп 
есендесті. 
— Иә, жол болсын, шырақтарым, қайдан жүрсіңдер? 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Сіздерге кӛрші Қарағай ауданының жұмысшыларымыз, Фадиханы асып, күзден қалған 
пішенді алып қайтуға келеміз. 
— Жӛн, жӛн,— деді ол күрегін қайта алып.— Бірақ қыстыгүні Фадихадан тура тау асып 
түсер жол жоқ еді. Қалай ғана қамалып қалмай шықтыңдар? 
— Ендеше, сол жолды біз салдық, ақсақал,— деді Аманжан. 
— Шынында да, бұларың ерлік екен,— деді ол. Алақанына шырт түкіріп, маяның қарын 
тазалауға кірісті.— Бұл жолмен қыстыгүні бұрынды-соңды ешкім жүріп кӛрген жоқ. 
— Түнде қонған үйдің иесі: „Осы Айыртаудан асуға болады; жол сайрап жатыр, мен 
алдыңғы күні ғана-ақ қарап келдім",— деп жӛн сілтеген соң жол қысқартайық деп 
тәуекелге басып едік, адаса жаздағанымыз рас, ақсақал,— деп, Нұржан шынын айтты. 
Шал мұртын сипап, басын шайқады. 
— Жӛн сілтеген адамның аты-жӛнін білесіңдер ме? 
— Білмегенде. Ол кісі бізді таң атқанша тұтқында ұстады. Есімі — Қоңқай. 
— Әй, атаңа нәлет-ай!— деді шал бір күрек қарды құшырлана лақтырып жіберіп.— 
Осыдан үш-тӛрт жыл бұрын тағы бір қызды алдап, анау құзардың шатқалында ат-
шанасымен қатып қалып еді. Мысық тілеуінен айнымаған деші. Қонған кісіден ақы 
алатын ауруы да қалмаған шығар. Ол жалмауыздың маңдайына адамды алжастыруды 
жазған. Қоңқай адастырады, мен тауып аламын. Ӛзіне ӛкіметтің де, құдайдың да тісі 
батпай-ақ қойды. 
— Беріп едік алмады,— деді Бақытжан. Бұдан соң, трактордан ӛз күректерін әкеліп, шалға 
кӛмектесе бастады. Енді шалдың күрегіне Нұржан жармасты.— „Жақсы" кісі екен... 
— Рақмет, шырақтарым. Ол шалға құдай бірдеңе берейін деген екен...— деп белін жазған 
ол әлі де Қоңқайдың иттігіне налыған сыңаймен:— Асудың дәл аузында жалғыз үй боп 
отырып алады да, әрі-бері ӛткен жүргіншілерді теспей сорады. Маған салса баяғыда атып 
тастар едім, құтырған иттей қыңсылатып. Сендер шӛп үйген жерден сәл қиыс, батысқа 
ойысып кетіпсіңдер,— деді кӛзін сығырайта тауға қарап.— Бүгін біздің үйге еру 
болыңдар, ертең ерте ӛзім ертіп апарамын. Мықынын таянып тұрған Аманжан:— Ей, шал, 
темекің бар ма?— деді. 
— Жоқ, шырағым, насыбай атсаң берейін. 
— „Боқ жаман емес, жоқ жаман" депті қарға,— деді де шалдың шақшасына қол созды. 
— Әй, шырағым,— деді шал жап-жас жігіттің тік сӛйлегенін жақтырмай.— Қызымды 
алмасаң, алма, бірақ жамандама деген сӛз және бар. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Оның сондай — әкесіндей адаммен қалжыңдасатын әдеті бар. Әсіресе шалдарды кӛрсе, 
кӛзі қанталап шыға келеді.—Бақытжан жуып-шайған болды. 
— Әзілің жарасса, атаңмен ойна. Кӛңіліме дік алып тұрған жоқпын... Е, қалай екен, бәлем. 
Енді ішің ӛткенше түшкіресің... Мұрнына атқан насыбайды сіңбіріп, түшкіріп-пысқырған 
Аманжанға бәрі мазақтай зілсіз күлді. 
— Насыбайы құрысын,— деді ол тынышы кетіп.— Танауым қаңсып түсіп қалса да, 
жолайтын дүние емес екен. 
— Ӛзіңе де сол керек, әкіри,— деді Бақытжан.— Кешегі менің есемді ақсақал қайтарды. 
Ақылың енді кірген шығар. 
— Ата, (бұл сӛзді Нұржан айтқан) ат-шанасына шоқайтқанша бір отау пішеніңізді трактор 
шанасына бір-ақ тиесек, әуре болып қайта-қайта келіп жүресіз бе? 
— Қайдан білейін, қарағым, ӛздерің жол сорып, аяз сорып шаршап келесіңдер. 
— Түк етпейді, кімдерге кетпеген есіл еңбек.— Бұл сӛзді есін әрең жиған Аманжан айтты; 
Қарап тұра беруді әбес кӛрді ме, ол да амалсыз күрек алды қолына. 
— Жақындат тракторды,— деді Бақытжан шіреніп,— Ұрыста — тұрыс жоқ. 
Сойталдай үш жігіт және шал бір отау шӛпті трактордың бӛренеден қиып жасаған дәу 
шанасына әп-сәтте тиеп алды. 
Айнала аппақ қар, сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... 
Алыстан, қар шағылдардан естілетін мұңлы ән, бірте-бірте жақындай түскендей... 
Айыртауды етектеп қыстаққа келіп жеткенде кӛз байланған. Шанадағы шӛпті қораға 
түсіріп, трактордың суын ағызып, жалғыз бӛлмелі сығырайған терезесі бар ағаш үйге 
кіргенде, қас 
қарайып, кӛз байланған, бұл үй үш жігітке кең сарайдай кӛрінді. Ықтасынға салынған 
қыстақта жұпынылау ӛмір болғанымен, үлкен жүрек кең пейіл аңғарылған. 
Бұл жердің құлаққа ұрған танадай тыныш тірлігін тек ұзыннан-ұзақ созылған жабық 
қорадағы мӛңіреген сиыр мен бұзаудың азан-қазан үні бұзады екен. Бұл жердің тағы бір 
ерекшелігі — қыстақ жанынан буы бұрқырап, жылып ағар бұлақ, бойы тал-терекпен 
кӛмкерілген және оңтүстіктегі биік таудың теріскейі — ағашты, тегінде, Алтайдың қалың 
орманы осы тұстан басталатындай. Егер дәл осы қыстақтан тұп-тура солтүстікке бет 
түзесеңіз, атақты ХаТЫНЬ ӛзеніне ат басын тірейсіз, ар жағы Россия. „Ішкері жақ" деп 
аталар бұл ӛңірдің ала-бӛтен ерекшелігі де сол — Алтайдың басқа жерлеріндей емес, 
әзірше құйқасы бұзылмаған тың: аяз аз тиген, ағашы мен аңы да әзірге аман. Қысы қатал, 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жазы жайсаң таудың тағы табиғаты техника ырқына кӛніп, бағына қойған жоқ. Соңғы 
құрғақшылыққа ұшыраған үш жылда сонау Бұктырма бойын жайлаған тамам ел 
қиындығына қарамастан мал азығын дайындап, шамасы жеткенше тасып әкетіп жүр. 
Келімді-кетімді кісі мен жолаушылардың жаққан отын сӛндірмей, осына шалғайдағы 
Алтайдың сыңсыған жынысы талай рет ӛртке шалынды. Ӛткен жазда мұқым тегіс жанып, 
жүздеген солдат келіп әрең ӛшірген. Дегенмен соңғы бес жылда жарықтық ішкі 
Алатайдан да күй кете бастап еді. 
Алқа-қотан қоғамдаса дастарқанға отырғанда үй иесі шал айтты: 
— Жергілікті халық бұл жерді Бекалқа деп атайды. Үлкен Нарын ауданының ең алыстағы 
қыстағында біз отырмыз. Бізден ары ел жоқ — иен. Ел жоқ деген де мүлдем адамсыз емес, 
таулы Алтай ӛлкесіне дейін ара-тұра аңшылар кездеседі немесе бұл жердің табиғатын 
қызықтап жүрген туристер жаз айында шұбырып жатады. 
Ағаш үйдің тері қаптаған есігін сықырлатып кіріп-шығып шәй жасап жүрген кемпір аса 
пысық адам емес секілді-ау. Бәлкім, қарттықтан ба, мүмкін, салақтықтан ба, түтіні 
басылмаған ескі жез самаурынды әрең дегенде қайнатып әкеліп еді. Ішіп-жемнің берекесі 
де онша болмады. Бір жарым тәулік нәр татпай, үсіп-жығылып келген үш жігіт жылы үй, 
құрт-ірімшік қосқан ыстық шайдың ӛзіне масайып, терлеп-тепшіп ӛлердей сораптаған. 
Әрі-беріден соң, манаурап, ұйқылары келе бастады. Әсіресе мұрнының үсті шып-шып 
терлеген Бақытжан қалғып кетіп, қолындағы кесесін түсіріп ала жаздайды. 
— Адам баласы кӛрге кіргенше не кӛрмейді, шырақтарым,— деп, шал шалқалап жүкке 
арқасын тірей отырып насыбайын баппен атады,— бәрі де тіршіліктің қамы, үйреніп 
кеткендіктен бе, мал бақпасақ отыра алмаймыз. Қолына қарап, асырап-сақта деп бұлданып 
жатып алар ұлымыз жоқ, жалғыз қызымыз бар, оған да обал болды, шырғалап бізді тастап 
ешқайда кете алмайды. Оған да обал... 
Иә, ӛлмейін деп ӛкпе жеген заман да... Әй, кемпір,— деді сонсоң дауыстап,— Алмажан 
бүгін кешікті ғой, жас бұзаулармен алысып жүр-ау, жалғызым. 
Тек Нұржан ғана болмаса, ана екеуі шалдың әңгімесін зауықсыздау тыңдады. Бақытжан 
бағана жантайып жатып қалған. Аманжан, ол да шұлғып, екі кӛзі қанталап, үсік денесін 
ашыта ма қыржиып мазасы болмай отыр. Бұрыш жақтағы темір пештің оты маздай 
жанып, екі бүйірі нарттай қызарып кеткен. Болар-болмас сәуле шашқан шаңырақсыз 
шамның жарығы ала кӛлеңке үйдің мұңлылау шырақшысы. Іргеде ескі ағаш тӛсек тұр. 
Сол тӛсектің басына қыздың киім-кешегі ілінген. Ал әлгі тӛсек тірелген қабырғада ақ 
матаға кестеленіп салынған кӛк кептердің суреті кағылған. Нұржанның ойын айтпай-ақ 
оқығандай шал:— Алмажанның кӛгершіні ғой,— деді қанатқа қағылған суретке қарап.— 
Жарығым, ӛзі де тордағы құс секілді жалығады. Әйтеуір, бар ермегі — кітап, күндіз-түні 
бас алмай оқи береді. Қыста туған он шақты сауын сиыр бар, сүтін сауып, анау ойдағы 
Огневкаға шанамен апарамыз. Соның бәрін Алмажанның жалғыз ӛзі атқарады. Былтыр 
мектепті бітірген соң, тиын-сиынды жиып берейік, қалаға оқуға бар десек, кӛнбеді. 
„Сендерді кімге тастап кетем",— дейді, жарығым... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Дегенмен, қиындау, ақсақал, қиындау. Жас жүрегі екі жастың біріне келмей құсаға 
толады ғой,— деді Нұржан. 
— Енді қайтеміз... Үлкен жерден қаға беріс, тау арасында жатырмыз. Кейде ақымақ болса 
да адамдарды, кӛрсоқыр болса да кӛрші-қолаңды сағынасың. Осыншама саяқ тартып жүре 
берсек, Қоңқайға айналып кетерміз деп шошынамын. 
Нұржан айтты:— Үлкен жерді аңсап та керегі жоқ-ау. Ӛйткені үлкен елдің — үлкен дауы 
болады... Ал Қоңқайдың тірлігі басқа ақсақал. Ол кісі жалғыздығым — еркіндігім деп, 
алдына келсе тістеп, артына келсе теуіп ешкімді маңайлатпайды. 
Сиыршы шал насыбайын құшырлана иіскеп отырып айтты:— Оттапты. Кӛпшіліктен 
қорқады ғой, қорқады қорқауың... Ол да бір кӛзге шыққан сүйел. Он екіде бір гүлі 
ашылмаған қыздың обалына қалды. 
Жігіт елең ете түсті:— Сол оқиғаның анық-қанығын айтып беріңізші?— деп шалға қолқа 
салды.— Біздің жақта әркім әр саққа жүгірткені болмаса, шындығын ешкім білмейді. 
Екі жігіт пысылдап ұйқтап жатыр. Кемпір кіріп-шығып жүр. 
Үй иесі әңгімесін бастады:— Балам, ол бір қорқынышты оқиға. Осыдан екі-үш жыл 
бұрын, он сегіз жасар жолаушы қыз жӛн сұрап Қоңқайға жолығады. Қыстақтағы шешесі 
қатты ауырып, ат-шанасымен Үлкен жердегі ауруханаға апарады да, қайтарында әлгі 
жалмауыз шалдың жалғыз үйіне тап болады: Шалдан: „Ата, асуда жол бар ма, тау 
айналып жүргенше тіке тартып кетейін деп едім. Асығыспын, ата, қорада қамаулы қой 
қалып еді",— деп ақыл күтеді. Бұғының қанын ішіп, кӛзі қарайып отырған шал әлгі қызды 
тарпа бас салып, жұлмалай бастайды... Түн ішінде шырылдап әрең дегенде жалаңаш, 
жалаң аяқ қашып шыққан қыз... ақ қар, кӛк мұздың арасында адасып, тіпті ызым-ғайым 
жоқ болған. Не бӛрі жегенін, не үсіп ӛлгенін күні бүгінге дейін ешкім білмейді. 
Кейбіреулер айтады: „Ол қыз қарға айналып кетіпті. Қыста осы тауды шарлап ән салып 
жүреді екен де," жаз шыға жер астына түсіп кетеді екен". Анау бір күні біздің кемпір 
айтады, ӛтірік-шынын қайдам (кемпір далаға шығып кетті.) Қораның сыртына дәрет 
сындыруға шықсам, аппақ күміс шашы бар... (ойланып) иә, бейне бір қардан жасалғандай, 
сұп-сұңғақ, қыз тұр. Шошынып шалқамнан құлап қалдым дейді. Ол да мені кӛріп 
қолтығымнан кӛтеріп орнымнан тұрғызып, жанары мӛлдіреп қарады да: „Елге, адамдарға 
сәлем айт, апа, енді мен ешқашан да адам болғым келмейді",— деп, зым-зия жоқ болып 
кетті. Жүзін анық байқай алмай қалдым. Бетінде ақ торғын пердесі бар дейді бәйбішем. 
Әрине, мен сенбедім. Ал, кемпірім: „Пайғамбар жасына келгенде ӛтірік айтып не 
кӛрінді",— деп ант-су ішеді. 
Кемпір бір құшақ отыны бар қайта кірді. Шалының сӛзшең болып кеткенін жақтырмады 
білем: 


Taraz.aiman@mail.ru. 
–– Қақсамай, балаларға ұйқы бер,— деді. 
— Былтыр қыста елікке қақпан құрдым. Құдайдың құдіреті, қақпанға түскен елікті 
белгісіз біреу босатып жіберіпті. Адам дейін десем, жаңа жауған қарда ізі жоқ. Егер түн 
ортасы ауа далаға шықсаң, біреу ән салып жүргендей сыңсыған дауыс естисің.. Қызық, 
әйтеуір. Ӛз қызымызды да түн баласында ұзатпай, үйге қамап ұстайтын болдық. Анау... 
тӛр алдындағы бейнесі жіппен ӛрнектелген сол — Қар қызы. Алмажанның ойлап тауып 
жүргені ғой... 
Нұржан қар қызының тӛрдегі суретін жаңа байқап, таңырқай қарады. 
— Шынында да, ертек сынды ғажап дүние екен. Сол жұмбақ қыз менің де түсіме кіріп 
жүр. 
— Алмажан да „түсімнен шықпайды, тіпті сырлас болып кеттім",— дейді. Ал менің 
түсіме бір рет те кірген емес, шырағым. 
— Мен бір нәрсеге қайран қаламын,— деді Нұржан майда қоңыр үнмен. Шаршаңқы 
тартқан жүзі ала кӛлеңкелі үйде анық ажарын болжатпағанмен, осына жас жігіттің 
ойшылдығын, әр нәрсенің байыбына бармай тынбайтын мазасыздықтың нышандарын 
сезуге болушы еді. Насыбайын атып, малдас құрып отырған шалдың кӛкейін тескен 
Нұржанның жасына сай келмейтін кӛшелігі, сыпайы ашықтығы, балаша аңқау тазалығы-
тын. „Әттең, осындай ұлым болса",— деп арман қылар азаматың осындай-ақ болар. 
Сиыршы ӛз-ӛзінен күрсінді де, жігіттің сӛзіне ден қойды.— 
Қар басқан қатпарлы жота, қарағайлы ақ таулардың ортасында екі адам мекен етесіздер. 
Айыртаудың күнгей бетінде — Қоңқай, теріскейде — Сіз. Екі түтін — екі басқа мінез, екі 
басқа тірлік... Осы бір, үш қайнаса сорпасы қосылмас мүлдем жат бӛтендік арасын тау 
бӛліп жатқан Алтайды қойып, қаз-қатар автобуста келе жатқан қала халқында 
қаншалықты мол десеңізші... Мен оған әсте де таң қалмаймын, менің таң-тамаша 
қалатыным, Сіздің, ата, осынау иен жер ит арқасы қиян айдалада отырғаныңыз. 
Қоңқайдың жӛні бір басқа. 
— Мен, шырағым, Қоңқай үшін отырмын,— деді сиыршы. 
— Түсінбедім ғой. 
— Түсінбейтін не бар. Ол адастырады, мен тауып аламыи. Монданақтай жердің бетін, бір 
жақсы, бір жамандық жайлаған. Ал егер мен осы Айыртаудан кӛшіп кетсем, Қоңқай 
зәлімнің жеңгені гой. Осылайша андысып ӛмір жалғасады. Тегінде, сенің де ӛз Қоңқайың 
бар. Басқалардың да... 
— Қызық пікір екен,— деді Нұржан ойланып. Алабарқын үйде күреңіткен жүзінде 
тағдырдың кӛп-кӛп қойнау, қалтарыстарын түсіне алмай, ӛз-ӛзінен кӛндігу, мезгілсіз 
жүдеу бар. 


Taraz.aiman@mail.ru. 
— Жатып, дем алсаңдаршы. Әй, шал, ертегің аяқталса балаға маза бер,— деп кемпірі алая 
бір қарады да, ыдыс-аяқты жинастыра бастады. Екі жігіт кәперсіз ұйқтап жатыр. 
— Қазір-қазір, бәйбіше. Тӛсегіңді қамдай бер, мен сенен бір нәрсе сұрайын деп едім, 
ұлым,— деді Нұржанға,— анау жігіт неше жаста? 
— Қайсысы? 
— Анау, ұзын бойлы, сүйегі ірісі. 
— Ә-ә, Аманжан ба?.. Менімен жасты, жалпы, осы үшеуміз де даңқұрдаспыз — жиырма 
үштен астық. Қартайып барамыз, ақсақал. 
— Қарттықтың аулы сендерді қойып, маған да алыс... Шешесі тірі ғой ана жігіттің? 
— Тірі. Бірақ аурушаң. Кӛп сӛйлемейтін тұйық кісі. 
— Құдайдың құдіреті, сол жігітті алғаш кӛргенде, жасарып кеткен Қоңқай екен деп 
қалдым. Тура аузынан түсе қалғандай... 
— Сіз де қайдағыны айттыңыз-ау, ата. Кісіге кісі ұқсай бермей ме... Айталық, Бақытжан 
біздің ауылдың бастығынан айнымаса, бағана мені сізге ұқсайсың дейді жігіттер. Куәға 
тартар әкеміз жоқ, үндемей кӛне береміз,— деді күліп. 
— Мен сендердің ауылдарыңда екі-ақ рет болғанмын... Иә, адамға адам ұқсай береді... 
Бірақ менің ойыма осыдан жиырма тӛрт жыл бұрынғы бір оқиға түсіп отырғаны... Иә-иә, 
ол 1945 жылдың жаз айы болатын. 
— Әй, зар жақ шал, түн ортасы болды, жатсаңдаршы енді,— деді кемпірі біржола кейіп.— 
Арғы бетте қалған ұлыңды енді іздеп отырсың ба?.. 
— Қазір, бәйбіше, қазір... Күбір-күбір сӛйлесер кісі таба алмай зерігеміз, ұлым. Жылқы 
екеш-жылқы да күмбір-күмбір кісінесіп, сауырынын қасысар үйірін іздейді. Азбан болып 
кетсек те Үлкен жерге қарап азынайтынымыз қалмаған. 
— О не дегеніңіз, ата, айта беріңіз. Мен тіпті тегіннен ұйқыға жоқпын. 
— Ол жақсы әдет. О дүниеде мәңгі ұйқтайтын болған соң, бұл дүниеде аз ұйқтаған лазым. 
Сонымен осыдан 24 жыл бұрын кержақ аулы Огневкадан бір қыз жоғалды. Бәріміз ат 
сабылтып іздеп таба алмағанбыз. Онда да дәл осындай қақаған қыс еді. Бір-екі жыл ӛткен 
соң, ӛліп қалдыға жорып қойдық. Бірақ кейін бір сыбыс естілді. Қоңқай үйіне қыстатып 
шығарған екен де, екі қабат болған соң, „Қоңқайлар ұрпағы кӛкек секілді, ӛз баласын 
ӛзгеге асыратып ӛсірмесе, жұрт тұқымын құртады" деп, арғы беттегі ауылға апарып 
тастаған екен. Тіпті, Қар қызы туралы аңыз сол кезден бері ел аузында... 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ұйқыдағы Аманжан тісін шықырлата қайрап ары аунап түсті. 
— Қызық екен...— Нұржан Аманжанға үрке қарады. 
— Үй іші қоңыр, жаяу шам бірде ӛртейтіндей екіленіп, енді бірде ӛшетіндей әлсіреп 
жанып, шалқып тұр. Бӛренелі бӛлмеде жібектей іңірлік сәт бар. Тау қуысындағы қыстақ 
жалпақ жаһанның ұмыт қалдырған жетім қозысындай бұйығы, ұйқы құшағында еді. 
Бәкін-шүкін шаруасын тамамдаған сіріңке қара кемпір жатар орын қамдады. 
— Ал, балалар,— деп қолын таянып, орнынан тұрды шал.— Шаршап келдіңдер, жатып 
демалыңдар. 
Кескен теректей сұлап қалған екі досын түртіп оятып, далаға ертіп шықты. Айыртаудың 
кепештігінен сығалаған ай нұр шаша бастапты. Түн суық. Үшеуі бірдей „ища-ай" деп 
тітіренді. Достары сып етіп, ит қабатындай үйге қайта кіріп кеткен соң да Нұржан сыртта 
кӛп тұрып қалған. Қызық, бір түрлі ұйқысы келер емес, шаршағаны да білінбейді. Аяңдап 
қарауыта созылған қора жаққа барғысы келді. Бірақ жүрек құрғыр дауаламаған. Аяз 
қарыған тракторды бір айналып шығып, тағы да жас бұзаудың мӛңіреген үні шыққан қора 
жаққа қарады. Ербең еткен адамсыз жым-жырт дүние... Айнала аппақ қар. Таудың 
теріскейіндегі барағы — орман қорқынышпен түнереді. Ағаш үйдің терезесінен 
жылтылдаған әлсіз сәуле әне, жалп етіп сӛнді. Тегі, кемпір керосині таусылып қалар деп 
сӛндіріп тастаған болу керек. Нұржан ертеңгі сапарларын ойлады. Шалдың айтуына 
қарағанда тым алыс емес, осы ашамайлы ӛзекпен ӛрлей берсе Айыртаудың арғы 
тұмсығында ғана екен. Күзді күні жер қарада келгенде бәр-бәрі мүлдем басқаша сықылды 
еді. Онда олар мынау Бекалқа деген қыстақты кӛрмеген. Басқа жолмен жүріпті. 
Нұржанның бұдан әрі мелшиіп тұра беруге шыдамы жетпеді. Күрең қабақпен түнерген 
тау арасынан қуалап үзіліп-үзіліп соққан суық жел ӛне бойын қалтыратып жіберіп еді. 
Кеше, иен таудың басында қалайша үсіп ӛліп қалмағандарына қайран қала есікке 
беттеген. Есіктің тұтқасынан енді ғана ұстай бергенінде ӛліктей сұлаған қора тұстан 
созылта шырқаған ән естілді. Сол тұтқаны шеңгелдеп ұстаған күйі қалт тұрып қалған ол 
ән әуеніне еріксіз құлақ түріп еді. Ай астында күміс нұрға шомылған еңселі таудың, үрей 
ұялаған қойнауынан суырыла шыққан қыз даусы нәзік те еркін самғаумен түнгі ауада 
бозторғайдай шырылдап, іліне, мәңгілікке қатып қалғандай еді. Үміт пен қауіп кезек 
жеңіскен әннің қаяулы шырқаушысы кім? Әлде транзистор ма ойнап тұрған, әлде әлгінде 
ғана әкесі күрсіне еске алған сауыншы қыз Алмажан ба? Кім болса да жалғыздықтан, ӛгей 
ӛмірден мұңдықты күй кешкен жанның, жалыққанда, тілдесіп сӛйлесер, сыбырласып 
сырласар адам іздеп шарқ ұрған кӛңілін әнмен әлдилеген, сабыр сақтап, сап-сап жүрегім 
деген ӛз-ӛзін жұбатуы, ӛз-ӛзін уатуы. Тербетер кісі табылмай, ӛзін-ӛзі шайқап, ырғалып, 
ӛксіп барып ұйқтап қалар сәбидің әлсіз әрекеті секілді. Осына оқыстан туған таңсық күй 
еліктіріп, солай қарай жетелегендей еді, бірақ табиғатынан салмақты жігіт, алыстан 
тыңдап, аяғын аттап баса алмады. Сәл қимылдаса, жаңа ғана басталған әсем әннен 
айрылып қалардай, қаздиып кӛп тұрды. Неге екені белгісіз, оның кӛз алдына кеше түнде 
„тұр-тұрлап" оятқан Қар қызы елестеді. Әлде ән салып, аппақ нұрда жүзіп жүрген сол — 
Қар қызы шығар. Ән толастап, үйге кіріп, тӛрге тӛселген тӛсекке жатқан соң да, әлдекімді 


Taraz.aiman@mail.ru. 
тосқандай елегізіп, кӛз шырымын ала алмады. Екі досы мен шал-кемпір мұрындары 
пысылдап, терең ұйқыға кеткен. Темір пешке жатарда ғана толтырып отын салып қойған 
секілді; маздап, шоқ атып жанады. Үй іші алагеуім. Іргедегі кӛгершіннен „кілемі" бар 
ағаш тӛсек бос тұр. Нұржан дәл сол ағаш тӛсектің түбінде еденде жатыр еді. 
Шалдың осы ертекке бергісіз әңгімесін тыңдағанда, Нұржанның жүрегін „әттең, сол Қар 
қызын бір кӛрсем" деген қиял тербеген, әрі ӛзінің жебеушісі санаған. Іштей аңқау 
кӛңілмен иланған да. „Егер ӛтірік болса, мені үсікке шалдырмай түнде түртіп оятқан қыз 
кім?" 
Қазір, сол Қар қызын сағынғандай арманды ойда жатыр. „Бәлкім, әлгінде ән салған 
Алмажан емес, ол Қар қызы шығар... Ол да мүмкін,— бұл жалғанда мүмкін емес нәрсе бар 
ма?.. Бәлкім, шалдың Қар қызы деп сандырақтап жүргені жалғыздыққа шыдай алмай 
күйіп-жанған соң, жалаң аяқ, жалаң бас, аппақ іш кӛйлегімен далаға атып шығып, тізеден 
қар кешіп, алаулаған ыстық жалынын мұздатып, ән салатын ӛз қызы — Алмажан шығар... 
Ол да мүмкін; бұл әлемде мүмкін емес нәрсе бар ма, тәйірі. Ӛң мен түстің, ұйқы мен 
ояудын арасындағы жұмбақ хал... пештің оты маздап жанады, шал оянып кемпіріне 
күбірледі:— Алмажан бүгін кешікті ғой, жарығым. Алмажан кешікті ғой... 
Алма-а-жан... Айнала аппақ қар... Тізеден қар кешіп, ән салған Қар қызы. Нұржан 
елегізеді, сағынады. Жоқ, сағынбайтын, сағымдай ұстатпайтын әлденені іздейді, 
үміттенеді; жүз жыл ӛтер, мың жыл ӛтер, Нұржан, әйтеуір, сол Қар қызын іздеп таппай 
қоймайды... Трактормен бүкіл Алтайдың қарын тазалап шықса да табады... Ол енді 
Қоңқай атты шалды қарғап-сілей бастады. „Бәсе, кӛзі жаман еді, жылт-жылт еткен, енді 
бір рет жолым түсіп бара қалсам, ДТ-мен жаман үйіңді түйіп құлатармын... Қайтарда күре 
жолмен қайтамыз, ол ӛтірікші шалға енді қайтып жолыға алмаспыз. Қар қызы... Ол қандай 
екен?.. бармысың бұл ӛмірде, жоқпысың?.. Жылы жерде еріп кететін шығар, қызық... 
Жаздыгүні жер астына түсіп кететіні рас па екен. Алмажан кешікті ғой, Ал-ма-а-жан, ол 
қандай екен?.. Ертең ерте тұрып кӛрермін... Жалғызсыратпай, ала кетсем ауылға, әй, әке-
шешесі бәрібір жібермейтін шығар. 
Мұқым ӛмір: аппақ қар, сеңдей сірескен ақ сіреу суық дүние, тізеден қар кешкен жалаң 
аяқ, жалаң бас безектеген қар қызы... дірілдеп тоңады, ыстықтап ән салады, даусы қандай 
ғажап, кісінің жылағысы келеді, кісінің жылағысы келеді; құлағына күмбірлеген әлдебір 
үн келеді: „Алмажан, кешікті ғой, қайда жүр",— дейді; Нұржанның кӛз алдына аппақ 
қардан жаратылған ақ сүмбіле қыз елестейді; „Алмажан, қайда жүр... Алмажан кешікті... 
Алма-жан... Ал... ма-жан..." осынау дауыс ызың-ызың қайталанды-ай, құлағын тас қып 
бітеді, бәрібір естиді; май шам ӛлеусірей жанады; мұрынға ӛзгеше: шамның ба, темір 
пеште қоздай жанған оттың ба, әйтеуір, қаңсық иіс келеді; киіз тұтқан есік ашылғандай 
болды; әлдекім кірді; сыртқы киімдерін шешті; теріс қарап отырып сылпылдатып тамақ 
ішкендей болды; Нұржан енді кӛрпенің шетінен ақырын жасқана сығалады, бірақ келген 
адамның еркек-әйелін айыра алмады; ӛйткені: жүзін әлі кӛрген жоқ; ол енді тағы да 
шешінді: сонда ғана топ-толық ақ балтырға кӛзі түскен; ол май шамды ақырын үрлеп 
сӛндірді де, тӛсегіне беттеді; ол дәл Нұржан жақ іргедегі сықырлауық ағаш тӛсекте 
жатады екен; пештің аузынан саулаған сәулеге балтыры шағылысып, жігіттің басын басып 


Taraz.aiman@mail.ru. 
кетердей ӛте жақындап тӛсекке келді де, аяғын салбыратып, әрі-бері отырды: күрсіңді; 
сосын жатты; Нұржан ӛп-ӛтірік пыс-пыс етіп ұйықтады; сосын кӛзін сығырайтып болар-
болмас ашады да, ақ балтырға қызыға қарайды; шаршаған кӛңілге ойда жоқта құйылған 
жұмбақты нұр аяз қарыған сезімін жылатады; қыбыр-қыбыр тіріле бастаған сезім тұла 
бойын маздатады; ол енді ыстықтады; мұрнын тартып, жӛткірініп, ояу жатқанын 
жасырудан қалды; ал қыздың жиі-жиі алған демі бетін шарпығандай болды; олар 
осылайша іштей арбасып, темір пештегі от сӛнгенше жатты, бетін бір нәрсе 
жыбырлатқандай болды; ақырын ұстап еді тӛсектен құлаған қыздың қолаң шашы екен: 
ӛне бойын қытық билеп, жүзін кӛрмеген сауыншы қыздың шашынан сипады, ол үндеген 
жоқ: бірдеме десе қазіргі ӛзінің де, мынау жас жігіттің де жүрегін билеген әдемі әрі аяулы 
халін үркітіп алардай, ал үркітіп алса енді жүз жылда да, мың жылда да таба алмасын, 
ғұмыр бойы зар жұтып іздеп қана ӛтерін, осынау жұлдызды түнді жамылып келіп, қонған 
жалғыз түндік бақыт құсын (бәлкім, махаббат құсы) мәңгіге ұшырып алармын деп ойлады 
білем; ол тылсым күшпен Нұржанды ӛзіне жақындата түсті, ӛзі де құлап кетердей болып 
тӛсектің шетінде жатыр, ол мынау іргесінде жатқан жігітті білмейді, осы жасына дейін ӛңі 
түгіл, түсінде де кӛрген жоқ, бірақ дүниедегі ең қимасындай, ертеңді-кеш зарыға күткен, 
жылдар бойы іздеген адамын тапқандай, таңғажайып қуанышпен келіп, сиырдың сүті мен 
қыстың аязы жарған қатқылдау алақанын бетіне басты, Нұржан да шыдай алмады-ау, ол 
да трактордың рычагы қажаған күс-күс қолын қыздың ып-ыстық қойнына апарды; ол енді 
жігіт бетіндегі саусақтарын жылжытып, кір басып білтеленген шашын салалады; әлемде 
осына тарақ тимей ұйпаланған шаштан керемет, осына жанармай мен күн нұры сіңген, 
суық сорған беттей әдемі нәрсе жоқ шығар оған; ӛйткені Нұржан да осылайша шексіз бір 
құштарлықтың, кӛзсіз ынтызарлықтың құшағында еді (сезім ортақ болса керек) енді ол 
күс-күс алақанымен түн қызының, бәлкім, Қар қызының кӛзін ақырын ғана сипады; 
құдай-ау, екі кӛз, ол ӛмір бақида кӛрмеген жұмбақты жанар ағыл-тегіл жасқа толы; ол 
ағыл-тегіл жылап жатыр, әлгінде қос анарына қолы тигенде от кӛсеп алғандай болған 
денесі аса салқын қандылықпен ақылға, аяушылыққа, қыздың да, ӛзінің де адасқан 
арманшыл жүрегін мүсіркеуге кӛшті; екеуінің қазіргі халі: ұзақ жолдан — аппақ қар 
басқан қысқы адырда арып-ашып бір-бірін іздеп келе жатқан екі жастың бұл дүниемен 
қоштасар сәтіндегі ең алғашқы, уа ең ақырғы жалған жолығуындайтын; олар қар 
жамылған асқардан аса алмай ұзақ тырмысқандай, кӛктемді кӛксеген жүректі алқындыра 
күресті; бірақ маңдайға екі сызылмайтын тағдыр сопағы тек осы Айыртауды-Қоңқай 
асуын басып ӛтпейінше табыспайтындай еді; міне, олар сол құзардың ұшпа басында тұр: 
айғайлап бір-бірін шақырады — үндері шықсашы, қолдарын созады — саусағы енді 
жанаса бергенде, сырғып тӛмен құлағандай... мүмкін, енді мың жылда да аппақ қарды 
сықырлатып, қол ұстаса қатар сапар шеге алмайтын шығар... бәлкім, ол екеуі тек қана 
арғы дүниеде, мүлдем тоқтаған тіршілікті әрмен қарай жалғастырып, рақаттың мұздан 
жасалған бесігіне бірге бӛленетін шығар, иә, сонда ол екеуін ақ киімді, ақ шылауышты 
Қар — ана ұзақ тербеп ұйқтатады... оның пейіштен ескен лептей әсем әлдиі жер бетінде 
бір-бірін іздеп ӛтер ғашықтардың жерастында табысып, жұмақтан айтар сәлеміне 
айналады... Шашын салалаған ып-ыстық, алақанға ернін басып, есінен айрыла ұзақ сүйді... 
Нұржанның дел-сал талаусыраған масаң тыныштығын қыздың ақырын айтқан қоңыр үні 
бұзды:— Сіз кімсіз, аға?! 


Taraz.aiman@mail.ru. 
Ол да сыбырлап:— Аппақ қардың үстімен бос шана сүйреткен боздақпын...— деді жүрегі 
дірілдей. 
Алмажан:— Бос шананы неге сүйрейсіз? 
Нұржан:— Сүйре!— деді, сүйрейміз. Ал, мен Сізді білем, әкең айтқан... 
Алмажан:— Ал, мен Сізді баяғыдан... жер жаралмай тұрғаннан білем. Бағана, сиыр қораға 
шӛп түсіріп жүргендеріңізде тағы бір рет — тіпті тым жақыннан кӛрдім. Таң қалдым, 
ылғи түсіме кіретін, үнемі қиялымнан іздейтін беймәлім жігіттің Сізге ұқсағанына қайран 
қалдым. 
Нұржан:— Мен де... мен де Сізді кӛп іздедім ғой, құрбым... 
Алмажан:— Сіздің іздегеніңіз Қар қызы емес пе?.. 
Нұржан алақанымен қыздың кӛзін тағы да сипайды.— Жанарыңызда жас бар ғой. 
Шаршадыңыз ба мынау аппақ суық дүниеден... 
Алмажан да жігіттін кӛзін сипайды:— Сіз де жылап жатырсыз. Шаршатқаны-ау, мынау 
аппақ суық дүние... Сіз білесіз бе, атам мен апамның Қар қызы деп жүргені — менмін. Иә-
иә, іргеңізде жатқан сол аты аңызға айналған Қар қызы... 
Нұржан шошып қалып, басын қақшаң еткізе кӛтеріп еді. 
— Мүмкін емес... Ол ӛлген! Қарға айналып кеткен... Мүмкін, емес, ол жәй ертек қана...— 
деді зәрезап болып. 
Алмажан да басын кӛтеріп алды. 
–– Қорықпаңызшы... Мен қорыққандардың қорғаны болуға жаралған адаммын... 
— Сіз шынымен-ақ адамсыз ба?!— Нұржан есі шыға сұрады. Алмажан:— Иә, адаммын!.. 
Енді екеуі ӛз тӛсектерінде тізелерін құшақтап отырды. Қалған кісілер қалың ұйқыда. 
Бұлардың сыбыр-күбіріне оянар емес. 
Нұржан:— Сонда қалай, Сіз шал-кемпірдің баласы емессіз бе? 
Алмажан:— Анамыз бала кӛтермеген кісі... Мен... сол түні адасып кеткен Қар қызымын... 
Боранды түнде үсік ұрып, кірпігім ғана қимылдап, қарға кӛміліп жатқан жерімнен осы 
үйдегі Ата тауып алды. Жан адамға сездірмей бір жыл бағып-қақты. Кейін... ауруханадағы 
шешемнің қайтыс болғанын естідім... „Шешеден қыз қалмасын, түйеден тұз қалмасын" 
деген емес пе, алыстан қосылар ағайын болғанмен, ет жақыным жоқ, елге қайтудың ешбір 
қисынын таппадым. Содан бері тіпті тірі адамнын бетіне қарағым келмейді. Екі аяқты 


Taraz.aiman@mail.ru. 
атаулының бәр-бәрінен кӛңілім қалды да, үстіме аппақ кӛйлек киіп қырға шығып ән 
саламын... Ал Қар қызы туралы аңызды ӛзім ойлап таптым. Атам екеуміз әдейі ел-жұртқа 
таратып жібердік. Міне, содан бері күндіз — сауыншы, түнде — Қар қызы бейнесінде 
жүрмін... Кейде жападан-жалғыз жата беруге шыдамай, мынау ағаш үйден атып шығып, 
тізеден қар кешіп алаулаған ыстығымды басамын... Бәлкім, сізді іздеген сезімнің 
сергелдеңі шығар... 
— Ғажап екен!.. Бәрі түсімдегідей!— деді жүрегі атша тулаған Нұржан.— Қар үйшікте 
жатып үсуге айналғанымда „тұр-тұрлап" мені оятқан да сіз бе? 
— Ол мен емеспін. Менің кісім, менің, ием, яғни менің елесім. Сол түні Сізді қатты 
сағындым, кӛп ойладым. Аяғыма шаңғы іліп алып, тау-тасты кезіп ән салдым. Ӛзім 
осында жүрсем де, елесімді сізге жібердім. Сізді мен бұрын кӛрмеді деп ойлайсыз ба? 
— Әрине, кӛрген жоқсыз? 
— Кӛргенмін,— деді күліп.— Күзді күні машинаға шӛп тиеп жүргендеріңізде кӛргенмін... 
Тура жаныңызға бардым, бірақ сіз байқамадыңыз. Міне, содан бері сенсеңіз, есімнен 
ешбір шықпадыңыз... Содан соң, шыдай алмай әнімді сіздің ауылға жібердім. Осында, 
мынау жетім қыстаққа жетелеп келген де, сол — менің сағынышым... Қазір ӛзім осында 
отырсам да, елесім сонау ақ қар, кӛк мұз шомылған қарлы тауларда сыңсып ән салып жүр. 
— Ол да мүмкін-ау... 
— Кеше Сіз менің түсіме кірдіңіз. 
— Сіз де... Сіз менің бетімнен сипап оятып жібердіңіз, қолымнан тартып тұрғыздыңыз. 
— Ол мен емес, менің елесім ғой... Сізді оятуға әдейі жібергенім. 
Алмажан кеше кӛрген түсін толқып, ӛзгеше мұңмен айтты: — ...Ұзақ жолдан екеуміз де 
шаршап-шалдығып келе жатырмыз екен деймін... Үстімізде ақ кебіннен ӛзге еш нәрсе жоқ 
— жалаң аяқ, жалаң баспыз. Мойнымызға іліп алған шана — сол шанада Қоңқай, тағы бір 
жігіт отырады... Келе жатқанда да қатар, қол ұстасып емес, сіз шығыстан, мен батыстан 
бір-бірімізге қарама-қарсы жүреміз. Алдымыздан қар басқан тау кездеседі. Ол — 
Қоңқайтауы екен... Сол таудың екі жағынан тырмысып ӛрмелейміз, ұшар басына енді-енді 
іліне берген кезде сырғанап тӛмен түсеміз... Мойнымызға қылғындыра іліп алған шана... 
Сол шанадағы „қоңқайдар" қарқ-қарқ күліп біздерді қамшының астына алады... Сүйрей 
алмай жан теріміз шығады... Сол уақытта Қар қызы келеді де мойнымызды қылғындырған 
шананың бас жібін қиып жібереді. Қоңқайлар сол шанамен ағып құзға құлайды... Содан 
соң екеумізді аппақ күміс шанаға, үлде мен бүлдеге орап отырғызады да, барлық адамзат 
сүйреп бүкіл әлемді шарлап, аралатады екен деймін... Ғажап, екеумізді барша адам атаулы 
шанаға жегіп сүйреп жүр... сүйреп жүр, сүйреп жүр... 
Жақыннан... тым жақыннан қар қызының сыңсыта салған, мұңлы әні естіледі. Нұржанның 


Taraz.aiman@mail.ru. 
ӛне бойы, арасанға шомылғандай балбырап, кӛзі іліне берді. 
— Қатты шаршаған екенсіз, аға,— деді оның кӛрпесін қымтай жапқан Алмажан.— 
Шаршаған екенсіз... Шаршатқан екен... Сырымды бекер-ақ айттым. Қар қызына 
сүйіспеншілігі бұрынғыша арман қиялында қалуы керек еді. Енді ондай сезімнен айрылды 
ол. 
Таңертең ояна келсе, тӛсек бос жатыр; аппақ қардың арасында адасып жүргенде 
жұлдызбен бірге жауып түскен ақпанның бір тал гүлі жоқ, елең-алаңнан тұрып, сиыр 
саууға кетсе керек; жастығы шылқыған су, түсінде жылағанға ұқсайды. 
Тағы да бозамық сапарға аттанды, енді ол орнын Аманжанға беріп, ӛзі темір жәшіктің 
үстіне теріс қарап отырды; трактор орнынан қозғала бергенде, қыстақтың қалың қырау 
басқан терезесі алдымен ноқаттанып, сосын бірте-бірте кеңейіп дӛп-дӛңгелек болып 
тазарды; еріген әйнектен дӛп-дӛңгелек қап-қара мӛлдіреген жалғыз кӛз кӛрінді. Нұржан 
оны таса болғанша, ӛзінің әйнектен қараған қара кӛзіндей кішірейіп, алысқа ұзап, аппақ 
қардың ішіне әбден сіңгенше жанарымен шығарып тұрғанын сезді; түн қараңғысында 
Нұржанға оның дидарын, тіпті екінші кӛзін кӛруді жазбады, мүмкін, соқыр шығар, бірақ 
ол үшін оның шолпан жұлдыздай жарқыраған жалғыз жанары да жететін еді. Сол жалғыз 
жанар арқылы жұмбақ қыздың дидары, беймәлім қыздың айдалада — аппақ қардың 
арасында адасып жүрген теңдесіз жетім сұлулығын рухани қуат етті; күні бүгінге дейін 
сол еңбектен жаралған алақанның жылуы жалыққан, тәңірім-ау, кейде бір шаршаған 
жанын жаннатқа, сол жаққа Қар қызының отанына жүр-жүрлейді... 
Олар үнсіз келеді. Үндесе қызыл шеке болып тӛбелесетіндей. Нұржан быршып терлеп, ал 
жанындағы екеуі дір-дір етіп тоңады, ӛйткені олар ӛмірде Алмажандай Қар қызы барын 
білмейді — алға қарап отыр; Нұржан Алмажандай түрін кӛрмеген қимасынан бірте-бірте 
алыстап мәңгіге қоштасып барады; ӛйткені ол артқа қарап отыр... 
Бүкіл әлем аппақ қардың астында жатыр... құлаққа сызылта салған мұңға толы ән келеді, 
мүмкін, адасып жүрген Қар қызының сыңсуы шығар... 
Қар қызы... Ол қандай екен? Бармысың мынау жалған дүниеде, әлде жоқпысың?.. 
Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей сірестіріп қасаттап тастаған 
ақсіреу кіреуке, қарасаң кӛз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... алысқа бірін-
бірі қуалап жарысады; ербең етер тіршіліксіз салқын бедірейген қарлы адырлар ұлы ӛмір 
шуылынан бейхабар-айқара жамылған ақшағи кӛрпесін қымтап, күрк-күрк жӛтеледі — 
мәңгілік тымаудан бүткіл табиғат арыла алмағандай... 
Нән шана шӛпті толтыра тиеп алып, қар-теңізінде жүзіп келе жатқан ДТ-54 маркалы 
тракторы үш-тӛрт күнгі тыныштықтан, иесіз кеңістіктен әбден шаршағандай, сонау 
ауылға — Үлкен ӛмірге асығыс аттанып барады. Кабинадағы үш жігіт осы айналаны 
қоршаған аппақ тауларға тілсіз телміріп, әрқайсысы ӛз ойын малталап отыр. Жарықтық, 
техникада мін жоқ, шӛп тиелген шананы мықшия тартып, әзірше сыр бермей келеді. Ұзақ 


Taraz.aiman@mail.ru. 
жол, ауыр сапарға сыр беріп алған, тек адамдар ғана еді... тракторды Нұржанның ӛзі 
жүргізіп отыратын. Түнде қонып шыққан қыстақтың ӛкпе тұсына 
келгенде, тормозды табанымен кілт тоқтатты да, газды азайтты. Есіне әлдене түскендей, 
қабағын түйе сәл үнсіз отырып қалды да: 
— Ал, достарым, айып етпеңдер, мен сендермен қоштасайын деп отырмын,— деді екі 
жолдасының суық сорған жүзіне кезек қарай.— Бала жастан бірге ойнап, бірге ӛсіп едік, 
артық-ауыз айтылған сӛз болса, кешіріңдер. Ӛмір атты ұзақ сапарды бірге бастасақ та, 
бірге аяқтау мүмкін емес екен. Мен осы жерде — Қар қызы мекенінде мүлдем қаламын, 
мал-жанның күйзелмеуі үшін қаламын. Егер мен осынау кеңістікте қалмасам Қар қызы 
ӛкпелейді. Ал ол ӛкпелесе, бүкіл халық оның кәріне жолығады... Қайыр! 
— Шӛп тиелгеи шананы сүйреп ӛту біздің мойнымызға жазылған шығар. Қалам десең — 
қарсы емеспін. Қар қызы еліне де еркек керек-ау,– деді Бақытжан. Аманжан қол беріп 
қоштаспады, „сау бол" деп үндемеді. Сол түйілген қалпы меңірейіп отырып қалған. 
— Бар ескертерім,— деді трактордан омбы қарға қарғып түскен соң Нұржан.— 
Қанаттарыңмен ұшсаңдар да, құйрықтарыңды ұмытпаңдар. 
Аппақ қардың бетіндегі меңдей болып, кӛкжиекке сіңіп барады, әне... 
Әлемнің әйнегін қырау басқан, айнала аппақ қар, сеңдей сірестіріп, қасаттап тастаған 
ақсіреу кіреуке, қарасаң кӛз қарықтыратын шаңқан бел-белестер әлдеқайда... Алысқа бір-
бірін қуалап жарысады. Ербең етер тіршілік белгісі жоқ, салқын бедірейген аязды аймақ. 
Бұлар Қоңқай асуынын ӛкпе тұсынан айналып ӛтіп бара жатыр еді. 
ДТ-54-тің рычагын енді Аманжан ұстап отырған. Табанымен тормозды басты да, 
тракторды тоқтатты. 
— Ал, Бәке,— деді жанында қалғыңқырап отырған Бақытжанды шынтағымен түртіп.— 
Мынау қарғыс атқан жерде қалып коюға мен де бел байлап тұрмын. Мүмкін, аз жылға, 
бәлкім, мәңгілікке, әзірше ӛзім де білмеймін... Тағдырдың жазуы осы шығар. Қоңқай 
шалдан не жеңілем, не жеңем, не соның жолын қуып кетермін, әйтеуір, Үлкен ӛмірге 
барғым келмейді. Үлкен ӛмірге кішкентай адамдар ғана сыя алады... Хош. Ендігі 
келгеніңде бұл жер — Аманжан асуы аталады. 
Трактордан секіріп түсті де, әлі тышқан ізі түспеген тап-таза тың қарды омбылап, тау 
басына қарай тырмыса ӛрлеп бара жатты. 
Алғашында меңірейіп тұрып қалған Бақытжанның кӛзі ашып, жанарына жас үйірілді. 
Жиырма жыл бір-бірінен екі елі ажырамаған достарын, мынау аппақ кеңістіктің әр жеріне 
бытырата таратып, ауылға соқа басы қалай ғана қайта алады. Бірақ ӛз-ӛзінен мүжіліп, ақ 
қар, кӛк мұзды аязды аймақта тұра беруге әсте де болмайды, тек қана алға жүру керек, 
толассыз мәңгілік қимыл керек... 


Taraz.aiman@mail.ru. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет