Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Воlashaq saraiy» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны


«Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар»



бет3/10
Дата16.10.2023
өлшемі182,5 Kb.
#115700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОП жас натуралист

«Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар» (28сағат):
1) «Тұқым» (4 сағат). Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы. Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқым ішіндегі өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі. Тұқымдарды топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың шаруашылық маңызы. Тұқымдардың таралуы.
2) «Тамыр» (6 сағат). Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы. Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы — тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Тамыр түктері, олардың тамыр және бүкіл өсімдіктің тіршілік әрекеттеріндегі рөлі. Тамырдың бұтақтануы. Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түр өзгерістері. Зертханалық жұмыстар: Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері; 
3) «Өркен» (10 сағат). Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік- өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері. Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың жұмсақ бөлігі және жабындық ұлпа. Лептесіктер. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістері. Сабақ — өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буын аралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері. Қыс кезіндегі өсімдік өркендері. Жапырағын тастаған ағаштармен, бұталармен және ағаштар мен шөптердегі қайта жаңаратын бүршіктерімен танысу. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау. Топсеруен: Өсімдіктің қысқы тіршілігі. Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар;
4) «Гүл, жеміс» (8 сағат). Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүл серігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің аталық және аналық бөліктері. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдікгүлдерінің ерекшеліктері. Гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы. Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдандыру, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру). Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қабығы ашылатын және ашылмайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер. Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта.
14. «Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері» (12 сағат). Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру.Өсімдіктің топырақтан қоректенуін қамтамасыз ететін жағдайлар. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар (азотты, калийлы, фосфорлы және микроэлементтер). Өсімдіктердің ауалы ортада қоректенуі. Фотосинтез. Күннің жарығы мен хлорофиллдің фотосинтез процесіндегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Өсімдіктің тыныс алу процесінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу. Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею. Өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуі туралы түсінік. Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызы. Вегетативтік көбею, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі. Вегетативтік көбеюді өсімдік шаруашылығында пайдалану. Қалемшелер, сұлатпа, телу (қалемше,көзшелер) арқылы және ұлпалармен көбейту. Өсімдікттердің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен дамуының қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдік дамуының кезеңдері (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю). Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы.
15.«Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері» (42 сағат):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет