«Алтын күз» Музыка залы мерекеге сай безендірілген. Жүргізуші кіреді. Жүргізуші


Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат» Ойынның шарты. Балалар көздері жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі салады. Күз ханшайымы



бет5/9
Дата02.11.2022
өлшемі55,99 Kb.
#46969
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ойын: « Көкөністер мен жемістерді ажырат»
Ойынның шарты. Балалар көздері жұмып ауыздарын жеміс пен көкөністі салады.
Күз ханшайымы: Балалар айтыңдаршы,жемістер қайда өседі? (Бақта) Көкөністер қайда өседі?(бақшада)
Біздің қыздарымыздың әсем биін тамашалайық .
Би: «Ай ,будет круто!»
Жүргізуші:
Жақсы балалар күздің сәнін келтіретін көкөністер өнерін тамашалайық.
Пияз (Аманжан)
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан да сақтаймын.
Асқабақ (Нариман)
Күзді күтіп жатамын,
Жиып нәрді бойыма.
Асқабақпын,жараймын,
Қыста сақтап қоюға
.
Қауын(Ерхан)
Исім жұпар аңқыған ,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.
Қарбыз (Нұрхан)
Көрсең егер бақшада,
Доп екен деп қалмағын.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алмағын.
Марлен:
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат — қабат киініп,
Қырыққабат атандым.
Жүргізуші: Күз қуанышы болған жемістерді де тамашалайық.
Алма(Меруерт)
Нарттай қызыл алмаман,
Мәз болады алғандар.
Жазда әдемі киінем,
Тілді балдай үйірем.
Алмұрт(Айым)
Мен алмұрпын,алмұртпын,
Күзде жинап алатын,
Балбыраған біреуін.
Жесең тойып қалатын.
Өрік (Нұрсұлтан)
Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Уылжыған өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Жүзім (Темірхан)
Мен жүзіммін,жүзіммін.
Моншақ болып тізілдім.
Шие( Инабат)
Шиемін мен шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе жаныма,
Басымды мен иемін.
Дымбілмес: Балалар ,менің де сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Сендердің өнерлердің көрдім енді мына отырған қонақтардың да өнерлерін көрелік. Мен бұл ойынды ата-аналармен ойнағым келеді. Ойынның аты «Жаңбыр суы».Ойынның шарты бойынша мына екі шелектегі суды келесі шелекке қасықпен тасу керек. Музыка тоқтаған кезде ойын тоқтайды. Кім жаңбырдың суын көп жинаса ,сол адам менің сыйлығыма ие болады.Ендеше ойынымызды бастайық.
Жүргізуші.Рахмет,Күз ханшайымы,Дымбілмес!Балалардың өнері әлі таусылған жоқ.Төрімізге шығып ,тамашалаңыздар!

Дильназ
Қамба толды астыққа


Алғыс саған,Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық,та,
Қап-қап астық алдық біз.

Саламат
О,балалар,балалар,


Қоңырқай күз болыпты,
Гүл жапырақ салыпты,
Ел егінін егіпті.
Дария
Күзде жауын,бұлт –тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйытқып,
Сапырады даланы.
Нұрмұхаммед:
Жарып шыққан қауызын,
Дән өмірлік азығың.
Жегеніңде ақ нанды,
Нәрге толар ауызың.
Ерте тұрып ақ таңнан,
Қара жерге нәр құйған.
Айналайын,диқаннан,
Егін егіп,нан жиған.
Элеонора.
Көк майсалы, көрікті.
Алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін
.
Күз ханшайымы: Айналайын,балалар! Енді мен сендермен қоштасамын! Бұл естен кетпес күн болды. Бәріңізге бақыт тілеймін! Сау болыңыздар!
Жүргізуші:
Білім – теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім менен тәрбие егіз дейміз.
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Балаларды болашаққа жетелейміз.
Қош дейміз әлі талай кештер бар,
Өнерлерің өрлей берсін ұландар,-дей келе даярлық классының «Алтын күз» ертеңгілігі аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет