Таразы
9
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Айсана НҰРБАП
Ал олардың қызмет сапасының қаншалықты
екендігі өз алдына бір бөлек мәселе. Себебі
Қазақстан аумағында халықаралық талаптарға
сай жұмыс жасайтын такси қызметі санаулы
ғана. Олардың өзі Елордамыз Астана мен Алма-
тыда шоғырланған. Ал тарихи Тараз шаһарында
мұны мәселе деп айтуға толықтай негіз бар.
Тарқатып айтсақ, бүгінде үлкен мегаполистердің
негізгі әрі ұтымды транспорттық жүйесі метро
болса да, такси қызметі шетте қалар емес.
Көптеген алып қалаларда жыл сайын такси саны
артып келеді. Бір өзіне ғана бүкіл қазақстандық
халық сыйып кетерліктей керегесі кең, алып
қала Нью-Йорктің басты көшелерінде бір
уақытта 13 мыңға жуық такси көлігі қозғалады.
Олар күніне 600 мың жолаушы тасымалдайды
екен. Қаланың статистикалық агенттігі Нью-
Йорк таксистері әлемнің 175 елінен келгенін
айтады. Ал америкалықтар оның 6%-ын ғана
еншілейді. Дегенмен америкалықтар такси
бизнесін иемденушілердің басым бөлігін
құрайды. 1907 жылы «New York Taxicab
Compani» компаниясы Франциядан 600 көлік
сатып алып, қаладағы алғашқы такси қызметін
іске қосады. Такси көліктері сары түске боялған.
Беделді транспорттық компанияның басшысы
Джон Хирц арнайы қоғамдық сараптама жасап,
сары түстің көзге тартымды екенін анықтаған.
Ford Crown Victoria – Нью-Йорктегі ең беделді
такси компаниясы болып саналады. Бүгінде
такси қызметі үлкен қалалардың ғана емес,
мемлекеттердің де ажырамас атрибутына ай-
налды. Мәселен, АҚШ-тағы жоғарыда аталған
сары түсті такси сол елдің символдарының бірі
іспеттес. Оны голливудтың барлық фильмдерінен
байқауға болады. Лондонда үнемі қара түсті
таксилер жүйткіп жүрсе, Германияда мерседес
таксилерден аттап баса алмайсыз.
Ал енді алысқа бармай-ақ, келгендердің
табанын жерге тигізбей, жетер жеріне желмен
жарыса жеткізіп жүрген елордалық немесе
алматылық такси қызметіне келсек, әлемдік
талапты олар да түсіне бастаған. Нақты уақытта
бұл өңірлердің такси қызметіне майда-шүйде
болмаса, үлкен сын тағу қиын. Мәселен Елорда-
да «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік
бағдарламасы аясында құрылған «Сарыарқа
Taxi» таксо-моторлық компаниясына ә дегеннен
200 азамат жұмыс іздеп барған. Алайда олардың
73-і ғана қызметке қабылданыпты. Себебі
шарт бойынша жүргізушілердің еңбек өтілі 5
жылдан кем болмауы тиіс және бастысы олар
бір емес, бірнеше тіл білуге міндетті болған.
Сонымен қатар, 2013 жылдың 1-желтоқсанынан
бастап Астана көшелерінде ЭКО такси жүйткіп
жүр. Жолаушыларға қызмет көрсетудің озық
үлгісі болған көлік экологиялық таза отын-
мен жүреді. Қауіпсіз әрі тиімді, экологиялық
көлік халықаралық ЭКСПО көрмесіне жол
ашқан алғашқы жобалардың бірі болатын. Ол
Қазақстанда жасалып, жаңа технологиялармен
жабдықталған. Ішінде көлік жүргізушісі мен
жолаушыға арналған планшет, ауыз су, газет-
журнал бар. Көлікті бизнес кластағы автомо-
бильдерге жатқызуға болады. Жол талғамайды,
қандай да апатты жағдай болғанда, ешкімге
ауыр зақым келмеу жағдайы қарастырылған.
Оңтүстік астанамыздағы жағдай да осындай.
Мұндағы тәулік бойы жұмыс істейтін таксидің
жол пұлын арнайы есептегіш құрал санайды.
Әр шақырымына тиісті құнын алатын так-
сиде «Visa» төлем карточкаларымен де есеп
айырыса аласыз. Туристерге қызмет көрсететін
көліктердің барлығында GPRS жүйесі іске
қосылған. Жұмыс барысында таксидегі диспет-
черлер тапсырысты қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде қабылдап отырады. Мұның бәрін
қазбалап айтуымыздың да жөні бөлек. «Қонақ
аз отырып, көп сынайды» дейді дана халқымыз.
тараздыҚ таКси талапҚа сай ма?
ғасырдың асылына айналған тарихи тараз шаһарында қазақ хандығының 550
жылдық мерейтойының өтуіне де уақыт аз қалды. Әне-міне, төрткүл дүниеден
топырлаған қонақтар тараз шаңырағының астына жиналайын деп отыр. Мұндағы
такси жүргізушілерінің дәурені жүретін сәт те осы.
Бір ғана Тараз шаһарының өзінде оннан аса
орталықтандырылған такси қызметі жұмыс жа-
сайды. Олардың кейбіреулерінің жұмыс жасап
келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болған.
Атап айтқанда, «Ақ-жол», «Такси-Люкс», «VIP-
такси», «Тараз Такси», «Адал», «Такси-сервис»,
«Жамбыл Такси», «Азия-Такси», «Эконом»,
«Трезвый водитель» деп кете береді. «Тараз
Такси» мен «Адал» тасымалдау қызметінің
құнын шақырымына 50-100 теңгеден шақса,
«Трезвый водитель» жүргізушілері өз қызметін
шақырымына 2000 теңгеден есептейді екен.
Халықаралық талаптар жайлы әңгіме айтудың
өзі артық. Тапсырыс қабылдаушылардың ба-
сым көпшілігі тек орыс тілінде ғана қызмет
көрсетеді. Қала көшелері мен тұрғын үйлердің
кіре берісіне ұрандатып тұрып іліп қоятын
жарнамаларына жәй ғана турист ретінде хабар-
ласып, ағылшын тілін білетін такси жүргізушісін
сұрап едік, ол сұранысымыз жайында қалды.
Ал біздегі аталмыш такси қызметтерінің
барлығы мәселенің мәнісін түсінуден гөрі,
біздің сауалдан сырт айналуды жөн көрді.
- Мен қазір түнгі ауысымда жұмыс жасаймын.
Жалпы көлік айдап жүргеніме 15 жылдай болды.
Ал таксиде жұмыс жасағаныма үш жылдан асты.
Тараз баяғыдай емес. Күннен күнге көркейіп,
келіп-кетіп жатқандардың да саны артуда.
Бұрынырақта қалада такси қызметіне бірдей
сары «волга» көліктері беріліп, бұл бастама тың
жаңалыққа айналып еді. Кейін олардың барлығы
көзден ғайып болды ғой. Менің көлігімде қытай,
орыс, әзірбайжан өкілдері талай отырды. Бір
мәрте «Жамбыл» қонақ үйінен ағылшындық үш
адам отырды. Ол кезде күндізгі ауысымда жұмыс
жасайтынмын. Оларды «Тектұрмасқа» алып ба-
рып келдім. Абырой болғанда біреуі орыс тілін
шамалап біледі екен. Менен қала туралы көп
нәрсе білгілері келді. Сұрады. Тіл білмегеніме
қатты өкіндім. Басқа тілді білу біздің кәсіби
міндетімізге жатпаған күннің өзінде сол сәт
мен үшін сабақ болды. Біздегі басты талап
тек тапсырыс берушінің көңілінен шығу үшін
уақтылы әрі баратын жеріне қауіпсіз жеткізу,
- дейді такси жүргізушісі Серік Жұмабеков.
Жүргізуші жолаушылар тарапынан айтылатын
реніштерді де сөзсіз мойындап отыр. «Көбіне
диспетчердің дұрыс хабарламауынан осындай
келеңсіздіктер орын алады» - дейді ол. Жалпы,
халықаралық талапқа сай такси қызметіне
қойылатын бірнеше міндеттер бар. Талапқа
сай қырағылық және сыпайылық, көліктің
қауіпсіздігі, таза болуы, техникалық бақылаудан
өтуі, сондай-ақ, такси жүргізушісінің кем деген-
де 5 жыл көлік жүргізген тәжірибесінің, диспет-
чер қызметінің болуымен бірге таксометр болуы
керек. Халықаралық талап такси қызметіне
осындай міндеттер жүктейді. Ал біздегі такси
қызметі бұл үдеден шыға ма? Қызмет құны
мен сапасы бір-бірімен үйлесімділік тауып
жатыр ма? Өйткені, алдағы тарихи тойымыз-
бен қатар екі жылдан кейін елімізде өткізілетін
«ЭКСПО-2017» көрмесіне сырттан келген
қонақтар бұл қызмет түрін пайдаланатыны
белгілі. Талапқа сай келмейтін таксилердің
қызметіне сын айтуы әбден мүмкін. Ал қала
ішінде өздерінің белгілі тұрағы бар «жолшыбай
таксилердің» жайы өз алдына бір төбе. Олардың
көбі жұмыстан бос уақытта «таксист» болса,
кейбіреулері 15 күндік вахталық жұмыстан кейін
жай уақыт өткізу үшін және көліктің май пұлын
өтеу мақсатында жүреді.
Біздегі такси қызметі де заманның көшінен
қалмай, мінсіз қызмет етсе нұр үстіне нұр. Атау-
лы мерекемізге орай ортақ логотип орнатылып,
такси жүргізушілерінің киім үлгілері, сервистік
қызмет сапасы реттелсе, өздеріне де, халыққа
да тиімді болар еді. Қалай дегенмен, такси
қызметін пайдаланушылар саны жылдан жылға
артып келе жатқандығы айдан анық.
Мектеп - жеке бизнес көзі ме?
Білім ордасының ошағы күл болса, суы қалай қайнамақ?
Ақерке БЕКҚҰЛОВА, студент
Ұстаз – ұлт болашағының айнасы. Ал мек-
теп – білім дариясында аққан кеме.Бесіктен
шығып, есіктен аттаған баланың тәрбиелі
болмағы қоғамның алғашқы сатысы, баланың
тұңғыш түсер топтық ортасы – білім ордасы.
Ал білім ордасының бесігін тербеткендер
бүгін кімдер? Елдің ертеңін тәрбиелеген ұлы
тұлғалар, кешегі қоғамның ең зиялысы еді.
Ал бүгін қандай?
Мектеп балаға білім ғана емес тәрбие де
беріп, парасаттылыққа бастар іргетасы болып
табылады. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің» демей ме? Ал бала үшін бірінші ұясы
өз отбасы болса, екінші ұясы мектеп. Біздің
болашағымыздың туын ұстар жасөспірімдер
осы мектептерде не тәрбие көріп жатыр екен?
Бұл сұрақ әрбір ата-ананы мазалайтынына
дау жоқ.
Киелі шаңырақт ағы әрбір оқушы
ұстазын үлгі тұтып, сөйлегенін, жасағанын,
көрсеткенін санасына сіңдірері белгілі.
Ал мұғалімдер қандай үлгі көрсетіп жүр
екен? Көпке топырақ шашудан аулақпын,
дегенмен білімді, өнегесі мол ұстаз атына
лайық оқытушылар саусақпен санарлық.
Көп жағдайда 30 балаға бас болып отырған
мұғалімдер екі ортада күйіп жатады. Олар-
дан үлкен қызметке ие болған орынбасарлар
мен мектеп директорының өзі надан болып
жатса не қайыр? Қандайда бір мектепішілік,
қалалық я облыстық іс-шара өтер болса, бала
өз білімін додаға салмас бұрын орындардың
белгіленіп турасын айтсақ, сатылып қоятыны
оқушылардың да жетекшілердің де ынтасын
қашырып, баланың үмітін сөндіруде. Сайыс
болған соң, сайысушыны сыңға алу керек
емес пе? Егер жүлдені саудаға салса, сайыс
жасап не керегі бар? Әлде сайыс оқушы
үшін емес, жеке қалтаның қамы үшін бе?
Әділдік мүлдем жоқ демеймін, оған жетудің
жолы күрес. Әділдікпен жүрем деген ұстазды
мектептің атқа мінерлері отқа итереді. Іште
болып жатқан бұл былық жоғарыдан бастау
алуда. Мектептерді бақылаушы облыстық
және қалалық мекемелердің ішінен іріп жатқан
бизнес көздеушілері білім ордасын серіктес
болуға тартады. Ал мұндай әділетсіздікті
көрген бала өскенде нағыз парақор басшы, я
пара беріп жұмысын жалғастырушы болма ма?
Қалай ойлайсыз, тәрбие тек 45 минутта беріліп
жатқан дүние ме екен? Жоқ, ол сыныппен біте
қайнасқан мектеп өмірі.
Әр адамның басында әртүрлі сынақ бар.
Адал басшы болса, қызметкері наз айтпас.
Алайда, директордан бастап қасындағы
шабармандары да сұқтанып дәметер болса,
отбасының да берекесі қашпай ма? Өздеріңізге
мәлім қазіргі таңда мектепке жұмысқа орнала-
су қиынның қиыны. Біліксіз мамандар қалта
қағып орналасса, кей біліктілер жұмыссыз
қалып жатады.
Ақша жинау тиылар емес. Бұған дейін та-
лай сынға түскен жөндеу жұмысына ақша жи-
нау былай тұрсын, мұғалімдердің арасындағы
дастархан жасау ысырапшылыққа әкеліп отыр.
Олар өздері қаласа бір сәрі директордың
орынбасарлары мен мектеп директорының
өзі қандай да бір іс-шарадан соң тойып қарын
сипағысы кеп тұрады. Мұндай қылықтан әбден
күйінген білім берушілер ашуын шүберекке
түйіп, шарасыз баласына берер тәттісін
шығайбайларға тарту етеді. Көршісі аш бол-
са да, тойып ұйықтағандар мұны жұлынына
жұқтырмайды. Күреске түссе әріптесі сата-
ды, жалғыз өзі көпке қалқан бола алмайды,
жұмыссыз қалмас үшін амалсыз әділетсіздікке
көнеді. Бұл қашанғы жалғаспақ? Мұндай орта-
да тәрбие алған бала кім боп өспек?
Сондай-ақ, баланы мектепке ақша арқылы
орналастыру етек жайып барады. Ана сүті
аузынан кеппеген баланың сөзі тақпақ айту
емес, менің әкем мұнша ақша төледі болып
отыр. Ыбырай, Шоқандар кірпішін қалаған
сарайлар олжасын жер қасқырдың апанына
айналғандай. Егер білім үйі сауда үйіне айна-
лар болса, келешегіміз не болмақ?
10
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
көкейкесТі
МЕтАДОн – нАшАқОРлықты АуызДықтАйДы
Дүниежүзі мемлекеттерін түгел шарпыған нашақорлық кеселі қазақстанды да
айналып өткен жоқ. Әсіресе, соңғы жылдары есірткіні ине арқылы қабылдаушылар
күрт артқан. Ресми мәлімет бойынша 22914-ті құрайды. Еліміз бойынша есірткіге
еліткендердің көшбасында қарағанды, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы
тұр. Ал Жамбыл облысы 13-орынға жайғасыпты. Бүгінде сала мамандары
нашақорлықпен күресудің бірден-бір тиімді жолы - метадон екенін алға тартады.
Индира БАЙҚОНЫС
Қазақстанда нашақорлардың саны
жыл санап артып отыр. Жас ерекшелігі
де жаға ұстатады. Қоғамның ең белсенді
тобына жататын 15-49 жас аралығындағы
азаматтар героиннің құлына айналған.
Нәтижесiнде нашақорлардың 60 пайызы
30 жасқа дейiнгi жастар мен әйел адамдар
екенi анықталған. Дәрiгерлердiң пiкiрiне
сүйенсек, жасөспiрiмдердiң көбiсi героин
және синтетикалық есiрткiнi көп пайдала-
нады. Бұның аяғының не болары белгiлі.
Яғни, мөлшерiн асырып тұтынғанда, ерте
жаста мүгедек болу қаупі туындап, ұзақ
уақыт бойы емделуге тура келедi, тіпті ажал
құштырады. Республика бойынша есірткіні
ине арқылы қабылдайтын 22914 нашақор
бар. Біздің облысымызда 2014 жылы 2790
адам наркотәуелді ретінде тіркелген.
Есепке тұрмаған нашақорларды қоса есеп-
тесек, әрине, бұл - ойландыратын жағдай.
Ал қалада ағымдағы жылы 1132 нашақор
тіркелген. Ерлерді былай қойғанда, оның 64-і
әйелдер болса, 2-і кәмелетке толмағандар
екен.
Нашақорлықпен күресудің
тиімді әдісі
Дәрігерлер героинге әбден тәуелді
болғандардың, бұл кеселден толық айығып
кетуінің жолын әлі тапқан жоқ. Алай-
да ел қатарлы ғұмыр кешуді ниет ет-
кен, өзі өмір сүріп отырған қоғамның
дамуына үлесін қосуды мақсат тұтатын
адамның тілегі жерде қалмайды. Бүгінде
нашақорлардың есірткіге деген құмарлығын
басатын бірден-бір құрал ол - метадон.
Шетелде кеңінен қолданылатын метадонды
Қазақстанда тәжірибе ретінде 2008 жылы
енгізілген болатын. Павлодар мен Теміртау
қалаларында есірткі тұтынушылар көп
болғандықтан, алғашында метадон осы екі
қаладағы орталыққа таратылған. 2009 жылы
мұның бірінші сатысы нәтижелі аяқталып,
министрлік тарапынан мұны кең түрде
қолдануға бұйрық шығарылған. Сөйтіп,
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты
Қазақстан» бағдарламасына енгізілген. Ал
Таразда бұл әдіс 2012 жылдан бері пайда-
ланылып келеді. Бүгінге дейін жалпы саны
55 адам метадонның көмегіне жүгінсе, қазір
тек 21 ерік-жігері мықты азамат қалып,
есірткіні метадонға айырбастаған. Жоба
аясында 10 адам бір жыл бойы тұрақты
метадон қабылдаса, 14-і тұрақты жұмысқа
орналасқан. Ал екі азамат отбасын құрып,
өз бақыт құстарын қолдарына қондырыпты.
Күні кеше Тараз шаһарына «Аман-саулық»
ҚҚ-ның төрайымы Бақыт Түменова ат ба-
сын бұрып, метадон әдісінің ұтымдылығын
кеңінен баяндап берді.
- Метадон есірткіге тәуелді науқастарға
өте қолайлы. Себебі бізде героинді ине арқылы
қабылдайтын науқастар наркологиялық
мекемелерге барып, ешқашан емделмейді.
Оларды күшпен де, жылы сөзбен де алып
бара алмайсыз. Сондықтан өздігінен айығып
кете алмайтын, бірақ қоғамға деген зиянды
әсерінен құтылғысы келетін науқастарға
метадон өте тиімді. Әрине, бұл тәуелділікті
емдей алмайды, бірақ қоғамда қауіпті
мейлінше сейілтеді. Метадонды қолданған
науқастар дәрігерлерге көрініп, әр түрлі
психологиялық, психотерапиялық емдер
қабылдайды,-деді ол.
Бақыт Ниязбекқызының сөзіне
қарағанда, метадонды терапия бұрынғы
қолданылып жүрген емдеу тәсілдерімен
алмастырылуы тиіс. Нашақор заңсыз
жолмен героин қолданып, денсаулығына
зиян келтіріп және түрлі проблемаларға,
қылмыстық оқиғаларға тап болғанша,
заңды түрде метадон пайдаланғандары
жөн. Заңсыз есірткінің орнын басатын
терапия нашақорлықтың асқынған түріне
қолданылады. Бүгінгі таңда бұл емдеу
тәсілі Қазақстанның он бірдей өңірінде
қолданылып, тиімділігін дәлелдеген. Негізі,
героинге тәуелді болған науқас таңертең
ұйқысынан тұрып, бір нәрсені ғана ойлайды.
Ол қайтсе де қаржы тауып, героин қолдану.
Науқас ол үшін бәріне дайын болады. Ұрлық,
тонау, адам өлімінің көпшілігі осындай
тәуелділіктен орын алатыны белгілі. Героин
қысқа мерзімде әсер ететін есірткі тобына
жатады екен. Оны қабылдаған адам 5 сағат
мас күйінде жүреді. Демек, 5 сағат өткеннен
кейін, қайтадан тәуелділік басталады. Ол
кезде нашақордың бүкіл денесі ауырып,
психологиялық ауытқушылыққа ұшырайды.
Демек, мұндай науқас мас күйінде де және
тәуелділік басталғанда да қауіпті болады
деген сөз. Онымен қоса, героинді ине
арқылы қабылдайтындардың басым көбі
СПИД ауруына шалдыққан. Олар оны өмірі
героин қабылдамағандарға жыныстық
немесе басқадай жолдармен жұқтыруы
мүмкін. Ал метадон эйфориялық мас болу
жағдайына түсірмейді. Мұны күніне бір-ақ
рет қабылдайды. Героинді қабылдайтындар
үнемі физиологиялық стресте жүрсе, ме-
тадонда олай болмайды. Дәрігерлердің
кеңесімен метадонды уақтылы қабылдап,
тексеріліп тұрады екен. Метадон әдісін
әлем елдерінің ақ желеңділері бұрыннан
қолданып келеді. Мәселен, бұл әдіспен
емдеу АҚШ-та 1912 жылы пайда болса,
Ұлыбританияда 1950 жылы қолға алынған.
Ал Бельгияда - 1994 жылы, Украина - 2004
жылы, Белоруссияда - 2007 жылдан бері
қолданып келеді.
Метадонның адам ағзасына кері әсері жоқ
деуге болады. Алайда ерлерде алғашқы 1,5-2
айда қышыну, терлеу, байқалады. Осы жиын-
да есірткіге тәуелді болғандар да қатысып,
бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісті.
Бірнеше кісінің жандарына жақындап, аз-
кем сұхбатқа тартып едім, қарсы болмады.
Алайда, есімдерін газет бетіне жария-
ламауымды өтінді. Менің кейіпкерімнің
жасы – 42-де. Ол 15 жыл бойы үздіксіз
есірткі қолданып келген. Осы жылдар
арасында одан отбасы мен туған-туыстары
теріс айналған. Жалғыз ана жүрегі ғана
баласының кемшілігін кешіріп, есірткінің
адуынымен күрескен. Міне, 2 жылдан бері
метадонды тұрақты қолданып келе жатқан
ол бүгінде денсаулығы жақсарып, тұрақты
жұмысқа да орналасқан. Енді бұл азаматтың
басты арманы – ел қатарлы бақытты өмір
сүру.
Бір қызығы, метадон арқылы жүкті
болған әйелдер өмірге дені сау бала алып
келуі мүмкін екен. Мұндай жағдай Өскемен
қаласында орын алған көрінеді.
Күн тәртібінің өзекті мәселесі жан-
жақты сараланған отырысқа АИТВ/ ЖИТС
республикалық орталықтың ұлттық коор-
динаторы Татьяна Даулеткалиева, Жам-
был облысы әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының басшысы Ерлан Тоқтаров,
Жамбыл облыстық СПИД орталығының
бас дәрігері Қанатбек Ажакаев, Облыстық
наркологиялық диспансердің бас дәрігері
Жақып Жексембиев, қалалық мәслихат
депутаттары, емделушілер мен олардың
туыстары қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Жиын барысында 2011-2015 жылдар
аралығын қамтыған «Саламатты Қазақстан»
бағдарламасы аясында іс-жүзіне асырылған
метадон жобасының аяқталғаны айтылды.
Онда сөз алған баяндамашылардың барлығы
Нашақорлық - қауіпті індет, онымен күресу - міндет.
оң нәтиже берген метадон әдісін әрі қарай
қаржыландыру мәселесін тілге тиек етіп,
жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлуді
сұрады. Қалалық мәслихаттың хатшысы
Б.Нарбаев, қалалық мәслихаттың депутаты
Э.Мырза-Ғали талай адамның тағдырын
тәлкекке ұшыратқан нашақорлық қоғамның
көккейкесті мәселесі екенін айтып, ме-
тадон арқылы өмірлерінің жаңа тынысы
ашылған азаматтарды қолдау үшін жергілікті
қазынадан тиісті қаражатты бөлу мәселесін
шешуге ықпалдарын тигізетіндерін жеткізді.
Шу даласының шулы мәселесі
Қазір Ресейде нашақорлардың саны
- 1 миллионға жеткен. Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
өзара сауда көркін қыздыру үшін шекараға
шектеуді алып тастады. Нарколог мамандар
теріскейдегі көршіміз бізге тауармен қатар
есірткіге еліткендердің ауру тасымалдауы
мүмкін екенін айтып дабыл қағуда. Бұл -
бір. Екіншіден, Бақыт Ниязбекқызы елімізде
есірткінің кең таралуына аты шартарапқа
мәлім Шу өңірінің үлес салмағы жоғары
екенін айтты.
Айтпақшы, қазақ даласына бұл лаңды
XVIII ғасырдың аяғында түркістандық
генерал-губернатор Колпаковский үнді
қарасорасының ұрығын алғаш әкеп, құм
басып қалуды болдырмау үшін оны егіпті
деседі. Кеңес Одағы құрылған кезеңде
қарасораны Сібірден әкеліпті деген де сы-
быс бар. Өсімдікті өнеркәсіптік мақсатта
пайдалану жоспарланыпты-мыс, өйткені
Қазақстанның климат жағдайлары оған өте
қолайлы болыпты. Бірақ көп адамдар Шу
алқабында қарасора ежелгі заманнан бері
өседі, яғни ол жерде бұрыннан болған деп
жорамалдайды.
Кез келген мемлекеттiң алдында
нашақорлыққа күрес ашық жарияланып
отыр. Тiптi есiрткi саудасы елімізде белең
алғаны да жасырын емес. Қазақстанда жыл
сайын 20 тоннаға жуық әртүрлi есiрткi
алынады екен. Есiрткi бизнесi тамырының
тереңге бойлауына одан түсетiн қыруар ақша
себеп болуда. Ақша табудың оңай жолын
тауып алғандар бұл кәсiбiн тыяр емес. Поли-
ция өкiлдерi осы ауыр есiрткiнiң көбеюiнен
қауiптенiп отыр. Ал нарколог дәрiгерлердiң
мәлiмдеуiнше, бiр грамм героин 8 нашақорға
бiр мәрте егуге жетедi.
Түйін
Естияр адамзатты естен тандырып,
еліткен есірткінің сан алуан сарапқа
салған мамандар алқалы отырыста бір
мәмілеге келгендей болды. Тосыннан келер
қатердің алдын алуда уақыт оздырмау
қажеттілігі назарға алынсын деген
тоқтамға келді. Шырғалаңнан шыға
алмай жүрген жандарға әзірге жалғыз
медет, осы, метадон терапиясы болып
тұр...