Қан жүйесінің физиологиясы.Қанның құрамы мен қызметі



бет3/3
Дата02.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#71388
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
4 тақырып қан

Лейкоциттердің қызметі:

  • Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді;
  • Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар;
  • Антиденелер өндіреді;
  • Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады;
  • Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді;
  • Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады;
  • Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет; 

Тромбоциттер

  • Тромбоциттер –қан пластинкалары,екі жағы дөңес,дөңгелек құрылым.Олардың мөлшері 180 – 320 109/л. Оның көбеюі – тромбоцитоз, азаюы – тромбоцитопения. Тромбоциттердің қасиеттері. Лейкоциттер сияқты фагоцитозға жалған аяқ шығарып қозғалуға қабілеттігі бар. Тромбоциттер бөгде беткейге жабысатын және бір – бірімен желімделетін физиологиялық қасиеті де бар. Олар қан тоқтатуға қатысады

Тромбоциттердің қызметі:

Қан топтары

  • Қан топтары –адам қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет