Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы


Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және



Pdf көрінісі
бет6/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Далай Лама бірде: «Егер адамның ішетін тамағы және 
жататын жері болса, ол ӛзін бақыттымын деп санауға толық 
себептер бар, ал қалғаны — оның таңдауы» деген екен. 
Егер сен ҥнемі кӛңіл кҥйің тӛмен болса, сен бақытсыздықты 
сезінген кезіңде -- ӛзіңнің ішіңе ҥңіл, онда не болып жатқанына мән 
бер, тҥсінуге тырыс. Бҧл жағдайға ӛзіңді тек ӛзің жеткіздің, басқалар 
емес. Егер осы жағдайға ӛзіңді ӛзің жеткізген болсаң онда осы 
жағдайды ӛзің ғана ӛзгерте аласың.Осындай саналы тҥсінік ӛзіңді, 
ӛміріңді ӛзгертетін кҥш пайда болады. 


Сен ӛзіңе жауапкершілікті алған кезде сен ӛзіңнің кҥшіңе ие 
боласың. Бҧл асыра айтқандық емес, аллегория – бҧл қандай болған 
жағдайда бізде ҥнемі болып отыратын нәзік энергетикалық прцесті 
тікелей бейнелеу. Мҧның барлығы жай қарапайым ғана нәрсе – сен 
жауапкершіліктен 
қашсаң 
осы 
энергиядан 
айырыласың, 
жауапкершілікті мойныңа алсаң энергияны аласың. 
Жауапкершілікті басқаға артып қойсаң, онда сен ӛз қолыңмен 
ӛзіңді сол адамға тәуелді етесің.Еркін болудың арқасында сен ӛзіңнің 
ӛміріңді, ӛзіңнің бақытыңды жасай аласың. Сен ҥшін басқалар мҧны 
жасамайды. Тек ӛзің ғана ӛзіңді бақытты ете аласың. Сенде 
басқаларды кінәлауға деген қажеттілік те болмайды. Егер де, сен 
ӛзгелердің ӛзгергенін ашық немесе жасырын болса да ӛзгергенін 
қалап, оны ӛзіңнің қалауың бойынша кӛргің келеді, мәжбҥрлейсің, 
оларды кінәлайсың. Ӛмірде ӛзгені ӛзгерту деген ең қиынның қиыны, 
миға сиымсыз нәрсе. 
...Ерте ерте ертеде... Бір сҧлтан ҥлкен сарай салыпты. Сарайдың 
ішіне айнадан арнайы бӛлме аштырады. Тіпті, бӛлменің едені мен 
жоғары жағына да айна қойдырады. 
Бір кҥні сарайдың ішіне байқаусызда сҧлтанның иті кіріп кетеді. 
Ит айна қондырылған бӛлмеге кіріп аң-таң болады. Айналасындағы 
қаптаған иттерді кӛріп не істерін білмей бір орында қалшиып тҧрып 
қалады. Жан-жанының бәрінен иттер тесіліп қарап тҧр. 
Ол ӛзінің қорыққандығын сезіндірмеу ҥшін жай ғана тісін ақситып 
қойды. Бҧл оның иттерді қорқытпақ болған тҥрі еді. Ӛзіне қарап тҧрған 
иттер де тістерін ақситты. Бҧл одан сайын жынданып, ырылдап айбат 
шегуге кӛшті. Олар да қалыспай ырылдай бастады. Амалы таусылған 
ит ҥріп корқытпақ болып, барынша дауыс кӛтеріп ҥрді. Оған қарап 
тҧрған иттер де одан қалыспай тоқтамай ҥре берді. Ол қанша ҥрсе де 
әлгілерді еш тоқтата алмады. Бҧл осылай жалғаса берді. Таңертең 
сҧлтан айнаға қарамақ болып бӛлмеге кіргенде итінің аузы кӛпіріп ӛліп 
жатқанын кӛрді. Бӛлмеде жалғыз иттен басқа жан-пенде жоқ. Тек қана 
айналар бар. Шын мәнінде, итті ешкім қорқытпады, оған қарсы 
ешқандай ит ҥрген де жоқ. Ол бар болғаны ӛз-ӛзіне айбат шегіп, ӛз-
ӛзімен арпалысып ӛлді. 
Міне дәл осы сияқты ішіңіздегі мыңдаған кедергілерден сҥрінбей 
ӛтсеңіз сырттағы кедергілерден оп-оңай ӛте аласыз. Сіз қандай 
болсаңыз-айналаңыздағыларды солай кӛресіз. Дҥние - ішіңіздегіні 
кӛрсететін айна екенін ешқашан естен шығарушы болмаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет