Ақмола облысы


-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты Ұшты-ұшты – үкі ұшты Ұшты-ұшты – түлкі ұшты 2- топқа



бет5/7
Дата07.01.2022
өлшемі58,5 Kb.
#18281
1   2   3   4   5   6   7
1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты


2- топқа.Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты


3-топқа. Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты


4-топқа. Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты
5-топқа. Ұшты-ұшты –тұзақ ұшты
Ұшты-ұшты – ұзақ ұшты
Ұшты-ұшты – көкек ұшты
Ұшты-ұшты – бөбек ұшты

Ойынымыздың келесі туры «Теңге ілу», және «теңге алу»


Ертеден келе жатқан қазақи ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге ілу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.
«Теңге алу»  жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері өз өнерін көрстумен өлшенеді.Келесі адам шыққанда да сөйтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет