Қан тобын анықтау. Резус фактор анықтау,қан тобының сәйкестігін анықтау.Қан құю техникасы. Қан кетуді тоқтату.Қан кетудің анықтаудың барлық түрлері


Қан құю кезінде және оған дейінгі жүргізілетін сынақтар



бет3/6
Дата15.12.2023
өлшемі0,83 Mb.
#139645
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
392173.pptx

Қан құю кезінде және оған дейінгі жүргізілетін сынақтар

  • Қан құю кезінде және оған дейінгі жүргізілетін сынақтар
  • Әрбір науқасқа қан құю алдында төмендегі шараларды ескеру қажет:
  • 1. Қан құюға лайықты болатын көрсеткіштерді салыстыра сынап бағалау.
  • 2. Науқастан қан құюдан кейінгі сырқатнама жинау, әйелдерден қан құю кезіндегі немесе гинекологиялық өзгерістермен және резус фактор жүйесімен байланысты ерекшеліктерді ескеріп қан құюдан кейінгі сырқатнама жинау керек.
  • 3. Аурудың қан тобына, резус факторына байланысты сақтауға дайындалған сәйкес келетін қанды таңдап алу және сақталу мерзіміне де сәйкес келетінін ескеру қажет.
  • 4. Сақталуға дайындалған қанның жарамдылығын көріп, бақылап, анықтау.
  • 6. Ауру мен донордың резус – факторы анықталады.
  • 7. Сақталуға дайындалған қанды жайлап араластыру, бірақ шайқап, теңселтпеу керек.
  • 8. Жеке сәйкестікке сынақ жүргізу. Табақшаға ауру сарысуының үлкен тамшысын алады және донордың қанын 10 есе аз мөлшерде алып араластырады. Егер желімденіп жабысу жоқ болса, онда донордың қаны жарамды сәйкес келеді. Желімдену бар болған кезде қанды құюға болмайды.
  • 9. Резус сәйкестікке сынақ жүргізу. Бұл сынақ лайықты жылылықты талап етеді. Петри табақшасына реципиент сарысуын тамызады және донор эритроциттерінің 10 есе аз тамшысын тамызып араластырады. Петри табақшасын су моншасына 42º - 45ºС жылылықта 10 мин. қояды. Желімденіп, жабысу болған жағдайда қанды құюға болмайды және резус – факторы бойынша да сәйкес келмейді. Желімденіп жабысу болмағанда ғана қанды құюға болады.

10. Қан құйған кезде биологиялық сәйкестікке сынақ 3 рет жүргізіледі. 1-ші 10 мл қанды құяды, 3 ретте 30 мл-дей және арасында 3 мин. үзіліс жасап науқас жағдайын бақылап құйып отырады. Осы сынақ кезінде қан құюдан кейін бас ауруы, естен тану, т.б. белгілері болмаған кезде барлық қалған қанды құю ережесіне сай жүйелі түрде тамшылатып құяды. Бас ауырып, естен тану белгілері пайда болғанда, кеуде және бел аймақтары ауырғанда, АҚ төмендегенде, лоқсу, құсу, бозару, т.б. - қанның биологиялық жарамсыздығы туралы өте сенімді куәләндырады. Бұл кезде мұндай қанды құюды тез арада тоқтату керек.

  • 10. Қан құйған кезде биологиялық сәйкестікке сынақ 3 рет жүргізіледі. 1-ші 10 мл қанды құяды, 3 ретте 30 мл-дей және арасында 3 мин. үзіліс жасап науқас жағдайын бақылап құйып отырады. Осы сынақ кезінде қан құюдан кейін бас ауруы, естен тану, т.б. белгілері болмаған кезде барлық қалған қанды құю ережесіне сай жүйелі түрде тамшылатып құяды. Бас ауырып, естен тану белгілері пайда болғанда, кеуде және бел аймақтары ауырғанда, АҚ төмендегенде, лоқсу, құсу, бозару, т.б. - қанның биологиялық жарамсыздығы туралы өте сенімді куәләндырады. Бұл кезде мұндай қанды құюды тез арада тоқтату керек.
  • Клиникалық жағдайда «созылған» деп аталатын биологиялық сынақ жиі жүргізіледі. Ауру жағдайын үнемі бақылап және қанды ақырын тамшылатып құяды. Бұл кезде қан құюдың барлық уақытында медицина қызметкері міндетті түрде науқастың қасында болуы керек.
  • 11. Қан құйып болғаннан кейін АҚ өлшеп, тамыр соғуын санау керек. Қан құюдан кейін екінші күнге қан және зәр зерттеулерін тағайындау керек. Қан құйып болғаннан кейін 3 рет әрбір 1 сағат сайын дене қызуын өлшеу қажет.
  • 12. Қан құю да - операция, оған қаттамалық құжат жазылады: қан құюдың көрсеткіштері, сынақтар нәтижелері, ауру жағдайын, т.б., бәрін көрсету керек. Негізінен қанның барлығын толығымен құймайды, 10-15 мл алып қалады. Өйткені, қан құю кезінде тосыннан күдіктер болса, жүргізілген сынақтарды қайтадан тексеретіндей жағдайларда ол өте қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет