Қан жүйесінің патофизиологиясы



бет3/4
Дата28.03.2023
өлшемі160,99 Kb.
#76717
1   2   3   4
Байланысты:
503411.pptx

Анемиялар Анемия немесе қан аздық деп, қанның белгілі көлемінде эритроциттер мен гемоглобиннің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасып, саны азаюын айтады. Анемия себебтері: Әртүрлі дерттер мен уланулар,қантүзілу факторларының жеткіліксіздігі, сүйек кемігінің гипоплазиясы, эритроциттердің гемолизі, қанкетулер анемия дамуына әкелуі мүмкін. Этиологиясы бойынша тұқым қуатын және өмірден алынған анемиялар деп бөлінеді.


Эритроциттердің орташа өлшемі бойынша
Түстік көрсеткіші бойынша
Сүйек кемігі қызметінің қалпына келу қабілетіне қарай
микроциттік
нормациттік
макроциттік
гипохромдық
нормохромдық
гиперхромдық
регенерациялық
гипорегенерациялық
гипоплазиялық
Анемияның жіктелу принциптері

Патогенезі бойынша: 1) қанкетуден болатын немесе постгеморрагиялық анемиялар – тез және созылмалы қансыраудың нәтижесінде дамиды. 2) қан ыдырауы күшеюінен болатын немесе гемолиздік анемиялар – бұл анемиялардың пайда болуында эритроциттердің өндірілуінен ыдырауының басым болуы негізгі патогенездік фактор болып саналады. 3) қан түзілу бұзылуынан болатын немесе тапшылықты анемиялар – оның бұзылуына бірнеше себеп әкелуі мүмкін: а) қан түзу реттелуінің бұзылуы б) эритроциттердің түзілуіне қажетті заттардың жетіспеушілігінен тапшылықты анемиялар в) сүйек кемігіне кейбір микробтардың токсиндерінің, химиялық заттардың және дәрілік препараттардың әсерлері г) сүйек кемігіне зарарлы ісіктердің метостазы немесе лейкоздық инфильтраттардың дамуы.

Лейкоцитоз Лейкоцитоз – шеткі қанда лейкоциттердің 8*109/л – ден астам көбеюі.Ол физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін. Физиологиялық лейкоцитоз – тамақ ішкеннен 2-3 сағат өткен соң дамитын – ас қорытулық, ауыр қол жұмысын атқарғаннан кейін-миогендік, жаңа туған балалардың, жүкті әйелдердің лейкоцитоздары болады. Патологиялық лейкоцитоз – көптеген аурулар кезінде дамиды. Бұл лейкоцитоз сүйек кемігінің лейкопоэздық қызметі, және лейкоциттердің шеткі қанға көтерілуімен байланысты. Көбейген лейкоциттердің түрлеріне қарай -нейтрофильдік(саны 10-40*109л дейін проценттік мөлшері 80-95 ке көбееді) -эозинофильдік(шеткі қанда 5% астам жоғарылауын айтады) -базофильдік(шеткі қанда олардың саны көбеюін айтады) -лимфоциттік(шеткі қанда саны 45% -тен астам көтерілуі) -моноциттік(шеткі қанда олардың саны 8%-тен астам көбеюі) лейкоцитоздар болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет