Қан кету кезінде



бет3/5
Дата19.09.2023
өлшемі22,11 Kb.
#108553
1   2   3   4   5
Байланысты:
алғашқы жәрдем

Сорбенттерді қабылдау. Сорбенттерге токсиндерді белсенді сіңіріп, олардың қанға сіңуіне жол бермейтін дәрілер жатады. Ең танымал сорбент - белсендірілген көмір. Қабылданатын көмір дәрісінің саны адамның дене салмағына қарай есептеледі (дене салмағының 10 килограмына 1 дәрі есебімен). Қазіргі заманғы басқа да сорбенттердің қатарында Энтеросгель, Лактофильтрум, Смекта, Зостерин сынды препараттар бар. Оларды нұсқаулыққа сәйкес қабылдау керек.
Сұйықтықты көп ішіңіз. Құсу және диарея ағзадағы сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуға ықпал етеді. Уланған жағдайда тәулігіне 2-3 литр қайнатылған су ішу керек. 1 литр суға 1 ас қасық ас тұзы есебімен суды тұздаған дұрыс. Сондай-ақ, "Регидрон" секілді арнайы регидратациялық тұз ерітінділерін қолдануға болады.
Күйік шалған кезде
Буға немесе суға күйіп қалу секілді жағдай тұрмыста жиі кездесіп жатады. Тұрмыстық жағдайдағы күйіктің салдары әдетте қатты ауыр болмайды және ол күйік шалудың І немесе ІІ деңгейінен аспайды. Әйтсе де бұл жағдайда да алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын білген дұрыс:

  • Тез арада күйік шалуға алып келген фактордың (су немесе бу) көзін жою керек;

  • Зардап шеккен дене бөлігін ағын сумен салқындату;

  • Ылғал таңғышпен жабу;

  • Тыныштықты қамтамасыз ету.

Жарақатқа жақпамай, май, қаймақ және тағы басқа заттарды жағуға болмайды. Бұл жараға инфекция түсуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар қатты күйік шалған жағдайда жабысып қалған киімді жұлып алуға, күлдіреген қабыршықтарды жаруға да тыйым салынады.
Химиялық хаттармен жұмыс істеу барысында тұрмыста жиі кездесетін химиялық күйік шалу кезінде де тері тіндері зақымдалады. Мұндай заттарға сірне қышқылы, құрамында сілті немесе ерітілмеген сутегінің асқын тотығы бар кейбір тазалау құралдары жатады. Бұл жағдайда мыналарды орындау керек:

  • Зақымдалған тері аумағын ағынды салқын су астына қойып, 20 минут шаю керек;

  • Химикаттарды бейтараптандыру керек. Алайда түрлі химикат түрлі әдіспен бейтараптанады. Қышқылмен күйген жағдайда зақымдалған жерге сода себу керек немесе сабынды сумен жуу керек. Сілтімен күйген кезде күйге аумақты сұйытылған сірне қышқылымен жуу қажет;

  • Бейтараптандырудан кейін залалсыздандырылған таңғашпен немесе ылғалды шүберекпен жараны байлау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет