For цикл операторындаөрн2 ретінде жалпы дұрыс жазылған кез келген өрнекті пайдалануға болады. Мысалы:
for (d=0.1; d<50; d*=5) printf(“%f”,d); For цикл операторында бір немесе бірнеше өрнектерді жазбауға да болады, бірақ мұндайда ; символын міндетті түрде өз орындарына жазып отыру керек, мысалы:
x=2; for(n=4; x<=100;) x=x*n; For цикл операторында құрама өрнектерді « , » операциясы арқылы жазуға да болады.
« , » операциясы – құрама өрнекті ұйымдастыру үшін қолданылады. Осы операцияны қолданғанда, үтір арқылы бөлектенген өрнектер сол жақтан оң жаққа қарай есептеледі. « , » операциясы цикл операторының тиімді болуы үшін жиі пайдаланылады. Мысалы:
main () { int x,y; for (x=1,y=9;x<=10; x++,y--) printf(“%d%d\n”, x,y); } Мұнда өрн1 және өрн2 арқылы осы цикл операторында екі өрнек құрылған (x=1,y=9;) және олар x,y айнымалыларын өзгерту үшін қолданылады.
Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция
Деңгейлік тапсырмалар: ~~Директивалар туралы мәліметті көрсетіңіз.
~~Си тілінде арифметикалық операциялардың орындалуын көрсетіңіз.
~~Арттыру немесе кеміту операцияларын орындалуын көрсетіңіз.
ОБСӨЖ тапсырмалары: Жиымдарды пайдалану
СӨЖ тапсырмалары: FOR цикл операторы
Бақылау сұрақтары: For цикл операторының жалпы жазылу қалай?
For цикл операторыныңWhile операторы менdo … while операторларынан қандай айырмашылығы бар?
« , » операциясы не үшін қолданылады?
Әдебиеттер: Культин Н.Б. Самоучитель Основы программирования в Delphi +диске
Хармон Руководство разработчика баз данных в Delphi/Kylix.