Қан жүйесінің физиологиясы.Қанның құрамы мен қызметі


Эритроциттердің қызметі: Гемоглобин



бет2/3
Дата02.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#71388
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
4 тақырып қан

Эритроциттердің қызметі:

Гемоглобин

  • Эритроциттегі құрғақ заттардың 90% -гемоглобиннен,ал қалғаны басқа органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады.Әрбір эритроцитте 300млн-дай гемоглобин молекуласы бар.
  • Гемоглобин – қанның тыныс алу пигменті. Ол оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Ер адамның 1л қанында 130 – 160 г/л , әйелде 120 – 140 г/л. Гемоглобин 600 амин қышқылдарынан тұрады. Гемоглобин глобин нәруызынан, төрт гем молекуласынан құралған. Гем молекуласында бір атом темір бар. Темір өзіне оттегін қосып алады да, жасушаларға оңай береді. Глобин – гемнің нәруыз тасушысы. 
  • Гемоглобиннің қызметі: Тыныс алу – гемоглобин өкпеден тіндерге оттегін және тіндерден өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайды. Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосындысы карбогемоглобин, оттегімен қосындысы – оксигемоглобин, иісті газбен – карбоксигемолглобин деп аталады.

Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:

  • Гемолиз (грекше haіma –қан, lysis – еру) –эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуы. Мұны гемолизденген қан деп атайды. Ол әдетте мөп-мөлдір. Гемолизденген қан құйылған пробирка арқылы күн сәулесі өтеді. Түсі қызыл лак тәрізді, сондықтан ол қанды лак тәрізді қан деп атайды. Әсер ететін факторлар түріне қарай гемолизді бірнеше түрге бөлуге болады:

Гемолиздің түрлері:

Лейкоциттер

  • Лейкоциттер - қанның ақ жасушасы. Олар түссіз және ядролары бар. Дені сау адамда лейкоциттердің мөлшері 4,5–9,0х109/л. Лейкоциттердің көбеюі – лейкоцитоз, азаюы – лейкопения деп аталады. Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агранулоциттері ( түйіршіксіз). Гранулоциттер түйіршіктері боялуының түріне қарай базофил,эозинофил,нейтрофил болып 3-ке бөлінеді.Агронулоциттер қатарына лимфоциттер мен моноциттер жатады.Лейкоциттер арасындағы пайыздық қатынас лейкоцитарлық формула деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет