Қан құю тиімді және қауіпсіз емдеу әдісі, тек мұнда операция кезінде жүргізілетін ережелердің барлығын сақтау қажет. Егер кейбір жағдайларда қандай да себептерден қан құюды жүргізу ережелері мен әдістемесі бұзылса және сонымен қатар қан құюға жағымсыз кері көрсеткіштерге көңіл аудармаса, онда осыдан қан құйылғаннан кейінгі өзгерістер мен асқынулар болуы мүмкін.
Қан құюшы дәрігерден осы өзгерістердің және асқынулардың дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін нақты білуін талап ету керек.
Асқынулар пайда болған жағдайларда науқастарға көмек ертерек және өз уақытында жасалмайды, сондықтан да мұндай сәттер кейде адам өліміне алып келеді.
Қан құйылғаннан кейінгі өзгерістер
Кейбір ауруларда қан құйылғаннан кейін өзгерістер дамуы мүмкін. Олардың асқынулардан айырмашылығы жүйелер мен мүшелер қызметі бұзылуының ұзақ болмауында және адам денесіне қауіпті емес. Мұндай өзгерістердің ең жүйелі белгілері болып табылатындары: қалтырау, әлсіреу, дене қызуының көтерілуі, бас, кеуде, бел аймағындағы ауыру сезімінің күшеюі, құсу, лоқсу, есекжем (экзема), тері қышымасы, т.б. Олар қан құюдан кейін 20-30 минут өткеннен соң басталады және бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.
Клиникалық ағымының ауырлығына байланысты қан құйылғаннан кейінгі өзгерістерді 3 дәрежеге бөледі: жеңіл, орташа және ауыр.
Клиникалық ағымының ауырлығына байланысты қан құйылғаннан кейінгі өзгерістерді 3 дәрежеге бөледі: жеңіл, орташа және ауыр.
Жеңіл дәрежесі – дене қызуының көтерілуімен, қалтырауымен, кеуде, бел, бас ауыруымен, аяқ -–қол бұлшық еттерінің сырқырап, сыздап ауыруымен сипаталады. Бұл көрсетілген өзгерістер қысқа мерзімді және оларды орнына келтіру үшін арнайы емдік шаралар талап етілмейді.
Орташа дәрежесі - дене қызуының 1,5 –2º-қа дейін көтерілуі, тоңу, қалтырау күшеюімен, жиірек тамыр соғуымен және тыныс алу жиілеп, ентігу, жүрек соғуы жиірек болады. Бір - қатар жағдайларда есекжем, бөртпе, қышыма пайда болуы мүмкін.
Ауыр дережесі – қан құйылғаннан кейін дене қызуы 38-39ºС –тан жоғары болуымен, дірілді қалтырау байқалады, еріннің көгеруі, ессіздік, құсу, кеуде, бел аймағындағы ауыру сезімі күшейеді, демікпе, есекжем болуымен, қышыма, бөртпелер кұшеюімен сипатталады.