Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері



бет12/12
Дата01.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#46662
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Объективті белгілері:

  • тері жамылғысының бозаруы, салқын тер басуы, шеткі аймақтардың көгіс тартуы (акроцианоз);
  • науқастың қимылының азаюы (гиподинамия);
  • жүрек соғуының жиілеуі (тахикардия), жіп тәрізді пульс; артериялық қан қысымының төмендеуі;
  • ентігу;
  • несеп түзілуінің азаюы;
  • Лабораториялық көрсеткіштер:

    Лабораториялық көрсеткіштер:

    Қанның мына көрсеткіштері бағаланады:

    • Шеткі қан құрамындағы эритроциттер саны. Қан кетудің бастапқы кезінде қалыпты күйде қалуы мүмкін. Кейде, деподағы эритроциттер мобилизациясынан соң көтеріңкі болуы да мүмкін. Қалыпты жағдайда аталған көрсеткіш 4,0-5,0 млн/л тең. Бірақ, кейінірек қан кету жалғаса берсе бұл көрсеткіш эритроцитттерді жоғалту мен аутогемодилюция салдарынан төмендей береді
    • Шеткі қан құрамындағы гемоглобин аутогемодилюцияға байланысты төмендейді. Қалыпты жағдайда оның деңгейі 125-160 г/л тең.
    • Гематокрит — формалық элементтер көлемінің жалпы тұтас қан көлеміне қатынасы. Қан кету кезінде төмендейді. Қалыпты жағдайдағы деңгейі — 44-47% тең.
    • Қанның жеке салмағы. Тәжірибеде сирек анықталады. Қан кету кезінде бұл көрсеткіш төмендейді. Қалыпты жағдайда 1057-1060 тең.
    • Жоғалтқан қанның көлемін бағалау. Қан кетіп жатқан науқастың жағдайының қатаңдығы мен оны емдеу тактикасы осы жоғалтқан көлеміне байланысты. Оның ішінде айналыстағы қан көлемін анықтаудың маңызы зор. Айналыстағы қан көлемінің құрамына барлық формалық элементтер мен плазма кіреді.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет