көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;
ауа жетіспеушілік сезімі;
мазасыздану;
жүрек айну;
Объективті белгілері:
Объективті белгілері:
тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс;
артериялық қан қысымының төмендеуі;
ентігу;
несеп түзілуінің азаюы;
Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:
Әртүрлі дәрежедегі қан жоғалтудың клиникалық белгілері:
Қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде клиникалық белгілер болмайды.
Орташа қан жоғалту дәрежесінде тамыр соғуы минутына 100 ретке жиілейді, қан қысымы төмендейді, шеткі вазоконстрикция белгілері пайда болады.
Ауыр дәрежеде тамыр соғуы минутына 120 ретке жиілейді, қан қысымы 100 мм. сын. бағ. төмен, салқын тер басады, ентігу пайда болады, шеткі ағзалар көгіс тартады, несеп түзілуі азаяды.
Массивті қан жоғалтқанда тамыр соғуы минутына 120 реттен астам, қан қысымы 60 мм. сын. бағ., тері күрт қуқылданады, несеп бөлінбейді, ступор пайда болады.
Қан кетуді уақытша тоқтату
Оларға мыналар жатады: қыл бұрау салу, артерияларды саусақпен басу, аяқ-қолды мейлінше бүгу, қысып таңу, жараға тығын салу, аяқ-қолды жоғары ұстау, қанап тұрған тамырға қысқыш салу, уақытша шунттау.
Қыл бұрау салу. Қан тоқтатудың сенімді тәсілі.
Көрсеткіштері:
аяқ-қолдағы артериялардан қан кету;
аяқ-қолдағы кез-келген масситві қан кету.
Қыл бұрау салудың ережелері:
Қыл бұрау салудың ережелері:
Қыл бұрау салар алдында аяқ-қолды жоғары көтеру керек.
Қыл бұрауды жарадан жоғары жерге және мейлінше оған жақын жерге салу керек.
Қыл бұраудың астына мата (киім) салу керек.
Қыл бұрау салған кезде оны біркелкі соза отырып 2-3 айналым жасау керек және айналымдары бір-бірінің үстіне жатпауы тиіс.
Қыл бұрау салғаннан кейін оның салынған уақытын дәл көрсетіп жазу керек.
Дененің қыл бұрау салған жері қарауға қолайлы болуы тиіс.
Қыл бұрау салынған жаралылар бірінші кезекте тасымалданады және оларға бірінші кезекте көмек көрсетіледі.
Қыл бұрауды алдын-ала ауыртпайтын дәрі берілген соң ғана босату керек.