Ќан жїйесі физиологиясы



бет28/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128
Ұлпалық тыныс. Ұлпада да газ алмасу диффузия принципіне негізделген, газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа өтеді.

Торшалар оттегіні толассыз пайдаланады, сондықтан оның қысымы шамалы ғана болады, немесе нөлге дейін төмендейді. Ұлпа сұйығында оттегі қысымы артерия қанымен салыстырғанда көп төмен, с.б. 20-40 мм шамасында болады. Осымен байланысты оттегі артерия қанынан ұлпа сұйығына, одан торшаға толассыз өтіп отырады.

Ұлпада көмір қышқыл газдың қысымы ұлпалық сұйық пен қанға қарағанда көп жоғары, с.б. 60 мм-ге жетеді. Осыдан СО2 торшадан ұлпа сұйығына, одан қанға өтеді.

Ұлпалық тыныс немесе биологиялық тотығу торша ішінде жүреді. Н.А.Бах ұсынған асқын тотықтық теорияға сәйкес ұлпада тотығатын затқа оттегінің қосылуын жандандыратын оксидаза ферменті болады. Алғашында О2 тотықтырылатын затына қосылып, тұрақсыз, оңай ыдырайтын органикалық асқын тотық түзеді. Ол пероксидаза ферментінің әсерімен тез ыдырайды да, басқа затты тотықтыратын оттегі атомы бөлініп шығады. Бірақ бұл теория биологиялық тотығу процесінің сырын толық аша алмайды. Ұлпадағы биологиялық тотығу процесінің сырын В.И.Палладин ұсынып, Г.Виланд толықтырған гидрогеназалық теория тереңірек түсіндіреді. Бұл теорияға сәйкес дегидрогеназа ферментінің әсерімен тотығушы заттан сутегі атомы бөлініп шығады да, субстрат құрамында оттегі көбейеді. Бөлінген сутегі кодегидраза көмегімен флавин ферменттеріне беріледі. Осымен қатар цитохромды жүйе (құрамында темірі бар ферменттер мен пигменттер) арқылы оттегі активтенеді. Нәтижесінде теріс зарядты белсенді оттегі иондары түзіліп, ол сутегі атомдарымен оңай қосылады да, соңғы тотығу өнімі – су (Н2О) түзіледі. Екінші соңғы тотығу өнімі – СО2 декарбоксилену процесі нәтижесінде кетоқышқылдардан түзеді.

Организмде тотығу және тотықсыздану процестері қатар жүреді, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оларға жұмсалатын энергия АТФ-тен алынады.

Биологиялық тотығу процесін жүргізетін ферменттер жүйесі митохондрийде орналасқан. Осы жерде торша қызметін атқаруға АТФ ресинтезіне қажет тотығу энергиясы бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет