Пневмоэнцефалография және пневмовентрикулография — ми-жұлын сұйығы орналасқан кеңістіктерге бел омыртқааралықтарын немесе ми қарыншаларын тесу арқылы ауа жіберу. Бұл әдісті 1918— 1919 жылдары американдық хирург Денди ұсынған. Күнделікті тәжірибеде ауаны беломыртқалар аралығын тесу арқылы ми-жұлын сұйығы орналасқан кеңістіктерге жіберу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс техникалық жағынан жеңіл болуымен қоса ми-жұлын сұйығы кеңістіктеріндегі өзгерістер туралы толық мағлұмат алуға көмектеседі
Пневмоэнцефалография және пневмовентрикулография— ми-жұлын сұйығы орналасқан кеңістіктерге бел омыртқааралықтарын немесе ми қарыншаларын тесу арқылы ауа жіберу. Бұл әдісті 1918— 1919 жылдары американдық хирург Денди ұсынған. Күнделікті тәжірибеде ауаны беломыртқалар аралығын тесу арқылы ми-жұлын сұйығы орналасқан кеңістіктерге жіберу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс техникалық жағынан жеңіл болуымен қоса ми-жұлын сұйығы кеңістіктеріндегі өзгерістер туралы толық мағлұмат алуға көмектеседі
Пневмоэнцефалография — сырқатты отырғызып(бел омыртқалар аралығын тесу) пункция жасалады да омыртқа өзегінен 40-60 мл ми-жұлын сұйығы алынып, оның орнына 60—80 мл ауа жіберіледі. Ауа жоғары көтеріледі де тор қабығы асты кеңістіктер мен ми қарыншаларын толтырады. Содан кейін төрт рентген сурет түсіріледі: сырқатты арқасынан жатқызып (ауа бүйір-қарыншаларының алдыңғы мүйіздеріне барады), мұрын-мандай тұсынан әуелі оң жақ бүйірі жағынан (контраст сол жақ бүйір қарыншаға барады), содан кейін сол жақ бүйір жағынан (контраст оң жақ бүйірі қарыншаға барады
Ересек адамдарға мұндай пункция жасау үшін әуелі бас сүйектің мандай немесе желке тұсы тесіледі, ал емшектегі балаларда ауаны үлкен бас сүйектер еңбегі арқылы да кіргізуге болады. Бас сүйегі іші бітелуіне (тығыздалуына) байланысты гидроце-фалияның клиникалық сипаты жағдайында пневмоэнцефалогра-фия жасауға болмайды.