Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері



бет2/12
Дата01.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#46662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қан тобын анықтау ережесі.

Қан тобын анықтау ережесі.

1. Қолдарды жуып, қолғаптар киіңіз.

2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін жазыңыз.

3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған скарификатор мен тесіңіз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаңыз.

4. Резиналы грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1 санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1 тамшы тамызыңыз. Барлығы болып үш тамшы болады.

5. Әр топқа арналған бөлек пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызыңыз, яғни, сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек.

6. Әрбір топқа бөлек шиша таяқша алып араластырыңыз.

7. Сағатқа қарап 5 минут күтіңіз. Сол кезде тарелканы қолыңызға алып шамалы қайқап тұрыңыз.

8. Сонан соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін тамызыңыз.

9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл эритроциттердің жабысып тарелкада тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ және О топ болып табылады.

10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ болып табылады.

11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3 тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып табылады.

12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді.

Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау

Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау

Құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа. Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти –А, анти – В, және анти – Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады. Анти — А, Анти – В, Анти- Д цоликлондарын үлкен тамшымен (0,01 мл) тамызады. Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет