Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері



бет6/12
Дата01.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#46662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Б) 10% желатин қолданып жасау.

Пробирка түбіне 1 тамшы донордың эритроциттерін (алдын ала натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісінде 10 есе мөлшерде жуылған болуы керек), жылытылған 10% желатин ерітіндісінің 2 тамшысын және реципиент қанының 2 тамшы сарысуын тамызамыз. Пробиркадағыны араластырып су моншасына 46-48 С температурада 10 минутқа саламыз. Кейін 6-8 мл физ раствор құйып араластырамыз.

Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің қандары резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді.

Қанды қалай құю керек деген сүраққа жауап беретін болсақ, қан құюдың 2 тәсілі бар екенін атап өткен жөн — тікелей және тікелей емес

Қанды қалай құю керек деген сүраққа жауап беретін болсақ, қан құюдың 2 тәсілі бар екенін атап өткен жөн — тікелей және тікелей емес

Тікелей емес қан құю үшін сәйкес ыдыс пен дайындалған қанды сақтайтын орынның болуының да маңызы аз емес. Қазіргі кезде қан арнаулы полиэтилен пакеттерге алынады, соңғысы пайдаланғаннан кейін жойылады. Бұл пакеттерді пайдалану арқылы қатаң стерильдік сақталады және пирогендік реакцияларды болдырмайды. Олар шыны ыдыстарға қарағанда пайдалануға ыңғайлы. Консервіленген қан арнаулы тоңазытқыштарда +2 +8 температурада сақтайды. Қанды көліктің кез-келген түрімен тасымалдауға болады. Қанды арнаулы бірреттік түтіктер мен сүзгіштерден (фильтр) түратын жүйе арқылы құяды. Тікелей емес тәсілмен құйғанда қан реципиенттің көктамырына (шынтақ, бұғана асты көктамырына), артериясына (кәріжілік, сан артериясына), өкше, мықын сүйектің кеуегіне жіберіледі.

Тікелей қан құю тәсілі. Бұл тәсіл бойынша қан донордан реципиентке алдын — ала дайындамай құйылады, яғни тұтас жас қан құйылады. Тек көктамыр арқылы жіберіледі. Бұл технология бойынша қан құю кезінде сүзгіштер пайдаланылмайды, сондықтан қан құю жүйесінде түзілетін ұсақ қан сұйықтардың реципиенттің организміне түсіп кету қаупі күшті. Осы себептерге байланысты тікелей қан құюдың көрсеткіштері қатаң шектеулі және массивті қан кеткенде басқа шара болмаған кезде қолданылады. Тікелей қан құю арнаулы аппараттар көмегімен іске асырылады. Қан құю кезінде реципиент донордың қасында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет