«Тексерілді»
Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Б. Оңалбаев
Тақырыбы: Ұлы дала елінің ұлттық ойындары (эстафеталық сайыс)
Ұранымыз: «Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз
Сол елге лайық болу - ұранымыз»
Мақсаты:
1.Білімділік: Наурыз мерекесіне орай ұлттық ойындар тарихын жандандыру, ұлттық ойындар туралы білу.
2.Тәрбиелік:ұлттық құндылықтарын қадірлеу,патриоттық сезім қалыптастыру. Өз Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық:ұлттық ойындар тарихын зерттеу,ойналу жолдарын білу.
Көрнекті құралдар:спорт құралдары, шарлар, кітап көрмесі, нақыл сөздер
Өтетін орны: Спорт зал.
Жарысқа қатысушыларды құттықтау.Әнұран
1. Ұйымдастыру:
- оқушыларды топтарға бөлу
- топ басшысын сайлау
2. Негізгі бөлім.
- мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті жарысқа қатысушылар! «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары»атты ұлттық ойындар эстафетасына қош келдіңіздер!
Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен.Бүгін сіздермен бірге 7 -сынып оқушылары арасында «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» тақырыбында сайыс өткізілгелі отырмыз.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Достарыңызбен бөлісу: |