Математикалық стандартты функциялар Си тіліндегі математикалық функциялардың декларациясы файлында орналасқан. Төмендегі көрсетілген функциялардағы x және y аргументы double типіне, ал n параметрі int типіне жатады. Тригонометрилық функциялардың аргументтері радианмен (2π радиан = 360) берілген. Келтірілген математикалық функциялардың барлығы double типті мәнді ( нәтижені) қайтарады.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар: ~~ Си тілінде қолданылатын негізгі операторлар. меншіктеу операторын сипаттаңыз.
~~ Типтерді түрлендіріңіз.
~~ Си тілінің негізгі операторларын сипаттаңыз.
ОБСӨЖ тапсырмалары: Нұсқауыштарды қолдана отырып массивтермен жұмыс істеу
СӨЖ тапсырмалары: Си тілінің тарихы. Тілдің элементері
Таблица 3
Математикалық функция
Функцияның Си тіліндегі атауы
1
2
sqrt(x)
|x|
fabs(x)
ex
exp(x)
xy
pow(x,y)
ln(x)
log(x)
lg10(x)
log10(x)
sin(x)
sin(x)
cos(x)
cos(x)
tg(x)
tan(x)
arcsin(x)
asin(x)
arccos(x)
acos(x)
arctg(x)
atan(x)
arctg(x/y)
atan2(x,y)
sh(x)=1/2 (ex-e-x)
sinh(x)
ch(x)=1/2 (ex+e-x)
cosh(x)
tgh(x)
tanh(x)
x–ты y-ке бөлгендегі қалдық
fmod(x,y)
>=x болатын ең кіші бүтін
ceil(x)
<=x болатын ең үлкен бүтін
floor(x)
Бақылау сұрақтары: Бүтін сандар типі қалай сипатталады?
Егер double типі аты алдында long сөзі тұрса, онда оған қанша байт орын беріледі?
Символдар қатарының ұзындығын анықтау үшін қандай сөз қолданылады?
#define не үшін қолданылады?
Си тіліндегі математикалық функциялардың декларациясы қандай файлда орналасқан?
Мәлімдеу кезеңінде нысаналарға бастапқы мән беруге (инициалдауға) бола ма?
Әдебиеттер: Культин Н.Б. Самоучитель Основы программирования в Delphi 7 +диске
Хармон Руководство разработчика баз данных в Delphi/Kylix.
Роберт Делросси VB2D - конвертор с Visual Basic на Delphi
Камардинов А. Delphi 5, Алматы, “Ата-мура”, 2002.
3 -Дәріс. Тақырыбы: Ақпараты енгізу-шығару ункциялары. Printf және scanf функциялары Лекция мақсаты мен міндеттері:
Printf() функциясы
Формат спецификациялары
Scanf() енгізу функциясы
Scanf() енгізу функциясының ерекшеліктері
Си тілінде сыртқы ортамен мәліметтер алмасу енгізу-шығару функциялары кітапханасын пайдалану арқылы орындалады. Ол тақырып файлы ретінде былай жазылады:
#include
Лекция мазмұны: Ақпаратты шығаруға (экранға, баспаға,.. ) Си тілінде мынадай функциялар пайдаланылады:
Putchar() функциясы бір символды келесі жолға өтпей шығаруды қамтамасыз етеді.
Puts()функциясы символдар қатарын шығарып, келесі жолдың басына көшуді қамтамасыз етеді.
Printf() функциясы форматталған мәліметті шығаруға арналған. Оның форматы мынандай:
рrintf (<басқарушы қатар>, < аргументтер тізімі >);
Басқарушы қатар тырнақшаға алынады және ол компиляторға ақпараттың шығарылу түрін көрсетеді. Оған түрлендіру спецификациялары мен басқарушы символдар кіруі мүмкін.
Түрлендіру спецификациялары жазылу түрі: