Алтын орда және бату хан асылжан Дулати Қр журналистер одағының мүшесі



бет2/3
Дата06.01.2022
өлшемі24,72 Kb.
#16827
1   2   3
Алтын Орданың мәдени дамуы

Алтын Орда дәуірінде Шығыс Еуропадағы сауда-экономикалық қатынастардың нашарлауына қарамастан, Бату хан бар елдерді орталықтандырылған бір мемлекетке біріктіруі арқасында сауданың қайта жандануы мен дамуы қамтамасыз етілді. Дешті Қыпшақ даласына Византиядан, Италиядан, Армениядан және басқа да Азия мен Батыс елдерінен саудагерлер ағылып келе бастады. Себебі, Алтын Орданың астанасы болған Сарайшық қаласы - Шығыс пен Батыс мәдениеттерінің қиылысу нүктесі мен маңызды халықаралық сауда жолдарының ортасында орналасып, солардың рухани орталығына айналуынан еді. Бағынышты елдерден алынған алым-салық пен экономикасының түбегейлі жақсаруы - халық санының өсуі мен ел табысының өсуінің негізгі факторларына айналды. Осылайша, Алтын Ордада экономикалық-саяси прогресс еркін дамыды. Сонымен бірге, Алтын Орданың тұрақты саяси өркендеуі мәдениет пен руханияттың дамуына да себеп болды. Алтын Орда билеушілері шапқыншылықтан қираған елді мекендерді қалпына келтіріп, өздерінің жаңа қалаларын стратегиялық маңызды жерлерде – сауда жолдарында тұрғызуды қолға алды. Бұл – Бату хан бастаған саясаттың жалғасы еді. Ал, Алтын Орда құрылғанға дейін болған Болгар, Жөкетау, Биляр, Сувар сияқты ең ірі қалалар Алтын Орда кезеңінде одан әрі дамыды. Алтын Орда хандары салған қалалардың ішіндегі ең маңыздылары-Сарай-Бату (Сарай-Берке), сарай-Джадид (жаңа Сарай), Үкек, Гүлстан, Хаджитхан (Астрахань), Ақкерман, Қырым, Кырк-ер (Чуфут-Кале), Кафа және басқалар болды. Қазіргі кездегі археологиялық қазба деректеріне сүйенер болсақ, Алтын Орданың мәдени дамуының мынадай кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1) жаулап алғаннан кейін қалпына келтірілген қалаларды пайдалану кезеңі (XIII ғ.40-жылдары);

2) Бату хан тұсында далаларда қалалардың негізін қалау (XIII ғ. 50-жылдары);

3) Берке хан тұсында қалалық мәдениеттің дамуы (1256-1260 жж.);

4) қалалардың өсуінің баяулау кезеңі (1270-1320 жж.);

5) қала құрылысының "алтын ғасыры" Өзбек (1320-1360 жж.);

6) мемлекеттің ыдырауы кезеңіндегі қала құрылысының құлдырауы мен дағдарысы (1360-1395 жж.).

Алтын Орда хандары шапқыншылықтан сақталып қалған қалалардың мұрасын игере отырып, көшпелі өмір салтынан отырықшы өмірге көшуге үлкен мән берді, бұл Дешті Қыпшақтың бүкіл аумағында қалалық мәдениеттің таралуында маңызды рөл атқарды. Қазір кездегі ғалымдарымыздың зерттеулеріне қарасақ, сол дәуірде Алтын Орда аумағында 150-ге жуық қала болыпты. Бірақ, олардың ішіндегі ең ірілері әр уақытта империяның астаналары болған Сарай-Бату (Сарай-Берке), сарай-Джадид, Сауран, Түркістан, Отырар қалалары болды дегенді айтады. Ал, мұның барлығын өркендеткен Алтын Орданың дамуы жолында еңбек еткен тұлға, көреген, ақылды, жомарт, мықты саясаткер Бату ханның арқасы деуге болады. Ол Еділдің төменгі ағысында Сарай Бату деп аталатын қаланы құру арқылы мемлекеттің қалыптасуында маңызды қадам жасады.

XIII-XIV ғғ. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағы Жошы ұлысының құрамдас бөлігі болып табылатын Көк-Орда құрамына кірді. Шыңғысхан әскерлері жаулап алғанға дейін Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бассейндерінде және олардың салаларында қолөнері мен халықаралық саудасы дамыған бай және гүлденген қала орталықтары болған. Осы аумақтардан өткен көптеген Плано Карпини, Гильом Рубрук, Марко Поло секілді саяхатшылар бұрынғы қалалар мен елді мекендердің қираған қалдықтарын көріп, өз жазбаларында жазып қалдырған-ды. XIII ғасырдың соңына қарай жағдай Жошы ұлысының саяси және экономикалық дамуының объективті себептерінің қысымымен айтарлықтай өзгерді. Қолөнер өндірісінің өсуі, халықаралық байланыстар мен рухани байланыстардың дамуы және осыған байланысты Шығыс пен Батыс арасындағы керуен сауда жолдарының жұмыс істеуі әсерінен қалалар мен олардағы халық тіршілігі бейбіт түрде қайта қалпына келтірілді. Яғни, Бату ханның саясаты арқасында Алтын Орданың гүлдену өркениеті өзінің биік шыңына жетті деуге болады. Осындай мәдени-рухани дамудың барысында Қазақ даласында ең күшті де айбарлы ұлттық ұлыс пайда болып қалыптасты. Ол – Ұлттық Қазақ мемлекеті еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет