Қан Қанның құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері



бет8/23
Дата14.11.2022
өлшемі61,2 Kb.
#50085
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
2-рк физиология (1)

10.Гемостаз туралы түсінік. Қанның ұюы және оның кезеңдері.
1929 ж америка физиологі Уолтер Кэннон ішкі ортаның , организмнің басты - биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды . Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық , химиялық , биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын айтады . Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым - қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады . Бірақ бүйрек , тер бездері , өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында , сондай - ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеостаз әдетте бұзылмайды . Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән . Мұны гемокинез дейді .
Қанның ұюы. Үю - канның биологиялық қасиеті , қорғаныс қызметінің бір түрі Осы қасиеттің арқасында канның сыртқа шығуы тоқтайды.Мұны гемостаз дейді яғни қан тоқтау.
Ұйыған кезде кан қойылып , тромбыға айналады . Тромб қантамырынын жарасын бiтейді де , сыртка кан кетуін тоқтатады . Қаны ұйымайтын адамдар да болады . Бұл ауру - гемофилия деп аталады . Гемофилиясы бар адам жарақаттанса , қаны тоқтамай өліп кетуі мүмкін . Кан ұюын көру үшін оны пробиркаға құйып , біраз уақыт байқайды , Қан 2-3 минуттен кейін қойылып , біртіндеп қоймалжыңданған массаға айналады .10-12 сағаттан кейін ұйынды нығыздалады . Қан сарысуы ұйындының жан жағын коршайды. Ұйындыны ағып тұрған суға ұстап жуса , пішінді элементтер жуындымен бірге ағып кетеді де , қолда ақ түсті ұйыскан фибрин талшықтары қалады . Ұйыған қанның құрылысын микроскоп арқылы қарау үшін заттық әйнекке бір тамшы кан тамызады да микроскоп астына қояды . Қараған кезде ең алдымен сұйық плазмада жүзіп жүрген жеке - жеке қан жасушалары көрінеді . 3-5 минуттан кейін плазмада жіп тәрізді жіңішке фибрин талшықтары ұйысып , торға айналады . Тордың арасы қан жасушаларына толады да қан қойылып , тромб қүрады . Сонымен жоға рыда келтірілген тәжірибелер қан ұйыған кезде фибрин жіптері пайда болатынын көрсетеді .
Қанның ұюы барлық омыртқалы жануарларға тән күбылыс.Қанның ұю жылдамдығы кан үйтатын заттардын санына , күшіне байланысты . Қатын үюы туралы ілімнің негізін салған Александр Шмидт.
Соңғы кездегі мәліметтер бойынша қан ұюы 3 кезеңнен : а ) протромбиназа пайда болуы ; б ) тромбин пайда болуы ; в ) фибрин пайда болуы кезеңдерінен өтеді .Және қанның ең соңғы кезеңі-ретакция мен фибринолиз. Жарақаттанған қантамырының жуан жіңішкелігіне , ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді . Соның бірі тамырдағы тромбоциттік гемостаз - тромбоцит пен қан тамыры қабырғасының ішкі бетінің қасиеттеріне , ал екіншісі коагуляциялық гемостаз кан ую жүйесін құратын плазмалық түрткілерге байланысты .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет