Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


Плазма құрамы. Қаннның физикалық және химиялық қасиеттері



бет2/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2.Плазма құрамы. Қаннның физикалық және химиялық қасиеттері.
Плазманың құрамы .
Оның 90-92 % -і судан , қалғаны ( 8-10 % ) күрғақ заттардан тұрады . Соңғыларының 8-9 % -і органикалық заттар , оның ішінде белок 6-8 % ; 0,9 % -1 % бейорганикалық ( минерал ) заттар . Бұлардың көбі ас түзы ( 90 % ) . Органикалық заттардың көбі белоктар : альбумин , глобулин,фибриноген .
Каннын физикалық және химиялык касиеттері
Сүйык зат ретінде канға физикалық және химиялык касиеттер тән. Кан қызыл түсті , күрамы өте күрделі . Каннын түсі , рені эритроцит ішіндегі гемоглобиннің әртүрлі газдармен , басқа да химиялык заттармен реакцияға түсіп , тиісті қосындылар құруына байланысты . Мәселен , артерия қанының ашык кызыл түсі канда оксигемоглобиннің ( гемоглобинмен оттегі косындысы ННвО2 ) , вена қанының күнгірт түсі карбогемоглобиннің ( гемоглобин мен көмір кышкылды газдың қосын HHвСО2 ) көбірек болуына байланысты . Адамға иіс тигенде гемоглобин иісті газбен қосылып карбоксигемоглобин ( HHвСО ) түзіледі де , қанның түсі қызыл күрең ( танкуpай түсті ) болады.. Күкіртсутек ( HS ) әсерінен сульфгемоглобин түзілсе қан қарайып кетеді де кан қоңыр түске боялады . Қанның иісі оның күрамындағы тез буланатын май қышқылдарына байланысты , дәмі түзды.Есейген балаларға қарағанда жаңа туған нәресте канының меншікті салмағы едәуір басым. Меншікті салмағы негізінен қан да эритроциттердің аз - көптігіне байланысты . Ол тұрақты көрсеткіш тердің бірі , бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін . Мәселен , адам бірнеше апта тауда болса , қанында эритроциттер саны көбейіп меншікті салмағы артады . Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де , оның қаны қойылып салмағы артады . Қанның қойылуы көбінесе ішек індеттері кезінде байқалады . Науқас адам жиі - жиі күсса не оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды . Адам қансыраса , оның қан тамырлары тінаралық сүйықтыққа толып кетеді де қан сұйылады , яғни оның тығыздығы азаяды.
Қанның келесі физикалық қасиеті оның тұтқырлығы . Қан тұтқырлығы қанның қойылуына не сүйылуы на қарай әрдайым өзгеріп отырады . Демек , қанның бұл қасиеті қан түйіршіктерінің , плазма белоктарының әсіресе глобулиндердің мөлшеріне байланысты .
Қанның өте маңызды қасиеттерінің бірі – осмостык ( итерме ) кысымы. Ерітіндіні өткізетін итерме күш осмостық қысым деп аталады . Ерітіндінің осмостық мөлшері мен осмостык кысымының аз - көптігі еріген бөлшектердің жалпы санына байланысты , еріген заттардың иондар саны неғұрлым көп болса , оның осмостық қысымы соғүрлым жоғары болады . Қаннык осмостық қысымының 60 % -і ас тузы ( NaCI ) иондарына байланысты .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет