Амангелді қҰсайынұлы қҰсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты кафедра «Шетел тілі: екі шетел тілі» реферат тақырыбы: Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер



бет2/3
Дата15.03.2023
өлшемі26,57 Kb.
#74539
түріРеферат
1   2   3
Тесіктас

Тесіктас Қарағанды облысында Аксу-Аюлы ауданында орналасқан. Бұл үңгір тәрізес дер болып табылады, бұл жердін керегелері де төбесіде суреттермен қапталған,ол суреттерде көбінесе адамдар мен жануарлардың бейнесі кездеседі. Тесіктас жерінде геометриялық таңбалар мен бұқалардың да бейнесі бар, сол кездегі адамдар суреттерді қою қызыл табиғи бояумен салған.


Жалпы, ескерткіштің алаңы үлкен. Мұнда бұқалар, аттар, бұғылар, түйелер, жыртқыш мысықтар, сонымен қатар антропоморфты бейнелер мен аң аулау көріністері бейнеленген.
Хронология жағынан оларды 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: энеолит, қола және ерте темір дәуірлері. Бейнелер қынамен жазылған.
Алғашқы хронологиялық кезеңге басы төмен қараған ірі тұмсық тәрізді мүйізі алға қарай шығыңқы бұқа көрінеді. Бұлар Шығыс Қазақстан мен Моңғолия петроглифтерімен сәйкес.
Өлеңті өзенінің жағалауында алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының ежелгі аңыздарындағы бейнелеріне ұқсас бейнелер кездеседі.

Ал, мысық тәрізді жыртқыштар бейнесі ежелгі темір дәуіріне жатады. Бұл кезеңнен скиф-сақ өнерінің дәстүрлі бейнелері: бұғы, ақ бөкендер көрінеді.


Иә, Өлеңті жазбаларының, суреттерінің өзіндік стилистикалық, көркемдік ерекшеліктері бар. Сондықтан, ескерткіштер толығымен кешенді зерттеу қажет.


Қайрат Батталовтың айтуынша, өйткені, бұл жер - неолит пен энеолит дәуірінің мекені, қола дәуірінің жерлеу орны мен ежелгі темір дәуірінің,көшпенділердің қорғаны болған.


Ата-бабамыз ежелден бері тас бетіне суреттер қашалған жерлерді исламға дейінгі тәңіршілдік дәстүрлеріне сай қасиетті, киелі, тәуіп ету орындары деп білген.




Өлеңті

Өлеңті өзенінің оң жағалауында, Екібастұз ауданының Тай ауылынан оңтүстік-батысқақарай 10 км жердегі «Өлеңті жазулары» Павлодардағы Ертіс маңындағы алғашқы қауым өнерінің ғажап ескерткіші болып табылады. Павлодар төңірегіндегі бұл аумақты жүйелі зерттеу нәтижесінде неолит пен энеолит дәуірінің қоныстары, қола дәуірінің молалары және ерте темір ғасырындағы көшпенділер қорғаны сияқты түрлі кезеңдердегі көптеген археологиялық ескерткіштер табылды. Осы жерде өзен террасасының беткейлерінде жекелеген 17 жалпақ таста 50-ден астам петроглифтері бар ашық қоңыр палеогендікқұмдақты ірі блоктар ашылып қалған. Сурет салынған, бетінмүк басқан тастардың барлығы террасаның тік беткейлерінде жатыр. Кейбір суреттер ойып салынған, бірақ салыстырмалы түрде тастың жұмсақ жынысы ежелгі суретшілерге басқа әдіс таңдауға мәжбүрледі. Гравюраның көпшілігі тасты терең қашайтын техникамен жасалған, ал кей суреттер барельеф түрінде салынған. Петроглифтер жануарлар мен адамдар бейнесінен тұратын шағын композиция құрайды. Суреттер жазықбеттің ортасын алып жатқан бір-екі суреттің маңайына жиі топтастырылады Мысалы, тастардың біреуінің ортасына антропоморфтық бейне, ал оның айналасында қабыландар, өгіздер мен басқа нашар аңғарылатын суреттер орналасқан. Жартас суреттерінің арасында еркек пен әйел денелерінің эротикалық суреттері көзге түседі. Зооморфтық бейнелер ұзын қайқы мүйіз өгіздер, маңдайында «кекілі» бар жылқылар, бұғылар, киіктер және т.б. аңдар түрінде берілген. Өлеңті гравюрасы арасында стильдік ерекшеліктерімен иконографиясы жағынан екі негізгі бейнелеу дәстүрлері ерекшеленеді. Бірінші антропоморфтық бейнелердің өзгеше сериясымен (эротикалық жұптар, жүкті әйел, садақшылар, қайқы мүйіз өгіздер), екіншісі қола дәуірінің турбо-сейминдік дәстүрлеріне тән жылқылардың бейнеленуімен байланысты. Өлеңті горельефтері мен ертедегі гравюраларының уақыты шамамен энеолит – ерте қола дәуіріне жатады, бұл оларды Солтүстік Сарыарқа аумағындағы жартас сурет өнерінің ең ежелгі үлгілері деуге мүмкіндік береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет