Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Коммунальное государственное казенное предприятие «Жамбылский медицинский колледж» управления здравоохранения акимата Жамбылской области
Тараз 2020
Қан жүйесінің физиологиясы.Қанның құрамы мен қызметі.
Жоспары:
Қанның атқаратын қызметі.
Қанның құрамы және олардың негізгі атқаратын қызметі.
Гемоглобин және гемолиз.
Қан тобы, резус-фактор сипаттамасы және оларды анықтау әдісі .
Қан (гр.haemo ;лат.sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады .Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы т.т.) айтады..

Қанның негізгі қызметі:
Қанның құрамы:
Эритроцит
Эритроцит – ( грекше erytros – қызыл, cytos- жасуша) қанның қызыл түйіршіктері. Олардың саны еркекпен әйелде бірдей емес. Ер адам қанының әр литрінде 4,0-5,0х1012 эритроцит болады. Әйел қанында бұл көрсеткіш аздау: 3,7—4,5х1012. Эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы (5,0х1012) эритроцитоз, аз болуы (3,7-3,9х1012 одан да төмен) эритроцитопения деп аталады.
Эритроциттің құрылысы мен құрамы. Эритроцит-ядросыз екі жағы ойс келген дөңгелек жасуша. Ол ядросынан сүйек кемігінде өтетін эритропоэз кезінде айырылады. Көлденеңінен қарағанда эритроцит гантелге ұқсайды: оның диаметрі 7,2-8,0 мкм, қақ ортасындағы ойыс жерінің жуандығы 1,5-2,0 мкм, ал жасуша жиегінің жуандығы 2,5 мкм.
Жасушаның диаметрі мен пішіні сырқаттанған кезде өзгеруі мүмкін. Диаметрі 8,1 мкм-ден асса, эритроцит макроцит деп, ал 7,2 мкм-ден кем болса микроцит деп аталады.