ақынның бәрі де – аяулы. Аяулы болатыны, адам баласының қатпарлы
ішкі жан-дүниесінің сыртқа шығып, екінші бір тағдырлас пенденің керегіне
жарап жатуы – ақынның еңбегі.
Төскейіңде ырыс гүлдеп тұрады,
Қабанбайлар
ат
шалдырған
мекенім, – депті ақын жүрегі.
Үндестік, онда да гармониялық
үндестік жатыр. Ностальгия. Сенің де
ауылға қайтқың кеп, жаныңды сағыныш
алауы шарпиды.
«Құйыршық қар желіксе жетегінде,
Жаяу боран жінігіп кетеді де...».
«...Айқара лақтырып ақ көрпесін,
Бір сәтке серпіледі тауыңыз да», –
секілді динамикалық суреттер, «Жо-
тасы – жайлау» келетін метафора-
лар, зарықтырмайтын эпитеттер ақын
өлеңдерінде баршылық. Ол тақырыпты
таңдап сарсаңға түспейтін секілді.
Қызы Зәузат, аяулысы Қамархан, кос
пайғамбары – ата-анасы, өзі көріп,
түсінген туған топырақ құдіреті оның
қаламынан
қарлығаш
жырларын
ұшыруға өзек болғандай. Әр деталь
салмағы әр тармақты, шумақты ұстап,
дірілдеп тұрған лирикалық желі іспетті.
Яғни, жылы композиция да болады
екен. Өмірдегі жолың секілді, ақынның
жолдары да арыға ала қашады. Өлең
пішіні, ішкі ағым, интуициялық па-
раллелизм – оның дүр еткен көңіл
қылтанақтары. Айтайын, көрсетейін
дегеніне оқырманын сендіріп, бірге
ертіп отырады. Бұл – образдылық.
Суретті, өзге айтса да, қиналып айтар
сөз – синтезді образдылық емес пе?!
Бұл – куантар кезі. Оқиық:
Қырдың жолы табиғатты танытты,
Салт-дәстүрдің уызына жарытты.
Жырдың жолы рухымды серпілтіп,
Жүрегіме жақындатты халықты,
– деген «Қос жол» өлеңінде осыны
көрсететіндей. Қос жолдар ақынды ары
тартады.
Оу, махаббат, сен неткен жұмбақ едің,
Жан-сырымды бір мезгіл тыңда менің!
Көндім барлық сен үшін қиындыққа,
Өзіңді іздеп, шарқ ұрып жырға
келдім, – деп тұщымды иірімге бізді
бірге құлатады. Әке болып ұлына,
шәкірт болып ұстазына, перзент болып
Айына, сәйгүліктеріне тақым қыса оты-
рып тартады. Әр өлеңінде журналистік
қабілеті де қылаңдап отырады. Оны
тіпті тақырып таңдау, ой түйіндеу
кезеңдерінен аңғарамыз.
Ақынның ең қабілетті тұсы оның
ең нәзік, осал тұсы болып та саналады.
Ақкөңіл адамның барын ақтара шашып
тастайтыны секілді, Қайрат поэзиясы-
ның кемшін тұсы да осында жатыр.
Тәтті өлеңді сарқып, ойымды ақтарып
айтам деп, кейде түйінсіздікке ұшырап
отыратындай. Дәлдіктің болғаны, өлең
тәртібін сақтағаны абзал.
Автор жинағы – қандай ортаға бол-
масын өз қуат-қарымын таныта алатын
ішкі монологқа құрылған лирикалық
туынды.
Менің түсінігімде, ақын адам бо-
луы, одан кісі иісі шығып тұруы керек
сынды. Парасатты адам бола алмай
тұрып, ақын болу – ұғымға сыймайтын
нәрсе. Кем дегенде жүз қызға ғашық
болып, бірін жар ете алмасаң, ойыңа
он, жүрегіңе жүз кісінің болмысын
енгізе алмасаң, ақын деген киелі есімге
жармасудың да қажеті шамалы.
Ақын – ойлардың офицері, жүрек-
тің жауынгері. Батыл да батыр мінезбен
өмір бастап келе жатқан аяулы адам
– ақын. Айналасының оған қызыға да
қызғана қарайтыны сондықтан. Сон-
дай жалаулы ақынның бірі – Қайрат
Зекенұлы. Өмір лайын өзі қабылдап,
өзгеге
жүрек
сүзгісінен
өткізген
мөлдірін ұсынып келе жатқан ақын до-
сыма болашақта да сәттілік тілеймін.
Жазарың ғана емес, жаныңның азабы,
махаббатыңның сарқылмас қайнары
көңіліңде ұялай түссін демекпін.
Айжарық Абылқасымов,
ақын,
Қазақстан Жазушылар
Одағының мүшесі
Жаңа Жинақ
«Ұлы даланың ұлының» айтары көп
Жақында ақын Тұрғазы
Нұқайұлының соңында қалған
тұяғы – Ерғазының перзенттік
парызбен
қолға
алуымен
қайтадан
толықтырылып
шыққан кітабы қолға тигенде,
оның үнемі айта беретін осы бір
сөздері санамда жаңғырды. Бұл
– сонау қиын кез – 90-ыншы
жылдары жарық көрген ат-
тас кітаптың жаңарып шыққан
нұсқасы. Оған ақын өмірінің
соңғы 35 жыл көлемінде жазған
өлеңдері мен балладалары
еніпті. Атап айтқанда, олар
«Толқиды өлең өзені», «Өмір
ғибраттары», «Әке мұңы» және
«Күзде де көңіл көктемдей»
деген төрт үлкен бөлімдерден,
сондай-ақ, баллада, толғау,
дастандардан және арнаулар
мен естеліктерден тұрады. Ол
бұл өлеңдер жинағына дейін
қалың көпшілікке «Тұңғыш»,
«Әз ағамыз Әнекең», «Анаға
тағзым» және «Жарқыраған
қос жұлдыз» атты кітаптарын
ұсынған болатын. Олардың
барлығы да сол кезде-ақ өлең
сүйер қауымнан жақсы бағасын
алған-ды.
Белгілі жазушы Мүсілім
Құмарбеков: «Тұрғазы өлең-
дерінен табиғи самал еседі.
Қуаң жердің шөбіндей жұқал-
таң тартқан шашын шалқасы-
нан қайырып, қоңырқай қой
көзінен мейірімділік төгіліп
тұратын, жүрекке жылы, жай-
дары жымиысымен құшақтай
амандасатын мығым денелі
ағатайым, әрі ақын досым –
Тұрағамның өмірден озғанына
талай жыл өтсе де, көз алдым-
Ғафура Сәрсенбайқызы
Ол «Дүние дидарында тек асыл сезім ғана тозбайды,
көнермейді» деуші еді. Кезінде мәніне ой жүгіртпеген ба-
сым бәрі де нақ солай екенін енді түсініп отырғандаймын.
да елесі, жүрегімде жыр-
лары жаңғырып, ешқашан
онымен ажырамағандай-
мын. Осы арқалы ақын-
ға жоқтау айту Серікке
(Ғабдуллин), Тұрғазының
өлеңдер жинағына есте-
лік жазу менің үлесіме
тиіпті. Тұрағаңның жан-
жүрегіңді елжіретер жыр-
лары тұрғанда мөлдіреп,
Мүсілім айтпас «өлді»
деп, оқырман айтар «Тірі!»
деп» деп жазған екен
кітаптың
алғысөзінде.
Оның осы бір тебіреністі
жолдарының өзі бар ғұ-
мырында адам атаулы-
дан ізгілік, табиғаттан
сұлулық іздеп өткен Тұр-
ғазы ақынның болмысын
айтып тұрғандай.
Өз басым бір кітапқа
бір мақаламен баға бере
алардай сыншы емеспін. Со-
лай бола тұрғанмен, бұл жинақ
әркімге әдемі ой салатын, мы-
нау бес күндік тірліктің өзі
жалған екендігін, сыйласудан
басқаның бәрі бекерлігін сана-
ға сыналап құятындай. Қа-
лай десе де, бетін суыққа
беріп тұратын ажал дегеннің
қармағына ертерек ілінген
ақынның жан дауысын, толға-
нысы мен жып-жылы сезімін,
ел мен жерге деген махабба-
тын тереңірек ұққыңыз келсе,
оның жақында ғана шыққан
«Ұлы даланың ұлымын» атты
жыр жинағын оқыңыз. Сонда
сіз:
– Өмірде бар көргенім мен
көрмегім,
Өлең бірақ емес менің
ермегім.
Өмір – ұстаз, тезге салып
ұқтырар,
Қонақтығын бақыр басты
пенденің.., деп кеткен ақын-
ның жан-жүрегін, сырын, мұ-
ңын түсінесіз. Түсінесіз де, ұлы
Абай айтқандай, адамзаттың
бәрін де бауырым деп сүю
керектігіне көз жеткізесіз...
Спорт
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
23
№90 (17027)
7 тамыз
Көлемі 6 баспа табақ
Апталық таралым 41500
Тапсырыс 90
Газет «Шығыс-Ақпарат»
ЖШС-нің
баспаханасында басылды.
Өскемен қаласы,
Бажов көшесі, 12.
Баспаханалық
қызметтер:
75-44-78. 75-28-78.
«Шығыс-
Ақпарат»
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
Директор
Нұржан
ҚуАНтАйұлы
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-15-38.
Директордың
орынбасары
Александр НИКИШИН
Тел.:
75-15-38.
газеті
Редактор
уәлихан тоҚпАтАев
Редактордың
орынбасары
Азамат ҚАСыМ
Қабылдау бөлмесі:
тел/факс: 75-96-19.
Меншікті тілшілер:
Семей – 87051593521,
Күршім – 2-19-12,
Үржар – 3-41-13,
Көкпекті – 87777499510,
Тарбағатай – 87786889717.
Бөлімдер:
қоғамдық-саяси – 75-37-74,
экономика – 75-36-52,
рухани мәселелер –
75-28-22, 75-28-65,
хабар – 75-36-52,
фототілші – 75-28-39.
Нөмірдің кезекшісі
Мейрамтай
ИМАНҒАлИ
Индекстер: 06001, 06002
Хаттар мен қолжазбалар
қайтарылмайды. Жария-
ланған материалдардағы
пікір редакциянікімен
сәйкес келмеуі мүмкін.
Редакция тапсырысымен
жазылмаған материалдар
үшін қаламақы төленбей-
ді. белгісі қойылған
материалдар коммерция-
лық негізде жариялана-
ды. Материалдарды ре-
дакцияның келісімінсіз
көшіріп басуға тыйым
салынады.
P
R
070003, Өскемен
қаласы,
Космос көшесі, 6/3,
www.didar-gazeti.kz;
е-mail: didar@media-
vko.kz, жарнама бөлімі:
22-41-95,
reklamadidar@media-
vko.kz
Шығыс
Қазақстан
облысы әкімдігі
ішкі саясат
басқармасының
«Шығыс-
Ақпарат» ЖШС
«Дидар» газеті –
Қазақстан
журналистика
академиясының Алтын
жұлдызының иегері.
«Дидар» газеті Қазақстан
Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде тіркеліп,
2012 жылғы 8-қарашада
№13142-Г куәлігі берілген.
Саңлақ
Жауапты хатшы
Бекәділ
СӘДІБеКов
Тел.: 75-29-23
Алғашқы
жаттықтырушысы
әкесі болыпты
Бүгінгі жастарда «Ғұсман
Қосанов несімен ұлттың есінде
қалды?» деген сауал туындауы
мүмкін. Сөздің шыны керек,
Қазақстан жеңіл атлетика мек-
тебінің тарихы тым тереңде
десек те, көп жыл бойы халық-
аралық ареналарда ел намы-
сын өзге ұлт өкілдері қорғап
келді. Оның үстіне, қоғамда
«қазақ – жүгіруге емес, күресуге
бейім халық» деген ұғым
қалыптасқан болатын. Міне,
Ғұсман Қосанов – осы ұғымды
түбегейлі теріске шығарған аяу-
Ғұсман Қосановты ұмытқан жоқпыз ба?
Серік Әбілқасымұлы
Әр белағаштық
үшін қазаққа
Олимпиада
жүлдесін алғаш
алып берген
атақты желаяқ
Ғұсман
Қосановтың
жөні бөлек.
ОСы беттің ОСпағы
Екі
жігіттің әңгімесі:
– Сенесің бе, менің
бауырым үш шақырымды
екі-ақ минутта жүгіріп өтеді.
– Жібердің ғой өтірікті.
Сенбеймін.
– Рас айтамын, ол төте
жолды біледі.
лы азаматтарымыздың бірі.
Атақты желаяқтың туған
қарындасы Нағима апайдың
қолжазба деректеріне сүйенсек,
олардың әкесі Ситтық Ықылас-
ұлы соғыс басталысымен 1941
жылы өз еркімен майданға кет-
кенде, аналары Бибінұр қатты
науқастанып, 1942 жылы қай-
тыс болады да, бар ауыртпа-
лық Ғұсманның нағашы әжесі
Кәкімнің мойнына түседі. 1943
жылы Ситтық Ықыласұлы ауыр
жарақаттанып, елге оралады.
Артынша колхозда бригадир
болып еңбекке араласады. Ғұс-
манның өзі туралы жазған «Же-
ңіске жол» автобиографиялық
кітабында мынадай жолдар
бар: «Атың өшкір соғыс менің
және
құрдас-тұстастарымның
ең қымбат қазынасы – балалық
бал дәуренімізді тартып алды.
Біз таңды таңға ұрып, егістіктен
масақ теретін едік. Бұл ауыр
тұрмыс бізді шынықтырды...».
Ғұсманды көзі көргендердің
айтуынша, ол кісінің бірінші
жаттықтырушысы әкесі Ситтық
болыпты. Әкесі Ғұсманға арқан-
ды ұстатып, өзі атпен желіп, ал
ұлы қасында жүгіріп отырады
екен.
Нағима апаның естелігіне
оралсақ,
«Бәріміз
Изатолла
ауылындағы жетіжылдық қазақ
мектебінен білім алдық. Ғұсман
ағамыз өте елгезек еді әрі
спортқа ерекше ден қоятын.
Мектепте оқып жүргенде спорт-
пен шұғылданып, Новопокровка
ауылында өтетін мектеп оқушы-
ларының спартакиадасында жү-
гіруден үнемі бірінші орыннан
көрініп жүрді», – дейді.
Біз Ғұсманмен құдандалы
болып келетін әрі бала кезін-
дегі досы Семейхан Балықбаев
ақсақалдан да атақты спорт-
шы туралы көптеген деректерге
қаныға алдық. Семейхан ақса-
қал Ғұсманның жасынан спорт-
ты серік етіп, әсіресе, жүгіруді
басты орынға қойғанын жыр
қылып айтып берді. «Біз бірге
жүгіре кеткенде, оның шаңына
ілесе алмай қалатынбыз» деп
сонау балалық алыс дәуренін
еске алды ол. Әйгілі желаяқтың
тағы бір жерлесі Қабыш Омаров
ақсақал Қосановтың бір ғана
жүгірумен шектелмей, футбол,
волейбол, баскетболды тамаша
ойнай білгенін алға тартты. Ат
арбаға отырып алып, жол бойы
ән салып, сол кездегі Жаңа
Семей ауданының орталығы
болған Новопокровкаға (Жұра-
ға) 1 және 9 мамырдағы спорт
жарыстарына
баратындарын
еске алды. Осында өткен жарыс-
тардағы алғашқы жеңіс жолы
Ғұсманның Рим мен Токиоға
бастар бейне бір баспалдағы
болғандай.
Изатолладағы 7 жыл-
дық мектепті тәмамда-
ған Ғұсман Семейдегі
№13 кәсіптік училищеге
түсіп, оны бітіргеннен
кейін депода жұмыс
істеп, сол жерден 1954
жылы әскер қатарына
алынады. 1951 жылы
Ғұсман шаңғыдан 10 ша-
қырымдық қашықтықта
Семей қаласының чем-
пионы атанады. Сол
жылы теміржолшылар
арасында өткен жеңіл
атлетика
жарысында
100 метрге жүгіруден
11,7 секундтық нәтиже
көрсетіп, 2-3 орынды
бөлісті. Теміржол учили-
щесінде оқып жүрген-
де Ғұсман «Локомотив»
футбол клубында ойнап,
қала біріншілігінің чемпионы
да атаныпты. Азаматтық боры-
шын Қырымдағы Севастополь
қаласында өтеген Ғұсман өзінің
сүйікті қашықтығы 100 метрге
жүгіруде әскерилер арасын-
да да болашағынан зор үміт
күттіретін атлет екендігін таныта
білді. Спортты серік еткен қазақ
сарбазы 1957 жылы Киевте
Украинаның чемпионы атана-
ды. Ол кезде әр одақтас респу-
блика жақсы нәтижелермен
көзге түскен спортшыларды
қолды-аяғын жерге тигізбей іліп
әкететін. Ғұсманға Молдавия
құда түсіп, атамыз Кишиневтің
денешынықтыру техникумына
орналасыпты. Артынша КСРО
спорт шебері атағын алып, төрт
дүркін Молдавия чемпионы
және КСРО чемпионы атанады,
Кеңес Одағының олимпиада-
лық құрамасына үміткер болып
қабылданады. Дәл осы кезде
орыс спортшыларының «Біздің
нанымызды қос қазақ тартып
алды» деген Ғұсман Қосанов пен
Әмин Тұяқовты меңзей айтыл-
ған спорт афоризмі дүниеге
келіпті деседі.
1960 жылы Қарулы Күштер-
дің
құрама
командасының
қатарында КСРО біріншілігінде
4*100 метрді 40,7 секундта жү-
гіріп өтіп, ел чемпионы атанды.
Осыдан кейін Ғұсман Леонид
Бартенев, Юрий Коновалов және
Эдвин Озолинмен бірге XVII
жазғы Олимпиада ойындарына
дайындығын бастап кетеді.
Ол елге
қашан оралды?
1960 жыл. Рим. Олимпиада-
ға Молдавияның өкілі ретінде
қатысса да, қазақтың кім
екенін спорт әлеміне танытқан
Қосановтың дәуірі болды бұл.
400 метрлік эстафетаның ақтық
сынына АҚШ, ГФР, Италия, Ве-
несуэла және КСРО командала-
ры шықты. Осы жарыста қазақ
еліне тұңғыш алтынға бергісіз
күміс бұйырды.
Елінен
жырақта
жүрген
Ғұсман Молдавияда молдаван
қызына үйленіп, Марат және
Арман деген қос ұл сүйді. Де-
генмен, қалай айтса да, туған
жердің түтіні тартып тұрады
емес пе?! 1961 жылы елге
демалысқа
келген
Ғұсман
Қонаевтың қабылдауында бо-
лып, өзін Қазақстанға алдыруын
өтінеді. Дінмұхамед Ахметұлы
бұл іске бел шеше кірісіп,
Ғұсманды Алматыға алдырып,
Әмен Тұяқов екеуіне орталық
стадионға жақын жерден пәтер
алып береді.
1964
жылы
Токиодағы
Олимпиадада Ғұсман жалпы
командалық бесінші орынды
иеленіп, бұдан кейін бірыңғай
жаттықтырушылық
жұмысқа
кетеді. Ғұсманның бұл кәсіптегі
еңбегі де бағаланып, ол «Еңбек
Қызыл Ту» орденімен және
«Еңбектегі ерлігі» үшін медалі-
мен марапатталады. 1965 жылы
Қазақ мемлекеттік дене тәрбие-
сі институтын бітірген соң, 1965
жылдан өмірінің соңына дейін
бар ғұмырын республикалық
жоғарғы спорт шеберлігі мек-
тебімен байланыстырды.
Қосанов жаттықтырушы ре-
тінде де көптеген жетістіктерге
қол жеткізді. Оның шәкірті Люд-
мила Голомазова 1968 жылы
Мехико Олимпиадасында 100
метрді 11,7 секундта жүгіріп
өтіп, қола медаль иеленді.
Амал не, Ғұсманға ұлттық
құраманы егемендік жылдарын-
да жаттықтыруға тағдыр жаз-
бапты. Қазақтың атақты желая-
ғы 1990 жылы шілде айының
19-ында қайтыс болып, Алма-
тының Кеңсай зиратына жер-
ленді.
Бар-жоғы 53 жыл өмір сүріп,
ұлтына аңыз болған жан әр
спортсүйер қазақтың жадысын-
да мәңгіге байыздап қалғаны
сөзсіз.
Ғұсманның спорттық ғұмы-
рындағы бір әттеген-айы – Ал-
матыда «Спартак» спорт қо-
ғамының 1962 жылы өткен
біріншілігінде 100 метрді 10,2
секундта жүгіріп өткенімен, жел
күшін өлшейтін құрылғы бол-
мауы салдарынан, бұл нәтиже
КСРО рекорды ретінде де,
әлемдік рекордтың қайталануы
ретінде да есепке алынбай
қалуы еді.
Десек те, Қосанов кеңес
спринтерлері арасында украин-
дық Редькомен жұптасып, аты
аңызға айналған америкалық
«Қара найзағай» Джесси Оуэнс-
тің 100 метрді 10,2 секундта
жүгіріп өткен әлемдік рекордын
қайталады деп мақтанышпен
айта аламыз.
Нағима Ситтыққызы Ғұсман-
ның 60 жылдығы қарсаңында
1995 жылы Семей қаласындағы
бір көшенің атын бергізу үшін
талай табалдырықты тоздыр-
ды. Атақты спортшыға қаланың
қақ ортасынан көше берілмей,
ақыры даңқты спортшы атын
Барнаульская
деген
шаһар
шетіндегі елеусіз көшеге бергені
кейде осы біз арыстарымызды
қадірлей білеміз бе деген ойға
да жетелейді.
Семейхан Балықбаев ақса-
қал осыдан төрт жыл бұрын Бо-
родулиха ауданының орталығы
Бородулиха ауылындағы бала-
лар мен жасөспірімдер спорт
мектебіне Ғұсман Қосановтың
атын беруге ұсыныс жасаған
еді. Міне, сол бастама қолдау
тауып, жақында аталмыш спорт
мектебіне атақты жерлесіміздің
есімі берілгелі жатыр. Ендігі
тілеріміз, шұғылалы Шығыста
маңдайы жарқыраған тағы бір
желаяқ ұл өмірге келсе екен.
Бородулиха ауданы.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
24
Алқоңыр
№90 (17027)
7 тамыз
езутартар
Парламентте әлеуметтік ма-
ңызы бар мәселе бойынша талқы-
лау жүріп жатқанда бір депутат:
– Бұл Конституциямызға қай-
шы… Қайталап айтамын, бұл мә-
селе Конституцияға қайшы келеді.
Ертең сайлаушылар алдында жа-
уап беретін боламыз.
Сонда жанындағы әріптесі:
– Апырай-а-а, жауап беру де-
ген не сөзің?!
Қоғамдық көлікте:
– Жолақысын төлеңіз.
– 40 теңге жете ме?
– Сіз зейнеткерсіз бе?
– Жоқ, жарты жолдан түсіп
қаламын.
Бір жігіт базарға келеді:
– Маған жақсы киімдер таңдап
беріңізші.
– Сіз бойдақсыз ба, әлде
үйленгенсіз бе?
– Бойдақпын.
– Онда үтіктемей кие салатын
киімдер алыңыз...
тіл бітсе, сурет не дейді?
Оқушы жазы
ДИДАР
Достарыңызбен бөлісу: |