#define (анықтау) директивасы макроконстантаны даярлайды және оны бүкіл файлға танымал етеді.
Мысалы: #define PI 3.1415927
Программаны препроцессорлық өңдеу нәтижесінде PI идентификаторы 3,1415927 мәнімен алмастырылады.
Мысал:
#include #include < conio.h> /* Директивы препроцессора */
#define PI 3.1415927
void main() // Бас функцияның тақырыбы
{ // Функцияның басы
int num; /num айнымалысын мәлімдеу num=13 ; // Меншіктеу операциясы
clrscr(); // Экранды тазалау
printf(" \n Число pi=%7.5f\n %d - это опасное число \n”, PI, num);
} // Функцияның соңы
Программаның алғашқы екі жолында printf() функциясы үшін енгізу-шығару функцияларының (stdio.h) және clrscr() функциясы үшін консольмен жұмыс істеу функцияларының декларацияларын қамтитын #include препроцессорының директивалары көрсетілген. Келесі директива PI макроконстантасын даярлап, программадағы оның атауларының орнына 3,1415927 сандық мән қояды. Main бас функциясында num бүтін айнымалысы сипатталады. Бұдан кейін осы айнымалыға 13 мәні беріледі. Printf функциясы экранға:
Число pi =3.1415927
13 – это опасное число
жолдарын шығарады.