Жоғары температура әсерін қолдану. Жоғары температураның гемостатикалық әсерінің механизмі — тамыр қабырғасының белоктарының коагуляциясы, қанның ұюының жеделдеуі. Қолданыста мынадай түрлері таралған: Ыстық ерітінділер түрінде (операция уақытында паренхиматоздық ағзалардан қан кеткенде); Диатермокоагуляция. Әдіс қан тамыры қабырғасын күйдіріп коагуляция жасау үшін жоғары жиілікті электр тогын пайдалануға негізделген. Лазерлік фотокоагуляция, плазмалық скальпель — хирургиядағы жаңа технологияға жататын әдіс. Бұл әдіс те коагуляциялық некрозға негізделген. Дегенмен, диатермокоагуляцияға қарағанда жұмсақ және мөлшерлеуге мүмкіндік бар.

Химиялық әдістер.Химиялық, биологиялық әдістердің барлығы да қолдану тәсіліне қарай жергілікті және жалпы әдіс болып 2 бөлінеді. Химиялық жергілікті қан тоқтататын (гемостатикалық) заттар асқазан мен басқа да кілегей қабықтардан қан кетуді тоқтатуға пайдаланылады. Оларға төмендегілер жатады: Сутегінің асқын тотығы – қан ұйық (тромб) түзілуін жеделдету арқылы әсер етеді. Қан тамырын тарылтатын заттар — адреналин. Тіс жұлғанда қан кетудің алдын-алу үшін пайдаланады, асқазанның кілегей қабығының астына жіберіледі. Фибринолиз ингибиторлары — эпсилон-аминокапрон қышқылы. Асқазаннан қан кеткенде оның ішіне сүмбе арқылы жіберіледі. Желатинаның препараттары — гемаспон, көпіршіктелген желатинадан тұратын губка. Қан тоқтауын жеделдетеді. Өйткені тромбоциттер желатинмен жанасқан кезде ыдырайды да, қан ұюын жеделдететін факторлар босап шығады. Балауыз. Тығындаушы материал. Бастың жалпақ сүйектеріне «жапсыруға» пайдаланады. Карбазохром. Капиллярлық немесе паренхиматоздық қан кетуде пайдаланады. Қан тамырларының өткізгіштігін азайтады, микроциркуляцияны қалыпқа келтіреді. Жараның бетіне аталған препаратпен шыланған салфеткалар жапсырады.