Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


Кризитің мәнін түсініп, ӛзгеруге кӛмектесетін



Pdf көрінісі
бет12/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Кризитің мәнін түсініп, ӛзгеруге кӛмектесетін 
сұрақтар 
МЕНДЕ ҚАНДАЙ ҚАБІЛЕТТЕР ЖЕТІСПЕГЕНДІКТЕН ОСЫ
ЖАҒДАЙҒА ДУШАР БОЛДЫМ? 
ҚАНДАЙ АДАМДАРМЕН АРАЛАСҚАНДЫҒЫМНАН
НЕМЕСЕ АРАЛАСПАҒАНДЫҒЫМНАН ОСЫ ЖАҒДАЙ 
МЕНІҢ БАСЫМДА БОЛУДА? 
НЕ НӘРСЕЛЕРГЕ КӚҢІЛ БӚЛГЕНДІГІМНЕН НЕМЕСЕ
КӚҢІЛ БӚЛМЕГЕНДІГІМНЕН ОСЫ ЖАҒДАЙ БОЛУДА? 
ӚМІРГЕ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ОЙ-ПІКІР, КӚЗ-ҚАРАСЫМНЫҢ
НӘТИЖЕСІНДЕ ОСЫ КҤНГЕ ЖЕТТІМ? 
Адам ӛмір бойы ӛзін ӛзі жасау керек! Яғни жайғана материал 
боласыз ба, әлде қоғамға керек қымбат бҧйымға айналасыз ба, ол 
тікелей ӛзіңіздің зергерлік қабілетіңізге байланысты!!! 
Жерге картоп егіп, капустаның ӛсіп шығуын күтпеңіз! 
 
 
Таңғажайып кӛмек күтпей аспаннан, 
Миды босат, бос қиялдан ластанған! 
Егер Сіз ертең атақты миллионерлердей зәулім сарайда ӛмір 
сҥргіңіз келсе, қиындық атаулыны шыбын шаққан қҧрлы кӛрмей, 
ӛмірдің әр сәтінен ләззат алғыңыз келсе, бос қиялдап жата бермей
бҥгін сол ӛмірдің «кірпішін қалаңыз»! 


Кірпіш демекші, адамдар ҥй салмас бҧрын оның сызбасын 
дайындайды. Сосын іргетасын қҧяды, кірпішін қалайды, шатырын 
жабады, сосын іші-сыртын әрлейді. Бір сӛзбен айтқанда, зәулім ҥй 
осылай салынады. Ал біздің ӛміріміздің кірпіші қалай қалануда? Оның 
Сіз қалаған сызбасы бар ма? Егер жоқ болса, онда оның қандай 
болмағы тҧманды деген сӛз. Яғни алған бетіңіздің белгілі бір бағыты 
жоқ, дауыл қалай тҧрса, солай қарай қисая салуыңыз бек мҥмкін. 
Кез келген нәрсе екі жағдайда пайда болады, алдымен -- ойда
сосын – ӛмірде. Бҧған қатысты қазақта: «Ой тҥзелмей, бой тҥзелмес» 
деген жақсы сӛз бар. Ішкі жан-дҥниеңіз ӛзгермей, ӛміріңізге қатысты 
нақты жоспар-мақсаттарыңыз болмай Сіздің тығырықтан шыға 
қоюыңыз екіталай. Яғни ӛзіңіздің ойыңызды тҥземей, ӛміріңіз жақсы 
арнаға ауысады деп кҥту – ақымақтық. 
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең 
ерте ҧйқысынан оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне ӛтіп тыным 
таппайды. Таңнан қара кешке дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу 
дегенді білмейді. Тіпті тҥскі тамақты да ҧмытып кететін болыпты. 
Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін ҥйіне қайтады екен. Екінші 
адам болса, ағаш шауып тҥсірген сайын біраз отырып тынығып, қас 
қарая бастағанда, ҥйіне қайтып кететін болыпты. 
Бір апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық 
ағаштарын санайық депті. Нәтижесінде, екінші адамның шапқан 
ағаштары кӛбірек екендігі мәлім болыпты. 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мҧның сырын 
сҧрайды. Екінші адам азғана езу тартып былай деп жауап қатады: 
– Мҧның анау айтқандай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал 
мен кей-кейде тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Ӛткір 
балтамен жҧмыс істеу жҧмысты жеңілдетеді әрі шаршамайсың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет