Ақмола облысы


Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны»



бет6/7
Дата07.01.2022
өлшемі58,5 Kb.
#18281
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ұлы дала ойыны

Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына , шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.


Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін бес топты ортаға шақырайық.Әр топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет