Ойынымыздың келесі туры «Теңге ілу», және «теңге алу»
Ертеден келе жатқан қазақи ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге ілу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.
«Теңге алу» жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері өз өнерін көрстумен өлшенеді.Келесі адам шыққанда да сөйтеді.