Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Воlashaq saraiy» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорны



бет2/10
Дата16.10.2023
өлшемі182,5 Kb.
#115700
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОП жас натуралист

Бағдарлама мақсаты. Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Арналған бағдарлама мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға бұл пәнді игеруді жеңілдету мақ­саты көзделген. Бұл курста жалпы биология курсын терең меңгеруге жасалған.
Міндеттері.
— оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде био­логия пәні бойынша терең білім беру;
— оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;
— биология курсы бойынша білімдерін тереңдету.


«Кіріспе» (2 сағат). Өсімдіктер дүниесін зерттеудің басталуы. Өсімдіктер туралы ғылым —ботаника. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Биологиялық білімдердің негізгі пайдаланылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
«Өсімдіктермен жалпы танысу» (6 сағат). Мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер; бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер; дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар,бұташықтар, шөптер. Өсімдіктерге тән белгілер. Өсімдіктердің негізгі мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе екендігі. Тұқымды және споралы өсімдіктер. Гүлді өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдік организмдерінің жердегі тіршілік орталары: сулы орта, құрлық-ауа, топырақ. Түрлі тіршілік орталарында өсіп таралу жағдайларына байланысты өсімдіктердің көптүрлілігі. Өсімдіктердің күзгі тіршілігі. Табиғи жағдайлардағы өзгерістер. Өсімдіктердегі өзгерістер: өсудің тоқталуы, өркендердің қайтадан түзіле бастауы, жемістің түзілуі, тұқымның шашылуы.
Жапырақтардың түрлі түске боялуы, жапырақтардың түсуі, майда бұтақтардың түсуі. Бұл құбылыстардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бөлме жағдайында, бау-бақша, саябақта және мектеп маңындағы учаскеде өсетін өсімдіктерге
жүргізілетін күзгі күтім жұмыстары.
«Өсімдік жасушасының құрылысы» (10 сағат). Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы. Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі. Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су
және тұздардың ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы. Ұлпалар туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтайтын), өткізгіш, механикалық ұлпалар. Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы. Өсімдік — көпжасушалы организм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет