Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


«Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
«Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей, 
Егде тартқанда оқыған оқуың – мұзға жазғанмен бірдей». 
Халық мақалы. 
 
 
Жылына 4 тренингке қатысыңыз 
21-
ші ғасыр – мҥмкіндіктері мол, дҧрыс пайдалана білген адамға 
берері мол ғасыр. АҚШ-тың кӛрнекті қайраткері Абрам Линкольн: «Егер 
маған 8 сағат ішінде ҥлкен бір ағашты шауып қҧлатуға тапсырма 


берсе, 8 сағатымның 7-еуін балтамды қайрауға жҧмсар едім», -- деген 
екен. Яғни ол ӛтпес балтаны қҧр-босқа сермей бергеннен гӛрі бар кҥш-
жігерін оны қайрауға жҧмсап, аз уақыт ішінде шынар ағашты шауып 
қҧлатуды жӛн кӛрді. 
Бҧл жерде балтаны қайрау – білімді жетілдіруге тең. Ал білімді 
тҥрлі тақырыптағы тренингтерден алуға болады. Тренинг ең алдымен 
дамуыңызға сеп болады, сосын мақсатыңызды қамшылай тҥседі. 
Кӛлік жҥру ҥшін оған жанармай қҧю керек сияқты, табысқа жету 
ҥшін білімді шыңдау қажет. Ӛз салаңыз бойынша жылына кем дегенде 
4 тренингке қатысу керек. 
Мысал ретінде тақуа адамды айтайын. Тақуа адам Алла 
алдындағы парызын орындау ҥшін мешітке барады емес пе? Егер ол 
адам мешітке баруды сиретсе не істейді, әрине, иманы әлсірейді. Тура 
сол сияқты, тренингке қатыспаған адамның талпынысы, мотивациясы 
әлсірейді. Ал мотивацияны отқа теңер болсақ, ол ҥнемі маздап жануы 
ҥшін отын салып отыру керек. Яғни мотивацияға қажетті азықты 
тренингтен ғана табасыз. 
Мен мәселен аяқ киім алуға ақша аяуым мҥмкін, бірақ білімімді 
жетілдіруге, семинар-тренингке қатысуға ақша аямаймын. Сол сияқты, 
қыдыру ҥшін ақша жҧмсамауым мҥмкін, бірақ қарыздансам да, 
қауғалансам да семинар-тренинге ақша табамын. Кезінде мен 
астымдағы кӛлігімді, басымдағы баспанамды сатып тҧрып семинар-
тренингтерге қатысқанмын. Осы жҧмысты бастаған алғашқы жылы мен 
16 мың 750 доллар қарыз алып, семинар-тренингтерге қатысқанмын. 
Әзір де жылына кем дегенде 4-5 семинар-тренинге қатысуды 
жоспарлап қойғанмын. Ӛйткені онсыз болмайды, ӛмірді ӛзгертудің, 
мінезді ӛзгертудің, тез баюдың жақсы жолы, ең оңай жолы – семинар-
тренингтерге қатысу. Оған қатыспай ӛміріңіз ӛзгермейді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет