Амтамасыздандыру



бет11/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
Алгоритрм лекция жинағы

+ (плюс), - (минус), * (жұлдызша ), / (бөлу сызығы), = (тең), > (үлкен), < ( кіші) , ; (нүктелі үтір ), & (амперсанд ), [ ] (тік жақшалар), { } (жүйелі жақшалар ), ( ) (дөңгелек жақшалар), _ (астын сызу), (бос орын ), . (нүкте), , (үтір), : (қос нүкте), # (нөмір), % (процент), ~ (разрядтап терістеу), ? (сұрақ белгісі), ! ( леп белгісі), \ (кері слэш).


Мәліметтердің жіктелуі
Си тілінде қарайым (скалярлық ) және күрделі ( құрамды) деп аталатын екі түрлі мәліметтер категориясы қолданылады. Негізгі (базалық) түрге бүтін, нақты, символдық түрлер жатады. Оның ішінде бүтін типті мәліметтер қысқа (short), ұзын (long) және таңбасыз (unsigned) болуы мүмкін.

Мұнда мәліметтердің бірнеше негізгі типтері қолданылады. Олар:



  • char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық тип, -128...127

  • short () – қысқа бүтін сан,

  • int – бүтін сан типі,

  • long – екі еселенген бүтін сан,

  • float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар,

  • double – екі еселенген нақты сан типі.

  • unsigned – таңбасыз сан,

Алғашқы төрт тип бүтін сандарды сипаттау үшін қолданылады. Төмендегі кестеде әр түрлі типтердің ұзындықтары көрсетілген.
1 кесте. Си тілінің ішкі құрамындағы мәліметтер типтері мен олардың ұзындығы


Мәлімет типі

Ұзындығы (бит – байт)

Сандар диапазоны

char

8 бит – 1 байт

-128 ... +127

unsigned char

8 бит – 1 байт

0 ... 255

short int

16 бит – 2 байт

-32768 ... 32767

unsigned short

16 бит – 2 байт

0 ... 65 535

int

16 бит – 4 байт

-32768 ... 32767

unsigned [int]

32 бит – 4 байт

0 ... 4294967295

long

32 бит – 4 байт

-2 147 483 648 ... 2 147 483 647

unsigned long

32 бит – 4 байт

0 ... 4 294 967 295

float

32 бит – 4 байт

3.4*10-38 ... 3.4*1038

double

64 бит – 8 байт

1.7*10-308 ... 1.7*10308

long double

80 бит – 10 байт

3.4*10-4932 ... 3.4*104932

Бүтін мәліметтерді сипаттау
1. Int бүтін сандар типі
Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға байланысты өзгеріп отырады. 16-разрядты процессорде ол 2 байт, ал 32-разрядтысында – 4 байт.
Егер int алдында short спецификатор сөзі тұрса, онда ол әрқашан 2 байт, ал егер спецификаторы long болса, 4 байт болады. Санға компьютер жадында берілген орынға қарай олардың мәндері өзгереді.
short int – 2 байт, оның диапазоны –32768 ..+32767;
long int – 4 байт, оның диапазоны –2 147 483 648..+2 147 483 647.
Int типі 16-разрядты ДК үшін short int типімен бірдей, ал 32-разрядты ДК үшін long int типімен бірдей.
Signed және unsigned модификаторлары да сандар шамасына әсер етеді, олар:
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны 0 ..65536;
unsigned long int – 4 байт, диапазоны 0..+4 294 967 295.
Айнымалыларды сипаттау кезінде бүтін тұрақтылар – костанталар мәндерін де көрсетуге болады. Мысалы:
int k=0; (бір ғана сан сипатталған және оған мән берілген)
int k1, k3=0; (біреуі тек сипатталған, екіншісіне мән де берілген)
Unsigned типі int, long, short түйінді сөздерімен сипатталатын типтердің модификаторы ретінде қолданылады. Мысалы:
unsigned int sum=0;
char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипаттауға қолдануға болады, ДК жадында бұларға бір байт орын бөлінген. Мысалы:
char c1;
char ck=’k’;


2. Char типі
Бұл тип мәндері реттелген символдар жиыны болып табылады. Әрбір символға бір бүтін сан сәйкес келеді, ол символ коды деп аталады. Символдық тип ені – 1 байт. Char типі де signed және unsigned специфи­каторлармен қолданылады. Signed char типі диапазоны –128 .. 127. Unsigned char типін қолданғанда, оның мәндер диапазоны 0 .. 255 болады. Символдарды кодтау үшін ASCII (American Standard Code for International Interchange) стандарты негізге алынған. Символдардың 0 .. 31 кодтары қыз­меттік кодтарға жатады, олар тек енгізу-шығару кезінде ғана қолданылады.
Сhar типі шамалардың көрсетілген диапазоны сандарын сақтау үшін де қолданыла алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет