Жүргізуші:Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым-мыршым». «мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мыршым-мыршым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мыршым-мыршым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. Топ кезекпен ойынға шығады
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі өткізіп отырған «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» атты сайысымызды аяқтаймыз