– Жас мамандарды жұ-
мысқа тарту жайы қалай?
Оларды әлеуметтік қолдау
қарастырылған ба?
– Ауылдарда жұмысқа
орналасу мақсатында әлеу-
меттік сала мамандарына екі
бағытта әлеуметтік шаралар
қарастырылған. Біріншісі –
70 айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде көтерме жәр-
демақы алу. Екіншісі – тұрғын
үй сатып алуға немесе оның
құрылысын жүргізуге 1500
АЕК-тен артық емес бюджет-
тік несие беру. 2009-2013
жылдарда әлеуметтік сала-
дағы 104 маманға мемле-
кеттік қызмет көрсетілді, 60
маман тұрғын үй сатып алу
үшін бюджеттік несие алды.
Биыл тамыз-қазан айларын-
да қаржыландыру жоспары-
на сәйкес 35 көтерме жәр-
демақы және 34 бюджеттік
несие беру көзделуде.
– Егін мен мал шаруашы-
лығы қалай дамып келеді?
– Аудан бойынша егіс
көлемі 99,5 мың гектар-
ды құрайды. Ылғал сақтау
технологиясымен 52 мың
гектарға ауылшаруашылық
дақылдары себілді. Көлемі
өткен жылмен салыстырғанда
8%-ға жоғары. Биыл ау-
дан
шаруашылықтарымен
өткен жылдан 1,5 есе артық,
яғни, 3560 тонна минералды
тыңайтқыш сатып алынды.
Мал шаруашылығы тұ-
рақты дамуда. «Виситаев
Р.Д.» шаруа қожалығы етті
мал өсіруді бастады. Мал
қораға
жөндеу
жүргізді
және қазақтың ақ бас сиыры
тұқымынан 406 бас төл са-
тып алды. Биыл Ресейдің Ал-
тай өлкесінен 400 бас қашар
әкелінбек, жылдың соңына
дейін мал басын мыңға
жеткізу көзделуде.
Ауданда 2012 жылы «Бо-
бровка+» ЖШС 408 басқа
арналған тауарлы сүт фер-
масы инвестициялық жоба-
сын жүзеге асырды. Мұндағы
жұмыс үдерістерінің бәрі
автоматтандырылған,
жұ-
мысты роботтар атқарады.
«Агробизнес-2020» бағдар-
ламасына сәйкес 2014 жылы
отбасылық ферма құру жө-
ніндегі инвестициялық жо-
баларға қаржылай көмек
көрсетіледі. Ауданда 71 от-
басылық ферма мен кіші
бордақылау
алаңы
бар.
«Жұмыспен қамтудың жол
картасы-2020»
бағдарла-
масымен биыл 15 000 ірі
қара малын сатып алуға 164
өтініш қаралды.
Былтыр «Шығыс Қазақ-
стан омартасы» қанатқақты
жобасы жүзеге асырылды.
Осы кезеңде 6 кеңес өткізі-
ліп, Глубокое ауданының ара
шаруашылығы қауымдасты-
ғы құрылды. Астана мен Ал-
маты, Шымкент, Қарағанды
қалаларында 2 рет және
көрші
Қытайда
арнайы
жәрмеңке өтті.
«Жұмыспен
қамтудың
жол картасы-2020» бағдар-
ламасымен бірінші топта 19
адам 6 айлық оқу курсы-
нан өтіп, IV Халықаралық
бал фестивалінде сертифи-
кат берілді. Ауданда 6 асыл
тұқымды омарта бар.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
7
№90 (17027)
7 тамыз
Аймақтар ахуалы
Глубокое ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалы жыл санап жақсарып
келеді. Тұрғындарды баспанамен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, әлеуметтік
нысандардың құрылыстарын жүргізуде кешенді шаруалар қолға алынуда. Бұл жөнінде
аудан әкімі Арман Бекбосынов айтып берді.
Шағын сұхбат
Омарта шаруашылығын
дамытудың қанатқақты жобасы
қолға алынды
Құрылыс
Жаңа нысандар бой
көтеріп келеді
Аталмыш
үйден
соғыс
ардагерлері, мүгедектер, көп-
балалы және аз қамтылған от-
басылар, жетімдер, сондай-ақ,
мемлекеттік қызметшілер мен
бюджеттік мекемелер маманда-
ры пәтер алмақ.
Аудандық құрылыс, сәулет
әне қала құрылысы бөлімінің
басшысы Абзал Мәулетхановтың
айтуынша, биыл аудан орталы-
ғында 600 орынға арналған
орта мектептің құрылысы ба-
сталып отыр. Дәл осындай білім
ошағы Уварово ауылында да
қолға алынып, үш жүз орындық
мектеп ғимараты бой көтермек.
Алдыңғы
білім
мекемесінің
қазіргі ғимараты ескі әрі тарлық
етіп отырса, соңғысының салын-
ғанына жарты ғасырдан астам
уақыт өткен.
Бұлардан бөлек салыну мерзі-
мі біршама уақытқа созылған
ірі құрылыстың бірі – Глубокое
аудандық 100 төсек-орындық
орталық
ауруханасы
биыл
қолданысқа беріледі деп күтілу-
де. Нысанды өз жауапкершілігіне
алған «Элхон» ЖШС қазіргі кез-
де қызу қарқынмен жұмыс істеп,
ғимараттың соңғы бөліктерінің
құрылысын жүргізуде. Айнала-
сын абаттандырып, толықтай
дайын күйінде іске қосуды жос-
парлауда. Зимовье ауылында
дәрігерлік-әлеуметтік
мекеме
ғимараты былтыр пайдалануға
берілді.
Сондай-ақ, аудан көлемінде,
әсіресе, Глубокое кентінде шағын
және орта кәсіпкерлік өкілдерінің
жекеменшік құрылыс нысандары
да көптеп салынып жатыр. Абзал
Асқарұлының берген мәліметіне
сүйенсек, 2014 жылы «Ақбұлақ»
мемлекеттік бағдарламасының
аясында Белоусовка кентінде
және Верх-Березовка ауылын-
да ауызсумен қамтамасыз ету
жүйесін
толықтай
қалпына
келтіру жобалары қолға алынып
отыр. Олардың құрылысы 2015
жылға дейін созылмақ.
ДИДАР
Жұмыспен Қамтудың Жол картасы-2020
Арнаулы бетті әзірлеген –
Дәурен Аллабергенұлы
Ең арзан нан Опытное поледе өндіріледі
– Бағдарламаның екінші бағы-
ты кәсіпкерлікті ынталандыруға
және экономикалық белсенділікті
жоғарылатуға бағытталғандықтан,
бағдарламаға қатысушылар қа-
тары жыл сайын артып келеді. Атал-
мыш мүмкіндік кенттің белсенді
тұрғындарына өз кәсіптерін ашуға,
не болмаса одан әрі кеңейте түсу-
ге үлкен қолдау болмақ. Аудан
көлемінде 148 адам 373 милли-
он теңгенің шағын несиесін алып,
313 жаңа жұмыс орнын ашып
отыр. Барлығы 12 несиелік серік-
тестік табысты жұмыс істеуде, –
дейді аудандық жұмыспен қамту
орталығының шағын несиелеу бо-
йынша маманы Маржан Қасымова.
– Солардың бірі – Опытное
поле кентіндегі «Боброк» не-
сие серіктестігі, – дейді аталмыш
орталықтың тағы бір маманы Эль-
вира Миябаева. – Өткен жылы
серіктестіктен 17 адам «Жұмыспен
қамтудың жол картасы-2020»
бағдарламасымен жиыны 51 мил-
лион теңгенің шағын несиесін
алған.
Ал
«Боброктың»
төрағасы
Серік Рахиев зайыбы Әлиямен
және балаларымен бірлесіп бос
тұрған ғимаратты сатып алып, оны
күнделікті тұрмыстық қызмет көр-
сету орнына айналдыруды қолға
алған. Өздері бұл мекенге Марқа-
көл өңірінен көшіп келген. Қазірдің
Жастар саясаты
Орталық тың
істерімен танылуда
өзінде ғимараттың бір бөлігінде
тұшпара жасау цехы, наубайхана,
банкет залы, сауна орналасқан, 22
адам жұмыс істеуде.
– Біз бұл шаруаны 2013 жылдың
мамырынан қолға алдық. Келешек-
те шұжық цехын ашамын. Арнайы
мал сою орнын да жасақтамақпын.
Балық өңдеу ойда бар. Біздің
кәсіпкерлігіміз халыққа тұрмыстық
қызмет көрсетуге арналып отыр, –
дейді Серік Сейітқамзаұлы.
Оның айтуынша, облыстағы ең
арзан нан осында өндіріледі екен.
Бір бөлке бірінші сұрыпты нан
наубайханадан 40-42 теңгеден бо-
сатылады. Тәулігіне 1800 бөлкеге
дейін пісіріледі. Алдағы уақытта үш
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы
табысты жүзеге асырылып келеді. Мәселен, Опытное поле ауылдық
округінің тұрғындары осы бағдарламаның арқасында қосымша
табыс көзін тауып келеді.
Жастармен жұмыс ең алдымен аудандағы
халықтың ішіндегі олардың пайыздық үлесін
анықтап, деректік базаларын жасақтаудан
басталыпты.
Былайша айтсақ, аудан жастарының паспорты
жасалып, әрбір жастың қайда оқитыны, қандай
шаруамен шұғылданатыны, әскерде жүргендері,
кәсіпкерлікпен
айналысатындар,
мемлекеттік
қызметтегілер, бәрі-бәрі қағазға түсірілген.
Сондай-ақ, жұмыссыз жүрген, қылмыс жасап
есепте тұрған, ВИЧ инфекциясын жұқтырған
жастардың да толық мәліметі бар.
– Біз бұл дереккөздерді аудандағы халыққа
қызмет көрсету орталығынан аламыз. Олар
мен жастар орталығы арасында тығыз қарым-
қатынас жолға қойылған. Глубокоелік жастар
жыл көлемінде әр айға жоспарланған шаралар
бойынша мемлекеттік жастар саясатын жүзеге
асырады. Мысалы, биылғы сәуір, мамыр айлары
волонтерлік жүйені дамытуға арналды. Яғни, осы
уақыт аралығында жастар волонтерлік қызметті
жан-жақты түсініп қана қоймай, ауданның дамуы-
на үлестерін қосып, тазалық, абаттандыру, қарттар-
ға көмектесу істеріне жұмылды. Бізде қаржы-
лай қолдау мүмкіндігі қарастырылмағандықтан,
зейнеткерлерге осылайша көмектесуді бірінші
орынға шығарамыз, – дейді жастар орталығының
директоры Әсел Мұрсәлімова.
Оның айтуынша, әр мектепте құрылған
«Жасұлан» ұйымдарының мүшелері мүгедек
балаларға, қарттарға, соғыс және тыл ардагерлері-
не жаз, қыс мезгілдерінде ұдайы қолғабыстарын
тигізіп тұрады.
Жастар mtg жобасын қолға алды. Айына екі
рет жастар бас қосып, түсірген жаңалықтарын,
сюжеттерін, қызықты бағдарламаларын мон-
таждап, эфирге әзірлейді. Бұл жобаның жарқын
нәтижесі ретінде сал ауруына ұшыраған Толғанай
есімді қыз балаға көрсетілген көмекті айтуға бола-
ды.
Қазір аудан орталығы Глубокое кентінде жүз пәтерлік
коммуналдық тұрғын үй жобасы жүзеге асырылуда. Қазірдің
өзінде екінші-үшінші қабаттары жылдам өрілуде. Салыну
мерзімі екі жылды құрайтын бұл нысанды мердігер мекеме
«Себанұр» ЖШС келер жылы тұрғындар игілігіне тапсырмақшы.
Жобаның құны 600 млн. теңгеге бағаланып отыр.
мың бөлке өндірілмек. Бұдан басқа
нан өнімдерінің онға таяу түрі да-
йындалады.
Кент әкімі Оржан Тұрсын-
бековтің айтуынша, Серік сияқты
кәсіпкерлер өз кәсібін жолға қою
арқылы ауылдың дамуына да
қомақты үлес қосады. Кәсіпкер
ғимараттың маңын абаттандыру-
мен шектелмей, көкөніс қоймасын,
жиһаз, ағаш тілу цехын, балалар
алаңқайын іске қоспақ.
Бұлардан бөлек бес мыңға тар-
та халқы бар Опытное поле кентін-
де осы бағдарламаның шарапа-
тымен тұрғындарға тұрмыстық
қызметтер көрсету қызметімен
жабдықталған сауда кешені қол-
данысқа берілмек.
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Мәдениет
8
№90 (17027)
7 тамыз
Қасымдағы жол серігім,
спортшы-ұстаз Бекболат Са-
ғымбайұлы:
– Ой, Мәке! Мына тұрған
«Қаражорғаны» келістіре би-
лейтін ақсақал ғой, – деді
арық денелі, аласа бой-
лы, ақ сары өнді ақсақалды
нұсқап. Жағалай жүріп келіп,
сәлем бердік. Танысып, жөн
сұрастық.
– Өткен ғасырдың орта
тұсында Шыңжаң қазақтары
бастан кешкен небір қия-
метті кезеңдер мен заман
ауыртпалығы артта қалып,
бүгін мынадай бейбіт күнге,
тәуелсіз ел атанған Қазақстан-
ға оралдық қой. Мың да бір
шүкіршілік, Аллаға тәубе дей-
міз! – деп бір тоқтады ол.
– Ағасы, біздің жақтың
елі сізді теледидар арқылы
ғана
көргені
болмаса,
нақты өмір-дерегіңізді біле
бермейді. Қысқаша болса
да, өзіңізді таныстырсаңыз,
– дедім мен журналистігіме
басып.
– Оның дұрыс екен. «Бір
көрген – біліс» деген ғой.
Менің аты-жөнім – Арыстан
Шәдетұлы Тосын. Шешем Са-
фира – атақты Оспан батыр-
дың немере қарындасы. Ал
әкемнің ағасы Сұлтаншәріп
Зұқаұлы қол бастаған ба-
тыр болған екен. Аздап баян
етейін. 11-12 жастағы кезім.
Ел басқарған Хұсайын Тәйжі
деген азамат Делидегі Түр-
кия Республикасы елшілігіне
өтініш етіп, сол мемлекетке
орналасуға рұқсат алыпты.
Сонымен 1952 жылдың 13
сәуірінде менің ағайындарым
Түркияға бет бұрыпты. Жиы-
ны 675-тей отбасы болса ке-
рек. Ішінде 21 ұйғыр отбасы
да болыпты. Біздің адамдар
Түркияның төрт облысына
қоныстанады, – деп бастады
ол әңгімесін.
Арыстан ақсақалдың сөз
саптасына қарағанда, ол бала
кезінен өте пысық, алғыр, бас-
таған ісіне ерекше тиянақты,
табанды жігіт болып өсіпті. Со-
дан қабырғасы қатайған кезде
кәсіп іздеп, Германияға барған
ол Берлин қаласында тұрақтап,
сол елдің халықаралық пош-
та саласында 32 жыл еңбек
етіп, зейнеткерлікке шыққан
көрінеді.
– Осыншама уақыттан
соң елге оралуыңызға не
себеп болды? – деймін оны
мәндірек әңгімеге тартып.
– Ол былай болды, – деді
ақсақал бір сәт күлімдей қа-
лып. – Қазақстан Тәуелсіздік
алған соң, Нұрсұлтан НАЗАР-
БАЕВ Англияға ресми сапар-
мен келді. Соны естісімен,
ата
мекенімнің
басшысын
жақыннан көру үшін Берлин-
нен асығыс Лондонға аттан-
дым. Сәті түсіп, жолықтым.
Бұл 1992 жыл болатын. Ел-
басымыз араға екі жыл са-
лып, Берлинге келгенінде тағы
тілдесудің орайы келген. Сол
жолы жақынырақ танысқан
соң, Елбасының: «Зейнеткер-
лікке
шыққан
соң
елге
қайтсаңызшы» деген сөзін
ту етіп, 1995 жылы санам-
да сартап сағыныш болған
Қазақстанға оралдым.
– Әуелде Қазақстанның
қай аймағына келдіңіз?
– Жанұяммен Алматы об-
ДИДАР
Мек-
теп бітірген
құрбылар кездесіп
отыр:
– Ана екі кемпірге қарашы,
енді он жылдан кейін біз де
сондай боламыз.
– Ақымақ қыз, ол
айна ғой.
Осы беттің Оспағы
Жарма ауданының
орталығы
Қалбатау
ауылының
сыртында
Ер Жәнібектің
300 жылдығына
арналған ерен шара
өтіп жатқан. Ондағы
әсем киіз үйлерді
аралап келе жатып,
қадірлі қонақтар
арасынан ойда
жоқта теледидар
арқылы талай
жұртқа таныс
ақсақалға кезігіп
қалдық.
Қазақтың «Қара жорға»
биін әлемге танытқан
Арыстан қария
Дарын
лысының Қарасай ауданы-
на қарасты Райымбек ауы-
лына орналастым. Содан көп
ұзамай өз қаражатыма Шың-
жаңдағы ұлт-азаттық көтері-
лістің бас қаһарманына ай-
налған атам Зұқа батырдың
атында мешіт тұрғызып, ме-
дресе аштым. Бүгінге дейін
сол жердегі жергілікті халықты
имандылыққа баулып келемін.
Ал «Қара жорға» биін бала
күнімнен билеп, оны елге
танытуға аз еңбек еткем жоқ.
Ол – қазақтың нағыз төлтума
биі.
Менің онымен әңгімелесу
барысында бір байқағаным,
тумысынан талантты, ұлтжан-
ды азамат алты тілде еркін
сөйлейді екен. Ол жөнінде жа-
зушы Б.Жұмабай «Жетпістің
желкесінде» атты кітабында:
«Тағдыры қилы, көпке сыйлы,
жаны жайсаң, көңілі дархан,
мәрт жан» депті. Бұл күнде
86-ның
сеңгіріне
шыққан
Арыстан ағаны көргенде, жазу-
шының осы бір сипаттамасына
толығымен қосылып: «жасай
бер, аға! – деп қайыр-қош ай-
тыстық.
Мәуітқазы Зүкенов
Арман Астанада
топ жарды
бәрекелДі!
Астана қаласы әкімдігі Астана күні мерекесіне орай
ұйымдастырған, осымен төртінші рет өткізіліп
отырған дәстүрлі «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты жыр
бәйгесінде семейлік жас ақын Арман Шеризатов топ
жарды.
Жыр мүшәйрасына еліміздің ақындарымен қатар, Қытай
мен Моңғолияда тұратын қандастарымыз да қатысқан.
Ақындар еліміздің өткені мен бүгінін, кемелді келешегін
айшықты жырларымен әспеттеп, қазақ елінің мұраты биік
мәңгілік ел болып қала беретінін өлеңдеріне арқау етті.
Жыр бәйгесінің қазылар алқасы ақындарды саралай
келіп:
«Тәңірге тән рухыммен аспандық,
Тарихымды тасқа жазғам дастан ғып.
Қазір бізді жер үстінде тербеп тұр,
Қазтуған мен Асан күткен Бостандық!
Бодан болған өмірдің қай бар мәні,
Құса қысқан құс секілді тордағы?!
Қыран болып қалықтады аспанға,
Азаттықты күткен елдің арманы»,
– деп жырлаған жерлесіміз Арманның өлеңін бас жүлдеге
тігілген 2,5 миллион теңгеге лайық деп шешіпті.
– Бас жүлдені бағым мен бабым келісіп, Құдайдың
қалауымен алған болармын. Символикалық өлең деп баға-
лап жатты. Басқа да мүшәйраларға қатысып жүрмін. Бірақ
жас ерекшелігі есептелмеген жарыста үлкен бәйгені алғаш
рет алдым, – дейді жүлдегер ақын.
Жүлдегерлер қатарында аягөздік жас талапкер Біржан
Ахмер де бар екенін айта кеткен жөн.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар кеңес алды
Хабар-Ошар
Абай атындағы кітапханада мүмкіндігі шектеулі азаматтарға
арналған «Объектив» фотоклубы ұйымдастырған
«Фотосуреттегі экспозиция» атты ақпараттық сағаты өткізілді.
Қатысушыларға фотосурет
кадрын қамтитын: матрица се-
зімталдылығы, ұсталым мен ди-
афрагма туралы ақпарат берілді.
Ақпараттық сағат аясында клуб
мүшелері сапалы фотосуреттің
шығуына қажетті экспозиция-
ның үш параметрінің маңыз-
дылығын көрсететін бейнеро-
лик тамашалады. Іс-шара со-
Ардагерлер ардақталды
Ауданда Теміржолшылар күні ауқымды түрде аталып өтті.
Түлектер туған ауылына балалар алаңын
сыйға тартты
Жетіарал ауылдық округінің Жетіарал орта мектебін 1994
жылы бітіріп шыққан түлектер ауылымызға жиналып,
20 жылдықтарын дүбірлі етіп атап өтті.
Шара барысында ауылы-
мыздың қалыптасқан дәстүрі
бойынша игі істер атқарылып,
түлектер ауыл тұрғындары үшін
жақсылыққа жаршы болды.
Cаны аз болса да, ауылға де-
ген сүйіспеншілігін, өзара бере-
ке-бірлігінің күшті екенін көрсет-
кен түлектер құны 700 мың теңге
болатын «Балбөбек» балалар
ойын алаңын өз қолдарымен
жасап, ашылу салтанатын өт-
кізді.
Ауыл тұрғыны Асхат Мұсаев
«Балбөбек» балалар алаңына
жиналған бүлдіршіндер ара-
сында ән байқауын өткізіп, жүл-
дегерлерге құнды сыйлықтар
тағайындады. Және мұнда жи-
налған барлық балаларға тегін
Бос уақытында тоқыма үйренеді
Жазғы демалыс кезінде Ұлан ауданына қарасты Айыртау
ауылдық округінің Жаңа Қанай ауылында тоқыма үйірмесі
жұмыс бастады.
Үйірме ауылдық клуб қа-
бырғасынан құрылған. Үйірме
жетекшісі – Қияш Набиева. Ол
балаларға әртүрлі тәсілдермен
тоқуды үйретуде. Балалар әр
аптаның бейсенбі күндері то-
Бетті әзірлеген –
Мұратхан Кенжеханұлы
ңында фотоклуб мүшелері өз-
дерінің еркін тақырыпта жаса-
ған фотосуреттерін көрсетті.
Жасаған жұмыстар талқыла-
нып, кейбір қатысушыларға фо-
тосуретке байланысты кеңестер
берілді.
Семей.
қыма үйренсе, қалған күндері
шахмат, шашки және би үйір-
мелеріне қатысады.
балмұздақ таратып, сәбилерді
шаттыққа бөледі.
Тарбағатай ауданы.
Аудан
әкімі
өз
қолымен
теміржолдан зейнеткерлікке шыққан
М.Такеев пен К.Мейрамхановқа,
вагон қараушы Т.Бөлекбаевқа және
қоғамдық белсенді Берікқазы мен Ка-
миза Қалиевтарға мадақтама табыс
етті. Сондай-ақ, осы салада ұзақ уақыт
жемісті еңбек еткен біраз азаматтарға
құрмет көрсетіліп, арнаулы концерттік
мереке ұйымдастырылды.
Жарма ауданы.
Сауалға облыстық денсау-
лық сақтау басқармасының
басшысы Вадим Овсянников
жауап береді:
– Жалпы оқырмандарға
бірінші кезекте өзін-өзі емдеу
зиян екендігін хабарлаймын.
Аталмыш аурудың белгілері
пайда болған жағдайда ең
алдымен уролог дәрігерге
қаралу керек.
Простатит түрлі себеп-
терден пайда болады (суық
тию, инфекция және тағы
басқалар). Сондықтан емдеу
алдында зертханада несеп
пен еркек безінің сөлін тап-
сырып, түрлі бактерияға қар-
сы дәрілерге сезімталдығын
анықтау қажет. Олай етпеген
жағдайда емнің нәтижесі бол-
майды және аурудың жазы-
луынан гөрі одан да ауыр
түріне әкеліп соқтырады.
Алдын алу шарасы ретінде
сақтық шараларын ұмытпа-
ған абзал. Яғни, суық заттың
үстіне
отырмау,
отырып
істейтін жұмыс жағдайында
тұрып жаттығулар жасау, іш
қатса, іш жібітетін дәрілер
ішу және ұдайы жыныстық
қатынасқа түсіп тұру қажет.
Оның алдын алу үшін қандай
дәрі-дәрмектер қажет екендігі
туралы кеңесті дәріханалар
береді, сондай-ақ, теледидар
арқылы да үнемі жарнамалар
беріліп тұрады.
Простатитті емдеу міндетті
түрде екі емдеу кешенінен
тұруы қажет. Біріншісі, анти-
бактериалды дәрілер (мөл-
шері мен уақыты жекелей
тағайындалады және міндетті
түрде урогениталды микро-
флора талдауы), екіншісі, ер-
кек безінің массажы.
Достарыңызбен бөлісу: |