Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Қорытынды 
 
Қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі Шара Жиенқұлова би 
саңылағы мол тәжірибесін жастарға үйрету мақсатымен 
балетмейстерлік –педагогикалық жұмысқа біржола ден қойды. 
Ол жас ұрпақты көркем, әсем қасиеттерге жақсылап баулуда
бойға сіңіретін жайдың бірі – би өнері екенін сол кезде жақсы 
түсінді. Биші апамыз туған жеріміздің барлық түпкірлерінде, 
әрбір ауылда дерлік жаңа өспірім ұрпақ бойына би мен әсемдікке 
сүйіспеншілік ұрығын септі деседе болады.
Жасыратыны жоқ, біздің жұртымызда би, хореография
балет өнері жөнінде түсінік, түйсік әлі тым қарабайыр, тым 
қораш екені белгілі. 
Жас ұрпақты осындай өнер сүйген өркенді жолға салуға 
мұрындық болған осы – Шара апай екенін сүйінішпен атап өту 
қисынды. Жақсы да өркенді ой қозғап, толымды іске түрткі 
болудың өзі де аз еңбек емес, ал егер ой салып, түрткі болумен 
ғана тынбай, іргелі істің тұтқасынан ұстап, оның тұғырылы 
қазығын қағуға, ауыр жүгін арқалап, іргесін өз қолымен қаласуға 
тер төкті.
Шара Жиенқұлова педагог-хореограф ретінде жас ұрпақтың 
эстетикалық білім мен тәрбиесін ұлттық өнердің негізінде 
жетілдіруге байланысты құнды ой-пікірлер айтты. Жас 
хореографтарға би өнері саласынан дәріс берді. Би өнеріне 
байланысты талаптарды үйретті.
Сондықтан да, Шараның қазақ би мектебін оқу 
бағдарламаларына енгізіп, оқу орындарында дербес бөлім ретінде 
үйрету керек деп есептейміз. Түйіндеп айтқанда, Шара 
Жиенқұлова – ұзақ жылдар оқытушылық қызмет атқарып, жас 
ұрпақты тәрбиелеу ісіне атсалысып, қазақ би мектебін 
қалыптастырған ұлағатты ұстаз. 


31 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
1. 
Жиенқұлова Ш. Казахские танцы. Алма-Ата, Госиздат, 1955. 
2. 
Жиенкулова Ш. Тайна танца. Алма-Ата, «Өнер», 1980.
3. 
Жиенқұлова Ш. Сымбат. Алматы, «Өнер», 1987. 
4. 
Жиенкулова Ш. «Танцы друзей». Алматы, «Өнер», 1989.
5. 
Жиенқұлова Ш. Өмірім менің өнерім. Алматы, 
«Жазушы», 1992.
6. 
Шара. (Құраст. К.Диярова). Алматы, «Өнер», 2005.
7. 
«Қазақстан хореографиясының тарихы». Оқулық. 
Авторлары: Т.Қышқашбаев, Ә.Шаңқыбаева, Г.Жұмасейітова, 
Л.Мамбетова, Ф.Мусина. Алматы, «Издат Маркет», 2005.
8. 
Сарынова Л. Балетное искусство Казахстана. Алма-
Ата, «Наука», 1976.
9. 
Бейсенова Ғ. Қазақ биі. Хореография мамандарын 
оқытуға арналған бағдарлама. –Алматы, 1993.  
10. 
Құмарова Ш. Би тәңірісі. // Егеменді Қазақстан, 2002. 9 тамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет