қыркүйек - Білім күнінде тапсырылуы тиіс.
деңгейдегі басшылар атқарады.
Суреттерді түсірген В.Алсуфьев.
қала - қарбалас
4
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
тараз қаласы әкімдігінде 2015-2016 жылғы жылыту маусымына отын-энергетика
және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарының алдағы жылыту
науқанына дайындық шаралары талқыланды.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Жиынға штаб мүшелері, қала
әкімдігінің бөлім басшылары мен
коммуналдық мекемелердің бас-
шылары, бас инспекторлар мен
ПИК төрағалары қатысты. Бұл
отырысты қала әкімінің орынба-
сары, комиссия төрағасы Ерік
Көшербаев жүргізіп отырды.
Күн тәртібі бойынша 2015-2016
жылдардағы жылыту маусымында
атқарылған жұмыстар мен отын-
энергетика кешені және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
нысандарын дайындау мәселелері
сөз болды.
Аталған мәселе бойынша
қаладағы жылу өндіруші және
жылу жеткізуші мекемелердің та-
рапынан атқарылған жұмыстар мен
алдағы дайындық пысықталды.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп
жатқан №411, 710 құдығының
жұмысы туралы «Таразтрансэ-
нерго» МКМ директоры Н. Тәнеке
толық мәлімет берді. Ал ТЭЦ-ке
тартылып жатқан су құбырының
жұмысы туралы Тараз қаласы
әкімдігінің құрылыс бөлімі бас-
шысы Н. Қалдыбаев баяндама жа-
саса, қаладағы көпқабатты тұрғын
үйлердің қысқа дайындығы туралы
Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ,
ЖК және АЖ бөлімінің басшысы
Б. Жақсылықов, Тараз қаласы
әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы
бөлімінің басшысы Е. Бейсенбеков
есеп берді.
Жиынға қатысушыларды
алдағы іс-жоспар, атқарылып
жатқан шаралар жайлы әңгіме
барысында былтырғы жылы
жылу жүйесі кешігіп берілген
үйлердің жайы мен биылғы жұмыс
жүйелілігі, құбырларды қалпына
келтіру жұмыстарының сапасына
көңіл аудару қажет екендігі баса
айтылды. Жиын барысында отын-
энергетика және білім, денсаулық,
т ұ р ғ ы н ү й - к о м м у н а л д ы қ
шаруашылық нысандарының
дайындығы барысын жоғарылату
мақсатында комиссия барлық
мемлекеттік, коммуналдық
мекемелердің бастықтарына ко-
миссия тапсырма берді. Жылыту
маусымына дайындық барысын-
да су қысымымен тексеріліп,
орын алған ақау бойынша
жөндеу жұмыстарын жүргізуді,
сондай-ақ, инвест бағдарламасы
б о й ы н ш а ж ө н д еуд е н ө т і п
жатқан жылу қазандықтары мен
жерасты құбырлары жұмыстары
белгіленген мерзімде толық
аяқталуды талап етті.
Және де білім бөліміне
қарасты мекемелер жаңа оқу
жылы мен қысқы жылыту мау-
сымына дайындығы тексеріліп,
барлық жұмыстар 25 тамызға
дейін сақадай сай болу керектігі
ескертілді. Отырыс барысында
қала әкімінің бас инспекторларына
бекітілген проблемалық үйлердің
тізімі бойынша коммуналдық
мекемелер мен қала әкімдігінің
бөлімдерінің атқарар жұмыстары
жайлы қалалық штабқа әр
бейсенбіде ақпарат берілу керектігі
айтылды. ПИК құрамына кіретін
көппәтерлі тұрғын үйлерде 30
тамызға дейін қысқы жылы-
ту маусымының жұмыстары
ж ү р г і з і л у і 1 қ ы р к ү й е кт е н
бастап, арнайы жұмысшы тобы
құрылып, ПИК-нің атқарған
жылыту науқаны пысықталды.
Суреттерді түсірген В.Алсуфьев
ҚысҚа дайындыҚ ҚарҚынды жүргізілуде
жұмыстары тексерілмек. «Тұрғын
үй жөндеу-Тараз» ЖШС-мен
бірлесе «2011-2020 ж.ж тұрғын жай
– коммуналдық шаруашылығын
жаңғырту» бағдарламасы аясында
жөнделіп жатқан тұрғын үйлердің
сапасы қатаң бақылауға алынбақ.
Қаладағы жатақханалардың
т ұ р ғ ы н д а р ы м е н ж и ы н д а р
ұйымдастырылып, дайындық
ж ү р г і з і л і п , т ұ р ғ ы н д а р д ы ң
қордаланған қарыздары бойынша
нақты шаралар қабылдану тиістігі
«Тұрғын үй» ЖШС-нің директоры
А. Қалдарбековке жүктелді.
Басқосуда «ҚазТрансаймақ»
ЖОФ АҚ-ның бас инженері
С.Исмаиловқа газ құбырын
жаңғырту жобасы бойынша
«ГазСпецСтрой» ЖШС-нің қала
көшелерінде газ құбырын тарту,
жұмыстары мерзімінде аяқталып,
және қазылған жерлер уақтылы
қалпына келтіріліп, асфальт жабы-
ны төселу керектігі айтылды.
Хаттамалық тапсырмалардың
орындалуын қадағалау қала
әкімінің кеңесшісі Ж. Таңатаровқа
жүктелді.
Ардагерлер есімі ел есінде
тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залындатараз қалалық
мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өтті.
«Арай» алқабындағы жаңа көшелерге соғыс ардагерлерінің есімі
берілмек. Жиынды тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б.
нарбаев жүргізіп отырды.
Диляра Дархан
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24
ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық
бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру, оларды қайта
атау, сондай-ақ олардың атауларының
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту
кезінде тиісті аумақ халқының пікірін
ескеру қағидаларын бекіту тура-
лы» №138 қаулысының 2 тармағына
сәйкес және Вице Премьер-Министр
Б. Сапарбаевтың Ұлы Отан соғысының
қатысушыларына қатысты тапсырмасы
берілген болатын. Осы тапсырманы
негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысы
ардагерлері Патшабек Тілеубаев және
Дүйсен Баяновтың есімдерін Тараз
қаласы көшелеріне беру туралы ұсыныс
жасалды.
Патшабек Тілеубаев Жамбыл об-
лысы, талас ауданы, Үшарал ауылында
дүниеге келген. 1941-1946 жылдары
Қызыл армия қатарында болып, Ұлы
Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан.
«Ерлігі үшін», 2-3 – дәрежелі Даңқ
орденімен, «Ленинградты қорғағаны
үшін», «Кенисбергті алғаны үшін»,
«1941-1945 ж.ж Жеңіс» орден-медаль-
дарымен марапатталып, Сталиннің
Алғыс хатын алған. 1976 жылы ауыр
науқастан қайтыс болған. Ал Дүйсен
Баянов болса, Жамбыл қаласында
№49 атзауыты, №1 ауылында дүниеге
келген. Ол Совет Армиясының күніне
Алғыс хатымен, КСРО одағының Жоғары
Кеңесінің президиум жарлығы бойынша
Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежедегі
орденімен марапатталған. Соғыстан
кейінгі жылдары басшылық қызмет
атқарған Дүйсен Садықұлы 1985 жылы
қайтыс болған.
Тараз қаласы, «Арай» алқабындағы
жаңа көшелерге есімдері ұсынылған қос
ардагер жайлы аумақ халқының пікірі
тыңдалып, бірауыздан қолдау тапты.
5
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Мінгені жылқы, бабасы түркі, досқа сыйлы, жауға сесті бола білген алаш
баласының барлығы дерлік ата жолына бас иіп, ата сөзіне тоқтап, ұлан
байтақ даланың өмір бақи сақшысы болып ғұмыр кешті. От ауызды, орақ
тілді би шешендердің туралығы мен әділдігінің арқасында тарихы тауға
айналған тарпаң даланың талай дауы бір-ақ үкіммен шешілді. Міне, біздің
айбынды Ата заң осындай шынайы әділдіктің һәм кешегі дала заңдарының
дара жалғасы.
«Ата Заң әркімнің бойтұмары
болып, оның әрбір қағидасы
мүлтіксіз орындалғанда ғана
ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»
- дейді мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаев. Ал заңның
мықтылығы - адалдығы мен
әділдігінде. Заңның ең басты
мақсаттары - қоғамдағы адам-
дарды салауатты өмір салтына
тәрбиелеу. Тамырын тарқатсақ,
Ата Заңы, Ата Жолы, Ата Сөзі,
Ата Кесімі, Ата Өсиеті жатыр.
Осы ұғымдардың қай-қайсысын
айтсақ та, бір-бір құжатқа
пара-пар ізгілік иірімдеріне
кезігетініміз шүбәсіз. Қазақ мал-
дан безсе де, жаннан безсе де, ар-
дан безбеген. Ата Заңын таптаған
емес. Ата жолын аттаған емес.
Ата сөзін тастаған емес. Ата
өсиетін бұра тартып, орындаусыз
қалдырған емес. Себебі, Атаны
құрметтеу – тұтас халықтың сан
ғасырлық сүзгіден өткен рухани
тұғырнамасын, түп қазығын,
ұйытқысын құрметтеу, соған ізет
көрсету. Көшпелі қазақ елінде
қазақ қауымының материалдық
және рухани даулы мәселелерін,
қы л мы ст ы іст е р і н ің бәр ін
шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі
болған. Олар Қазақстанның Ресей
патшасына бағынғанына дейін
(XIX ғасырдың II жартысы)
билердің үкімімен шешіліп келді.
Дауларды мазмұнына қарай жер
дауы, жесір дауы, құн дауы, мал
және ар дауы деп беске бөлуге бо-
лады. Екі рулы ел жерге, жесіріне
немесе ұрланған малы мен малын
жоқтап қапыда қазаға ұшыраған
ерінің құнын жоқтап таласқанда
тоқтам айтысып, бітісер жері
билер соты болған. Даулы
мәселені екі рудың билері жоқтап
өзара айтысқа түскенде, ара би
әділ қазылық айтып, тоқтамға
келтіріп құн кескен. Ердің құнын,
нардың пұлын тауып айтқан
тобықтай сөзбен бітістіру —
сөз қадірін бағалай білушілік
халық дәстүріне негізделген.
Халықтың осындай қарапайым
т ә ж і р и б е с і н е н т у ы н д а ғ а н
қазылық институт, билік-төрелік
айту әдеті қалыптасқан.
«Әдет»
Қазақтың көне құқығы, ұлан-
ғайыр еркін аймақта орналасқан
түркі тілді көшпелі өркениеттің
туындысы әрі мәдени жемісі,
әрі мәдени мұрасы. Қазақтардың
құқықтық жүйесін әдет-ғұрып
құқығы құрайды. Бұл жүйені
«адат» (Әдет) деп атады. Адат
заңдастырылған әдет–ғұрып
нормалары. Бұл нормалар қазақ
қоғамының барлық жақтарын
реттеп отырды. «Әдет» ережелері
– халықтың күнделікті өміріндегі
істерді реттеп, әлі күнге дәстүрге
айналып, өз өміршеңдігін таны-
тып келеді. Адамзат мәдениетінің
даму орталықтарының бірі болған
ежелгі Алтайда әлемге көшпелі
өркениет сыйлаған, кейіннен
Моңғолия, Шығыс Түркістан,
Қазақстан, Орталық Азия және
Кавказ жерлерін қамтыған біздің
ата-бабаларымыз – түркілер өмір
сүріп, қанат жайған. Қазақстанның
қазіргі аумағы және қазақ халқы
осы өркениеттің тікелей мұрагері
болып табылады. Бізге жеткен ең
ежелгі шынайы әділеттілік ілімі
болған Дала заңдары – «Білік»,
үш мыңдай жыл бұрын өмір
сүрген Арыс бидің өсиеттері. Осы
Арыс бидің «Білігімен» немесе
Даланың әдет-ғұрып құқығы –
«Әдетпен» (Адат) ежелгі түркі
мемлекеті – қағанат өмір сүріп
дамыды. Барлық өзге құқықтық
қағидалардың қайнар көзі болған
«Әдеттің» ең басты ережесі
түркілердің жалғыз құдайы
Тәңір алдында теңдігін мойын-
дауы болды. Осыдан «қанға-қан,
мертіктіруге сондай мертіктіру»
деген кек алу заңы шыққан.
Кемел
болашағымыздың
кепілі
тараз қаласының
мемлекеттік
мұрағатында қР
Конституциясының 20
жылдығына арналған
дөңгелек үстел өтті.
Гулмира АХАНБЕКОВА,
Тараз қаласының мемлекеттік
мұрағатының бөлім бастығы
М е к е м е б а с ш ы с ы Б а қ ы т
Жарқынбайқызы Абдыкаримова әңгіменің
шымылдығын ашып берді.Ұжыммен
бірге бірлесіп өткізілген дөңгелек үстелге
Тараз қаласының Құрметті азаматы, Тараз
мемлекеттік Университетінің проректоры,
техника ғылымдарының докторы,профессор
- Сағат Сұлтанұлы Жүнісбеков мырза
арнайы шақырылды. Мұрағатшыларға
Конституциясының тарихын Ел тарихы-
мен тікелей байланыстыра отырып, Ата
Заң туралы әңгіме айтылып, жастарға
ата-бабаларымыздың ұстанған ұлттық
салт-санамыз жайында терең мағлұмат
берді. Ұжым мүшелері күні бұрын өздері
дайындаған іс-шараның аясында әңгімені
одан әрі өрбітті. Мекеменің жас маман-
заңгері Нұрзат Рысқұлбеков «Қазақстан
Республикасының Конституциясы - кемел
болашағымыздың кепілі» тақырыбында
қысқаша баяндама жасаса, осы мекеменің
мұрағатшысы, мұрағат саласының ардагері
- Сатыбалды Досымбеков Конституцияның
тарихын мұрағаттық құжаттармен байланы-
стыра отырып, Ата Заңымыздың бастауы
көне ғасырлардан, сонау X-XІ ғасырлардағы
құжаттарда бастау алатындығын атап өтті.
Қазақ Хандығының 550 жылдығын,
ҚР Конституциясы мен Қазақстан Халқы
Ассамблеясының 20 жылдықтары, Ұлы
Жеңістің 70 жылдық мерекелерін атап
өтудің қаншалықты саяси маңыздылығын,
Ел бірлігін әр уақытта берік ұстау елдің
әрбір адамның қасиетті борышы екендігін
ұмытпауымыз қажет.
Ұлы дала заңдары
зерде
«Жасақ»
Дала өмірінің барлық қыр-
сырларын реттейтін заңдарының
келесі кезеңі – ұлы қолбасшы,
түркі халықтарының басын қосқан
Шыңғыс ханның «Ұлы ережелер
жинағы» - «Жасақ» (Яса) болды.
Ол 1206 жылы жарияланған еді.
«Әлемді дүр сілкіндіруші» Шыңғыс
ханның жарлығы бойынша және
оның басшылығымен «Жасақты»
ханның әскери қолбасшысы әрі
кеңесшісі Майқы би жазды. Ол
– қарапайым әмірдің қағидалары
мен заңдары – Білікті, билік пен
мемлекет соты – Төрелікті, әскери
тактика мен стратегия – Жасақты
қамтыды.
«Ұлы Жасақта» мемлекетті
нығайтуға, соғыс жүргізуге басты
назар аударылды. Бұл жерде қатаң
тәртіп басты орында болды. Сол
себепті өзін-өзі хан деп жария-
лау, әдейі алдау, үш рет бары-
нан айрылу, қашқын тұтқынды
немесе құлды жасыру, соғыста
жәрдем бермеу, майданнан қашу,
сатқындық, ұрлық жасау, жалған
куәлік беру, үлкендерге құрмет
көрсетпеу секілді қылмыстар өлім
жазасына тартылды.
«Қасым ханның
қасқа жолы»
XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс
хан ұрпақтары Жәнібек пен Керей
Қазақ хандығын құрды. Ал 1511
жылы билік басына Жәнібектің
ұ л ы Қасы м кел ді. Әскери
қабілеті мен халықты соңынан
ерте білу дарынымен танылған
Қасым хан мемлекеттің нығайып,
кеңеюіне бар күшін жұмсады.
Ыдыраушылықты жою үшін қатаң
тәртіп пен бағынушылық қажет
еді. Қасым хан жаңа мемлекетті
басқару аясында «Әдет» пен «Ұлы
Жасаққа» негізделген заңдар
жинағын жасады. Бұл заң бес
бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде
жер және жесір дауына орай құн
төлеу, салық төлеу мәселелері
қарастырылған. Екіншіде –
қылмыс пен жаза өлшемдері
белгіленген. Үшіншісінде – әскери
тәртіп пен оны бұзушыларға
қолданылатын жаза түрі, ал
төртінші бөлімде – елшілік қарым-
қатынастар айқындалған. Бесінші
бөлім халықтың ата-дәстүріне
арналған. Ата-дәстүр мен салт-
санадан алынған бұл заңның негізі
қазақтарды тура жолмен жүруге
шақырды. Әділдігіне орай «Қасым
ханның қасқа жолы» деп аталған
осы заң қазақ тарихындағы тұңғыш
заң еді.
«Есім ханның
ескі жолы»
Мемлекетті нығайтып, заң
үстемдігін күшейткен келесі тұлға
– Есім хан. Оның билігі тұсында
XVI ғасырдың аяғында Қазақ
хандығының жағдайы айтарлықтай
күрделенді. Сырдария маңындағы
қалаларға иелік ету үшін Бұхара
хандығымен болған соғыс ұзаққа
созылды. Қоғамда билікке деген
сенім мен құрмет айтарлықтай
төмендеді. Осындай жағдайда
мемлекеттің ыдырауының алдын
алу жолы – халықты ортақ мүддеге
жұмылдыру, біріктіру еді. Есім
хан халық жадында «Есім ханның
ескі жолы» деген атпен танымал
өзінің құқықтық ережесін жаса-
ды. Бүгінде Қасым хан мен Есім
ханның заңдар жинағы Тәуке
ханның «Жеті жарғысынан» орын
алған.
«Жеті жарғы»
Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
қазақ халқының этникалық бол-
мысын, әлеуметтік-шаруашылық
және мәдени ерекшеліктерін ескере
отырып, халықтық географиялық
қоныстануы негізінде жасалған
мемлекеттік, саяси-құқықтық заң
болатын. «Жеті жарғы» арқылы
далалық демократия мемлекеттің
саяси-құқықтық, әлеуметтік-
экономикалық өмірінде нақты
көрініс тапты. «Жеті жарғыны»
жасауға үш жүздің билері мен
өкілдері қатысқандықтан, ондағы
міндеттер мен құқықтар барлық
қазақ жерінде қолданылды. Жыл
сайын күзге қарай Күлтөбенің
басында үш жүздің өкілдері бір-
екі айға жиналып, кеңес құратын.
Бұл жиындарда халқымыздың
тағдырындағы сыртқы жаулардан
қорғану, көші-қон жолдарын реттеу,
ел-жұрт арасындағы дау-дамайлар-
ды шешу сияқты ең маңызды
мәселелер талқыланатын. Бұл
жиындарда мемлекеттің сыртқы
және ішкі жағдайына байланысты
мәселелер дауыс беру негізінде
шешілді. «Жеті жарғының» негізін
салғандар Ұлы жүзден шыққан
Төле би Әлібекұлы (1663–1756),
Орта жүзден шыққан Қазыбек би
Келдібекұлы (1667–1763) және Кіші
жүз Әйтеке би Бәйбекұлы (1682–
1766) сияқты қазақтың атақты
үш биі деседі. Бұлар — «Жеті
жарғыны» тәптіштеп жасап қана
қоймай, өмірдің барлық салала-
рында қолдануға көп еңбек сіңірген
адамдар. Ал би дегеніміз – сот
және басқа құқық мәселелерімен
айналысатын, әділет жаршысы,
заң адамы болған. Тәуке ханның
заманында бұл жарғы талаптары
қатаң сақталып отырған.
«Ата Заң»
Сан ғасыр бойы сұрапыл,
тағдырлы тарихты басынан
кешірген қазақ елі ақыры аңсаған
Тәуелсіздікке жетіп, осыдан
тура жиырма жыл бұрын өз Кон-
ституциясы қабылданды. Ата
заңымыздың арқасында бүгін
мемлекетіміз тұрақтылықтан
тұғырға, бейбітшілікпен биікке
қадам басып келеді. Қоғамның сан
саласындағы бағындырылған бе-
лестер мен жан-жақты жетістіктер
осының айғағы. 30 тамыз – Консти-
туция күні. Халықтың тұтас өмірі,
кешегісі мен келешегі Ата заңмен
тікелей байланысты болғандықтан
бұл күннің орны әрқайсымыз үшін
ерекше. Мерекелеріңіз құтты бол-
сын, құрметті оқырман!
Дайындаған
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
мереке
6
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Халық — құдайдың бір аты. төл
Конституциямыздың 3-бабында: «мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы — халық» деп көрсетілген. Сот
шешімдерінің әділдігіне қарап, қоғам оған баға
береді. қазір еліміздің сот билігі қоғамды ілгері
жетелеуші қуатты интеллектуалдық күшке ие. Халық
өз құқығын тек заң арқылы қорғай алатынына көзі
жетіп, сотқа бұрынғыдан да көбірек жүгіне бастады.
Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында
тараз қалалық сотының төрағасы Алмаз ибраевпен
сұхбаттасуды жөн көрдік.
«Конституция азаматтардың ҚҰҚығын
Қорғауға КепiлдiК бередi»
- Алмаз Серікұлы, адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудағы соттың атқаратын
рөлі зор. Сіз зайырлы мемлекетіміздің сот жүйесін
қалай бағалайсыз?
- Бүгінде Қазақстанда жалпыға бірдей құқықтық
стандарттарға және қоғамның талап-тілегіне жауап
беретін сот жүйесі орнықты деп сенімді түрде айтуға
болады. Елімізде құқықтық реформа аясында сот
төрелігін жаңа заманға үйлестіріп, жаңғырту және оны
әлемдік құқықтық жүйенің ыңғайына бейімдеу ісі жүзеге
асып келеді. Отандық сот реформасын жетілдірудегі
жетістіктерімізде Елбасы Н.Назарбаевтың көреген
саясаткерлігі мен зор ауқымды ұсыныстарының үлесі
мол екенін атап өткен жөн. Тәуелсіздіктен кейінгі жылда-
ры қоғам өмірінің барлық саласында өзгерістер кеңінен
етек жайды. Осы жолда сот жүйесі де бастамашылдық
қасиетке басымдық беріп, жаңа биіктерге көтерілді.
Сот жүйесінің сапалы өзгерістерінің бастауларына
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Консти-
туциясы, ел Президентінің Конституциялық заңды
күші бар 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан
Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі
туралы» Жарлығы ықпал етті. Аталған заңнамалық
актілерде бейтарап және әділ сот, құқықтық мемлекеттегі
соттың басты рөлі, сот төрелігінің халыққа қолжетімділігі,
сот жүйесінің ашықтығы мен транспаренттілігі, сот
қызметкерлерінің жоғары мәртебесі жөніндегі құқықтық
идеялары мен көзқарастар орын алған. Міне, күні ертең
20 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған ҚР Кон-
ститутциясы, соның ішінде сот жүйесі азаматтардың
құқығы мен бостандығын қорғаудың тегеурінді тетігіне
айналды. Сөзіме дәлел ретінде мысал келтіретін болсам,
жыл сайын елімізде 1 миллионнан астам іс қаралады
және бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып отыр.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағы
Халықаралық Судьялар Қауымдастығына толыққанды
мүше болып қабылданған.
- Осы тұста, өзіңіз төрағалық етіп отырған
қалалық соттың жұмысы да ауқымды болар?
- Дұрыс айтасыз. Тараз қалалық сотының қызметіне
иек арттырушы азаматтардың қатары жыл санап
ұлғайып келеді. Мәселен, 2012 жылы 10402 қуыным
арызы мен шағым (исковых заявления и жалобы) түссе,
2013 жылы - 12299, ал 2014 жылы - 15144-і құрады.
Ал ағымдағы жылдың жеті айында он мыңға жуық
қуыным арызы түскен. Бір қуантарлық жайт - уақыт
алға жылжыған сайын, әрбір іс жіті әрі сапалы қаралады.
2015 жылы қалалық сот судьяларының шығарған
сот актілерінің 99,6 пайызы заңды болып табылды.
Бұл дегеніңіз, ел азаматтары ештеңеден қорықпай,
өз құқықтарын қорғау үшін соттасатынын және ой-
пікірлерін жеткізе алатындығын көрсетеді. Тарихқа
көз жүгіртсек, республика судьяларының І съезді 1996
жылдың 19 желтоқсанында өткен екен. Бұл алқалы жи-
ында екі мәселеге басымдылық берілген-ді. Біріншісі,
сот жүйесінің заңнамалық сипатта жетілдіріліп нығаюы
болса, екіншісі – соттардың материалдық-техникалық
тұрғыда қамсыздандырылуы. Ал бүгінде мемлекет
басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жүзеге
Алмаз ИБРАЕВ, Тараз қалалық сотының төрағасы:
Конституция - келешектің
кепілі
Достарыңызбен бөлісу: