Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


«Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды



Pdf көрінісі
бет11/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
«Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. 
Ӛмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді». 
Габриель Маркес. 
Есті кісі ӛзінен есеп алады! 
 
Ұлы ақын Абай Құнанбаев ӛзінің он бесінші қара сӛзінде: 
«Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір 
мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, ӛзіңнен 
ӛзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі ӛмірді қалай 
ӛткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, 
күнінде ӛзің ӛкінбестей қылықпен ӛткізіппісің?» -- деген сӛз бар. 
Яғни мына ӛмірді мәнді-мағыналы, баршылықта, тоқшылықта ӛткізгісі 
келген адам ӛзінен есеп алып тҧруға әдеттенгені жӛн. 
Кез келген компания немесе кәсіпорын белгілі бір уақытта 
мемлекетке есеп береді. Ӛткенін еске тҥсіріп, саралайды. Қанша пайда 
таптым, оны қайда жҧмсадым? деген сҧрақтарға жауап береді. Олар 
мҧны, яғни жылына бір рет есеп беруді қалыпты жағдай деп санайды. 
Ал адамдар ше? Адамдар ӛздерінің ӛміріне кӛз тастап, оның 
есебін беріп жатыр ма? Әрине, жоқ. Тамағының барына, киіміінң 
бҥтініне мәз болып жҥре береді. «Мен мына ӛмірге не ҥшін келдім? 
Мақсатым қандай? Осы жасыма дейін не тындырдым? Алда нендей 
шаруаларды атқаруым керек?» деген сҧрақты қойып, ӛз-ӛзінен есеп 
алмаған адам дамымайды! 
Мысалды ӛзгеден іздемей-ақ, ӛзімнен алайын: мен міндетті тҥрде 
жылдың басында ӛз-ӛзімнен есеп аламын. Менің бір жылдық 
жоспарым қандай еді? Оны қаншалықты орындай алдым? Неге жеттім, 
енді не қалды? Келе жатқан бағытым қандай? Осы сынды сҧрақтарды 
қойып, ойша атқарған шаруаларды саралаймын. Саралай келе 


бойымдағы кейбір кемшіліктерді байқаймын, сонымен кҥресу 
жолдарын қарастырамын. Есеп бере отырып жаңа жоспарлар пайда 
болады, соны орындауға белсене кірісіп кетемін. Міне, ӛмір деген – 
осындай! Сондықтан есеп алып ҥйреніңіз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет