Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.
Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.
Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/densauly/20210529/17185771/Algashky-meditsinalyk-komek.html