Артериялық қан кету - өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды
Артериялық қан кету - өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара - көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Көктамырдан қан кетуқан тамыр ішінен шие түстес, қара - көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету. Аралас сипатты қан кету, негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады.
Қан кетіп жатқан тамырдың сипатына байланысты артериялық, көктамырлық, капиллярлық және паренхиматоздық қан кету болып бөледі.
Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.