Қан кету кезінде



бет4/5
Дата19.09.2023
өлшемі22,11 Kb.
#108553
1   2   3   4   5
Байланысты:
алғашқы жәрдем

Үсік шалған жағдайда
Үсік шалған жағдайдағы алғашқы көмек көрсету мына іс-шаралары қамтиды:

  • Зардап шеккен адамды жылы бөлмеге кіргізу;

  • Үсіп қалған аумақтағы сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді абайлап шешу;

  • Науқасты жатқызып, үстін жылы көрпемен жабу;

  • Жылы сусын, ыстық шай, сүт, морс беру;

  • Зақымдалған дене аумағына стерильді таңғыш қою;

  • Егер дененің зардап шеккен жеріндегі сезімталдық қалпына келмеген болса, дереу дәрігерге шақыру керек.

Суға батқан жағдайда
Адам суға кеткенде ең алдымен оны тез арада судан шығарып, "жедел жәрдем" шақыру керек. Зардап шеккен адамды 6 минуттың ішінде судан шығарып алу маңызды. Одан соң мына әрекеттерді орындау қажет:

  • Егер жәбірленуші есін біліп отырса, онда оны тыныштандырып, белгілі бір қашықтықты сақтау керек. Ол үрейленген жағдайда және өзін өзі қорғау мақсатында сізді де су астына тартып кетуі мүмкін;

  • Суға кеткен адамды судан шығару барысында қолтық тұсынан ұстап, оның сізге арқасын беріп жатуын қадағалаңыз. Осылайша жағаға қарай жүзу ыңғайлы болады;

  • Жәбірленушінің аузы мен мұрнын су мен балдырдан босату маңызды. Ол үшін зардап шеккен адамды ішімен төмен қарай тізеңізге жатқызып, басын төмен салбырату керек. Бұл судың жылдам шығуына көмектеседі. Осы кезде қабырғасы мен арқасын басу маңызды.

  • Одан соң оны қолдан дем алдыру қажет. Ол үшін мұрнын жауып, аузына ауа үрлеу керек.

  • Жүрек қағысы естілмеген болса, онда қолдан дем алдыру барысында жүрек тұсына массаж жасау керек. Бес рет тікелей емес массаж жасап, аузына ауызбен ауа жіберу қажет.

Алғашқы медициналық көмек ережелері
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет