де.
етті.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
ДИДАР
Әлеумет
4
№90 (17027)
7 тамыз
шығыс-ақпарат
Шағын
отбасылық
жатақхана
қолданысқа
беріледі
Семейде «Жұмыспен
қамтудың жол картасы–2020»
бағдарламасы бойынша
салынған жобалық құны
245 млн. теңгені құрайтын
60 пәтерлі шағын отбасылық
жатақхана қолданысқа беріледі.
Онда 29 жасқа дейінгі жұмыс
істейтін жастар тұрады.
– Жатақхананың барлық пәтер-
лері бір бөлмелі болғанмен, ау-
дан көлемі әртүрлі. Әр пәтердің
жуынатын, ас ішетін бөлмелері,
әжетханасы жеке орналасқан. Орта-
лықтандырылған су және жылу
жүйесіне қосылған. Пәтердің саны –
60, бағдарламаға қатысушылар –
75. Олардың ішінде бірге тұруды
қалаған балалар үйінің өкілдері
де бар. Бұл жастарға ақшаларын
үнемдеуге мүмкіндік береді, – дейді
Семей қалалық жұмыспен қамту
орталығының өкілі Абай Мүсәпіров.
Болашақ тұрғындардың ай са-
йын төлейтін жалдау ақысы ауда-
нына қарай 2-3 мың теңгенің үстіне
шығады. Оған қоса коммуналдық
төлемдері бар.
Үлгілі кентті
дамытуға қомақты
қаражат бөлді
«Аltaynews.kz» интернет
порталы таратқан ақпаратқа
сүйенсек, Зырян ауданындағы
Бұқтырма цемент зауыты биыл
Жаңа Бұқтырма үлгілі кентін
дамытуға 22 млн. теңге қаражат
бөлді. Бұл ақшаның басым бөлігі
елді мекенді абаттандыруға
бағытталмақ.
Атап айтсақ, спорт мектебінің
аумағында балаларға арналған үл-
кен ойын қалашығы тұрғызылмақ.
Ол жерде скейт-алаң, жаттығу
құрылғылары, әткеншек пен сыр-
ғанағы бар пластиктен жасалған
ойын кешені орналасады.
– Меморандумды іске асыру
нәтижесінде
субұрқақ
қалпына
келтіріліп, мәдениет үйінің алдын-
дағы алаң жасалды. Мұның сыр-
тында үлкен LED-экран орнатылды.
600 мың теңгеден астам ақша
жергілікті аурухананың қажетіне
берілді. Бұл ақшаға балалар стома-
тологиясына, лор-кабинетке жаб-
дықтар сатып алынып, рентген
кабинеті жөнделеді, – дейді Жаңа
Бұқтырма кентінің әкімі Жанат
Сәлменбаева.
Жаңғырту
жұмыстары жүріп
жатыр
Облыс орталығындағы «АЭС
Өскемен ГЭС» ЖШС жаңғырту
бойынша инвестициялық
жобаларды сәтті жүзеге асыруда.
Биыл станция қондырғыларды
жөндеу және қалпына келтіруге
3,5 млрд. теңге қаражат
қарастырған.
Қазір басты трансформатор-
ларды ауыстыру, АТҚ-110 кВт қай-
та қалпына келтіру мақсатында
№2 және 3-ші гидроагрегаттарды
жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
№3 гидроагрегатты қолданысқа
қосу 2015 жылы табиғатты қорғау
жөнінде рұқсатнама берілетін уа-
қытқа
дейін
жүргізілмек.
Бұл
жобалардың арқасында станция-
ның қолданыстағы қондырғылары
жаңартылып, гидроагрегат қуаты
9 мВт-қа дейін ұлғаяды.
Қауіпсіздік талаптарының кү-
шейтілуіне орай аумақ күзетінің
жүйесін қайта жөндеу жобасы қолға
алынған.
еуразиялық экономикалық одақ
(Соңы. Басы 2-бетте)
– Мына бір иконды қалалық өлке-
тану мұражайынан алып, осында уа-
қытша қоюымызға рұқсат етті. Әу бас-
та аталған мұражайға халық атынан
сыйға тартылған икон болғандықтан,
оны кейінірек толық өзімізге аламыз
ба деп отырмыз, – деді тағы да өз
тірліктерінен баян еткен епископ.
– Осыған байланысты қандай да
бір көмек қажет болып жатса, біздер
қол ұшын беруге даярмыз. Бұл Өске-
меннен ешқайда кетпейтін және қашан
да осы жердің адамдарына қызмет
ететін құндылық деп ойлаймын. Өйт-
кені, әр халықтың да тілегі – тыныш-
тық пен өзара түсіністік екені сөзсіз. Өз
басым әр қазақстандықтың ел бірлігі
мен татулығын жоғары қоятынына,
сол себепті де ұлттар арасындағы
достық пен түсіністік мәңгілік құн-
дылық болып қала беретініне сенім-
дімін, – деген Сергей ЛАВрОВ собор
қызметшілеріне алғыс айтты.
Өңіраралық
ықпалдастықтың
символына айналды
ресей Сыртқы істер министрінің
жұмыс сапары аясында Өскемендегі
«Алтай» технопаркінде Еуразиялық
экономикалық одақ төңірегіндегі
келелі мәселелерді талқылаған кез-
десу болды. Дөңгелек үстел басында
өткен жиынға еліміздің Сыртқы істер
министрі Ерлан ЫДЫрЫСОВ, облыс
әкімі Бердібек САПАрБАЕВ және екі
тараптан басқа да жауапты тұлғалар
қатысты.
– Бұл жұмыс сапарының Өскемен
қаласында өтуі тегін емес. Өскемен,
бұл – екі елдің одақтастығының,
достығының символы. Өндірістік-
экономикалық, мәдени-рухани, ғы-
лыми және басқа да салалардағы
қарым-қатынасымыздың
көрінісі
осы өңірден айқын байқалады.
Сондықтан қонақжай Қазақ елінің
шығысындағы табиғаты тамаша өңірі
ресейлік құрметті қонақтарды құшақ
жая қарсы алуда, – деп кездесудегі
алғашқы сөз тізгінін алған еліміздің
Сыртқы істер министрі Ерлан ЫДЫрЫ-
СОВ қонақтарға кейінгі жылдары екі
мемлекеттің өңіраралық байланысын
нығайтуға зор күш салып, осы бағытта
нәтижелі істер атқарып жүрген
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Бердібек САПАрБАЕВТЫ таныстырды.
Министр айтқандай, кейінгі төрт-
бес жылда Қазақстан мен ресей
арасындағы өңіраралық байланыс
тамырын тереңге бойлатып, қанатын
кеңге жая түсті. Екіжақты байланыс-
тар мен әріптестік қарым-қатынастар
ауқымды шартты-құқықтық база-
мен (300-ден астам шарт пен келісім
жасалған) реттелуде. Екі мемлекеттің
VII өңіраралық ықпалдастық форумы
ясында 25 келісім мен 10 мемо-
рандумға қол қойылған. Осындай
жемісті байланыстар нәтижесінде
бүгінгі күні біздің облыста ресей-
ліктермен бірлескен жиыны 248 кә-
сіпорын жұмыс істеп тұр. Тарап-
тарға
бірдей
тиімді
әріптестік
байланыстардың нәтижесі сауда-
экономика, саясат, энергетика, ғы-
лым-білім, мәдениет сияқты көптеген
салаларда жақсы көрініс табуда.
Әсіресе, біздің өңір бүгінгі күні ресей
Федерациясының Алтай өлкесімен,
Новосібір облысымен, Татарстан рес-
публикасымен берік әріптестік, дос-
тық қарым-қатынас орнатқан.
– Біздің елдеріміздің басшылары
көрсетіп отырған қолдаудың арқа-
сында Қазақстан мен ресейдің өңір-
аралық ықпалдастығы артып, бай-
ланысы нығая түсуде. Бұл жағдай екі
елдің экономикасына оң әсерін тигізіп
отыр. Айталық, биылғы бес айда ре-
сей мен біздің облыстың субъектілері
арасындағы тауар айналымы 700 млн.
АҚШ долларын құрады. Еуразиялық
экономикалық одақтың арқасында
бұл көрсеткіштер алдағы уақытта
одан ары жақсара түсетін болады.
Біздің байланысымыз тек сауда-
экономикалық бағытта ғана емес,
сондай-ақ, білім-ғылым, денсаулық
сақтау, мәдениет салаларында да
жемісті жұмыстар атқарылуда. Соның
бір дәлелі ретінде Татарстан респу-
бликасында, Алтай өлкесінде өткізіл-
ген Шығыс Қазақстанның мәдени
күндерін айтуға болады, – деген
облыс әкімі Бердібек САПАрБАЕВ
өңіраралық ықпалдастық аясында
жүзеге асқан бірқатар маңызды
тапсырмаларға тоқталып өтті.
Сонымен қатар аймақ басшысы
биыл жазда Алтай өлкесінде табиғи
апат салдарынан елді мекендерді
топан су басқанда, алғашқылардың
бірі болып Шығыс Қазақстан об-
лысы көршілерімізге көмек қолын
созып, азық-түлік пен киім-кешек,
басқа да қажеттіліктер тиелген керуен
жөнелткенін тілге тиек етті.
Кездесу барысында облыс әкімі
Бердібек
САПАрБАЕВ
ресейдің
Сыртқы істер министрі Сергей ЛАВ-
рОВТАН Кедендік одақ шеңберінде
ресейлік тараптан талап етілетін
құжаттарға қатысты кейбір жәйттар-
ға көңіл аударуды сұрады. Айталық,
өндіруші кәсіпорындарға сертифи-
каттар мен лицензиялар беру мәсе-
лесінде шешімін таппаған біраз
кедергілер бар көрінеді. Бұған қоса,
өңір басшысы мәртебелі мейманнан
Курчатов қаласында ресейліктермен
бірлесіп салатын АЭС құрылысына
қатысты келісім құжатқа қол қоюды
жылдамырақ жүзеге асыруға қолдау
көрсетуді сұрады.
Өз тарапынан ресейлік мейман
АЭС салу жөніндегі келісім құжат-
тың тезірек қол қойылуына қолдау
білдіретінін, ал Кедендік одақ аясын-
дағы елдердің өзара сауда-саттық,
экономикалық және өзге де қатынас-
тарды реттеу үшін қажетті сертифи-
каттар мен лицензиялардың талап-
тары үш мемлекетке де бірдей
болуына ресей жағы да мүдделі
екендігін жеткізді.
– Бүгін біз жұмыс сапары бары-
сында көптеген ұлттардың өкілдері
бейбітшілікте тұрып жатқан Өскемен
қаласының бірқатар маңызды орын-
дарын аралап көрдік. Мұндағы ұлт-
тардың өзара татулығы бізді қуант-
ты. Өйткені, ресей Федерациясы да –
көпұлтты мемлекет. Өскемендегі са-
пар аясында біздің Президенттеріміз
қол қойған келісім құжаттардағы
тапсырмалардың орындалу бары-
сына көз жеткізіп, алдағы жылдарға
белгіленген жоспарлармен таныстық.
Жалпы, біздің Мемлекет басшыла-
рымыз өте жиі кездеседі. Биылдың
өзінде ғана үш кездесу өтті, жыл
соңына дейін тағы да болады. Бұл
кездесулерде
біздің
елдеріміздің
басшылары Қазақстан мен ресейдің
көп қырлы, сан салалы әріптестігін,
оның ішінде экономикалық, энерге-
тикалық, гуманитарлық және басқа
да байланыстарын одан ары дамы-
ту мәселелері талқыланды. Біздің
бүгінгі кездесуімізде де екі елдің
өңіраралық ықпалдастығынан бөлек
халықаралық аренада бір-бірін қол-
дауы сияқты маңызды мәселелер
де әңгіме арқауына айналды. Біздер
бүгінде Қазақстанның әлемдегі беде-
лінің күн санап өскенін қуанышпен
қабылдаймыз және қолдаймыз, –
деп ағынан жарылған ресей Феде-
рациясының Сыртқы істер министрі
Сергей ЛАВрОВ осындай маңызды
кездесуді өткізуге мұрындық болған
Қазақстанның Сыртқы істер министр-
лігіне, Шығыс Қазақстан облысының
әкімдігіне ризашылығын жеткізді.
Жиыннан кейін ұйымдастырылған
шағын баспасөз брифингінде қос
елдің Сыртқы істер министрлері
бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдері қойған бірқатар сұрақтарға
жауап берді. ресейлік және қазақ-
стандық әріптестеріміз қойған сауал-
дардың дені Еуразиялық экономи-
калық одақтың болашағы, Қырғыз-
стан мен Арменияның аталған одақ-
тың құрамына ену мүмкіндігі, екі
елдің арасындағы бірлескен жоба-
лар, атом энергетикасын дамытудағы
қарым-қатынас төңірегінде өрбіді.
Журналистер сұрақтарына жа-
уап берген министрлер Еуразиялық
экономикалық одақтың келешегі зор
екенін, ал Қырғызстан мен Арме-
нияның үштіктің қатарына қосылу
процесінде
ешқандай
мәселенің
жоқтығын айтты. Атом энергетикасын
дамытуда Өскемендегі «ҮМЗ» сияқты
алпауыт
кәсіпорынның
ресейлік
әріптестермен бірлескен жобаларды
жүзеге асыру әлеуеті жоғары екеніне
тоқталды.
Нұржан Кенжеұлы, Ержан
Әбіш, Ғафура Сәрсенбайқызы,
Серік Әбілхан
Екі елдің Сыртқы істер министрлері
Өскеменде кездесті
Суретті түсірген Ғылымбек Сәбитов
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
5
№90 (17027)
7 тамыз
Мекенжай
анықтамасын
алу жеңілдеді
Бұдан былай ата-аналар
мектепке баратын баласына
мекенжай анықтамасын
«Электрондық үкімет» порталы
арқылы ала алады. Мұндай
анықтама баланы бірінші
сыныпқа қабылдағанда міндетті
түрде тапсырылатын құжаттар
тізіміне енгізілген.
Анықтаманы электронды түрде
алу үшін «egov.kz» сайтына тіркелу,
электронды цифрлы қолтаңбаға ие
болу және баланың ЖСН-ын білу ке-
рек. Электронды тапсырысты толты-
ру кезінде пайдаланушы анықтама-
ны кімге алып жатқанын таңдап, сол
тұлғаның ЖСН-ын енгізеді. Жүйе бұл
ЖСН иесі расында сіздің балаңыз
екенін анықтайды. Осыдан кейін
тапсырыс ЭЦҚ арқылы расталып,
бірнеше секундтан соң анықтама
дайын болады.
Сонымен
қатар,
мекенжай
анықтамасы жұмысқа қабылдау ке-
зінде, банктен несие алғанда, жеке
кәсіпкерді, жеке нотариусты, сот
орындаушысын, адвокатты тіркеу
барысында, Қазақстан азаматтығы
жоқ тұлғаларға жеке куәлікті және
шетел азаматтарына мекендеу қа-
ғазын беру, зейнетақы төлемдерін
анықтау кезінде, т.б. жағдайларда
қажет болады.
Жастардың
курортты қаласы
салынады
Елімізде жастардың курортты
қаласы Ақмола облысының
Ақкөл шаһарында 2017 жылға
қарай салынатын болды. Мұндай
жағымды жаңалықты «Тұрақты
даму» Жер қорының баспасөз
қызметі таратты.
– Ақкөл қаласының әкімдігі жер
бөліп отыр, жергілікті әкімдік те
бұл бастаманы қолдайды. Қазір ол
жақтағы екі көлді тазарту мәселесі
зерттелуде. Көлдер толық тазала-
натын болады. Біз келер жылдың
көктемінде
жұмысқа
кірісеміз,
құрылыс сол кезде басталады, –
дейді «Тұрақты даму» Жер қорының
президенті Алан Бесен.
Сондай-ақ, қаладағы стадион,
спорт алаңдары мен басқа да дема-
лыс орындары күрделі жөндеуден
өткен. Екі қонақүй мен басқа да
әлеуметтік нысандар салынуда. Ке-
лер жылы «Достық үйінің», әлемнің
симфониялық оркестрлері өнер
көрсететін заманауи амфитеатрдың
құрылыстары басталмақ.
Қауесет
таратқандар
жауапқа тартылады
Еліміздің Бас прокуратурасы
девальвация (теңгенің
құнсыздануы) туралы қауесет
таратқандар жауапқа
тартылатынын ескертеді.
Бұл жөнінде аталған құзырлы
органның баспасөз қызметі
хабарлады.
1 тамыз күні Ұлттық банк бас-
шылығы девальвацияның екінші
толқыны туралы қауесетті ресми
түрде жоққа шығарған.
«Кейінгі кездері түрлі байланыс
құралдары (БАҚ, әлеуметтік желілер,
СМС т.б.) арқылы ұлттық валютаның
құнсыздану мүмкіндігі туралы ресми
расталмаған ақпарат таратыла бас-
тады. Аталған хабарлар халықты
дүрліктіріп, ішкі валюта нарығын-
дағы тұрақсыздану қаупін туғызды.
Осыған орай Бас прокуратура
биылғы 23 сәуірде Қылмыстық ко-
дексте көрінеу жалған ақпарат
таратқандарға жауапкершілік бел-
гілейтін норма (242-1 бап) енгізіл-
генін еске салады», делінген хабар-
ламада.
Естеріңізге саламыз, жаңа Қыл-
мыстық кодексте қауесет таратқан-
дарға 12 жылға дейін бас бостан-
дығынан айыру жазасы қарастырыл-
ған.
Ел ішінд
Е
ДИДАР
шаһар шаруашылығы
Өскемен өсіп-өркендей береді
– Қаланың соңғы 6 ай ішіндегі
негізгі әлеуметтік-экономикалық
көрсеткіштері қандай?
– Өндіріс өнімінің көлемі 5,7
пайызға өсіп, 330,8 млрд. теңгені
құрады.
Ауыл
шаруашылығында
жалпы өнім мөлшері өткен жыл-
мен салыстырғанда 29 пайызға өсіп,
1 млрд. теңгені құрап отыр. Эко-
номиканың
барлық
секторлары-
на бөлінген капитал 2013 жылы
106,3 пайызды көрсетсе, биыл 37,5
млрд. теңгеге жетті. Сонымен қа-
тар, құрылыс-жөндеу жұмыстарының
көлемі 40,3 пайызға өсіп, 12 млрд.
теңге болды. Жалпы ауданы 26,4 мың
теңге метр пайдаланылуға берілген
тұрғын үйдің саны 60 пайызға жетті.
Жекешелей сату тауар айналымы
15,2 пайызға өсіп, 123,2 млрд. тең-
гені құрады.
Өскемен қаласы бойынша жалпы
құны 242,8 млрд. теңгені құрайтын
16 инвестициялық жоба жүзеге асы-
рылуда.
Салық төлейтін жеке кәсіпкерлер
де көбейе бастады. Бүгінде олардың
саны 18 мыңға жетіп, былтырғы жыл-
мен салыстырғанда 1649 адамға
өскендігі байқалады. Кіші және орта
бизнес кәсіпкерліктері қаламыздың
экономикалық дамуына айтарлықтай
үлес қосуда, олар өндірген өнім
көлемі – 14,5 млрд. теңге. Ал қала
бюджетіне салықтан түскен қаржы
сомасы – 9,3 млрд. теңге. Қалада 3
мыңнан астам жұмыс орны ашылып,
жыл соңына дейін тағы да 2 мың
жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Жергілікті бюджетке соңғы 6
айдың ішінде барлық шаруашылық
субъектілерінен 19,1 млрд. теңге
көлемінде салық түсімі келіп түссе,
қосымша резервтерден түскен са-
лықтардан 186,2 млн. теңгеге то-
лықты.
Ағымдағы жылы 5765 жаңа
жұмыс орнын ашу көзделуде. Жыл
басынан бері жоспардың 70 пайы-
зы орындалып, 3995 адам жұмысқа
орналасты. Бүгінгі таңда жұмыссыз-
дар саны 792 адамды құрап отыр.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкеле-
рін өткізудің нәтижесінде 207 адам
жұмысқа орналасты, оның ішінде
29 жасқа дейінгі жастар да бар.
Жартыжылдықтың қорытындысы
бойынша денсаулық сақтау саласын-
да әлеуметтік-маңызды көрсеткіш-
тердің жақсарғандығы байқалады.
Нәрестелер өлімі 33 пайызға төмен-
деп, туберкулезге шалдыққандар –
11,6 пайыз, ал одан қайтыс болғандар
4,4 пайызға азайды. Қатерлі ісік ауру-
ларына душар болғандар 5,3 пайызға
төмендеп, одан көз жұмғандар саны
2,21 пайызға кеміді.
Достарыңызбен бөлісу: