Амангелді қҰсайынұлы қҰсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты кафедра «Шетел тілі: екі шетел тілі» реферат тақырыбы: Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер



бет3/3
Дата15.03.2023
өлшемі26,57 Kb.
#74539
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Реферат3 (1) (1)

Ақбидайық

Екібастұз қаласынан 30 км жерде, Майқайың теміржол станцясынан оңтүстік жағындағы Ақбидайық шатқалында жатыр. Мұнда шағын төбенің оңтүстік-шығыс беткейінің бірінде петроглифтер салынған палеогендік құмдақтар да көптеген қалдықтар бар. Жақын маңда тас ғасырының шеберхана-қоныстары және ерте темір ғасырының қорғандары кездеседі. Қола дәуірінің қонысы мен қорымы петроглифтерден шығысқа қарай 4 км жерден табылған. Суреттер қоршаған орыннан сәл биіктеу, тегіс, қызғыш ірі жалаңаш құмдақ бетіне (15×25 м) салынған.


Ақбидайық жылқыларының бейнелері Қазақстанның кейбір шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жартас суреттермен, сондай-ақ ерте және дамыған қола дәуірінің шегінде Еуразияның орманды далалы зонада таралған турбиндік-сейминдік металл-пластик бұйымдармен ұқсас. Ақбидайық ежелгі петроглифтерінің бұл екі тобынан басқа мұнда мүйізі алға қарай салбыраған бұқа, турлар бейнеленген және олардың бейнелерін тауешкілер, киіктер, бұғылар және басқа жануарлардың бейнелері жасырып тұр. Олардың уақытын өте кеңаралықта – энеолит дәуірінен – мыс-тас ғасыры мен ертеқола дәуірінен (б.з.д. III мыңжылдық − II мыңжылдықтың басы) ерте темір ғасырына дейін (б.з.д. VII−IV ғғ.) қарастыруға болады. Археологиялық мағлұматтар бойынша үй бұқасы Қазақстанның ерте заманғы малшы тайпаларында энеолит дәуірінде пайда болып, терсек мәдениеті қоныстарында жақсы көрсетілген, олардың ескерткіштері Қостанайлық Тобыл маңымен Торғай иінінде оқшауланған. Үй бұқасының сүйектері Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы 3 Шідерті көнетұрағының энеолит қабатынан табылған. Андроновтық молаларды қазу барысында құрбандық шалатын жерлерден табылған бұқалардың бас сүйектері дәлелдейтін бұқаға табыну салты қола дәуірінде де дамыған болатын. Ақбидайық шатқалындағы петроглифті жартастар ежелгі дәуірде – қола дәуірі мен тас ғасырының аяқ кезеңінде, шамасы бірнеше мыңжылдық бойы ежелгі аңшылар мен малшылардың өзіндік ғибадатханасы, сыйынатын орны қызметін атқарған деп жорамалдауға болады.

Баянжүрек


Баянжүрек тауы – Жетісу Алатауы сілемінің үлкен бір жотасы. Тасқа түскен бұл суреттер қола дәуіріне жататын археологиялық мәдениет ескерткіші болып табылады. Көне тарихтан жеткен деректерге сүйенсек бұл жерде сақ, ғұн, қимақ тайпалары өмір сүріпті. Қола дәуірінен бері жеткен ескерткіштерді ғалымдарымыз біздің заманымызға дейінгі төртінші мыңжылдықтың аяғы мен біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың басына жатады деп бөлген. Баянжүрек жартастарындағы петроглиф жазулар сол сақ, ғұн, сармат тайпаларының өмір сүру мәдениеті, атқа міну, ат үйрету және тұрмыс-тіршілігі бейнеленген суреттерімен ерекшеленеді.
Жартастағы суреттердің басым бөлігінде салт атты
сарбаздар бейнеленген. Ежелгі түркі дәуірін сипаттайтын бұл ескерткіштер
ЮНЕСКО-ның мәдениет картасына енген.


Мәдени мұралар адамзаттың ғасырлар бойы жинаған рухани байлығы, тарихы, шежіресі десек, біздің тарихи-мәдени мұрамыздың тамыры тереңде жатыр. Ол ұлттық болмысымызда, салт-дәстүрімізде айқын көрініс тапқан. Ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани материалдық байлықты, жалпы ата-баба мұраларын келешек ұрпаққа дәріптеу – біздің басты мақсатымыз. Құнды мұраларымызды сақтап, оның өміршеңдігін қадағалау әрқайсымыздың ұрпақ алдындағы борышымыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. История Казахстана. Учебник:курс лекций /Г.М.Тургараева.-Алматы: издательство «Эверо», 2016. 14 б.
2. АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер 350-356 беттер
3. https://megalithica.ru/petroglifyi-akbaur.html
4. https://tengemonitor.kazgazeta.kz/news/30271

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет